Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Келешегі мол кеніштер

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Көкшетаулық отбасы демалыстан кейін денесін күлдіреуік басып кетті, сан дәрігерлер суды тексереді

Көкшетаулық отбасы демалыстан кейін денесін күлдіреуік басып кетті, сан дәрігерлер суды тексереді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Көкшетаулық отбасы Бурабай көлдерінде демалғаннан кейін денелеріне бөртпе шыққанына шағымданды. Өңірлік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Танымал әлеуметтік желіде Көкшетау тұрғынының жазбасы қолданушылардың назарын аударды. Автордың айтуынша, Бурабай және Үлкен Шабақты көлдеріне барғаннан кейін оның отбасы мүшелері тері ауруларына шалдыққан.

"Бәрінен де кішкентай ұлым қатты зардап шекті – қазір дәрігерлердің нұсқауымен буллезді дерматитті емдеп жатырмыз. Дерматологтың тексеру қорытындысы, үзінді көшірмелер мен тағайындалған ем-дом бар. Осыған ұқсас белгілер анамда, әкемде және әжемде де пайда болды. Айта кететін жайт, анам тек Үлкен Шабақты көліне шомылды, Бурабайға мүлдем түскен жоқ", – деп жазды ол.

Автор аурудың нақты себебін білмейтінін баса айтады. Бірақ демалыстан соң бірнеше туысында бірдей белгі болғаны оны күмәндандырған.

"Жергілікті тұрғындар ол жаққа шомылмайды": пікір қалдырушылар не дейді?

Жарияланым әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Кейбір қолданушылар да Бурабай көлдерінде демалғаннан кейін осындай мәселеге тап болғанын айтты.

Басқа пікір білдірушілердің сөзіне қарағанда, курорттық аймақтың тұрғындары туристердің көптігі мен судың жағдайына байланысты кейбір су айдындарына шомылудан бұрыннан қашқақтайтын көрінеді.

"Бурабайға жергілікті халықтың шомылмағанына 20 жыл болды. Ондағы судың ішінде не жоқ дейсіз. Ал Үлкен Шабақтыда сіздер, сірә, "Голубой залив" жағалауында шомылған боларсыздар. Ол жер – суы іркіліп тұратын кішкене шығанақ, туристер өте көп жиналады. Негізінде Үлкен Шабақты таза көл, тек шомылатын жерді білу керек, ондай орындар аз", – деп жазды қолданушылардың бірі.

Дегенмен кейбір пікір қалдырушылар отбасы мүшелерінде жағалаудағы өсімдіктерден аллергия болуы мүмкін деген болжам жасаған.

"Әжемнің қызуы көтеріліп кетті": жазба авторының айтқаны

Біз жарияланым авторымен байланыстық. Оның айтуынша, 21 маусымда отбасы Бурабайға демалуға барған. Алдымен Үлкен Шабақты көліне тоқтап, кейін Бурабай жағына бет алған. Үйге оралғаннан кейін отбасының бірнеше мүшесі денесіне бөртпе шығып, күлдіреп тұрғанын байқаған.

"Баламда бұрын-соңды ешқандай дерматит болған емес. Әжем 75 жаста, ол да өмір бойы мұндаймен ауырмаған. Қазір оның жағдайы ауыр: дене қызуы көтерілді, терісі қышып, ауырып жатыр. Бала дәрі-дәрмектің көмегімен ғана жүр. Биылғы жазда енді ешқайда бара алмайтынымыз өте өкінішті", – деді қала тұрғыны.

Фотоны жазба авторы ұсынды

Автор ешкімді айыптауға немесе болған жағдайдың себебі туралы кесіп айтуға тырыспағанын жеткізді. Оның айтуынша, жазбаны басқа демалушыларға ескерту жасау мақсатында жариялаған.

"Мен тек адамдардың сақ болғанын қаладым. Мамандар суды тексеріп, оның жай-күйі мен демалушылар үшін қауіпсіздігі туралы ақпарат жарияласа деймін. Көлде 6-7 сағат болдық, баланың бүкіл арқасы мен бөксесіне бөртпе қаптап кетті. Дәрігерлерге қаралдық, бізге ем тағайындалды", – деді кейіпкер.

СЭБ департаменті не дейді?

Ақмола облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шомылу маусымы басталғалы бері тұрғындардан ресми шағым түспегенін айтты.

Ведомство мамандары Бурабай курорттық аймағындағы судың тұрақты түрде тексеріліп тұратынын қадап айтты.

"Шомылу кезеңі басталғалы демалушылардан тері аурулары мен аллергиялық реакциялар бойынша шағымдар мен өтініштер түскен жоқ. Шомылуға арналған су айдындары екінші санатқа жатады, онда жылдың жылы мезгілінде су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізіледі", – деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Санэпидемиологтар соңғы тексерудің жақында ғана жүргізілгенін және нормадан ешқандай ауытқу тіркелмегенін қосып өтті.

"2024 жылы мониторинг мамырда жүргізілді, Бурабай ауданында санитарлық-химиялық, бактериологиялық және паразитологиялық зерттеулерге сынамалар алынды, сәйкес келмейтін сынамалар анықталған жоқ. Бұл нысандар эпидемиялық маңызы жоғары нысандарға жатпайды, су сапасын бақылау санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг түрінде жүзеге асырылады", – деп түйіндеді Ақмола облысы СЭБ.

СЭБ өкілдері жарияланымға байланысты су сапасына қосымша мониторинг жүргізілетінін хабарлады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Маусым 2026 16:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Су жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

08 Тамыз 2026 03:20see118

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

Әділдік пен жауапкершілік таразысы

08 Тамыз 2026 04:50see113

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see111

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see109

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see106

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see105

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Экологиялық мәдениет ұлттың жаңа өмір салты

08 Тамыз 2026 05:11see103

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see99

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары