Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Кеңес барда келісім бар

Кеңес барда келісім бар

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Тәуелсіздік тарихына көз жүгіртсек, билік пен халық арасындағы диалогтың сан түрлі моделін бастан кешіппіз. 1991-1995 жылдары Жоғарғы кеңестің дәурені дәуірлеп тұрды. Атқарушы биліктің әр қадамын бақылап, Үкіметтің жұмысын бағалайтын, шенеуніктерді аямай қағып-сілкіп алатын азулы құрылымның саяси амбициясы зор еді. Алайда Президенттің өзімен таймай тайталасқан Жоғарғы кеңестің ғұмыры қысқа болды. 1995 жылы Конституциялық сот Жоғарғы кеңес сайлауын заңсыз деп таныды да, депутаттық корпус тарап тынды. Көп ұзамай Конституциялық, соттың өзі де қызметін тоқтатты, оның орнын Консти­туциялық кеңес басты. Сол жылы бірінші рет өзгеріске ұшыраған Ата заң бойынша Қазақстан суперпрезиденттік басқару үлгісіне көшіп, қос палаталы Парламент қалыптасты. Саяси шешімдер қабылдау құзіреті толығымен бір қолға шоғыр­ланды, мемлекеттің қадағалаушы рөлі күшейді. 2002 жылы құрылған Тұрақты кеңес, 2004 жылы құрылған Ұлттық кеңес, 2006 жылы құрылған Мемлекеттік комиссия сияқты институттардың демо­кратиядан гөрі декорациялық сипаты басым болатын. Қаржылық негізі де, жүйелі жұмыс кестесі де жоқ бұл орган­дарды сол кездегі билік халықаралық қысымды жұмсарту үшін, қоғамдық пікірдің бетін бері қарату үшін пайда­ланды. Лепірген, көпірген жиналыстар өтетін, сала құлаш құжаттарға қол қойы­латын, бірақ жұпыны жұрттың шынайы мұң-мұқтажы онша ескеріле бермейтін. Тек 2019 жылдан бастап сең қозғалды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсыр­масымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жарияланып, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Қоғамдық кеңес бұрынғы органдар секіл­ді жалаң декларация жазумен шектелмей, нақты заңдардың қабылдануына ұйытқы болды. Кейін бұл үрдіс жоғары деңгейде Ұлттық құрылтайға ұласты. Хандар орда тіккен Ұлытау, Түркістан, Сарайшық, Бурабай жерінде ұйымдастырылған Ұлттық құрылтайлар да белгілі дәрежеде өз миссиясын түгел атқарды. Сыр өңірін­де өткен соңғы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев енді реформа­лардың жаңа кезеңі ретінде ҚХА мен Ұлттық құрылтайдың орнына Халық кеңе­сі деген жаңа орган құрылатынын мәлімдеді.

Бұл орган – уақытша көз алдауға арналған науқандық алаң емес, консти­туциялық мәртебесі бар, республикалық бюджеттен тікелей қаржыландырылатын жүйелі институт. Басқалардан басты айырмашылығы да, артықшылығы да осында. Халық кеңесінің құрамына 126 адам кіреді. Оның 42-сі этномәдени бір­лес­тіктерден, 42-сі жергілікті мәсли­хаттардан, 42-сі азаматтық сектордан жасақталады. Кеңес мүшелері мен төра­ғасы төрт жыл сайын ауысып отырады. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың сөзінше, Халық кеңесі ішкі саясат мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, заңнамалық бастама жасау құқығы ар­қылы заң шығару процесіне қатысу, референдум өткізу жөнінде бастама көтеру, қоғамдық талқылаулар мен диалог алаңдарын ұйымдастыру, қоғамдық бақылауға қатысу өкілеттігіне ие болады. Мұндай тәсіл әртүрлі елдегі көзқарастарды ескеруге септігін тигізбек.

Халық кеңесінің мәртебесі жаңа Кон­ституцияда анық көрсетілген. Мысалы, Ата заңның 70-бабында Кеңестің мән-мазмұны айтылса, 71-бапта «Халық кеңе­сі Құрылтайға заң жобаларын енгізе ала­ды» деп нақты жазылған. 60-шы және 92-баптарда Халық кеңесінің заң шығаруға бастама жасау құқығы айқын­далған. Ал Парламент мақұлдаған заң жобасында кеңес төрағасы қызметіне бір адамның екі реттен артық сайлануына тыйым салынған. Бұл да демократиялық үрдістердің үздіксіз жүруіне жол ашатын норма болмақ.

Дегенмен ел ішінде бұл реформаға сын көзбен қарайтындар да жетіп ар­тылады. Ондай пікірлердің дені «халық сайлаған Парламент барда қосымша орган құру неге керек?» дегенге саяды. Расында да, Парламенттің негізгі мәні заң шығаруда емес, тұрғындар атынан өкілдік етуде. Шенеуніктер атқарушы билік болса, депутаттар – өкілді билік. Оған жер-жердегі мәслихаттарды қоссақ, бір-бірінің жұмысын қайталайтын инсти­туттарды қаптатып қажеті қанша деген сауалдың түбі тереңдей түседі. Парламент өз фунциясын дұрыстап орындай алмай отыр ма деген заңды сұрақ та туады. Аты айтып тұрғандай, консультативтік орган өз шешімін мемлекеттік орындарға міндеттеуге құқылы емес. Сонда Халық кеңесінің практикалық пайдасы, саяси-экономикалық салмағы қандай? Шама-шарқымызша жауап іздеп көрейік.

Ең алдымен, Парламент пен Халық кеңесіне биліктің екі тармағы демей, бір-бірін толықтыратын құрал деп қарауымыз керек. Былайша айтқанда, Парламент стратегиялық деңгейде жұмыс істесе, Халық кеңесі тактикалық деңгейде жұ­мыс істейді. Парламент бүкіл мемлекетке ортақ заңдарды қабылдайды, кодекстерді бекітеді. Астанадағы депутат алыс ауылдардағы жол сапасын, аймақтағы бір емхананың кемшілігін байқай бермеуі мүмкін. Ал Халық кеңесі күнделікті тұрмыстық, коммуналдық, әлеуметтік мәселелерді билікке құлаққағыс қылады. Себебі жылына бір-ақ рет жиналатын Кеңес мүшелері негізінен әр өңірде өмір сүріп, қайнаған тіршіліктің жуан орта­сында жүреді. Олар заңды жазбаса да, сол заңдардың қалай орындалып жатқанын көріп отырады.

Бұдан былай депутаттар Парламентке партиялық тізіммен барады. Қанша жерден халық қалаулысы десек те, мандат иелері өз партиясының бағдарламасына, фракциясының ішкі тәртібіне бағынады. Көп жағдайда саяси конъюнктурадан аса алмайды. Халық кеңесінде ешқандай партиялық шектеу жоқ. Бұл – саясаттан тыс, нағыз азаматтық бақылау алаңы.

Парламентте бір заң жобасы айлап-жылдап талқылануы мүмкін. Өз кезегінде Халық кеңесі кез келген дағдарысқа же­дел реакция білдіре алады. Кеңес мүше­леріне заң шығару барысына қарайлаудың қажеті жоқ, олар бүгін-ақ жиналып, ертең әкімдіктен есеп сұрауға қауқарлы. Бір ғана мысал: 2022 жылдан бері Ұлттық құрылтайдың мүшелерінің түрткі болуы­мен 26 заң шығыпты. Халық кеңесінің құзыреті онымен салыстырғанда кеңей­генін ескерсек, жаңағыдай күдік­терге орын қалмайды деп ойлаймыз.

Әлемдік тәжірибеде консультативтік органдардың демократияны дамытудағы «жұмсақ күші» (soft power) өте жоғары екені дәлелденген. Мәселен, Қытайда – Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі, Нидерландта – Мемлекеттік кеңес (Raad van State), Францияда – Экономика­лық, әлеуметтік және эко­логиялық кеңес, Германияда – Эко­номикалық сарапшылар кеңесі, Сауд Арабиясында – Консуль­тативтік кеңес (Шура) бар. АҚШ, Ұлы­британия, Жапония, Оңтүстік Корея, Мек­сикада бір емес, бірнеше консуль­тативтік кеңес­тен құрылған. Бразилияда қала тұрғын­дары мен аймақтық кеңестер жиналып, жол жөндеу, мектеп салу немесе су құбырын тарту тәрізді мәселелерді дауысқа салады. Қала бюджетінің белгілі 20-30 пайызы осы кеңестердің келісімімен ғана бөлінеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы бұл жобаны үздік үлгі деп мойындаған, қайбір жылы «Халық қатысатын бюджет» жоба­сын біз де өз тәжірибемізде қолданып көр­генбіз.

Яғни, кеңестің сөзі өтімді болу үшін оның қолына қаржылық тетіктер берілуі керек. Осы орайда Қазақстан Халық кеңесі республикалық бюджеттен қаржы­ландырылады. Саяси қисынға салсақ, мұны да дұрыс бағыт деуге болады. Өйткені әкімдіктің қалтасына телмірген кеңес ешқашан әкімді сынай алмайды. Орталықтан ақша алатын кеңес жергілікті элитаның ығына жығылмай, тұрғын­дардың түйткілін Астанаға төте жолмен жеткізуге мүмкіндік алады.

Айдар ДӘУІТҰЛЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Мамыр 2026 07:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары