Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

“30 рет пышақталған“: Талғарда әйел мен оның анасы ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді

Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда қандай кедергілер бар

Ақмола облысында сайлау учаскелерінің референдумға дайындығы қалай

Астана алғаш рет Берлиндегі әлемнің ірі туристік көрмелерінің бірінде медициналық дестинация ретінде қатысты

Түркия әуе кеңістігінде Ираннан ұшырылған баллистикалық ракета залалсыздандырылды

Көкшетау тұрғыны айып тұрағынан көлігін аламын деп басы бәлеге қалды

Екі облыста жол жабылды

Майами тарихындағы ең қымбат келісім: Цукерберг 170 миллион долларға зәулім үй сатып алды

Референдумның бекіту куәлігін қалай алуға болады

ТМД кеңістігінде алимент бойынша сот бұйрықтарын тану тетігі енгізіледі

Талғарда ер адамды әйелі мен енесі 30 жерден пышақтап өлтірді

Мәжіліс бірқатар ірі жобаға Дүниежүзілік банк қаражатын тартатын келісімді ратификациялады

Көлікті тіркеу мен техпаспорт ауыстыру енді онлайн жасалады

Медина мен Жиддадан бірнеше рейс жасады : Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен қайтару жалғасып жатыр

Еуропа қақтығыстың ушығуына байланысты Таяу Шығыстан азаматтарын эвакуациялайды

Атырауда полиция көші қон заңнамасын бұзған 300 ге жуық дерек анықтады

Қазақстанда жеке детективтер институты пайда болуы мүмкін

Sauda in Digital Nauryz байқауы: сауда саласындағы үздік цифрлық жобалар анықталады

ЮНИСЕФ: Жаңа Конституция цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғауды күшейтеді

Көпқабатты үйді басқару: тұрғындар әлі күнге бәрін бір адамға артып қояды

Көпқабатты үйді басқару: тұрғындар әлі күнге бәрін бір адамға артып қояды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әр үйге 15 мың теңге аламын, ал тұрғындар көп нәрсе күтеді — кондоминиум төрағасы

Ақтөбе қаласының Сәтбаев көшесінде орналасқан шағын отбасыға арналған жатақханада 100 пәтер бар. Сол бөлменің әрқайсысы ай сайын кондоминиумға 500 теңге ғана төлейді.

Бұл электр тогы қызметі, төраға мен сантехник жалақысынан артылмайды. Төрағаның жалақысы айына әр15 мың теңге, сантехниктің айлығы 25 мың теңге.

— Менің 20 жылда көрмегенім жоқ. Адамдар бәрінің тегін болғанын қалайды. «Әкімдік қайда қарайды?» дегенге де үйренген. Әрдайым біреу келіп, істеп беруі тиіс. Әлі де солай. Бірақ арасында еңбекті түсінетіні, ұғатыны бар. Егер 100 адамның 10-ы иліксе, қалғандары қосылады. Қазір пәтерлерді аралап жүрмейміз. Ортақ чат бар, хабарлама тез тарайды. Мүліктің меншік иелері бірлестігіндей екі есепшот жоқ. Бар болғаны айына 500 теңге береді. Ол жертөленің техникалық жағдайын қалыпты ұстап тұруға қажет. Қажетті қосалқы бөлшектерін ауыстырамыз және екі адамның жалақысы, — деді Элеонора Алдамжарова.

Ол бұл үйді 2000 жылдардың басында өз жауапкершілігіне алды. Жертөлесі суға толып тұрды, электр тогы әлсіз еді.

Бәрін де жөндеді, «Терможаңғырту» бағдарламасы аясында шатыры жабылып, қасбеті қапталды.

— Біз еңбекпен өстік, ал жастарға бәрін дайын күйінде бердік. «Біз көрген қиындықты көрмесін» деп тәрбиелеген ұрпақ өсті бүгінде. Адамдар да сол сияқты. Дайынын қалайды, бере бер деген ойда. Шағын отбасыға арналған жатақхана, әлеуметтік аз қамтылған адамдар тұрады деп айта алмаймын. Жағдайы жақсы. Кейбірі «кейін төлеймін» деп жүріп, бережағын көбейтіп алады. Қазір бір үйде төрт отбасы мүлде төлемейді. Олар ішімдікке салынған, үнемі полиция шақырамыз сол үшін, — деді ол.

Мұнда тұрғындар дәлізді өздері жинайды, жуады. Элеонора Алдамжарованың айтуынша, көпқабатты үйдің өз тұрғыны басқаруға келісіп, ұйымдастыру керек. Сол кезде ғана жаны ашып, жұмыс істейді.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Жатақханада жуыну бөлмесі ақылы болып кетті — тұрғын

Ал Ақтөбе қаласы Маресьев көшесі № 82 мекенжайында орналасқан жатақхана тұрғындары арасындағы дау сотқа жетті. Мұнда жуыну бөлмесіне адамдар 80-100 теңге төлеп кірген. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы бойынша ортақ мүлік баршаға тегін болуы тиіс.

Ақтөбе қалалық соты жатақхана тұрғыны Гүлжайна Жасақбаеваның талабын қанағаттандырып, шешім шығарды. Әрі «Мира» кондоминиумының төрағасы жұмысты заңсыз жүргізген болып шықты.

— Бұған дейінгі кондоминиум төрағасы қызметін атқарған адамның заңсыз қызмет еткенін білмедік. Бәрі сотқа шағым түсірген соң басталды. Проблеманы көтеріп жүргенімізге 3 жыл болды. Заң аясында жұмыс істесе, резивиялық комиссия, үй кеңесі де болар еді. Бақылау болса, жұмыс жүреді. Қазір арада текетірес бар. Сақ жүрмесек өміріме де қауіпті деп ойлаймын. Бұл туралы полиция қызметкерлеріне хабарлап, ескерттім. Мен бәрін заң аясында реттеймін. Өзім 8 жылдан бері тұрамын. Тексере келе жатақхананың тек техникалық төлқұжаты бар екенін білдім, жер рәсімделмеген. Былтыр апатты деп те танылды, — деді Гүлжайна Жасақбаева.

Бұл үйдің бар-жоғын түгендеп жүрген тұрғынның айтуынша, жаңа баспана мәселесі шешілгенше күтіп ұстаудың тетігі қарастырылуы керек. Ал күрделі жөндеу мұнда жүргізілмейді.

— Жатақхананың жайын айтып өрт сөндіру қызметіне, эпидемилог мамандарға да хабар берілді. Бірақ төтенше жағдайлар қызметінен қандай да бір шешім айтылмады. Сөйтіп жүргенде өрт шықты, электр тогы тұйықталды. Мұнда қауіпсіздік талаптары сақталмаған, шығар өзге де есіктер жабық тұр. Бірінші қабаттағы ерлерге арналған жуыну бөлмесі қазір құлыптаулы. Оны да өзге кәсіпкерге жалға бергісі келді. Бұл жерде сұрақ көп, — деді ол.

Бес қабатты жатақхана тұрғындары арасындағы дауға Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясы араласты.

Инспекция өз арасынан сенімді адам шықпаған соң үйді басқаруға беруге шешім қабылдап, конкурс жариялады. Конкурс жеңімпазы да анықталды.

— Жатақхана апатты деп танылған. Алайда әлі де болса күтіп ұстау керек. Себебі адамдар тұрып жатыр. Егер бүгін күтіп ұстамаса, ертең жағдайы нашарлай береді. Үй қалай апатты болады? Дұрыс күтіп ұстамағанның кесірі тиеді. Біреу барып бұзып, қиратпайды. Адамдардың немқұрайлылығынан осы күйге түседі. Мен жатақхана тұрғындарының бәрін танимын, бірнеше жиналыс өтті. Ауызбіршілігі жоқ, келісімге келмейді. Конкурстан кейін жеке кәсіпкердің басқаруына беруге шешім қабылдады. Егер тұрғындар өздері біріксе, бір адамды ұсынса, жеке кәсіпкермен арада келісімшарт бұзылады. Ал оған дейін конкурстан ұтқан адам басқарады. Ақтөбе қаласында ескі де болса сақадай көпқабатты үй жеткілікті. Ол үйді тұрғындары жыл сайын жөндейді, жанашырлықпен қарайды, — деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Ақнұр Қазбаева.

Фото Ақнұр Қазбаеваның жеке архивінен

Тұрғын үйдің шығынын өз қалтамнан төлеп жүрмін — Гауһар Үмбет

Бірер жыл бұрын Ақтөбеде «Тұрғын үй туралы білім беру орталығының қауымдастығы» ЗТБ құрылды. Төрағасы Гауһар Үмбеттің өзі тұрғын үйді басқаруды ұйымдастыруда көп қиын көріп, осы қауымдастықты ашуды жөн санаған.

Мұнда құқықтық кеңес беріледі, құжаттарды реттеуге көмектеседі. Оқып, сертификат алуға болады. Бұл сертификат төрағаның жұмыс істеуіне берілген алғашқы рұқсат құжаты.

Қазіргі кезде мүліктің меншік иелері бірлестігі және өзара бірлесіп басқару, ПИК төрағалары кеңес алғанымен, бір қауымдастыққа бірікпеді.

— Төрағаларға бірігіп, жұмысты бірге жүргізуді ұсындым. Бірақ олар жарна төлеуден қашқақтап, қатарға қосылмай отыр. Басына қиын іс түссе көмек сұрайды, ал ортақ мүдде үшін бірге жұмыс істеуге қарсы. Соған қарамастан кейде құқықтық кеңес беремін. Тек оларға емес, қарапайым тұрғындарға да көмектесемін. Олар көбіне басқарушы төрағаларға көңілі толмай келеді. Мен өзім де қазір меншік иелері бірлестігінің төрағасымен. 400 пәтері бар тұрғын үйдің жұмысын жүргізіп отырмын. Заңдылығын білсем де тариф бекітілген бағадан төмен. Шаршы метрі — 40 теңге. Ал қалада 50 теңге деп бекітілген. Тұрғындар бұл туралы біледі, білсе де тарифті шекті бағаға жеткізуге қарсы. Ай сайын бәрі қызмет ақысын төлесе де шығынды толық жаппай отыр. Яғни кірісімізден шығынымыз асып кетті. Өзім жалақы алуды қойдым, тіпті кейбір шығынды қалтамнан төлеп жүрмін. Шын мәнінде тұрғындар менің өзіме 3 млн теңгеге жуық ақша бережақ. Егер мен төраға қызметінен кетсем, арнайы кесте қойып, ақшамды пайызсыз кері қайтарамын. Бірақ бұл қызметті ешкім өз міндетіне алғысы келмейді, — деді Гауһар Үмбет.

Фото Гауһар Үмбеттің жеке архивінен

Өңірде тұрғын үйді басқаруды өз міндетіне алған төрағалар 85-150 мың теңге жалақы алады. Ал еден жуушыларға әр подьезд үшін ай сайын 15-40 төлейді.

Көпқабатты үйлер үшін ең маңызды адам — сантехник. Олар да 40-85 мың теңге алады. Ал кейбірі 120 мың теңге төлейді. Бір реттік қызметке шақырса, тиімсіз әрі сенімсіз.

Өйткені сантехник үйдің инфрақұрылымын біліп, әлсіз тұсын күні бұрын реттеп отыруы тиіс.

— Тұрғын үйді басқарып отырған төрағалар кейде маман тапшылығы мәселесін бірге шешуге тырысады. Бірінде түске дейін болса, екіншісінде түстен кейін жұмыс істейді мамандар. Көбіне еден жуушы мен аула сыпырушы тұрақтамайды. Ал сантехник міндетте түрде штаттағы қызметкер болуы тиіс. Таңнан кешке дейін жүрмесе де хабарласқанда дереу келуі тиіс. Төрағаның орнын алмастыратын да сол, — деді ол.

Көпқабатты үйді басқарудың бірнеше жолы бар — инспекция

Мүліктің меншік иелері бірлестігі және өзара бірлесіп басқару, ПИК пен басқарушы компаниялар. Елімізде көпқабатты үйлерді басқару тетігі осы төрт жол арқылы жүргізіліп отыр.

Мүліктің меншік иелері бірлестігі — заңды тұлға. Міндетті түрде Әділет департаментінде тіркеледі және бірден екі есепшот ашылады. Бірі ағымдағы, екіншісі жинақ. Жинақ шотының тарифі — 0,005 АЕК. Бұл үйдегі жөндеу жұмыстарына қажет қаржы.

Ал қарапайым есепшотқа тұрғындар келісімімен бекітілген тариф бойынша ақша аударылады. Бұл қаржы үйді күтіп ұстауға жұмсалады.

— Өзара бірлесіп басқарудың өз талабы бар. Тұрғын үйде пәтер саны 36-дан аспаса, осы басқару тетігін енгізе алады. Ал пәтер саны одан көп болса ПИК немесе басқарушы компания таңдайды. Олар — субьект. Басқарушы компаниялар әр үйге шот ашады. Қолма-қол төлем болмайды, ақша тек есепшотқа түседі. Басқару компаниясының төрағасы ай сайын есеп береді. Егер тұрғындар есебін ала алмаса тұрғын үй инспекциясына арыз жазады. Сол кезде айыппұл салынады. Бұрын 2 апта, бір ай уақыт берді. Қазір есебі болмаса тіркеп, айыппұл төлете аламыз. Айыппұл көлемі 200 мыңнан асады. Егер қайталанса, 100 АЕК болады, яғни, 432 500 теңге, — деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Айгүл Қазбаева.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Тұрғындар тарапынан түсетін шағымның көбі есеп беруге қатысты болып тұр. Тағы бірі жұмыс істеп жүріп, хабар-ошарсыз кетеді.

«Тұрғын үй туралы білім беру орталығының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Гауһар Үмбеттің айтуынша, төрағалар тұрғындармен арадағы байланысты нығайтып, проблеманы ашық айтуы тиіс.

Егер бұл қолынан келмесе, үйді ұстап тұру қиын. Адамдар төрағаға емес, ортақ мүлікке ақша төлеп отырғанын түсінуі тиіс. Ал кімдер қызмет ақысын төлеуге келгенде сараң екенін төрағаның өзі айтып берді.

— Бұл өте өзекті сұрақ. Кейбір адам төрағамен келісе алмай, төлеуге қарсы болады. Сол кезде арадағы ренішті ысырып қойып, нақты мәселені қозғаймыз. Тұрғындар ақшасы жоқ екенін, көпбалалы отбасы, тариф жоғары екенін айтады. Қазір бәрін төлей алмаса, бөліп төлеуге келісу керек. Ал төраға екі ай төлемесе сотқа беріп, қарызы бар тұрғынның есепшотын бұғаттап тастай алады. Кейде күтпеген жерден шығын шығады. Қыста қар шығару керек болады. Егер қар жиналмаса, айыппұл салады. Ал төраға айыппұлды өз қалтасынан төлеуі тиіс, — деді Гауһар Үмбет.

Сонымен бірге ревизиялық комиссия, үй кеңесі де төрағаның жұмысын тексере алады.

— Бұрын мүліктің меншік иелері төрағасы бір жылға сайланды. Қазір үш жыл деп өзгертілді. Хаттамаға тұрғындардың 51% қол қойса, шешім қабылдана береді. Мәселен 75 пәтер иесінің 35-і жиналысқа қатысады. Сол жиналыста 17-і қандай да бір ұсынысты қолдап, келісім берсе, шешім қабылданады, — деді Ақнұр Қазбаева.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Айта кетейік, елімізде 2026 жылдың қазан айына дейін көпқабатты тұрғын үйді басқару тәртібі мүліктің меншік иелері бірлестігі және өзара бірлесіп басқару болып бөлінеді. ПИК көпқабатты үйлердің жұмысын ұйымдастырып, жүргізе алады.

Алайда міндетті түрде әр үйге жеке есепшот ашады және ақшасын да сол көпқабатты үйге жұмсайды. Бірақ өз алдына басқарушы субьект бола алмайды.

Тағы бір ерекшелігі, мүліктің меншік иелері бірлестігі және өзара бірлесіп басқару тетігі бойынша жұмыс бастайтындар басқарушы компанияға сенім арта алады.

Ақтөбе қаласында қазір 2 100 көпқабатты үй бар. Оның 60-қа жуығында басқару тетігі қарастырылмаған. Көбі — жатақхана.

— Тұрғындардың ауызбіршілігі жоқ. Көп жағдайда олар ақша төлегісі келмейді. Немқұрайлы қарайды. Жиналыс ұйымдастырса оншақты адам шығады. Көп дегенде 15 адам жиналады. Бәрі «жұмысым бар» деп шықпайды. Біз сол үшін де кешкілік барамыз. Сонда да жинала қоймайды. Аз адам жиналған соң түпкілікті шешім қабылданбайды. Төрағалар амал жоқ пәтер жағалап, келісімін алып жүреді. Сонымен бірге мұндай проблемалық үйлердің көбінде пәтер, бөлме жалға берілген. Өзі тұратындар «керек емес, қажеті жоқ» деп айтады. «Әкімдік өздері жасап берсін» деп талап етеді, — деді А.Қазбаева.

Қазіргі кезде проблемалық тұрғын үйлерді, оның ішінде ескі жатақханаларды басқарушы компаниялар өз міндетіне алудан қашқақтайды.

Біріншіден, бөлменің ауданы кішкентай, яғни, түсім аз. Екіншіден, тұрғындардың өздері де көбіне ақша төлемейді.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Төрағалар айыппұлды өз қалтасынан төлейді

«Тұрғын үй туралы білім беру орталығының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Гауһар Үмбет төрағалар жиі жіберетін қателікті атады.

Тариф бекіткен кезде сантехник, еден жуушы, есепші, электрик, газ операторы, төрағаның жалақысымен қатар қосымша шығындар есептелуі тиіс. Газ, электр энергиясының ай сайынғы төлемақысы бар. Сонымен бірге аула қарын жинауды да қоса есептеу керек.

— Тұрғындардың жинақ шотындағы ақша тек күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалуы тиіс. Ол шатыр, жертөле, жеделсаты мен қасбетін жөндеуге жұмсалады. Өзгесіне бұл ақшаны алуға болмайды. Алайда қазіргі кезде төрағалар бұл талапты орындап жатқан жоқ. Олар тұрғындардың хаттамаға қол қойғанын, өздері рұқсат бергенін алға тартып жүр. Шын мәнінде бұл ақшаны мақсатсыз жұмсаған төраға айыппұл төлейді, — деді ол.

Төраға алғаш келген күннен-ақ шекараны анықтап алуы тиіс. Төтенше оқиға болса, тұрғындардың жанынан табылады. Ал өзге күндері әр кіреберістің жауапты адамынан түскен өтініштерді саралайды. Кіреберіс барлығына ортақ. Онда тазалыққа бәрі жауапты.

— Еден жуушы бар екен деп ластай беруге болмайды. Кейбірі дәретке отырып кетеді. Мұндайды да көргенбіз, — деді Г.Үмбет.

Тағы бір айта кетерлігі, адамдар ортақ мүлік подьезді қоймаға айналдырып алған. Ал елімізде бұл үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабы бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Еске салсақ, көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін басқару ұйымдары шатырларды, маңдайшаларды және ортақ мүлікке жататын өзге де құрылымдарды қар мен мұздан уақытылы тазалауға міндетті

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:45
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Наурыз 2026 18:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

“30 рет пышақталған“: Талғарда әйел мен оның анасы ер адамды өлтірді деген күдікке ілінді

04 Наурыз 2026 10:56see114

Мемлекеттік кеңесші Жалпыұлттық коалицияның мүшелерімен бірге Абай облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

03 Наурыз 2026 20:17see114

Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда қандай кедергілер бар

04 Наурыз 2026 10:16see113

Ақмола облысында сайлау учаскелерінің референдумға дайындығы қалай

04 Наурыз 2026 11:39see112

Астана алғаш рет Берлиндегі әлемнің ірі туристік көрмелерінің бірінде медициналық дестинация ретінде қатысты

04 Наурыз 2026 11:36see112

Түркия әуе кеңістігінде Ираннан ұшырылған баллистикалық ракета залалсыздандырылды

04 Наурыз 2026 18:48see111

Көкшетау тұрғыны айып тұрағынан көлігін аламын деп басы бәлеге қалды

04 Наурыз 2026 16:39see111

Екі облыста жол жабылды

03 Наурыз 2026 19:49see111

Майами тарихындағы ең қымбат келісім: Цукерберг 170 миллион долларға зәулім үй сатып алды

04 Наурыз 2026 06:29see111

Референдумның бекіту куәлігін қалай алуға болады

03 Наурыз 2026 19:49see111

ТМД кеңістігінде алимент бойынша сот бұйрықтарын тану тетігі енгізіледі

04 Наурыз 2026 12:21see110

Талғарда ер адамды әйелі мен енесі 30 жерден пышақтап өлтірді

04 Наурыз 2026 16:07see110

Мәжіліс бірқатар ірі жобаға Дүниежүзілік банк қаражатын тартатын келісімді ратификациялады

04 Наурыз 2026 11:35see109

Көлікті тіркеу мен техпаспорт ауыстыру енді онлайн жасалады

04 Наурыз 2026 00:44see108

Медина мен Жиддадан бірнеше рейс жасады : Қазақстан азаматтарын Таяу Шығыс елдерінен қайтару жалғасып жатыр

04 Наурыз 2026 18:14see108

Еуропа қақтығыстың ушығуына байланысты Таяу Шығыстан азаматтарын эвакуациялайды

04 Наурыз 2026 12:22see106

Атырауда полиция көші қон заңнамасын бұзған 300 ге жуық дерек анықтады

04 Наурыз 2026 17:58see106

Қазақстанда жеке детективтер институты пайда болуы мүмкін

04 Наурыз 2026 11:25see105

Sauda in Digital Nauryz байқауы: сауда саласындағы үздік цифрлық жобалар анықталады

04 Наурыз 2026 18:14see104

ЮНИСЕФ: Жаңа Конституция цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғауды күшейтеді

03 Наурыз 2026 21:01see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары