Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

Бизнеске қолдау, жаңа жұмыс орындары Respublica партиясының басты басымдықтары

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

Алматы облысында мейрамхана өртенді

Кірпі еті кеселден қорғай ма?

Кірпі еті кеселден қорғай ма?

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Желіде тараған кадрларда өнер иесі кірпіден сорпа қайнатып, кейін камера алдында дәмін татып көреді әрі сорпаның денсаулыққа пайдалы екенін, әсіресе асқазанға шипа екенін айтады. Кірпі еті расымен де пайдалы ма? Бұған нақты ғылыми дәлелдер бар ма? 

Адал мен арамның аражігін ажыратып қана ас жейтін хал­қымыз кейінгі кездері жалған ақпарат пен жарнаманың құр­банына айналып, нені ем десе, соны алатыны өтірік емес. Небір шөп, биологиялық қоспаны бы­лай қойғанда, жабайы жануар­дың етін де пайдалы деп сене­тін­дер бар. Бұл жағдайлар бұрын да бол­ған. Мысалы, COVID-19 пан­де­миясы кезінде де кірпі еті ем деп саудалағандар көп. Халық соған сеніп, кірпі етінен дайын­дал­ған 1 литр сорпаны кемі 15 мың тең­геге сатып алған еді. Ха­лық ара­сында кірпі еті өкпені, асқазан жарасын емдейді, ин­фекцияны жояды, иммунитетті күшейтеді деген сенім бар. Қа­нын ыстықтай бетке жақса, сепкіл мен қара дақ­ты кетіреді дейді, алайда ма­мандар кірпі етінің ем екеніне күмәнмен қа­райды. Керісінше, кірпі адамға энцефалит, пиро­плазмоз, туля­ре­мия сынды қауіпті ауру жұқ­тыруы мүмкін. Жабайы кірпінің еті мен қанын азыққа пайдалану ауыр ин­фек­циялар мен зоонозды (малда және адамда кездесетін жұқпалы аурулар) дерттерді ту­дырады. Коронавирустың Қы­тай­да жар­қанат жеуден басталға­нын еске алсақ, кірпінің еті де ауыр кесел­дердің пайда болуына әкелуі ғажап емес. Сол себепті халық­аралық денсаулық сақтау ұйым­дары да кірпі етін жеуді адасу әрі денсаулыққа үлкен қауіп деп ескертеді. 

Тағы бір ескеретін жайт, мил­лиондаған оқырманы бар таны­мал адамдардың «кірпі еті ем» деп видео жариялауы өзге адам­дарды, әсіресе ауыл тұрғын­да­рының жабайы жануарларды жаппай аулауына итермелейді. Оның үстіне 2022 жылы елімізде жануарларға қатыгездік жасау бойынша заңнама күшейтілді. Жануарды өлтіру, жаралау не­месе оны әлеуметтік желіде на­сихаттау, видеоға түсіріп тарату үшін айыппұл салудан бастап түзеу жұ­мыстарына немесе қамауға алуға дейінгі қылмыс­тық жа­уап­кершілікті қарас­ты­рылады. Таби­ғаттағы кірпіні рұқ­сатсыз аулап, жауапкер­шілікке тар­ты­луыңыз мүмкін. Бұл енді бөлек әңгіме.

Халық неліктен сенеді?

Қазақтың және Орталық Азия елдерінің халықтық меди­цинасында да кірпі етінің ем екеніне қатысты сенім болған. Жұрт неліктен кірпі етін ежелден пайдалы деп ойлайды? Бұған бір түркі болған жайт – «Кірпі етінде адам ағзасындағы қатерлі өскінді жоятын қасиет бар» деген Ибн Синаның болжамы. Алайда ға­лым жабайы кірпінің етін мең­земеген еді, емге негізінен ши­па­­лы өсімдіктірмен қоректенген, арнайы өсірілген кірпілерді қол­дануды ескерткен. Сонымен қа­тар кірпі майын, етін ем ре­тінде қолданудың ерекше тәсілін ұсынған, кірпі тікеніндегі уды залалсыздандырудың да жолы болған екен. Сонда ғана денсау­лыққа оң әсері тиюі мүмкін, оның өзінде кірпі етін дұрыс қай­натпағаннан сары безгек, сальмонеллез ауруы тараған оқи­ғалар жиі кездескен. Кірпі етінің пайдасы бар-жоғына нақты көз жеткізу үшін Астана медицина университеті базасындағы ака­демик Е.Даленов атындағы профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының Саламатты өмір салты орталы­ғының басшысы Шахрух На­жи­мовқа хабарласқан едік. Оның айтуынша, кірпі етіне тән ар­на­йы емдік әсерді дәлелдеген кли­никалық зерттеу жоқ. 

– Кірпі етінің қауіпсіз доза­сы, стандартталған құрамы және белгілі бір ауруға әсер ету меха­низмі де белгіленбеген. Тағам ретінде кез келген сүтқоректі еті сияқты ақуыз, май және кейбір микроэлементтер беруі ықтимал, алайда кірпі етіне ғана тән ерек­ше қоректік артықшылық дәлел­денбеген. Ал кірпі сорпасына келер болсақ, жылы сұйықтық су мен энергия беріп, жайсыздықты уақытша жеңілдетуі мүмкін. Мұн­дай әсер кез келген сорпада бар және аурудың себебін ем­демейді. Кірпі еті ақуыз бен энер­гия бере алады, бірақ кәдімгі етке ортақ қасиет және емдік артықшылық бола алмайды, – дейді орталық басшысы. 

Шахрух мырзаның айтуын­ша, кірпі етінің өкпе, бронхит пен астманы емдеуде пайдасы жө­нінде дәлел жоқ. Кірпі еті ты­ныс жолдарының қабынуын ем­демейді және дәрігер таға­йындаған емді алмастырмайды. Туберкулезді де емдемейді, ке­рісінше, халықтық тәсілдің емді кешіктіріп, ауруды асқындыру қаупі жоғары. Асқазан жарасына да ем бола алмайды, иммунитетті күшейтеді деуге де еш дәлел жоқ. Маман халық кірпі етін неліктен пайдалы деп ойлайтынын түсін­діріп берді. 

– Кірпі етін жекелеген өңір­лерде пайдаланғаны туралы де­ректер бар, бірақ оны бүкіл қазақ халқына ортақ, кең тараған ем дәстүрі деу дұрыс емес. Қазақ­станның оңтүстігінде кірпі етін «өкпеге ем» деп ізде­­­ген адамдар туралы БАҚ-та жа­­­­­­рия­­ланған мате­риал­­дар кезде­седі. Бұл де­­­рек­тер тәжірибенің бол­ғанын көрсе­те­ді, алайда оның тиімді­лігін дә­лел­демейді. Халық ата-баба тә­­жі­ри­бесіне сенеді, әсіресе Ибн Сина­ның болжамына сіл­­теме кейде ғылыми тексеруден де жо­ғары қойылады. Сонымен қатар ел түсінігінде кірпінің қыс­тан аман шығуы, жыланнан мықты­­­лығы, табиғатта бейімді­­лі­гіне қарап, оның күші адамға өтеді деген наным бар, – дейді ол.

Оның айтуынша, кейде же­ңіл вирустық инфекция бірнеше күнде өздігінен басылса да, адам­дар сол уақытта ішкен сор­паның әсері деп ойлайды. XVI ғасырдағы «Дәстүр әл-илаж» («Емдеу дәстүрі») медициналық трактатында дала меди­цина­сында жануар мүшелерін қол­дану, соның ішінде кірпінің өті туралы жазылған. Орталық Азия­дағы этнографиялық жаз­баларда қырғыздар мен өзбек­тер­дің кірпі сорпасын өкпе, асқазан, бедеулік және басқа ау­руларға қолданғаны сипат­тал­ған екен, алайда бұл еттің тиім­ділігіне клиникалық дәлел емес. 

Кірпі етінің қаупі

Кірпі сырт көзге бір қара­ғанда, сау көрінгенімен, саль­мо­нелла бактериясын тасымалдауы мүмкін. Мұндайда адамда іш өту, құсу, қызба, іштің ауруы, ауыр жағдайда сепсис туындауы мүмкін. Шахрух Нажимовтың ескертуінше, trichinella дернә­сілдері (трихи­неллез ауруын туды­ратын өте ұсақ жұ­мыр құрттар) кей жабайы сүтқорек­тілердің, со­ның ішін­де кірпі­­лердің бұл­шықетінде кездесуі мүм­кін. Аурудың белгі­ле­ріне қызба, бұлшықет ауы­­руы, бет пен қа­бақ­­тың ісінуі жа­тады және ауыр жағдайда жүрек немесе жүйке жүйесі за­қымданады. Кірпіні ұстау және сою кезінде дерматофит­терді, сoxiella, мycobacterium және басқа қоздырғыштарды тасы­малдауы мүмкін, тіпті үс­тіндегі кенелер де қауіп тудыра­ды. Қауіпті қоздырғыштар асүй­дегі өзге де құралдарға, пышақ, тақ­тай, басқа тағамдарға да жұ­ғуы мүмкін. Ең қауіптісі, астма, ту­беркулез, пневмония немесе ас­қазан жарасын халықтық тә­сіл­мен емдеуге тырысамын деп, тиімді емді кешіктіріп алып, өкініп қалып жүрмеңіз. Әсіресе асқазан жарасы бар адамның иммунитеті мен асқазанның қор­ғаныс жүйесі әлсіз болған­дықтан, бактериялар ағзаға тез тарап, ауыр токсикалық шок тудырады. Кірпілер табиғатта улы жәндіктерді, саңырау­құ­лақ­тарды, тіпті жыландарды жей береді. Олардың ағзасында жи­налған токсиндер қайнатқанда сорпаға шығады. Қабынған ас­қазан мұндай улы заттарды тез сіңіріп алады. Улы сорпа ішкен­де, ауыр құсу мен диарея баста­лып, асқазан жарасы бар науқас ағзаның сусыздануынан есінен тануы да мүмкін.

Кірпі етін мұздату, тұздау, кептіру немесе қақтау жабайы еттегі trichinella дернәсілдерін сенімді түрде жоймайды. Толық пісіру кей қауіпті азайтқанымен, ұстау мен сою кезінде қоздыр­ғыштар бәрібір жұғып кетеді, ал ветеринариялық тексерусіз келген етті тұтыну өміріңіз үшін қатерге барумен бірдей. Кірпі етін жегеннен немесе ұстағаннан кейін іш өту, құсу, қызба, қатты бұлшықет ауыруы, бөртпе не бет-қабақ ісінуі байқалса, тез ара­да дәрігерге барып, медици­на­лық көмек алу қажет. Қысқа­сын айтқанда, ауруды халықтық тәсілмен алмастырмай, диагноз бен емді медицина маманымен бірге таңдаған дұрыс.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Тамыз 2026 06:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

21 Тамыз 2026 15:50see144

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see117

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

21 Тамыз 2026 15:22see117

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see116

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see114

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see114

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see114

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see113

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see113

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

21 Тамыз 2026 15:56see113

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see112

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21 Тамыз 2026 14:52see112

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

21 Тамыз 2026 10:36see111

Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

21 Тамыз 2026 11:18see110

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

20 Тамыз 2026 23:09see110

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

20 Тамыз 2026 23:10see110

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see108

Бизнеске қолдау, жаңа жұмыс орындары Respublica партиясының басты басымдықтары

21 Тамыз 2026 11:44see107

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

21 Тамыз 2026 09:29see107

Алматы облысында мейрамхана өртенді

22 Тамыз 2026 01:29see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары