Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын толық қолдады

Көшбасшы әйелдер жаңа Конституция құндылықтарын толық қолдады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елордадағы EXPO конгресс-орталығында «Әйел әлемі – ел тағдырына жауапкершілік» ұранымен көшбасшы әйелдердің кездесуі өтті. Іс-шарада Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов және Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министріАида Балаева сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Залда Қазақстанның барлық өңірінен келген мыңға жуық көшбасшы әйел – білім беру, денсаулық сақтау,кәсіпкерлік, ғылым, әлеуметтік салаларыныңжәне азаматтық сектордың өкілдері жиналды. Іс-шара аясында жаңа Конституцияны қабылдау бойынша 15 наурызда өтетін референдум талқыланды.

Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық Коалициясының Жетекшісі Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев гендерлік саясатқа ерекше мән беретінін атап өтіп, ел Президентінің әйелдер қауымының жұмысқа өте ұқыпты, әр іске тиянақты, жауапкершілікпен қарайтыны арқылы ерекшеленетіні, сондықтан оларға ең сезімтал әрі әлеуметтік маңызы жоғары салалар тапсырылатыны туралы айтқан сөзін еске салды.

Ерлан Қошанов қоғамдағы әйелдердің рөлі туралы айта келе, олардың адамға деген қамқорлығы, отбасы тағдырына деген жауапкершілігі және балалардың болашағына алаңдаушылығы мемлекеттегі адамгершілік құндылықтарының берік негізін қалыптастыратынын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы құндылықтар бүгінде жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарынан көрініс табады. Оның өзегінде адам, оның қадір-қасиеті, қауіпсіздігі және дамуына берілген мүмкіндіктер тұр.

Сондай-ақ Мәжіліс Спикері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев терең интеллектуалды тұлға ретінде қазақстандықтарды білімді, кітап оқитын әрі ойлана білетін ұлт ретінде көргісі келетіні туралы арманымен үнемі бөлісіп жүретінін атап өтті.

«Президент бірнеше рет атап өткендей, әр адам білім алуға, өзін дамытуға талпынуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы өмірлік көзқарасы жаңа Конституцияның идеологиясымен үндеседі. Онда еліміздің білімді және прогрессивті қоғамға қарай даму жолы айқындалған. Оның басты байлығы – адам капиталы және жастардың терең білімі. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміз білімнің терең құндылығын түсініп, ғылымға, мәдениетке ұмтылады деген сөз. Бәлкім, бұл – Президенттің ең асыл арманы, енді Конституцияның өзегіне айналады», деді ол.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты аз уақытта еліміздегі ең белсенді қоғамдық-саяси алаңдардың біріне айналғанын атап өтті. Үш жылда белсенді әйелдер қыз-келіншектерді қолдауға, балаларды қорғауға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған жүздеген бастаманы жүзеге асырды. Әйелдер «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты», «Tomiris», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» сияқты партияның әлеуметтік жобаларын жүзегеасыру ісінде маңызды рөл атқарып келеді.

Мәжіліс Спикерінің айтуынша, әйелдертарапынан атқарылып жатқан жұмыс білім беру бастамаларын дамыту ісінде де айқын байқалады. Мәселен, Әйелдер қанатының атсалысуыменәйелдер көшбасшылығына қатысты магистрлік бағдарлама әзірленіп, ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен және Almaty Management University-мен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар ол Әйелдер қанатының белсенділері заң шығару қызметіне де елеулі үлес қосып келе жатқанын айтты. Олардың бастамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске бағытталған заң қабылданды, сондай-ақ психологиялық қызмет көрсету ісіндамытуға қатысты түзетулер әзірленді. Бұдан бөлек, дәл осы белсенді әйелдер аутизмге шалдыққан балаларды және ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау мәселесін көтеріп, соның негізінде тиісті заң жобасын әзірлеуге және балалардың дамуындағы ауытқуларды ерте диагностикалау жүйесін енгізуге бастамашы болды.

Жалпы, бүгінде әйелдер билік органдарында, бизнесте және қоғамдық ұйымдарда басшылық қызметтерді барынша көп атқара бастады. Олардың белсенділігі мемлекетті жаңғыртудың нақты қозғаушы күшіне айналып отыр. Мұның барлығы – әйелдерді қолдауға бағытталған жүйелі мемлекеттік саясаттың нәтижесі.

ЮНИСЕФ: Жаңа Конституция цифрлық дәуірде жеке деректерді қорғауды күшейтеді

Ерлан Қошанов жаңа Конституцияда отбасы институты мен дәстүрлі құндылықтарды қорғау ісіне ерекше назар аударылғанын атап өтті. Ата Заң жобасында неке ер мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы екені нақты бекітілді. Бұлбалалардың дүниеге келуі мен тәрбиеленуіне қажет берік негіз қалыптастырады. Сонымен қатар мемлекет әйелдердің құқығын қорғау шараларын күшейтеді. Атап айтқанда, «қыз алып қашу» әрекетіүшін жауапкершілік күшейтілді. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында атап өткендей, бұл дәстүр емес, адам құқығын өрескел бұзу саналады. Осы қадамдардың барлығы отбасы институтын нығайтуға, әйелдердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға және қауіпсіз әрі әділетті қоғамқұруға бағытталып отыр.

Мәжіліс Спикері жер жүзінде жаңа қақтығыстар мен шиеленіс ошақтары пайда болып жатқанын да атап өтті. Жаһан жұртшылығының назарын аударған Иран төңірегіндегі жағдай ешкімді бейжайқалдырмайды. Сондықтан еліміздегі бейбітшілік, тұрақтылық және қоғамдық келісім – ең қымбат қазына.

Оның айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың салмақты саясаты мен жоғары халықаралық беделі арқылы Қазақстанда тұрақтылық пен ауызбіршілік сақталып келеді. Ата Заң негізгі билік институттарының өкілеттігін нақты айқындап, президенттік басқару формасын елдегі тұрақтылықтың, реформалар сабақтастығының және орнықты дамудың негізі ретінде сақтайды. Сондай-ақ ол барлық билік тармағының үздіксіз, жүйелі және үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету кепілі саналады. Бұл – ел ішіндегі тұрақтылықтың, орнықты дамудың және Тәуелсіздікті нығайтудың берік негізі.

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Төрағасы Аида Балаева жаңа Конституция жобасы Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретіндегі сипатын сақтайтынын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, әрбір әйелдің, әрбір ананың ең үлкен бақыты – балаларының жарқын болашағы. Сондықтан 15 наурызда өтетін референдумға қатысудың айрықша маңызы бар.

Ерлан Қарин: Конституциялық өзгерістер халық мүддесіне қызмет етеді

Іс-шара барысында форум делегаттары жаңа Конституция жобасында қоғамның негізгі сұраныстары қамтылғанын атап өтті. Цифрлық ортада жеке деректерді қорғау нормаларын бекіту, ғылымға, білім мен инновацияға стратегиялық басымдық мәртебесін беру, отбасы институтын нығайту, ана мен баланы қорғау сынды маңызды мәселелерге де баса назар аударылды. Сондай-ақ инклюзивті білім беру ісін дамыту, медицина қызметкерлерін қолдау, құқықтық айқындықты қамтамасыз ету және жеке меншікті қорғау, қоғамдық диалогтағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі және волонтерлік қызметті институционалдық тұрғыда қолдау ісіне де ерекшемән берілді.

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт нашарлайды

Ауа райы • Бүгін, 18:57

Астаналық оқушы компьютер құрастырды

Технология • Бүгін, 18:28

Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?

Спорт • Бүгін, 18:02

Қор нарығын дамытудың жаңа кезеңі басталады

Қаржы • Бүгін, 17:49

30 жерден пышақ сұққан: 7 баланың әкесін өлтірді деген күдікпен әйелі мен енесі ұсталды

Оқиға • Бүгін, 17:38

Рустам Әли Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 17:30

Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Президент • Бүгін, 17:27

Әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді

Қоғам • Бүгін, 17:18

SCAT әуе компаниясы Маскаттан 314 жолаушыны елге жеткізді

Оқиға • Бүгін, 16:58

Депутат Ирандағы балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді

Парламент • Бүгін, 16:40

Азаматтардың 90%-ға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Ата заң • Бүгін, 16:34

Шетелдегі соғысқа азаматтарды тарту: Депутат заңнаманы қайта қарауды ұсынды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:26

Өнер майталмандары референдум туралы пікірлерін білдірді

Референдум • Бүгін, 16:21

Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады

Президент • Бүгін, 16:21

Ақтөбеде қуаттағыш құрылғы жарылып, бір отбасы зардап шекті

Оқиға • Бүгін, 16:17

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:169
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 19:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see126

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see124

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see122

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see120

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары