Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Көзайым ветеринарлық нысандар

Көзайым ветеринарлық нысандар

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Өңірді заманауи ветеринар­лық бекеттермен, мал қорым­дарымен қамтамасыз етіп, жа­нуарлардың аса қауіпті ауруларының ал­дын алу мен олардың таралуына жол бер­­меудің тиімді жүйесін қалыптастырып жатыр.

Республикалық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға бөлінетін жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде жа­нуарларды бекітуге арналған арнайы қон­­дырғылармен жабдықталған ветери­на­рлық бекеттер мен мал қорым­дары­­ның құрылысына 66,2 млрд теңге қарастырылған.

Жүргізілген талдау қорытындысы бо­­йынша Ұлытау облысында 2026–2027 жыл­­дары 53 ветеринариялық нысан салу қажет­­тілігі айқындалды. Аталған жобаны іске асыру үшін Үкіметтен 1,4 млрд теңге бөлінді.

Биыл Ұлытау облысы бойынша жалпы құны 570 млн теңгені құрайтын 22 нысанның құрылысы жоспарланса, 2027 жылы 836,5 млн теңгеге тағы 31 нысан салу жоспарланған.

Биыл Ұлытау облысында 21 модуль­дік ветеринарлық пункт пен 1 ветери­нарлық стансаның құрылысы аяқталды. Бұлар жалпы көлемі 570 млн теңгені құрайтын жалпы сипаттағы трансферттер (ЖСТ) қаражаты есебінен салынды.

Осылайша, Ұлытау облысы ветеринар­­­лық инфрақұрылымды дамыту жөнін­дегі осы жылға межеленген іс-шараларды елімізде алғаш болып толық аяқтады. Жаңа нысандар мемлекеттік ветеринарлық ұйымдардың теңгеріміне беріліп, халыққа ветеринарлық қызмет көрсете бастады.

Кешенді жоспарға сәйкес, 2027 жылы тағы 11 ветеринарлық пункт пен 17 мал қо­рымының құрылысын жүргізу жос­пар­ланып отыр. Бұл жобалар өңірдегі ветеринарлық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ ветеринарлық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған.

Биыл пайдалануға берілген ветеринар­лық пунктердің әрқайсысы көлемі 600 шаршы метр болатын малды егіп-емдеу және ветеринарлық іс-шара­ларды жүргізуге арналған арнайы қон­дырғылармен, мал қорымдарымен жаб­дықталған. Бұл құрылымдар малды бекітіп ұстауға мүмкіндік беріп, вакцинациялау, диагностикалық зерттеулер жүргізу және басқа да ветеринарлық жұмыс­тардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар олар ветеринария мамандарының еңбек қауіпсіздігін арттыруға тиімді.

Ветеринариялық бекеттер ғимаратының жалпы ауданы 68 шаршы метрді құрайды. Нысан құрамына ветеринарлық препараттар мен биологиялық материалдарды сақтауға арналған, тоңазытқыштармен жабдықталған жеке қойма бөлмесі, үш қызметтік кабинет және санитарлық торап кіреді. Сондай-ақ барлық пункт кондицио­нермен, қажетті кеңсе жиһаздарымен, компьютерлік техника және өрт қауіпсіздігі жүйелерімен толық қамтамасыз етілген.

Жақында Жаңаарқа ауданының Мұқа­жан Жұмажанов ауылында және Ұлы­тау ауданында заманауи модульдік ве­те­ринарлық пункт пайдалануға берілді.

Жалпы аумағы 68 шаршы метрді құ­райтын жаңа ғимараттар ветеринар­лық қызмет көрсетуге қажетті құрал-жаб­дықтармен қамтамасыз етілген. Нысан­­дағы жұмыс кабинеттері жиһазбен жабдықталып, кондиционер орнатылған және өрт қауіпсіздігі жүйесімен қамтылған. Сондай-ақ малды ветеринарлық тексеру мен егу жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге арналған 600 шаршы метр арнайы қоршау (раскол) салынған. Әр бекет бес маманды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жаңадан ветеринарлық пункт ашылған Ұлытау ауылдық округінде 6 091 бас ірі қара, 5 069 бас ұсақ мал және 6 142 бас жыл­қы тіркелген. Жалпы, 2026 жылы Ұлытау ауданында осындай сегіз модульді ветеринариялық пунктің құрылысы аяқталды. Ал 2027 жылы ауданның қалған жеті ауылдық округін де осындай заманауи ветеринарлық нысандармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

Ұлытау ауданының Мыйбұлақ ауылдық округінде ветеринария саласында 45 жыл еңбек еткен ветеринар дәрігер, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Ғабит Аққошқаров: «Ауыл шаруашылығанда 1981 жылдан бері еңбек етіп келемін. Зейнет жасына шықсам да, осы салдада жұмысымды жалғастырып жатырмын. Дастарқандағы үлкен ас төрт түлік малдан басталады. Сондықтан жаңа ветеринарлық пунктің іске қосылуы халықты сапалы азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деп ағынан жарылды.

Ұлытау облыстық ветеринария басқар­масының ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Дәулетбек Әлсейітов:

– Осыған дейін ветеринарлық пунк­тер әкімдіктің жанындағы ғимаратта отырса, енді өздерінің жеке бекеті бар. Вете­ринарлық пункттер ауылдық округтердің әкімшілік орталықтарында орналасқан. Мұнда ветеринария саласының мамандары тұрғындарға мемлекеттік ветеринарлық қызметтер көрсетеді, профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды жүзеге асырады, орындалған жұмыстар туралы мәліметтерді Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйесіне (АШЖБ АЖ) енгізеді. Сонымен қатар ветеринарлық препараттар мен биологиялық материалдарды зертханаға жөнелткенге дейін белгіленген талаптарға сәйкес сақтауды қамтамасыз етеді, – дейді.

Ауылдық жерді жоғары білімді мал дәрігері кадрымен қамтамасыз ету де назардан сырт қалмаған. Ұлытау облысы Жезқазған қаласы маңындағы Талап ауылдық округінде еңбек етуге келген Ұланғайыр Төлеков пен Айзада Мақсатқызы – Астана қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық универ­ситетінің Ветеринарлық медицина мамандығының түлектері. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен келген жас мамандар жаңа модульдік ветеринарлық пунктте вакцинациялау, жануарларды бірдейлендіру, аурулардың алдын алу және тұрғындарға ветеринарлық қызмет көрсету жұмыстарын атқарып жүр.

Жаңа нысан мамандарға қолайлы еңбек жағдайын қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр. Ұланғайыр Сәкенұлы – осы Талап ауылындағы ветеринария пунктінің меңгерушісі. Жары Айзада Мақсатқызы – мал дәрігер маманы. Құжаттарды рәсім­дейді. «Біз осы өңірдің тумасымыз. Жұба­йым екеуміз туған жерімізге қызмет етуді таңдадық. Жаңа ветеринарлық пункт пайда­лануға берілді. Заманауи талаптарға сай жаб­дықталған. Тұрғындарға сапалы әрі уа­қтылы ветеринарлық қызмет көрсе­туге мүмкіндік бар. Қазіргі таңда Талап округінде 1 500 қара мал бар, 3 000 бас ұсақ мал, 2 000-ға жуық жылқы мен 15 бас түйе тіркеуде тұр. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы бекітілген жоспарға сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары мен бруцеллез ауруына қарсы қан алу толық аяқталды», дейді Ұ.Төлеков.

Ұлытау облыстық Ветеринария басқар­масының басшысы Әбдікер Әбусағит:

– Жоспарланған барлық нысанның құрылысын 2027 жылы толық аяқтауды көздеп отырмыз. Бұл ветеринарлық қызметтің материалдық-техникалық базасын едәуір нығайтып, жануарлар ауруларының алдын алу және оларға қарсы күрес шараларының тиімділігін арттырады. Нәтижесінде, өңірдегі эпизоотия­лық ахуалдың тұрақтылығы қамтамасыз етіліп, халықтың азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға және агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына оң әсерін тигізеді, – дейді.

Ұлытау облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 08:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see132

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see130

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see126

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see125

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see122

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see119

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see119

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see119

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see119

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see117

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see117

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see116

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары