Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Кәсіпорындар суды үнемдеуге тиіс

Кәсіпорындар суды үнемдеуге тиіс

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Судың да сұрауы келді. Енді кәсіпорындар суды қолданған соң, бірден төгіп тастамай, оны қайта пайдалануға тиіс. Бұл үшін тіршілік нәрін тазартатын жүйе орнатуға міндетті. 

Бұл талапты таяуда бірден енгізе қою қиынға соғады. Өйткені кәсіпкерлер бұған әлі дайын емес. Алдымен тиісті жоспар әзірлеудің өзіне екі жыл уақыт беріледі. Ал одан кейінгі сатылар мен өзге де міндеттер жайлы алдағы минуттарда баяндаймын.

Елдегі өндіріс және қызмет көрсету нысандары жыл сайын миллиондаған текше метр су талап етеді. Ал пайдаланылған суды сүзгіден өткізіп, қайта қолданып жатқан ешкім жоқ. Тіршілік нәрі – шексіз ресурс емес. Сондықтан салада енді тәртіп күшейеді. Жаңа Су Кодексіне сәйкес, кәсіпорындар суды бір рет қолданып, төгіп тастай алмайды. Олар озық үлгідегі құрылғылар орнатып, тіршілік нәрін қайта тазартуға тиіс. Суды пайдалануға рұқсат алар кезде дәл осылай үнемді және ұтымды қолданатынын дәлелдеуге міндеттеледі. Кәсіпкерлер жаңа жүйені алдағы жеті жылдың ішінде енгізуі қажет. Оның алғашқы екі жылы жоспар әзірлеуге, ал қалған мерзімі қондырғыларды орнатуға жұмсалады.

Цитата: ҚР Су ресурстары және Ирригация министрлігі:

Ол үшін өнеркәсіптік ұйымдар мен жылу өндіруші субъектілер суды қайта пайдалану жүйелерін енгізуі қажет. Егер мұндай жүйелер әлі енгізілмесе, онда кәсіпорындар 2027 жылғы 10 маусымға дейін бассейндік су инспекциясына жүйеге көшу жоспарларын әзірлеуге және ұсынуға міндетті. Бұл жоспарларды іске асыру мерзімі бес жылдан аспауы тиіс.

Көлік жууға жылына 100 млн текше метр су кетеді 

Мұндай тұтынушылар қатарына суды каналдан немесе басқа кәсіпорынның құбырынан алатын кәсіпкерлер кіреді. Оның ішінде өндіріс ошақтары, көлік жуу орындары, дәмханалар, сауда орталықтары, қызмет көрсету стансалары бар. Министрліктің есебі бойынша, бір жеңіл көлікті жуудың өзіне 200-250 литр су, ал жүк көлігін жууға 500-700 литр су кетеді. Сонда жылына шамамен 100 млн текше метр су пайдаланылады. Сондықтан олардан тіршілік нәрін үнемдеу мен есепке алу тетіктері талап етіліп отыр. 

Юлия Вознюк, автокөлік жуу орнының әкімшісі:

- Заңға өзгерту енгізілгенін білеміз. Ол үшін қосымша қаржы қажет. Алайда біздің табысымыз жаңа қондырғыларды орнатуға жетпеуі мүмкін. Міндеттеп жатса, оны орындауға тура келеді және бізге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі деген үміттеміз. 

Суды көп қажет етпейтін дақылдар егіледі 

Елде су ресурстарының 60 пайызы ауыл шаруашылығы саласына тиесілі. Әсіресе Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстары көп тұтынады. Дегенмен келер жылы дәл осы оңтүстіктегі диқандар суды аз қажет ететін дақылдар өсіруге бет бұра бастайды. Өйткені суармалы су тапшылығы 1 млрд текше метрге жетуі мүмкін.  Шардара су қоймасына түсетін тіршілік нәрі 43 пайызға кеміген. Ал Нарын-Сырдария каскадындағы қор былтырғы көрсеткіштен 3,8 млрд текше метрге аз. Алдағы жылы келетін судың мөлшері 1-1,5 млрд текше метр болады деп болжанып отыр. Сондықтан Үкімет суару маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын қатаң реттеуге күш салады.

Cу үнемдеген шаруаларға субсидия көбейді 

Суармалы су үшін сараланған субсидия енгізілді. Тіршілік нәрін үнемдеу технологиясын қолданатын шаруаларға демеу-қаржы көлемі 60 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайды. Былтыр ел бойынша 158 мың гектар алқап осындай заманауи құрылғылардың көмегімен суарылған. Сарапшылардың есебінше, алдағы үш жылда су үнемдейтін технология кемінде бір миллион гектар аумақты қамти алады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 08:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see127

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары