Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Конституциялық реформа: Сенаторлар өңірлерге барады

Конституциялық реформа: Сенаторлар өңірлерге барады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен кезекті палата отырысы өтіп, онда күн тәртібіне шығарылған заңдар қаралып, Конституциялық заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамы жаңартылды. Сондай-ақ іс-шара соңында сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады.

Палаталардың бірлескен комиссиясы құрылды

Отырыс барысында палата спикері 19 ақпан мен 5 наурыз аралығында сенаторлар халықпен кездесіп, азаматтарға жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін түсіндіру үшін өңірлерге баратынын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 15 наурызда жаңа Конституция жобасына байланысты республикалық референдум өтеді. Осыған орай депу­таттар конституциялық рефор­малардың мәнін халыққа түсін­діру үшін өңірлерге барады. Кезде­сулерде халықпен ашық диалог құрып, конституциялық өзгерістер Президентіміздің саяси бағдарының жүйелі жалғасы әрі «Әділетті Қазақ­стан» тұжырымдамасының инсти­туционалдық негізі екеніне баса мән беру қажет. Қолға алынған бастамаларды азаматтардың дұрыс түсініп, қабылдауы – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі», деді М.Әшімбаев.

Палата отырысында сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Респуб­ликасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы бойын­ша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамын бекітті. Осылайша, комиссияның бұрын бекітілген құрамына Сенаттан Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Советбек Медебаев қосылды. Ал бұған дейін палата атынан аталған құрам мүшесі болған Наурызбай Байқадамов жаңа лауазымға тағайындалуына бай­ланыс­ты комиссиядан шыққан еді.

Күн тәртібінде қаралған келесі мәселе  – «Қазақстан Республи­касы­ның Үкіметі мен Қытай Халық Рес­публи­касының Үкіметі арасын­дағы жаңар­тылатын энергия көздері саласындағы жобалар­ды іске асыру туралы келі­сімді рати­фи­ка­ция­лау туралы» заң. Іс-шара­да бұл жо­ба­ларды іске асыру энергети­ка­лық қ­ауіпсіздікті қамта­масыз етуге, «жасыл» технологияларды ен­гізуге және парниктік газдар шығарын­ды­ларын азайтуға ықпал ететіні айтылды.

«Қаралған заң еліміздің аумағында жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі жобаларды ілгерілету үшін әзірленген. Осы мақсатпен келісім аясында ірі жобаларды іске асырудың негізгі шарттары мен тәртібі анықталып отыр. Мақұлданған заң жаңартылған энергия көздерінен алынатын энергияның үлесін арттыруға, инновациялық технологияларды енгізуге және зиянды қалдықтардың көлемін қысқартуға мүмкіндік береді деп сенеміз», деді Сенат төрағасы.

Келісім аясында Қарағанды, Түр­кістан, Павлодар облыстарында жел және күн электр стансаларын салу көзделген. Әр нысан энергия өндірумен қатар оны жинақтауға арналған инфрақұрылымды қамтитын жоғары технологиялық кешен ретінде құрылмақ. Ынтымақ­тастықтың ма­ңызды шарты – ұзақмерзімді тұрақтылық: яғни аталған жобалар аясында электр энергиясын сатып алу жөніндегі шарттар 25 жылға есептелген. 

Туризм саласы қолдауға зәру

Сонымен қатар отырыста туризм және балалар спорты мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер де қаралды. Сенаторлар мақұлдаған «Қазақ­­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мемлекеттің стратегиялық басым­дық­тары – ұлттық экономиканы әр­­тараптандыруды және адам капи­­талын дамытуды іске асыруға арналған. Бұл ретте сөз туристік саланы және балалар-жасөспірімдер спор­тын дамыту үшін ұзақмерзімді құ­­қықтық база қалыптастыру, сондай-ақ экономикалық өсу, әлеуметтік даму және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін жағдай жасау туралы болып отырғанын атап өткен жөн.

«Қаралған заң туристік саланы, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын қолдауды реттейтін заңна­маны одан әрі жетілдіруге бағыт­талған. Туризм саласында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру үшін қолданыстағы нормаларды жаңарту және жаңа тетіктер енгізу көзделіп отыр. Мақұлданған заң туризм саласын экономиканың басым бағыттарының біріне айналдыруға және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға оң септігін тигізеді деп сенеміз», деді М.Әшімбаев.

Мақұлданған заң арқылы туризм және спорт салаларын жүйелі жаңғыртуға бағытталған Қазақстан Республикасының 13 заңнамалық актісіне өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, бюджеттік және бюджет­тен тыс қаражатты жұмсаудың ашық­­тығын қамтамасыз ету үшін спорт саласындағы бюджеттен тыс қаражатты бөлу жөніндегі бірыңғай оператордың қаржылық есептілігінің міндетті жыл сайынғы аудиті бойынша норма енгізілді.

Сондай-ақ балалар-жасөс­пірімдер спорт мектептерінің (БЖСМ) мәртебесі қосымша білім беру ұйымы ретінде бекітіліп, жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мен мемлекеттік тапсырыстың бірыңғай қағидалары қарастырылды. Деректерді есепке алу мен талдау үшін дене шынықтыру мен спорттың цифрлық платформасы құрылады. Осыған байланысты мемлекеттік спорт ұйым­дарының деректерді цифрлық платформаға беру міндеті белгіленді. 

Жедел ақпарат беру орталығы қажет

Палата отырысында сенаторлар депутаттық сауалдарын да жолдады. Депутат Жанна Асанова өз сауалында стационарлық көмек көрсету барысында, әсіресе төтенше жағдай кезінде пациенттердің туыстарын хабардар етудің тұрақты тетігінің болмауы проб­лемасына назар аударды.

«Ауруханаға шұғыл түрде жат­қызу, пациентті реанимацияға ауыс­тыру, операция жасау кезінде, сондай-ақ балаларды қабылдау барысында пациенттің жағдайы туралы туыстарына ең қажетті ақпаратты алудың мүмкіндігі жоқ. Өйткені дәрігерлер бөлімшеде жұмыста және одан кетуге болмайды. Еріп жүрушілер де оған кіре алмайды, ал қабылдау бөлімі мен тіркеу бөлімінің қызметкерлерінде тиісті клини­калық ақпарат жоқ. Нәтижесінде, ақпараттық вакуум пайда болады, қабылдау бөлімшелерінде және жалпы клиникада қарбалас жағдайдағы алқын-жұлқын көңіл күй пайда болады», деді сенатор.

Осыған байланысты пациент­тердің туыстарын хабардар етудің бірыңғай ұйымдық-цифрлық тетігін енгізу ұсынылды. Ол өтініш берушінің өкілеттігін растау және дәрігерлік құпияны, сондай-ақ дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарды қатаң сақтауға негізделген болуға тиіс. Онда ауруханаға жатқызу дерегі, бөлімшенің атауы, пациенттің ағымдағы мәртебесі мен келу режімі жөнінде шектеулі ақпараттың тізімі туралы мәліметтер болуы керек.

Сондай-ақ «бір терезе» қағидаты бойынша байланыс орталығын құру, медициналық ақпарат­тық жүйелермен интеграцияны қамтамасыз ету, коммуникацияның бірыңғай стандарттарын белгілеу және стационарларда ақпараттық сүйемелдеуге жауапты адамдарды анықтау ұсынылды. 

Донорларды ынталандыру маңызды

Қазіргі кезде тұрақты донорлар­дың саны азая бастаған, ал қалған донор­ларға жүктеме артып келеді. Сондай-ақ ауруха­налар­ды қан компоненті­мен қамтама­сыз етудегі үзіліс қаупі өсе түсіп, дәрігер мамандарға зәрулік кө­бейіп барады. Сенатор Алишер Сатвал­диев өңірлердегі халықпен кездесу қорытындысы бойынша әзір­леген депутаттық сауа­лын жария етті. Сауалда қан беру қызметінің жұмысына, денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетіне және азаматтардың денсаулықты қорғауға конституциялық құқығын іске асыруға байланысты жүйелі мәселелер көтерілді.

Сауалда келтірілген мәліметтер бойынша еліміздегі донорлық деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда 12 донация­ны құрайды, бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсы­ныстарынан едәуір төмен. Донор­лықты материалдық және моральдық ынталандырудың кешенді шаралары қолданылатын елдерде бұл көрсеткіш 30–40 донацияға жетеді және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты сенатор өтеу­сіз қан донорларының ынта-ықы­ласы деңгейінің төмендігіне назар аударды.

«Өтеусіз донорлар үшін тегін тамақтанудың ақшалай баламасының мөлшері 0,25 АЕК деңгейінде белгіленген және бағаның өскені мен әлеуметтік-экономикалық ахуал өзгерген жағдайда да жылдар бойы қайта қаралмаған. Шын мәнінде, бұл тетік ынталандыру міндетін жоғалтып, көрсеткіш белгі сипатына ие болды. Халықаралық тәжірибе донорлықты кешенді ынта­ландырудың тиімділігін нақты­лап отыр: бірқатар елде тамақ­­тану мен жұмсалған уақыттың кешенді өтемақысы, сондай-ақ моральдық көтермелеу мен қоғамдық тану қолда­нылады», деді сенатор.

Депутаттық сауалда қан қызметі қызметкерлерінің кадр тапшылығы мен жұмыстан шаршауы, сондай-ақ медицина мамандарының біліктілік санаттарын беру мен қалпына келтірудің қолданыстағы тәртібі мәселелері көтерілді. Сенатор қолданыстағы ережелер тәжірибелі қызметкерлерді бұрын расталған біліктілік деңгейін қалпына келтіру мүмкіндігінен айыратынын, бұл ынта-ықыласты төмендететінін және мемлекеттік денсау­лық сақтау жүйесінен кадрлар­дың кетуін күшейтетінін атап өтті.

Сонымен қатар отырыста сенатор Әлібек Нәутиев өз сауалында бірқатар ауылда «Қазпошта» қызметтерінің тоқтауына алаңдаушылық білдір­ді. Мұндай шешімге оператор қызмет­терін қаржыландыру мәсе­лелері себеп болып отыр.

Ал депутат Жанболат Жөргенбаев су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жерасты суларының мониторингін жетілдіру мәселелерін көтеріп, тиісті бастамалар топтамасын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Дамуға бастар жол

Саясат • Бүгін, 08:48

Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам

Қоғам • Бүгін, 08:43

Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе

Тарих • Бүгін, 08:40

Сенімді күшейтуге көмектеседі

Қоғам • Бүгін, 08:38

«Балапанды» кімдер басқарды?

Басылым • Бүгін, 08:35

Бұқтырылған киік еті саудаға шықты

Өндіріс • Бүгін, 08:32

Өскелең ұрпақтың ұстаханасы

Таным • Бүгін, 08:30

Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы

Еңбек • Бүгін, 08:28

Бексұлтан Нұржеке, Қазақстанның Халық жазушысы: Келешекке деген үміт шырағы ешқашан да сөнбеуге тиіс

Сұхбат • Бүгін, 08:25

Ақтауда урологиялық операция жасалады

Медицина • Бүгін, 08:23

Отаншылдық ұғымын қалай түсінесің?

Жастар • Бүгін, 08:20

Қауіпті дертті сәулемен емдейді

Аймақтар • Бүгін, 08:17

Жастар жұмысы қайта жанданды

Жастар • Бүгін, 08:15

Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті

Реформа • Бүгін, 08:12

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Ақпан 2026 09:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары