Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

“Көрмегелі көп болды“: Ақордада марапат алған ескі достар

“Көрмегелі көп болды“: Ақордада марапат алған ескі достар

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Астанадағы Қонаев көшесі бойымен екі ескі дос жолдан өтіп бара жатты. Жастары сексенге таяп қалған. Бірінің иығында алтын жолақты көк лента, сол қолында футляр. Шашы иығынан түскен екіншісі оны қолтықтап алған. Тұрсын Жұртбай мен Нұрқанат Жақыпбай Ақордадан үйлеріне қайтып барады, онда Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа ғана оларға мемлекеттік наградалар табыстаған еді. Олардың ешқайсысы осыдан бір сағат бұрын марапатталатындарын білген жоқ. Бұл рәсімде не болды және оның ерекшелігі неде - Tengrinews.kz тілшісі баяндайды.

Қазақстандық гобелен мектебінің негізін қалаушылардың бірі, суретші Бәтима Зауырбекова "Отан" орденімен марапатталды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Ғалым, жазушы әрі абайтанушы Тұрсын Жұртбай І дәрежелі "Барыс" орденін алды. Режиссер Нұрқанат Жақыпбайға "Халық әртісі" атағы берілді. Марапаттау рәсімінде олар қатар отырды (фотода оң жақта).

Сенаттың бұрынғы вице-спикері Александр Судьин ІІ дәрежелі "Барыс" орденін иеленді. Аграрлық сала ардагері Виктор Хильниченко "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атанды.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі 

- Абай – ұлттың рухани темірқазығы, өскелең ұрпақтың айнымас бағдары. Шын мәнінде, ұлы ойшылды тану – қазақты тану деген сөз, - деді Президент белгілі абайтанушы Жұртбайға қаратып айтқан сөзінде.

Жұртбай оның қолын екі қолымен қысып, камералар түсіріп біткенше жібермеді.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі 

Нұрқанат Жақыпбайдың театр мен кинода жүргеніне жарты ғасырдан асты.

- Көрерменнің көзайымы болған мазмұнды қойылымдарды сахналап, театр әлемінің нағыз майталманы ретінде танылдыңыз. Бүгінде жас таланттарды өнерге баулып, оларға бағыт-бағдар беріп келесіз, - деді Тоқаев.

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Содан кейін марапат иелері журналистерге шықты. Жетісу облысынан келген аграршы-ардагер Виктор Хильниченко асығыс болса да, тілшілерге бірнеше минут бөлді.

- Марапатталатыныңызды қашан білдіңіз?

- Осыдан екі күн бұрын. Нақты не берілетінін айтқан жоқ. Тек "қабылдауға келіңіз" деді. Келдік. Міне, осыны тапсырды, - деп жауап берді Хильниченко.

Виктор Хильниченко. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

- Қандай марапат екен?

- Өзім де білмеймін. Сонда жазылып тұр ма? Көзілдірігім бір жерде еді...

Ол өзіне оқып бергенше күтті.

- Ең алдымен, мұндай сезімдемін: бұл - бүкіл ұжымның еңбегі. Ал ұжымда үш жүз отыз адам бар. Әрине, өзіме де еселеп қуанышты. Өйткені бізді ескеріп жатыр. Аграршылар - саласы қиын, бізді жиі байқай бермейді. Біз өз жұмысымызда қарапайымбыз.

- Бұл нешінші марапатыңыз?

- Алтыншысы болуы керек. "Құрмет", "Парасат", І дәрежелі "Барыс", медальдар - бәрі бар. Мақтанғанды ұнатпаймын. Бұған біртіндеп, шамамен жиырма жылда қол жеткіздік.

Бұрынғы сенатор Александр Судьин 76 жаста, зейнетте, Алматыда тұрады. Астанаға жиі келеді - мұнда немересі оқиды. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекеттік қызметте болды: Алматы әкімдігі, бірінші шақырылымдағы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, Президент аппараты, кейін Сенатта қызмет етті.

Александр Судьин. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

- Бүгін марапатталатыныңызды білдіңіз бе?

- Алдыңғы күні келуім керек екенін хабарлады. Мен "не үшін?" деп сұрадым. Олар "барғанда білесіз" деді. Сондықтан бұл - тосынсый. Толқуымда шек жоқ.

- Көбісі шенеуніктер тек қағазды ары-бері ауыстырып қоюмен айналысады деп ойлайды. Бірақ ол олай емес. Олар әр адамның өміріне қатысты өте маңызды шешімдер қабылдайды. Шенеунік... қызметкер уайымдамайды дегенде - кейде түні бойы ұйықтамай шығасың.

Ол тоқсаныншы жылдардың басында қала әкімдігінде жұмыс істеген кездерін еске алды.

- Сондай кез болды: егер бір отбасында екі зейнеткер болса, біз бір айда біреуіне, келесі айда екіншісіне зейнетақы беретінбіз. Өйткені ақша болмады. Осындай қиындықтар болды. Бірақ адамдар сенді. Адамдар үміттенді. Ақыры адамдар жеңіп шықты.

- Бұл сіздің бірінші марапатыңыз емес қой?

- Екіншісі. ІІІ дәрежелі "Барыс" болатын, енді ІІ дәрежелі "Барыс". Бірақ әрі қарай жұмыс істей беремін, бәлкім, қашан да болса бірінші дәрежелісін де алармын.

Тұрсын Жұртбайдан да бұл нешінші марапат екені сұралды.

Тұрсын Жұртбай. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

- Мен санамаймын.

- Көп пе?

- Біршамасы бар.

- Ал өміріңізде немен көбірек мақтанасыз?

- Мен жүз отыз сегіз кітаптың авторымын. Соның ішінде үшеуі тағы жиырма бес жылдай оқылады деп ойлаймын.

Жұртбай - Қазақстандағы ең танымал әдебиеттанушылардың бірі.

- Жолыңызда сізге не демеу болды, күш-қуатты қайдан аласыз?

- Адал еңбек, мақсатқа ұмтылу. Мені сегізінші сыныпта идеяларым үшін мектептен шығарып жіберді. Бір айдан соң қайта алды. Тоғызыншы сыныпта тағы қуылдым. Ол кезде Әуезовке қатысты оқиғаға байланысты еді.

Нұрқанат Жақыпбай осыдан жиырма жыл бұрын "Жастар" театрын ашу үшін Алматыдан Астанаға көшіп барған. Өзімен бірге Жүргенов академиясын жаңа ғана бітірген курсын ала келді.

Нұрқанат Жақыпбай. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

- Ол кезде құрылыс жүріп жатқан. Ақтүтек боран, тұратын жер жоқ. Жалақы аз: балалар он жеті мың, мен жиырма бір мың теңге алатынбыз. Тіпті ішерге ас табылмайтын кездер болды.

Актерлер кеш сайын жиналып, оған жұмыстан кететіндерін айтатын. 

- Мен оларға: "Балалар, алда сендерді үлкен өмір күтіп тұр. Әрқайсыңның көлігің, пәтерің болады, сендерді бүкіл әлем танитын болады", - дейтінмін. Таң атқанша отырып, сөйлесетінбіз. Олар бұл әңгімеге үйреніп кетті. Бір аптадан соң тағы жиналатынбыз. Бірақ сол кезде айтқандарымның бәрі орындалды.

Келесі жылы ол сексен жасқа толады.

- Күш-қуатты қайдан аласыз?

- Театрдан. Мен театрдан басқа ештеңе ойламаймын. Бүгін қанша табыс табатыным мені толғандырмайды. Тамақ іштім бе, ішпедім бе - бәрібір. Бір спектакль қойсам, оның ортасына келгенде келесісін ойластыра бастаймын.

- Ауыл шаруашылығы маманы үшін бастысы - қол. Ал сіз үшін қай ағза маңызды?

- Бас. Жүрек емес. Өнер адамдарының бәрінің жүрегі ауырады, инфаркт, инсульт алады, өйткені бәрін жүрекпен қабылдайды. Ал мен қиялдаймын, бәрін миыммен қабылдаймын.

- Бірақ жүрегіңізге шағымданбайсыз ба?

- Құдайға шүкір, жоқ. Менде ауыр инфаркт болған. Ештеңе етпес.

Жақыпбай журналистермен сөйлесіп жатқанда, шыға берісте Тұрсын Жұртбай күтіп тұрды. Олардың ескі достар екені осы жерде белгілі болды.

Тұрсын Жұртбай мен Нұрқанат Жақыпбай. Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

- Баяғыдан таныспыз, доспыз. Ол Алматыға оқуға түсуге келген кезден бері, - деді актер.

Жұртбай бірден сөзге араласты:

- Біз құрдаспыз, сондықтан бір-бірімізбен қалжыңдасамыз. Солай қалыптасқан. Мен ғашық болған қыздардың бәрін осы тартып алатын. Әлі күнге дейін есе қайтара алмай жүрмін.

- Өмір бойы осылай қалжыңдайды. Мүмкін рас та шығар, кімді меңзеп тұрғанын білмеймін, - деп жауап берді Жақыпбай.

- Бұл қаланың жігіті ғой. Бәрін білген. Стиляга болатын, - деді Жұртбай.

- Ал бүгін кездескендеріңізден қандай әсер алдыңыздар?

- Бұл ғажап дүние. Көрмегелі көп болды.

Ескі достар әрі қарай бет алды. Бірнеше минуттан соң Жақыпбай Қонаев көшесінің бойымен Жұртбайды қолтықтап бара жатты. Жолдың келесі бетінде олар қоштасты.

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Айсұлтан Құлшыманов

Авторы: Айсұлтан Құлшыманов

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Тамыз 2026 20:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары