Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Киіз басудан зергерлік өнерге дейін: Алматыда қолөнерден фестиваль өтіп жатыр

Киіз басудан зергерлік өнерге дейін: Алматыда қолөнерден фестиваль өтіп жатыр

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген қолөнер шеберлерінің басын қосты. Олар тек өз туындыларын паш етіп қана қоймай, көне өнердің қыр-сырымен бөлісті. Фестивальге келушілер киіз басу, ұршық иіру, көрпе тігу, қыш құю және зергерлік бұйымдар жасауды үйреніп, түтінмен сурет салу сынды сирек кездесетін әдістермен танысты.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Қызылорда облысының тумасы Роза Үйсінбаева қазақ кілемінің түрлері мен оны тоқудың ерекшеліктерін айтып берді.

— Кілемнің тықыр және түкті деген екі түрі болады. Он жасымнан бастап тоқып келе жатқандықтан, екі түрін де меңгергенмін. Техникасы жағынан тықыр кілем гобеленге ұқсайды, сондықтан көбі оны ажырата алмай жатады. Оның негізі мақта жіптен жасалса, оюлары боялған қой жүнінен тоқылады. Ұзындығы 2,5–4,5 метрлік бір кілемді бітіруге шамамен екі ай уақыт кетеді. Оған 15–16 келі өрнекті жіп пен 5 келідей мақта жұмсалады, — деді ол.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Роза Үйсінбаеваның айтуынша, жұмыс қарқыны жіптің жуан-жіңішкелігіне де байланысты. Жуан жіппен жұмыс тез бітсе, жіңішке жіп көп уақытты талап етеді. Кілемдердің бағасы күрделілігі мен көлеміне қарай 50 мыңнан 250 мың теңгеге дейін барады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Көрмеде тараздық шеберлер де киіз басудың құрғақ және сулы әдістерін көрсетті. Қолөнершілердің айтуынша, құрғақ әдіс өте қарапайым: жүн талшықтарын қажетті өрнекке сай жинап, арнайы инемен қайта-қайта түйрейді. Осылайша киім-кешек, сөмкеден бастап, кілем мен ойыншыққа дейін жасауға болады.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Ал киізді сумен басу ұжымдық жұмысты қажет етеді. Раушан Иманалы қазақ халқының бұл кәсіпке деген ерекше құрметін атап өтті.

— Киіз басуда жүннің екі түрі — түтілген және суырылған жүн қолданылады. Суырылған жүннен астыңғы негізін жасап, үстіне «талдырма» деп аталатын арнайы қабат саламыз. Ою-өрнектер осы талдырмадан ойылады. Қазір біз «Дала оюлары» атты шағын экспозиция жасап жатырмыз. Жүннің бір бөлігін запыранмен, ал астыңғы қабатын пияздың қабығы сияқты табиғи бояулармен боядық. Мұнда тек табиғи шикізат пен қоспалар пайдаланылады, — деді шебер.

Айтуынша, қазақ халқы киіздің қалың түрін — киіз үйді жабуға, ал жұқа түрін киім тігуге пайдаланған. Сондай-ақ киіз үйдің еденіне текемет төселіп, қабырғасына оюлы тұскиіздер ілінген.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Фестиваль барысында дизайнерлер орталығының мүшесі Айтжамал Тұрысбекқызы біз кесте — қазақтың дәстүрлі кестелеу өнерінен сабақ берді.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Ол мата бетіне жүн, жібек және синтетикалық жіптермен өрнек салудың жолдарын көрсетті.

Фото: Александр Павский / Kazinform

— Біз кесте — ұлттық қолөнеріміздің асыл қазынасы. Бұл өнер ұмытылмауы үшін мен шеберлік сабақтарын өткізіп, жастарға үйретіп жүрмін. Шәкірттерімнің қолынан шыққан бұйымдар тіпті шетелдерде сатылып жатыр. Ең бастысы — осы кәсіпті қайта жаңғырту. Қарап тұрсаңыз, қолмен тігілген кесте машинамен жасалғаннан әлдеқайда көркем, — деді ол.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Тараздық шебер Гүлмира Тоқабаева ұршық иіру өнерін таныстырды. Ол ұршық жүнді иіріп, жіпке айналдыруға арналған ыңғайлы құрал екенін түсіндірді.

— Ата-баба мұрасын жалғап жүргеніме қуаныштымын. Бұл ұршық маған енемнен қалған. Ол кісі 92 жасында дүниеден озды, мен оның аманатын сақтап, ісін алға жалғап келемін. Енем осы ұршықпен жіп иіріп, одан түрлі бұйымдар тоқитын, — деді Гүлмира Тоқабаева.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Фестивал алғаш рет ҚР Ұлттық музейі, Алматы қаласының туризм басқармасы және Этнодизайнерлер одағының бастамасымен ұйымдастырылды.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Іс-шараның басты бағыттарының бірі — World Craft Cities (Дүниежүзілік қолөнер қалалары) мәртебесіне ие қалалардың таныстырылымы болды: Тараз — киіз басу, Түркістан — қыш өнері, ал Алматы — зергерлік шеберлігімен ерекшеленді.

Фото: Александр Павский / Kazinform

Ұйымдастырушылардың айтуынша, басты мақсат — ұлттық мұраны заман талабына сай жаңғырту және көшпелілер мәдениетін халықаралық деңгейде дәріптеу.

Еске салайық, бұған дейін Түркістандағы Қолөнершілер орталығы қалай жұмыс істеп тұрғанын жазғанбыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Наурыз 2026 01:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары