Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Көрнекті қаламгерге арналған кездесу

Көрнекті қаламгерге арналған кездесу

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Осыған орай «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы «Кітап-AMANAT» партиялық жобасы аясында «Әдеби мұра – ұрпаққа аманат» атты әдеби кездесу ұйымдастырды.

Мұндағы мақсат – қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан қаламгердің шығармашылығын насихаттау, жас ұрпақты рухани құндылықтарға баулу және ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.

Сөз басында М.Дулати атындағы Тараз универ­ситетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы Сәмен Құлбарақ қаламгердің өмірі мен шығармашылығына, адами болмысы мен азаматтық келбетіне тоқталды. Оның айтуынша, жазушының дүниетанымына, қаламгерлік болмысына әкесі Шаштайдың тәрбиесі ерекше ықпал етті.

«Қазақ әдебиетіндегі қарапайым да шынайы қаламгерлердің бірі – Жұмабай Шаштайұлы. Оның шығармаларындағы кейіпкерлер бейнесінен әкесінің қарапайым қойшы, күйге жақын өнерлі жанның әсерін анық байқауға болады. Жазушы жиі көтеретін тақырыптар – қойшылық, қарттық, күйшілік өнер – осының дәлелі. Мәселен, «Қоңыр» атты әңгімесі – осы айтқандарымыздың нақты көрінісі. Оның әрбір туындысынан адам жанының терең психологиялық иірімдерін көре аламыз. Кейіпкердің ішкі күйін, жан толғанысын, рухани болмысын көркем тілмен шебер суреттейді. Бұл – жазушының қаламгерлік шеберлігінің көрінісі. Сонымен қатар Жұмабай Шаштайұлы жүргізген «Үзеңгі жолдас» телебағдарламасында да қоғам қайраткерлерінің болмысын ашып, өткір сұрақтарымен көрерменге жаңа қырынан таныта білді», – деді ол.

Жастармен өткен кездесуде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-журналист Баймаханбет Ахмет Жұмабай Шаштайұлының Жамбыл облысы Қордай ауданында қызмет атқарған кезеңін ерекше атап өтті. Ол сол жылдары шыққан «Еңбек туы» (қазіргі «Ақ жол») газетінде жарияланған мақалаларын жиі оқып, жазушының журналистика саласындағы еңбегімен ерте кезден таныс екенін жеткізді.

«Жазушымен таныстығымызға қарымды қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы себеп болды. Облыстық газетте қызмет етіп жүрген кезімде Жұмабай Шаштайұлы Несағаны іздеп жиі келетін. Жеке сырластығымыз болмағанымен, арада үлкен сыйластық орнады. Сол себепті оның әрбір еңбегін қалт жібермей оқып жүретінмін. Ол жур­налистика мен прозаны терең меңгерген тұлға еді. Қаншалықты қарапайым болса да, ешқашан қарабайыр болмады», – деді ол.

Ал белгілі прозашы Ардақ Үсейінова жазушы мен «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Несіпбек Дәутайұлы арасындағы достықты ерекше атап өтті. Оның айтуынша, қос қаламгердің тағдырында көп ұқсастық бар. Екеуінің де әкесі қойшы болғандықтан, олар бала күнінде қой бағып, білім алуға кештеу қадам басқан. Бұл ортақ тағдыр олардың арасындағы рухани жақындық пен достықты бекемдеген. Ардақ Үсейінованың айтуынша, Жұмабай Шаштайұлы сынды қаламгер ешқашан ұмытылмайды.

Расында, Жұмабай Шаштайұлы – ұлттық әдебиеттің рухани ізденісін тереңдеткен көрнекті қаламгер. Оның шығармалары қазақ прозасындағы экологиялық және моральдық мәселелерді жаңа көркемдік деңгейде көтере білді. Қазіргі заман адамының рухани дағдарысын ұлттық дүниетаным тұрғысынан көрсете отырып, оқырманға ой салды. Сонымен қатар жазушы тіл мәдениеті мен көркемдік дәстүрдің жалғастығын сақтап, қазақ прозасының көркемдік аясын кеңейтуге зор үлес қосты.

О.ЖОЛДЫБАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:142
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 04:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары