Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Көрнекті жазушыны еске алды

Көрнекті жазушыны еске алды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Түркістанда көркемсөз бен көсемсөздің шебері, көрнекті қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұттың 80 жылдығы аясында өткен тағылымды іс-шарада «Мақамы бөлек Мархабат» атты кітап таныстырылды.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Farab» ғылыми әмбе­бап кітапханасы, «Медиакратия» қоғамдық бірлестігі және «Мар­хабат» журналының ұйымдас­тыруымен өткен басқосуға қаламгер­лер, қоғам қайраткерлері мен жас­тар, жазушының жақын туыста­ры қатысты. «Мақамы бөлек Марха­бат» атты жинаққа енгізілген естелік­тер, ғылыми мақалалар мен толға­ныстар классик жазушының шығармашылық ерекшеліктерімен бірге адами болмысын жан-жақты аша түскен. Қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар көрнекті қаламгер Мархабат Байғұт осыдан үш жыл бұрын 26 қарашада пәни дүниеден өткен еді. Жиында жазушының аяулы жары Қыздаркүл Пернебайқызы, інісі Нышан Байғұтов, ұлы Нұрлан жүрекжарды лебіздерін білдірді. Қаламгерлер атынан Сейдолла Сады­қов, Асхан Майлыбаева, Роза Нарымбетова сағынышты сырға толы естеліктер айтты. «Miras» қоғамдық кеңесінің төрағасы Халима Жантөреқызы, осы кеңестің мүшесі, әйгілі айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков те оқырманға ой тастар пікірлерін ортаға салды. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев жазушының мұрасын дәріптеудің маңызына тоқталды. «Мархабат» журналының бас редакторы, республикалық жазба ақындар байқауында топ жарып жүрген, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас талантты ақын, Мархабат Байғұт атындағы сыйлықтың лауреаты Сезім Мергенбай жазушыға арнаған жырын оқыды.

Тек қазақ елі емес, күллі түркі әле­міне кеңінен танылған, мықтылығы мойындалған кемеңгер тұлғаның шығармалары әлем елдері тіліне аударылған. Әлі де аударыла бермек. Мәселен, алдағы аптада Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өзбек тіліндегі аудармасының кезекті тұсаукесері болады. Кезекті деп отырғанымыз Мархабат Байғұттың туындылары бұған дейін де өзбекшеге аударылған болатын. Жиын барысында «Медиакратия» қоғамдық бірлестігінің Алғысхаты «Мархабат Байғұттың туғанына 80 жыл» жобасы аясындағы бірқатар іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан «Farab» ғылыми әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбековаға тапсырылды. 

Айта кетелік, «Мархабат Байғұт­тың туғанына 80 жыл» жобасы аясын­дағы мазмұнды әрі мағыналы іс-шаралар жыл бойы атқарылды. Әуелі «Мархабат» журналының ақпарат айдынына желкен керіп шығуына байланысты қаңтар айында Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы кітапханада зиялы қауымға таныстырылды. Көктемде «Мақамы бөлек Мархабат» атты халықаралық симпозиум өтті. Түркия, Өзбекстан, Қырғызстаннан және Қазақстан Жазушылар одағының басшылық құрамы, айтулы қаламгерлер, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, ақпарат құралдарының жетекшілері, ғалым­дар, әдебиет сыншылары қатыс­қан алқалы жиын түңлігі алдымен Түркістанда түрілді. Ертеңіне Шымкентте халықаралық жиын жалғасын тапты. Үшінші күні ауқымды іс-шара жазушының туған жері – Түлкібас ауданында «Таупістелі тағлымы» форумы­ның төртінші мәрте ұйымдастыры­­луы­­на ұласты. Облыс көлемінде «Марха­бат оқулары» шығармашылық байқауы бірнеше айға созылып, өте тартысты өтті. Оған 720 талапкердің қатысуы біраз жайтты аңғартады. Ал классиктің публицистикасы мен прозасын талдап, таразылаған жастар, студенттер арасындағы байқауда еліміздің 7 өңірінен үміткерлер бақ сынады. Байқаулардың жүлдегерлері симпозиумда марапатталды. Жазу­шы Нұрғали Ораздың Марха­бат Байғұт өмірін өрнектеген драма­тургиялық шығармасының үзінді­сі сол халықаралық симпозиум­да қойылды. Келер жылы Түркістандағы театрда толық нұсқасы сахналанып, қалың көрерменге ұсынылмақ.

Мархабат Байғұттың 80 жылдық мерейтойына орай өткізілген іс-шаралардың қорытындысы іспетті өткен бұл жиында жазушы еңбегін дәріптеу, жан-жақты насихаттау алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатыны айтылды. Әсіресе Оңтүстікте Мархабат Байғұт атын­дағы Әдебиетшілер үйін ашу – көптің қалауы. Қарапайым оқырманнан бас­тап еліміздегі, түркі дүниесіндегі Жазушылар одағы басшылығы, қалам ұстаған қауым осы орынды ұсынысты бірауыздан қолдап отыр.

Түркістан облысы 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Қараша 2025 12:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see133

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see120

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары