Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

Кеше заңды, бүгін даулы болған гибрид көліктер

Кеше заңды, бүгін даулы болған гибрид көліктер

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазір бұл мәселе әлеуметтік желілерде де қызу талқыланып жатыр. Бір тарап мемлекет бұрын бекіткен тәртіптің кейін өзгер­генін айтса, екінші тарап кедендік классификацияны нақтылау заң аясындағы процесс екенін алға тартады. Әзірге дау толық құқық­тық шешімін тапқан жоқ.

Мәселенің өзегі – BYD Destroyer 05 көлігінің ЕАЭО тауар номенклатурасындағы кедендік классификациясына қатысты.

Көлік иелерінің айтуынша, 2025 жылдың ақпанынан қыр­күй­е­гіне дейін бұл модель Қазақ­стан­ға 8703603099 коды бойынша рәсім­деліп келген. Аталған код Дүние­жүзілік сауда ұйымы аясын­дағы жеңілдетілген мөлшерлемені қол­дануға мүмкіндік берген. Аза­маттар бұл шешімдердің ЕАЭО-ның ресми ақпараттық жүйесінде ашық тұрғанын және кеден орган­дарының өздері қолданып кел­генін айтады.

Сол кезеңде BYD Destroyer 05 көлігіне сұраныс артқан. Әсіресе, гибрид модельдердің бағасы мен жанармай шығынына қызыққан азаматтар бұл көлікті жаппай әке­ле бастағанын көреміз. Нарықтағы сатушылардың айтуынша, модель Қазақстанға негізінен Қытайдан жеткізілген. Алайда бірнеше ай­дан кейін жағдай өзгеріп отыр.

Көлік иелерінің сөзінше, мем­лекеттік кірістер органдары кей­ін­нен кейбір азаматтарға кеден­дік төлемдерді қайта есептеу тура­лы хабарлама жолдай бастаған. Соны­­мен қатар бірқатар азамат­тың банк шоттарына шектеу қойылып, қаржылық операция жүргізуі қиындаған.

Осындай жағдайға тап болған­дардың бірі – Айсұлу Уәлиева. Оның айтуынша, көлік әкелінген кезде рәсімнің бәрі заңға сай жүргізілген.

– Мен BYD Destroyer 05 көлігін Қазақстанға 2025 жылдың сәуір айында сол кезде қолданыста болған заң талаптарына сай рә­сім­деп әкелдім. Кедендік рәсімдеу ресми алдын ала классифика­ция­лық шешімдер негізінде жүргізілді және барлық төлем толық көлемде төленді. Сыртқы экономикалық қызметтегі бірыңғай тауар номен­клатурасының (СЭҚ ТН) 8703­603099 коды ашық қолданыста болды әрі жеңілдетілген ДСҰ мөл­шерлемесін пайдалануға мүм­кіндік беретін. Кейін, 2025 жыл­дың қыркүйегінен соң классифи­ка­цияға қатысты тәсіл өзгеріп, соның негізінде менің барлық Kaspi шоттарым бұғатталды. Ең бастысы – бұған дейін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен ешқан­дай ресми ескерту немесе хабарла­ма келген жоқ, – дейді Айсұлу.

Гибридті көлік иесінің сөз­ін­ше, ресми рәсімдеу ба­ры­­сында мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай ескерту болмаған. Айсұлу ханым, өз мә­лімдемесінде даулы мәселелердің бірі – «30 минуттық қуат» көрсет­кіші екенін де атап өтті.

– Мен көлікті рәсімдеу кезінде қолданыста болған заңнама ая­сында адал әрекет еттім және бар­­­лық есепті уәкілетті мемлекет­тік органдар қабылдады. Сондық­тан кедендік рәсімдеу толық аяқ­талғаннан кейін бірнеше ай­дан соң қосымша төлем талап ету дұрыс емес деп санаймын. Оның үстіне қайта есептеу «30 минуттық қуат» көрсеткішімен негізделіп отыр, бірақ бұл көрсеткішті есеп­теудің бекітілген әдістемесі де, ЕАЭО техникалық регламент­те­рінде нақты нормасы да жоқ. Мұндай жағдай бұрынғы құқық­тық қатынастарға кейін енгізілген тәсілдерді қолданумен тең деп ойлаймын. Сол себепті банк шот­тарымдағы шектеулерді алып тастап, бұрын рәсімделген көлік­терге қатысты жаңа тәсілдердің заңдылығын тексеруді сұрай­мын, – дейді ол.

Осыған байланысты бір топ азамат Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның атына ұжымдық хат жолдаған. Құжатта олар мемле­кет­тік кірістер органдарының әре­кеттеріне құқықтық баға беруді сұрайды.

Ұжымдық үндеуде Қазақстанға 2025 жылдың өзінде BYD Destroyer 05 моделіндегі бес мыңнан астам көлік әкелінгені айтылған. Хат авторлары мәселені тек бір мо­дельге қатысты дау емес, құ­қық­тық тұрақтылық мәселесі ретінде бағалайды.

Мәселе көтерген азаматтардың бірі А.Әшімхановтың айтуынша, өз атынa ешқандай ресми хабарла­ма да, электронды ескерту де кел­меген. 

– Соған қарамастан Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті банк шоттарымды бұғаттап тастады. Мен BYD Destroyer 05 көлігін Қазақстанға сол кездегі заңнамаға толық сай рә­сім­деп әкелдім. Кедендік рәсімдеу ресми алдын ала классифи­кация­лық шешімдер негізінде жүргізілді және барлық төлем толық төленді. Ол кезде СЭҚ ТН-нің 8703603099 коды ашық қолданыста болды әрі жеңілдетілген ВТО мөлшерле­месін пайдалануға мүмкіндік бе­ре­тін. Ал қазір кейін өзгерген тә­сіл­дерді бұрын рәсімделген кө­л­ік­терге қолданып, менің шоттарымды бұғаттап отыр, – дейді Азамат Әшімханов.

Көлік иелерінің негізгі уәжі – құқықтық норма­лар­дың кері күш­пен қолданыл­мауы керек деген мәселе. Олар көлікті рәсімдеген кезде қолдан­ыста болған тәртіпке сүйенген­дерін айтып отыр.

– Мен көлікті әкелген кезде қол­даныста болған заң талап­та­рын бұзған жоқпын, барлық есеп­ті мемлекет қабылдады. Сон­д­ық­тан кедендік рәсімдеу аяқтал­ғаннан кейін бірнеше ай өткен соң қайтадан қосымша төлем талап ету әділетсіз деп есептеймін. Оның үстіне доначисление «30 минуттық қуат» көрсеткішімен байланыстырылып отыр, бірақ бұл көрсеткішті есептеудің нақты бекітілген әдістемесі жоқ. Мұндай жағдай құқықтық айқындық қа­ғи­датына қайшы келеді және норма­ларды кері күшпен қолдану­ға ұқсайды. Сондықтан шотта­рым­д­ағы барлық шектеуді алып тастап, бұрын рәсімделген көлік­терге қатысты жаңа тәсілдердің заң­дылығын тексеруді сұрай­мын, – дейді ол.

Бұл мәселеге байланысты заңгерлер де әртүрлі пікір білдіруде. Мәселен, Qazaq Expert Club-тың салық саласы бойынша сарапшысы Раушан Тасшоинова ЕАЭО-ның кеден заңнамасы тауар шығарылғаннан кейін де оның классификациясын қайта қарауға мүмкіндік береді. Бірақ тәсілдің өзгеруі автоматты түрде қайта есептеу заңды дегенді білдірмейді.

– Егер көлік сол кезде қолда­ныста болған алдын ала класси­фи­кациялық шешім негізінде рә­сім­деліп, декларация беруші тауар туралы барлық мәліметті толық ұсынса, бұл сыртқы эконо­микалық қызметке қатысушы тарап үшін белгілі бір құқықтық тұрақтылық қалыптастырады. СЭҚ ТН кодтары өзгеріп, жеңіл­дік қарастырылған санаттар кең­ейгеннен кейін көліктің техни­ка­лық сипаттамаларына көбірек мән беріле бастады. Мұндай жағ­дайда негізгі мәселе – бастапқы классификация шынымен қате болды ма, әлде бұл көліктің тех­ни­калық параметрлерін бағалау­дың жаңа тәсілі ме деген сұраққа тіреледі, – дейді маман.

Оның сөзінше, Қазақстанда кеден даулары бойынша мұндай жағдайлар бұрын да болған. Бұл тек автокөлікке қатысты емес, ба­ла­лар жөргегі, өндірістік жаб­дық, аяқкиім бөлшектері мен ауыл шаруашылығы техникасы сияқты тауарларда да кездескен. Яғни, тауар рәсімделіп кеткеннен кейін оның классификациясы өзгертіліп, қосымша төлем есеп­телген жағдайлар бар.

– Мемлекеттік кірістер орган­дары бірнеше ай өткен соң бұрын қабылданған кедендік шешімді қайта қарап, қосымша төлем та­лап ете алады. Тауар шығарыл­ғаннан кейінгі кедендік бақылау ЕАЭО мен Қазақстан заңнама­сын­да нақты қарастырылған. Кеден органдары тауар класси­фикациясының дұрыстығын тексеруге, құжаттар сұратуға және заңбұзушылық анықталса, қос­ымша төлем есептеуге құқылы.

Алайда мұндай дауларда дәлел базасының маңызы өте жоғары. Кеден органы нақты қандай тех­ни­калық сипаттамалардың қате анықталғанын, бастапқы СЭҚ ТН коды не себепті дұрыс емес деп танылғанын және қайта класси­фикация қандай құжаттар мен нормалар негізінде жасалғанын көрсетуі керек, – деп сөзін жал­ғады Раушан Тасшоинова.

Сарапшы осындай дауларда көбіне тауардың техни­калық сипаттамаларын түс­ін­діру мен СЭҚ ТН интерпретация­лау­дың негізгі қағидаларын қолдану бойынша түрлі көзқарас туын­дайтынын жасырмайды. Сонымен қатар ол кейбір істерде импорт­тау­шылар кеден органының клас­сификацияны өзгертуге жеткілікті негіз келтіре алмағанын немесе тексеру рәсімін бұзғанын дәлел­деп, сот арқылы салықты қайта есептеудің күшін жойған жағдай­лар да болғанын алға тартты.

– «Электр қозғалтқышының максималды 30 минуттық қуаты» деген термин расында ЕАЭО-ның СЭҚ ТН жүйесінде электр қоз­ғалтқышы бар кей көлік түрлерін сипаттау кезінде қолданылады.

Бастапқыда бұл көрсеткіш сертификаттау мен техникалық реттеу мақсатында енгізілген эл­ектр қозғалтқышының техника­лық сипаттамасы болатын. Оның мақсаты – қозғалтқыштың қысқа уақыттағы шекті қуатын емес, белгілі бір уақыт бойы тұрақты ұстап тұра алатын қуатын көрсету. Даудың өзі терминге емес, нақты көліктер бойынша бұл көр­сет­кіштің қалай анықталатынына байлан­ысты туындайды. Кей модель­дерде 30 минуттық қуат туралы ақпарат мүлде жоқ немесе өндіруші құжаттарында толық ашылмайды. Қазақстанда бұл көрсеткішті анықтау мен тексеру­дің бірыңғай әрі ашық тәсілі әлі толық қалыптасқан жоқ, – дейді маман.

Сондай-ақ Роза Тас­шои­нова егер көлікті қайта классификациялау мен қосымша төлем есептеу нормативтік құжат­тарда нақты бекітілмеген және ресми жарияланбаған ішкі немесе есептік тәсілдерге сүйенсе, бұл дауға негіз болуы мүмкін екенін атап өтті. Әсіресе, көлік кедендік рәсімдеуден өтіп, еркін айналымға жіберіліп қойған жағдайда.

– Қазіргі жағдайда мұндай көліктерді импорттайтындарға тех­никалық құжаттаманы алдын ала мұқият тексеріп, қажет болса аккредиттелген сынақ зертхана­лары немесе сәйкестікті растау органдары арқылы техникалық сипаттамаларды ресми түрде бекітіп алған жөн. Бұл кедендік рәсімдеу кезінде туындауы мүмкін даулардың тәуекелін азайтады, – деп сөзін тәмамдады сарапшы.

Әзірге бұл даудың нақты не­мен аяқталары белгісіз. Бірақ гибрид көліктерге қатысты туын­даған жағдай кедендік рәсімдердің ашықтығы, мемлекеттік шешім­дердің тұрақтылығы және азамат­тардың ресми тәртіпке деген сенімі туралы үлкен талқылауға жол ашты.

Кәмила ДҮЙСЕН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Мамыр 2026 10:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see147

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see116

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see116

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see115

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see115

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see114

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see113

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see113

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see113

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see112

Бір аптада елде қандай азық түлік арзандады

14 Тамыз 2026 21:25see112

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see111

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see111

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see110

Спорт күні қарсаңында спорт қауымдастығының өкілдері марапатталды

14 Тамыз 2026 20:05see110

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see109

Түркістан облысында жасырын босанып, жаңа туған шақалақты шұңқырға тастаған бойжеткен сотталды

14 Тамыз 2026 19:37see109

Ағайынды Оралбай мен Назым Қызайбайға медаль табысталды

14 Тамыз 2026 19:17see108

44 градус ыстық болады: төтенше жағдай қызметі ескерту жасады

14 Тамыз 2026 10:09see108

“Қайда тап болдым?“ Қазақстандағы дәрігер интерндер және олардың даярлығы туралы

13 Тамыз 2026 11:25see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары