Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ұлыбритания Ормуз бұғазына әскери кеме жіберді Reuters

Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды

Астанада цифрландырудың мемлекеттік сатып алуларға қалай әсер ететіні талқыланады

Соғыс жылдарындағы қазақ әндерінің шынайы тарихы

Ғасыр куәгерлері: байланыс желісіндегі батырлар

Жүрек ұстамасы қаупін екі есе арттыратын әдет аталды

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

Ақтөбе жеңді, Қайрат тең түсті: ҚПЛ тоғызыншы туры өтті

Сырдың соңғы солдаты

Теңдік Изақов, тыл ардагері: Тылдың тауқыметі соғыспен тең еді

Бәйтеректің алдында бейәдеп суретке түскен студент 5 тәулікке қамалды

Иран билігі Моджтаба Хаменеидің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

Оралда ұландықтар 101 жастағы майдангерді Жеңіс күнімен құттықтады

“Әрқайсы есімде“ 102 жастағы қарағандылық кейуана жаралы сарбаздар мен соғыс туралы естелігін айтты

3 жылға сотталуы мүмкін: ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге қатаң ескерту жасады

Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті

11 мамырдағы теңге бағамы қандай?

АҚШ та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті

Талдықорғанда көлік жол жөндеушілер қазған шұңқырға түсіп кетті

Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға Құрмет ордені табысталды

Көктемгі су тасқыны: ауа райын болжаушылар Павлодарда қауіп барын ескертіп отыр

Көктемгі су тасқыны: ауа райын болжаушылар Павлодарда қауіп барын ескертіп отыр

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қауіп «басқарылатын» деңгейде ме?

Көктем жақындаған сайын өңірде су тасқынына дайындық мәселесінің маңызы арта түсіп отыр. Ресми органдар «ауқымды қауіп жоқ» дейді. Алайда гидрометеорологиялық деректер мен соңғы жылдардағы тәжірибелер болжамдарға сақтықпен қарау керектігін меңзейді.

«Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының деректеріне сүйенсек, Павлодар облысы «орташа тәуекел аймағына» жатады. Бұл — қауіп мүлдем жоқ деген сөз емес. Керісінше, су тасқынының ықтималдығы бар, бірақ ол алдын алу шаралары арқылы реттелуі тиіс дегенді білдіреді.

— Биылғы жағдайдыкүрделендіретін бірнеше фактор бар. Ең әуелі өткен күзде топырақ ылғалдылығы қалыптағыдан жоғары болды. Ал қыста топырақтың қату тереңдігі 146 см-ге дейін жеткен. Күзгі-қысқы кезеңде жауын-шашын көлемі климаттық нормадан асып түсті. Оның үстіне алдағы наурыз айы жылы әрі жауын-шашынды болады деп болжанып отыр. Мұндай факторлар жылдам еріген қар суының елді мекендерге жайылуына қолайлы орта қалыптастырады. Біздің есебімізше, облыс бойынша 45 елді мекен ойпаң жерде орналасқан, яғни қар суы көп болған жағдайда олар қауіп көзінде қалуы мүмкін, — дейді «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Галина Шпак.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Мекеме ұсынған мәліметте су басу қаупі бар елді мекендер облыстың барлық дерлік ауданында бар. Соның ішінде Баянауыл мен Ақтоғай аудандары «тәуекелі жоғары» аймақтар» санатына кіреді. Мысалы, Баянауыл ауданында Қаныш Сәтбаев, Мәшһүр Жүсіп, Ақши ауылдары, ал Ақтоғайда Шолақсор мен Жалаулы ауылы жылдағыдай көктемгі су тасқынына бейім.

Облыс бойынша қауіп көзінде қалуы ықтимал аймақтарда тұрып жатқан халықтың нақты саны туралы деректер құрылмаған. Бұл ықтимал жағдай төтенше жағдай кезінде эвакуациялау мен әлеуметтік қорғау шараларын жоспарлауда үлкен олқылыққа әкелуі мүмкін.

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Миллиард бар, бірақ сенім аз

Көктемгі су тасқынына қарсы іс-шараларға облыста 1,1 млрд теңге бөлінген. Ол жанар-жағармай материалдарын, мотопомпаларды, қаптар мен сорғы шлангілерін, сирена мен дыбыс құрылғыларын, қар шығару және су сору жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған. Сома аз емес. Алайда қауіп көзінде ондаған елді мекен, жүздеген шақырым жол мен инженерлік нысандар қалуы ықтимал екенін ескерсек, бұл қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуы басты мәселе болып қала береді. Облыс әкімдігі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, қағаз жүзінде бәрі дайын.

Фото: Палодар облысы ТЖД

— Алдағы су тасқыны кезеңіне болжамды деректер негізінде әкімдіктермен, жол қызметтерімен және ұйымдармен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 156 шақырым қорғаныс бөгеттері нығайтылып, кейбірі жаңадан салынды. 36 су өткізгіш құбыр орнатылып, жөнделді. 2 шақырым бұру каналдары жабдықталды. Баянауыл ауданының Жаңажол және Қ.Сәтбаев ауылдық округтерінде гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңарту бойынша судың реттеуші көлемін шамамен 23 млн текше метрге қамтамасыз ететін ірі жобалар аяқталды. Су тасқыны жағдайларының ықтимал өршуіне ден қою үшін энергетика, жолдар мен көпірлер қызметтерінен, инженерлік және көлік қызметінен күштер мен құралдар тобы құрылған. Оларға жалпы саны 1 871 адам, 769 инженерлік және арнайы техника, 21 жүзу құралдары және 357 мотопомпа жұмылдырылған, — деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Ірі гидромелиорациялық жобалар Ақтоғай ауданында да жүзеге асырылған. Бұл жұмыстар су басу қаупін айтарлықтай төмендетуі тиіс.

Талдаулар тұрақты заңдылықты анықтай алмаған

Алайда тәжірибе көрсеткендей, қағаздағы дайындық пен нақты табиғи апат кезіндегі жағдай әрдайым сәйкес келе бермейді. Әсіресе, ауа райы күрт өзгерген жағдайда. Бұл ретте «Қазгидромет» филиалының мамандары соңғы 10 жыл бойынша күзгі-қысқы кезеңдегі жауын-шашын деректерін талдап, тұрақты заңдылықты анықтай алмағанын мысал ретінде келтіруге болар.

Мысал үшін 2015-2016 жылғы қысқы кезеңде жауын-шашын мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан төмен болса, одан кейінгі екі жылда өңірдің басым бөлігінде ол қалыпты шектерде ұсталған. 2017-2020 жылдар аралығында жауын-шашын екі есеге жуық азайып кеткен. 2021-2022 және 2022-2023 жылдарғы кезеңде норма қалыпты шекке қайта оралса, 2023-2024 жылғы кезеңде жауын-шашын норманың 30-91%-ын құраса, ал 2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейінгі аралықта ол нормадан 16-33%-ға артық болған.

Фото: Павлодар облысы ТЖД

— 2025 жылдың қарашасы мен 2026 жылдың 20 қаңтары аралығында жауын-шашын барлық жерде климаттық нормадан асып, норманың 25-95 пайызын құрады. Солтүстік және орталық аймақтарда ылғалдың жылдағыдан көп екені, қар қорының артқаны байқалып отыр, яғни бұл ылғалдың жалпы мөлшері былтырғыдан да көбейе түскенін білдіреді. Жауын-шашынның нормадан және өткен жылғы деңгейден асып кетуіне байланысты, көктемде қар күрт ерісе жекелеген аймақтарда су басу қаупін тудыруы мүмкін, — деп ескертеді Галина Шпак.

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Думан Қыдырмоллаев су тасқынының алдын алуға қатысты инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде 22 іс-шара көзделгенін, олардың барлығы толығымен орындалғанын айтады. 47 мың қапшық, 1347 тонна инертті материал, 155 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалған. Сондай-ақ тамақтануды ұйымдастыруға 80 ниет шарты, Ертіс пен Сілеті өзендерінде жарылыс жұмыстарын жүргізуге 4 шарт жасалған.

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

— Қолда бар күштер мен құралдар су тасқыны кезеңіндегі міндеттерді орындау үшін жеткілікті. «Сақтықта қорлық жоқ» екенін ескере отырып, аудан-қала әкімдіктеріне су өткізу құбырларын, көпірлерді, бөгеттерді және гидротехникалық құрылыстарды тазалау, авариялық-құтқару бөлімшелерінің, техниканың және резервтердің дайындығын қамтамасыз етуді ұсынамыз. Ұшқышсыз басқарылатын аппараттар арқылы су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг жүргізу, халықты су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері туралы хабардар ету де аса маңызды, — дейді ол.

Фото: Павлодар облысы ТЖД

Мамандар Ертіс өзеніндегі мұз кептелістері де жазғытұрым қиындық тудыратынын ескертіп отыр. Павлодар аймағы өзеннің ең ойпаң бөлігінде орналасқан. Ертістің суы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы су қоймалары арқылы реттелетіндіктен ол жақтан да төнетін қауіп аз емес. Сондықтан жауапты органдар суды реттеу іс-шаралары бойынша келіссөздерді ерте бастан қолға алғаны абзал.

Еске сала кетейік, еліміздің 6 облысында өзен арналары тазартылып жатыр. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Ақпан 2026 12:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ұлыбритания Ормуз бұғазына әскери кеме жіберді Reuters

09 Мамыр 2026 22:34see116

Тоқаев Мәскеудегі Қызыл алаңда Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай өткен әскери шеруге барды

09 Мамыр 2026 14:45see112

Астанада цифрландырудың мемлекеттік сатып алуларға қалай әсер ететіні талқыланады

09 Мамыр 2026 14:12see112

Соғыс жылдарындағы қазақ әндерінің шынайы тарихы

09 Мамыр 2026 11:40see111

Ғасыр куәгерлері: байланыс желісіндегі батырлар

09 Мамыр 2026 11:40see109

Жүрек ұстамасы қаупін екі есе арттыратын әдет аталды

10 Мамыр 2026 10:01see109

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды

10 Мамыр 2026 14:05see109

Ақтөбе жеңді, Қайрат тең түсті: ҚПЛ тоғызыншы туры өтті

10 Мамыр 2026 20:44see107

Сырдың соңғы солдаты

09 Мамыр 2026 11:41see106

Теңдік Изақов, тыл ардагері: Тылдың тауқыметі соғыспен тең еді

09 Мамыр 2026 11:41see106

Бәйтеректің алдында бейәдеп суретке түскен студент 5 тәулікке қамалды

10 Мамыр 2026 09:56see105

Иран билігі Моджтаба Хаменеидің жағдайына қатысты мәлімдеме жасады

10 Мамыр 2026 16:03see105

Оралда ұландықтар 101 жастағы майдангерді Жеңіс күнімен құттықтады

09 Мамыр 2026 16:28see105

“Әрқайсы есімде“ 102 жастағы қарағандылық кейуана жаралы сарбаздар мен соғыс туралы естелігін айтты

09 Мамыр 2026 12:20see103

3 жылға сотталуы мүмкін: ІІМ тарихи ескерткіштерді бүлдіргендерге қатаң ескерту жасады

10 Мамыр 2026 16:51see103

Франция елшілігі қазақ жауынгерлерінің рухына құрмет көрсетті

09 Мамыр 2026 13:14see102

11 мамырдағы теңге бағамы қандай?

11 Мамыр 2026 09:58see102

АҚШ та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті

10 Мамыр 2026 10:35see98

Талдықорғанда көлік жол жөндеушілер қазған шұңқырға түсіп кетті

10 Мамыр 2026 11:37see98

Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға Құрмет ордені табысталды

09 Мамыр 2026 22:52see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары