Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Лас кіреберіс, суық батареялар және қоқыс: ПИК пен МИБ ке не үшін айыппұл салынуы мүмкін

Лас кіреберіс, суық батареялар және қоқыс: ПИК пен МИБ ке не үшін айыппұл салынуы мүмкін

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Төбеден су ағады, кіреберістің жиналмайды, жарық жиі өшеді немесе қыста батарея суық болып тұрады - көпқабатты үй тұрғындарына таныс мәселелер. Бірақ үйдің жай-күйіне нақты кім жауапты екенін және ПИК немесе МИБ әрекетсіздік танытқан жағдайда қайда шағымдану керектігін бәрі бірдей біле бермейді. Tengri Life басқарушы компанияларға қандай жағдайда айыппұл салынатынын және өтінішіңіз ескерусіз қалса, қайда жүгіну керектігін анықтады.

Үйдің жай-күйіне кім жауапты?

Көбінесе барлық мәселе бойынша МИБ немесе ПИК төрағасын кінәлау әдетке айналған. Алайда, "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес, көппәтерлі үйді басқарудың негізгі органы пәтер иелерінің өзі.

Алматы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасы еске салды: жөндеу, шығындар, мердігерлер мен үйді күтіп ұстау туралы шешімдерді жалпы жиналыста тұрғындар қабылдайды. Барлық шешім хаттамада тіркеліп, барлық меншік иесі үшін міндетті болып саналады.

"Жиналыста қабылданған шешімдер барлық пәтер мен тұрғын емес жай иелері үшін міндетті және сотта даулы немесе өзге де мәселелерді қарау кезінде құжат ретінде есептеледі", - деп атап өтті басқармадағылар.

Ведомствоның нақтылауынша, ПИК, МИБ және басқарудың өзге де нысандары үйдің ортақ мүлкінің тиісті деңгейде сақталуын қамтамасыз етуге, санитарлық және техникалық нормаларды сақтауға міндетті.

ПИК немесе МИБ үстінен қашан шағымдануға болады?

Егер тұрғындар үйге нашар қызмет көрсетіледі деп есептесе, тұрғын үй инспекциясына жүгіне алады. Тексеріс ПИК, МИБ, ПИКК және басқа да басқарушы ұйымдарға қатысты жүргізіледі.

Инспекторлар кіреберістің тазалығын ғана емес, құжаттарды, инженерлік желілердің жай-күйі мен қаржылық есептілікті де тексереді.

Тұрғын үй инспекциясы нені тексереді? Құжаттар мен үйді басқару

Тексеріс кезінде инспекция мына жайттарды анықтайды:

басқарушы компаниямен келісімшарт бар ма; кондоминиум тіркелген бе; шығындар сметасы бекітілген бе; жиналыс хаттамалары дұрыс рәсімделген бе; МИБ төрағасы мен үй кеңесінің өкілеттік мерзімі өтпеген бе; басқарушының тиісті біліктілігі бар ма. Үйдің қаржысы

Сондай-ақ мыналар тексеріледі:

бөлек жинақ шоты ашылған ба; ағымдағы есеп айырысу шоты бар ма; тұрғындар шығындар туралы ай сайынғы және жылдық есептерді алып тұра ма. Үйдің жай-күйі

Инспекторлар мыналарды бағалайды:

кіреберістің, қасбеттің, шатырлар мен жертөлелердің жай-күйі; лифттер мен инженерлік желілердің жұмысқа қабілеттілігі; пандустардың болуы және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жағдайлар; дезинфекция, дератизация және дезинсекция жұмыстарының жүргізілуі. Кіреберіс лас болса не істеу керек?

Егер тұрғындар тазалық сапасына көңілі толмаса, бұл мәселені жалпы жиналысқа шығарып, мердігерді ауыстыра алады.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қоқыс пен үй маңындағы аумақ күтімі нашар болғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша айыппұл салынуы мүмкін.

Айыппұл көлемі:

жеке тұлғалар (қатардағы азаматтар) үшін - 20 АЕК. шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін - 30 АЕК. орта кәсіпкерлік субъектілері үшін - 40 АЕК. ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - 100 АЕК.

Төмендегі жағдайлар заңбұзушылық болып саналады:

қоқысты белгіленбеген жерге тастау; аумақтың нашар жиналуы; қалдықтарды уақтылы шығармау. Батареяның суық болуына кім жауапты?

Үйдің ортақ мүлкіне кондоминиумды басқару органы - ПИК немесе МИБ жауап береді. Бұл кіреберіске, қасбетке, баспалдаққа, шатырға, жертөле мен үй ішіндегі инженерлік желілерге қатысты.

Алайда, пәтер ішіндегі құбыр мен батарея - тұрғын үй иесінің жауапкершілік аймағы. Басқармадағылар жылумен жабдықтаушы ұйымдар пәтер ішіндегі жылыту жүйелерін ауыстыруға міндетті емес екенін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар үйді жылыту маусымына нашар дайындағаны үшін басқарушы ұйымға айыппұл салынуы мүмкін. Жаза көлемі заңбұзушылықтың сипаты мен ұйым санатына байланысты болады.

Жарық жиі өшкен жағдайда не істеу керек?

Сондай-ақ тұрғындар жарық жиі сөнетін болса немесе электрмен жабдықтау сапасы нормаларға сәйкес келмесе, электр энергиясының іркілістеріне де шағымдана алады.

Тексерісті мемлекеттік органдар да, электр энергиясын жеткізуші компаниялар да жүргізеді.

Көбіне не үшін айыппұл салынады?

Тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, ең жиі кездесетін заңбұзушылықтар - үйдің банктік шоттарының болмауы және тұрғындардан есептілікті жасыру.

Ведомство шоттарды уақтылы ашпағаны және қаржылық есептерді ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Алматыда қайда шағымдануға болады?

Егер заңбұзушылықтар үйді күтіп-ұстаумен байланысты болса, Алматы тұрғындары Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасына жүгіне алады: Достық даңғылы, 85, 509-кабинет.

Мәселені егжей-тегжейлі сипаттап, фотосуреттерді немесе басқа да айғақтарды қоса беру маңызды.

Сондай-ақ шағымдарды мына мекемелер қабылдайды:

тұрғын үй инспекциясы; аудандық әкімдіктер; ПИК немесе МИБ; e-Otinish жүйесі; бірыңғай call-орталық. Басқа қалалардың тұрғындары қайда жүгінуі керек?

ІІМ ел аумағында "Заң мен тәртіп" сервисі жұмыс істейтінін еске салды. Онда қоқысқа толған ауланың немесе бүлінген кіреберістің фотосуреттерін жүктеуге болады, жүйе өтінімді автоматты түрде ІІМ-ге немесе өңірдегі тұрғын үй инспекциясына жібереді. Ресми өтініштер үшін e-Otinish порталы да жұмыс істейді. Өтініштер Қазақстанның барлық өңірінде тәулік бойы қабылданады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:146
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Мамыр 2026 14:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары