Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Жастар неге тез шаршайды?

Жастар неге тез шаршайды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Аудитория іші тыныш. Бірі конспект жазып отыр, бірі ноутбукке үңілген, бірі жай ғана ойға шомған. Сырттай қарағанда бәрі қалыпты. Бірақ сол тыныштықтың астарында қанша уайым, қанша қысым, қанша ішкі күрес жатқанын біреу білсе, біреу білмейді. Қазіргі жастардың басты проблемаларының бірі – академиялық күйзеліс. Бұл жай шаршау емес, бұл – жүйке жүйесінің сарқылуы, эмоциялық ресурстың таусылуы, оқуға деген сенім мен қызығушылықтың әлсіреуі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2024 жылы Educational Psychology Review журналында жарияланған ауқымды мета-талдау эмоцияны реттеу стратегиялары мен академиялық күйзелістің арасындағы байланысты жан-жақты зерттеді. Бұл зерттеу жеке бір университеттің емес, түрлі елдерде жүргізілген 20 ғылыми жұмыстың нәтижелерін біріктірген кешенді талдау болды. 

Ғалымдар бір қарапайым, бірақ маңызды сұраққа жауап іздеді: неге бір студент қиындыққа төтеп береді, ал екіншісі күйзеліске ұшырайды?

Академиялық күйзеліс (academic burnout) – үш негізгі компоненттен тұрады:

Эмоциялық сарқылу – адам өзін үнемі шаршаңқы, қажыған күйде сезінеді. Цинизм немесе немқұрайлылық – оқу процесіне деген салқындық, тіпті жеккөрушілік пайда болады. Өзін тиімсіз сезіну – «менің қолымнан келмейді», «мен қабілетсізбін» деген ішкі сенім қалыптасады.

Бұл белгілер уақытша емес. Ұзаққа созылған жағдайда олар депрессиялық симптомдарға, әлеуметтік оқшаулануға және академиялық үлгерімнің төмендеуіне алып келуі мүмкін.

Мета-талдауға енгізілген зерттеулердің 14-і университет студенттері арасында жүргізілген, 4-еуі орта мектеп оқушыларына, 2-еуі жоғары сынып оқушыларына тиесілі. Қатысушылардың жасы 10 бен 25 жас аралығында болған. Яғни бұл мәселе тек ересек студенттерге ғана тән емес – ол жасөспірім кезеңнен басталады.

Жүктеме емес, оны қабылдау тәсілі маңызды. Көпшілік күйзелістің себебін оқу жүктемесінің көптігінен көреді. Рас, тапсырма, емтихан, бәсекелестік – бәрі әсер етеді. Бірақ зерттеу басқа бір маңызды факторды алға тартты: эмоцияны реттеу тәсілі.

Студент қиындыққа тап болғанда не істейді? Ол өзін кінәлай ма? Жағдайды асыра бағалай ма? Әлде оны талдап, шешім іздей ме?

Зерттеулерде эмоцияны реттеудің түрлі стратегиялары қарастырылған:

өзін-өзі кінәлау, өзгелерді кінәлау, руминативті ойлау (бір ойды қайта-қайта қайтару), катастрофизация (жағдайды тым ауыр етіп қабылдау), қайта бағалау, жоспарлау, қабылдау, эмоцияны басу.

Бұл стратегиялар екі үлкен топқа бөлінеді.

Дезадаптивті тәсілдер

Өзін кінәлау, руминативті ойлау, катастрофизация сияқты тәсілдер күйзеліс деңгейін арттырады. Мұндай студент сәтсіздікке ұшырағанда оны жеке трагедия ретінде қабылдайды. Ол бір қателікті өз тұлғасының толық сипаттамасына айналдырып жібереді. Бір баға – бір үкім. Бір қате – «мен қабілетсізбін» деген қорытынды.

Адаптивті тәсілдер

Қайта бағалау, жоспарлау, қабылдау секілді тәсілдер керісінше күйзелісті азайтады. Мұндай жағдайда студент қателікті өмірлік тәжірибенің бір бөлігі ретінде көреді. Ол жағдайды қайта саралап, одан шығу жолын іздейді. Бір қате – сабақ. Бір сәтсіздік – даму нүктесі. Бұл қорытынды жай пікір емес. Зерттеу random-effects статистикалық моделін қолданып, әртүрлі зерттеулер арасындағы айырмашылықтарды есепке алған. Яғни эмоцияны реттеу стратегиялары мен академиялық күйзеліс арасындағы байланыс жүйелі түрде дәлелденген. Қатысушылардың шамамен 65%-ы қыздар болған. Бұл гендерлік фактордың да рөлін көрсетеді. Қыз балалар эмоцияны тереңірек бастан кешіруі мүмкін, ал әлеуметтік күтілімдер олардың өзіне қоятын талаптарын күшейтуі ықтимал.

Қазіргі жастар неге тез шаршайды?

Бүгінгі жас буын бірнеше қысым қабатында өмір сүріп жатыр:

академиялық бәсекелестік, ата-ананың үміті, әлеуметтік желідегі салыстыру мәдениеті, қаржылық тұрақсыздық қорқынышы, болашаққа қатысты белгісіздік.

Бұрын студент тек оқуға жауапты болса, қазір ол өзін жан-жақты дамуы, табыс табуы, әлеуметтік желіде белсенді болуы керек. Жетістік – нормаға айналды. Ал қателік – ұятқа. Осындай ортада эмоцияны басқару дағдысы болмаса, күйзеліс заңды құбылысқа айналады.

Білім беру жүйесі не істей алады?

Біз оқушыларға логарифм үйретеміз. Физика заңдарын үйретеміз. Эссе құрылымын үйретеміз. Бірақ сәтсіздікпен жұмыс істеуді үйретеміз бе?

Эмоциялық сауаттылық – факультатив емес, өмірлік дағды. Егер мектеп пен университет деңгейінде эмоцияны реттеу стратегиялары үйретілсе, бұл тек психологиялық денсаулыққа емес, академиялық жетістікке де оң әсер етеді. Психологиялық қолдау кабинеті формальді емес, белсенді жұмыс істеуі тиіс. Тек мәселе туғанда емес, алдын алу мақсатында.

Қоғамдық дискурс өзгеруі керек. «Қазіргі жастар әлсіз» деген пікір жиі айтылады. Бірақ ғылыми дерек олардың әлсіз емес, эмоциялық жүктемесі жоғары екенін көрсетеді. Күйзеліс – еріншектік емес. Бұл – ресурстың сарқылуы. Егер біз жастардан тек нәтиже күтсек, ал олардың ішкі жағдайына мән бермесек, күйзеліс одан әрі тереңдей береді.

Шешімі қандай?

Академиялық күйзеліс – кездейсоқ құбылыс емес. Ол – эмоцияны басқару мәдениетінің әлсіздігінен туындайтын жүйелі мәселе. Ғылым көрсеткендей, эмоцияны тиімді реттеу күйзелісті азайтады. Мүмкін, бізге жастарды «мықты болуға» емес, эмоциямен саналы жұмыс істеуге үйрету керек шығар. Сонда ғана білім беру жүйесі тек диплом бермей, тұрақты психикасы бар тұлға қалыптастырады. Демек шаршаған ұрпақ емес, өз эмоциясын түсінетін ұрпақ өседі.

Мета-талдауды мына сілтемеге өтіп, оқи аласыздар.

Гүлшекер СҮЛЕЙМЕНОВА,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультеті  Баспасөз және баспа ісі кафедрасының 4-курс студенті

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:238
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Ақпан 2026 23:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see154

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see141

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see137

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see133

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see133

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see133

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see132

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see131

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see131

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see130

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see129

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see128

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see128

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see128

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see128

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see128

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see127

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see126

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see126

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары