Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Көк мұздағы жылдамдық: Жастар шорт трекке неге қызыға бастады?

Көк мұздағы жылдамдық: Жастар шорт трекке неге қызыға бастады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Соңғы жылдары елімізде көк мұзда желдей ескен жылдамдықты сақтай отырып, қауіпті бұрылыстарда сүрінбей, қарсыластарды басып озуды көздейтін шорт-трек спортына деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Бұрын көпшілікке етене таныс болмаған бұл қысқы спорт түрі бүгінде жас спортшылардың таңдаулы бағытына айналып отыр. Балдырғандардың шорт-трекпен тұрақты шұғылдануына төртжылдықтың басты бәсекелері мен халықаралық аренада ел құрамасының сәтті өнер көрсетуі де себеп болатыны сөзсіз, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Мәселен, Италияда өткен ХХV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трек шеберлері Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев жекелей сындарда үздік ондық қатарынан көрініп, отандық шорт-тректің әлеуетті екенін дәлелдеді. Сондай-ақ Әлем кубогі кезеңдерінде көзге түсіп жүрген Әділ Ғалиахметов пен Ольга Тихонованың өнері өрендердің бойында шорт-трекке деген шынайы қызығушылық алауын жағып жүр. Дүбірлі додалардағы айтулы жетістіктер Қазақстан мәртебесін биіктетіп қана қоймай, осы спортта жаңа буын өкілдерінің қалыптасуына жол ашып жатыр. Біз бұл көңіл көншітер көрініске Астана қаласы әкімдігінің №2 Балалар мен жасөспірімдер мамандандырылған спорт мектебінің шорт-трекші шәкірттерінің жаттығу барысында көз жеткіздік.

«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты

Шорт-трек спортында миллисекундтар да маңызды

Жас шорт-трекшілер жаттығу кезінде физикалық, психологиялық, тактика және техникалық әзірлік бойынша шыңдалады. Олар осы төрттікті бойына сіңіру үшін аптаның 6 күнінде 6 сағатын мұз үстінде өткізеді.

Шорт-трек бойынша Астана қалалық жасөспірімдер құрамасының мүшесі Томирис Ербатыр үшін тығыз жаттығу уақыты мен мұз үстіндегі қауіп қорқынышты емес. 16 жастағы спортшының айтуынша, шорт-трекпен 7 жылдан бері үздіксіз шұғылдануына жылдамдыққа деген ұмтылыс пен жеңіске деген құлшыныс жігер береді.

«Шорт-трек мұзда өте жоғары жылдамдықпен жүгіруді талап етуімен адамды баурап алады. Ал жылдамдықты сақтай отырып, қауіпті бұрылыстарды қателіксіз өткеру миссиясы кімді де болсын қызықтырмай қоймайды. Сонымен қатар, қарсыластармен сайысқа түскенде оларды басып озу үшін логиканы қосып, сыни ойлай алу қажет. Сол арқылы оларды айналып өтіп, тиімді трюктар жасап, мәре сызығын бірінші кесуге болады. Айта кетерлігі нәтиженің барлығы уақыт көрсеткіші бойынша сараланады. Сондықтан шорт-тректе миллисекундтар шешуші орынға шығып жатады», дейді Томирис Ербатыр.

Шорт-трекші Денис Никиша Олимпиадада 7-орынға тұрақтады

Шорт-трекпен 5-7 жастан бастап шұғылдануға рұқсат етіледі. Өзгелермен салыстырмалы түрде кешірек коньки киген Томирис аталған спортқа тез бейімделген. Тіпті қалалық, республикалық сындарда жүлдегерлер қатарынан көрініп үлгерген.

«Шорт-трек – менің саналы таңдауым. Сондықтан бұл спорт өмірімнің мазмұнды бөлшегіне айналды. Қазақстан біріншілігінде командалық эстафета сынында 1-ші тұғырдан көрініп, жазғы шорт-тректегі жекелей сында үздік үштікті түйіндеуім өзіме деген сенімімді арттырды», дейді жас шорт-трекші.

Ал кіші құрама бапкері Рахат Қасенұлы ел чемпионатында жүлдегер болудың өзі жоғары жетістік екенін атап өтті. Себебі республикалық деңгейде өнер көрсету үшін спортшы кемі 1-2 жыл уақытын жаттығуға арнайды.

«Шорт-тректе басқа спорт түрлеріндегідей 4-5 ай жаттығып, жарыста бақ сынауға рұқсат етіле бермейді. Алдымен спортшы мұз үстінде өзін еркін сезіну үшін тер төксе, одан кейін техникалық тәсілдерді меңгеру керек. Конькимен жүгіру және шорт-тректі салыстыратын болсақ, шорт-трекшілер финалға жету үшін бір күнде 4-5 рет мұзға шығып, уақыт көрсеткішіне жүгіреді. Конькимен жүгірушілер бір күнде 1-ақ рет сайысады. Шорт-тректе көп айналым болатындықтан, спортшы күшін әр кезеңге лайықты бөле білуі тиіс. Қай маңда, нешінші айналымда озу керек екенін бала іштей есептей алуы тиіс. Оның барлығына жаттығу кезінде дағдыланамыз. Техникалық тұрғыда талантты бала жетістікке тезірек жетіп жатады», дейді бапкер.

Қысқы Олимпиада ойындарынан кейін шорт-трекке қызығушылар қатары артты

Бүгінде Рахат Хасенұлы баптап жүрген шәкірттерінің алтауы спорт кандитаты дәрежесін иеленген. Сондай-ақ 8-15 жастағы кіші құрама өкілдері Қазақстанмен қатар шет елдердегі халықаралық жарыстардан жүлдемен оралып жүр.

Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер

«Маусым сайын көрсеткіштер көңілден шығып келеді. Өздеріңізге белгілі, кіші құрам әуелі 222, 333 метр қашықтықта жарысады. Жас ерекшелігіне сай қашықтық ұзара береді. Әр соңғы нәтижеге сай шәкірттерім аталған қашықтықта жеке рекордын секундқа болсын алға жылжытып жүр. Елімізде табысты өнер көрсеткен шәкірттерім Қытай, Корея елдеріндегі жарыстардан медальмен оралды», деген сүйінші жаңалығын жеткізген Рахат Хасенұлы, әсіресе қысқы Олимпиададан кейін шорт-трекке қызығушылар қатары қалыңдайтынын жеткізді.

«Бұл тұрғыда ұлттық құрама мүшелерінің еңбегі орасан. Олар қысқы спорт қарқынды дамыған мемлекеттердің өкілдерімен терезесі тең өнер көрсетіп, ел балаларына халықаралық аренада үлгі болып жүр. Мәселен, соңғы Италияның қос қаласында өткен Олимпиада ойындарын шәкірттерім түнгі уақыт болса да талмай қарады. Биыл тағы бір ерекшелік ретінде олардың қатарына ата-аналардың да қосылғанын айрықша айтқым келеді. Өз кезегінде ата-аналар спортшыға не үшін ескерту бергенін, мәреге не үшін жете алмағанын белсенді сұрап, жауап алып отырды. Ал мұның бәрі алдағы уақытта шорт-трекке келетін балалардың қатарының артатынын аңғартады», дейді Рахат Хасенұлы.

Сол секілді шорт-тректен кіші құрама мүшесі Хамза Еркінұлын мұз айдынына анасы жетелеп әкелген. Бастапқыда анасының айтқан сөзін жерге тастамаған ол 3 жыл өтсе де шорт-трекпен қош айтыспаған. Себебі, көк мұздағы жоғары жылдамдық оның да жанын баураған.

«Бұл спортпен тұрақты шұғылдануыма танымал шорт-трекші Әділ Ғалиахметовтің де әсері мол. Оның өнерін үзбей бақылаймын, жылдамдықты игере алуы, қарсыластарын басып озуы сынды өнерінен үлгі аламын. Соңғы Олимпиадаға қатысқан шорт-трекшілердің де бағдарламасын бақыладым. Тек аздаған сәттілік жетіспеді. Дегенмен Олимпиадаға қатысудың өзі үлкен жетістік. Мен де Олимпиада алтынын алып, оған қатысуды армандаймын», деді Хамза Еркінұлы.

Соңғы жаңалықтар

Эдуард Полетаев: Білім мен адам капиталы – елдің стратегиялық қоры

Ата заң • Бүгін, 17:18

Нартай Сәрсенғалиев: Қазақстанның жаңа Конституциясы – халықтың заңы

Ата заң • Бүгін, 17:02

Елімізде сайғақ мүйізі аукцион арқылы сатылымға шығарылады

Экология • Бүгін, 16:57

Рауан Кенжеханұлы: Конституция – қоғамның құндылықтарын айқындайтын стратегиялық құжат

Ата заң • Бүгін, 16:45

Елімізде 124 теміржол вокзалы жөндеуден өтеді

Аймақтар • Бүгін, 16:25

Айдос Сарым: Мемлекет басшысы – жаңа Ата заңның негізгі авторы

Ата заң • Бүгін, 16:12

Никита Шаталов жастарды референдумға қатысуға шақырды

Референдум • Бүгін, 16:08

Қазақстанда бизнеспен айналысатын әйелдерге кімдер көмектеседі?

Экономика • Бүгін, 15:53

Жаслан Мәдиев: Цифрлық дәуірде дербес деректерді қорғау мәселесі ерекше маңызға ие

Digital • Бүгін, 15:43

Қытай алдағы 15 жылда қалай өзгереді?

Әлем • Бүгін, 15:18

700 мыңға жуық азамат бәс тігумен тұрақты айналысады: Құмар ойындар нарығы неге өсіп барады?

Қоғам • Бүгін, 15:08

Логистика, бұл – жаңа мұнай: Елімізде қойма тапшылығы күрт күшейді

Логистика • Бүгін, 14:52

Әзербайжан Иранға гуманитарлық көмек жіберді

Әлем • Бүгін, 14:48

Өз елінің әнұранын орындамай қойған Иран әйелдер құрамасы мүшелерінің тағдыры не болды?

Әлем • Бүгін, 14:40

Нұрбек Матжани: Жаңа Конституция цензураға тыйым салып, сөз бостандығына кепілдік береді

Референдум • Бүгін, 14:34

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 17:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары