Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Мәдіғали Қарсыбеков: Ұлттық құрамаға сенімді ізбасар даярлау керек

Мәдіғали Қарсыбеков: Ұлттық құрамаға сенімді ізбасар даярлау керек

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Ертең Италияның Милан, Кортина-д Ампеццо қалаларында ХХV қысқы Олимпиада додасы басталады. Төрт жылда айналып соғатын ақ аламанда есеміз кетіп, еңсеміз түсетін күйге етіміз үйренісіп кеткендей. Қысқы Олимпия ойындарында Әнұранымыз алғаш рет 1994 жылы шырқалды. Отыз жылдан асты, екінші рет ести алмай келеміз. Әнұранды шырқату былай тұрсын, саңлақтарымыз 2014 жылдан бері қысқы Олимпиаданың медалі қандай болатынын қолмен ұстап, жүрекпен сезінген емес. Топтанып барып, тапталып қайтып жүрміз. Білікті маман, ұзақ жыл шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері қызметін арқалаған Мәдіғали ҚАРСЫБЕКОВПЕН дүбірлі дода қарсаңында сұхбаттасып, әлеуетімізді сараладық.

Сурет: olympic.kz

– Кейінгі 20 жылда Ита­лия қысқы Олимпия ойын­да­рын екінші мәрте өткіз­гелі отыр. Елімізден аттанған спортшылардың арасында қалың жанкүйер шорт-трекшілерден де зор үміт, ерен әлеует күтеді.

– Ұлттық құрама мүше­ле­рінің дайындығы ойдағы­дай өтті. Оқу-жаттығу жиыны, әлем кубогінің кезеңдері, басқа да әлемдік додаларға тү­сіп, шеберліктерін шыңда­ды. Андағайлап алға шығып кет­кенім жарамас, халқымыз «арық айтып, семіз шық» дей­ді. Бәріміздің де күтетініміз – Олимпиада медалі. Спорт­шы­лар ел мерейін үстем ету жолында аянып қалмайды. Әлем кубогінің кезеңдері­­нен кейін шорт-тректен ұлт­тық құрама мүшелері өздері­нің кем тұсын танып, әлі де бір қайнауы кем жаттығуды пісіре түсу мақсатында барын салып әзірленді. Италияға аттанар алдында Нидерланд елінде бір­лескен жаттығу ­жиынын өт­кізіп, тәжірибе алмасты. Абзал Әжіғалиев пен Денис Ники­ша, Ольга Тихонова мен Яна Хан бастаған қыз-жі­гіттерден зор үміт күтеміз. Әсіресе 500 метр­ге, сонымен қатар аралас эстафеталық сайыста ме­рейіміз үстем болады деп се­неміз. Абзал мен Денистің бұл төртінші Олимпиадасы. Абзал жарақатын емдеп, едәуір үзілістен кейін қатарға қайта қосылды. Кезекті жастарға беру қажет екенін жете түйсінеді. Сондықтан Италияға есік-төр көру мақсатында емес, медаль алу мұратымен бара жатыр деп ойлаймын. Денистің де әлеуеті артып, шарболаттай шыңдалып келеді. Екеуі де ұшқыр, әбжіл қимылдайды. Яна да самдағай, Ольганың ұшқырлығын күшейту бағы­тында арнайы жаттығу да жүргіздік. Қыздарымыздың да тәжірибесі кем соқпайды, себебі бұған дейін де қысқы Олимпиаданың дуына қосы­лып, аурасын сезінді. Қалың жанкүйер зор сенім артып отырғанда оны ақтауға барын салады деп үміттенемін. Олимпиаданың даңқы да, дақ­пырты да, бәйгесі де өзгеше. Бұл – әлем чемпионаты, әлем кубогі, жаһандық турнир емес. Төрт жылда бір айналып соғатын аламан. Сондықтан спортшыларын баптап әкелген әрбір ел медальдан дәмелі, қан­жығамызды майлап қайтсақ деп тақым қысып отыр. Әзір­лікті күшейту бағытында министрлік тарапынан барлық қолдау көрсетілді. Тіпті спорт­шылардың күнделікті ас-суын қадағалап, мөлшерімен ұсынатын маманды да шақыр­тып көмегіне жүгіндік. Бол­гариядан Эмиль Трифонов деген маман келді. Ол екі бірдей қысқы Олимпиада додасында анти допингтік комиссияның құрамында болды. Спортшыларға қандай дәрі, дәрумен беру қажет еке­нін жете біледі. Қажетті құрал-жабдықтармен де қамтылды. Енді тек барын салып, бәйгелі болулары керек.

– Тәуелсіз мемлекет ретінде қысқы Олипиада додасына 1994 жылдан бері тұрақты қатысып келеміз. Шорт-трекшілеріміз де додаға кіргенімен жүлденің жалынан ұстай алар емес...

– Осыдан 32 жыл бұрын Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен аламанда шорт-тректен еліміздің сені­мін Елена Синицина арқалап шығып, 32 спортшының арасында 31-орынды місе тұтты. 2010 жылы Ванкувер қысқы Олимпиадасында (Канада) Айдар Бекжанов 32 спортшымен сынға түсіп, 29-саты­ға тұрақтады. 2014 жылы Сочи қысқы Олимпиадасында (Ресей) жүлдеге сынық сүйем жетпей 5-орын бұйырды. 2018 жылы Оңтүстік Корея­ның Пхенчхан қаласында өткен додада эстафеталық сайыс­та 6-орыннан көрінді. 2022 жылы Қытайда өткен аламанда Абзал Әжіғалиев жекелей сында 4-орынға табан тіресе, командалық сайыста 5-орын иеленді. Жыл озған сайын саңлақтар шыңдалып, тәжірибесі толысып келеді. «Біз­дің ауылда да той болар» дегендей, спортшыларымыз­дың кеудесінде де медаль жар­қырап тұрар сәтке куә бол­сақ деп армандаймын.

– Біз де сол сәтті көруге тілеулеспіз. Жақында Қытай­да өткен халықаралық турнирге шәкірттеріңізді қо­сып, жүлделі оралдыңыз. Бұл қандай дода?

– Жасөспірімдер мен жас­тардың арасында ұйымдас­ты­рылатын турнир. Тоғыз мем­лекеттен шорт-трекшілер дода­ға түсіп, өрендеріміз 2 күміс, 2 қола медаль еншіледі. Қытай құрамасының бапкерлері­мен ертеден таныспын, есен­дік сұрасып тұрамыз. Осы елдің мамандарымен тізе қосып жасөспірімдер құрамала­рын бірге баптап оқу-жаттығу ­жиынын өткізсек деген байлам жасадық. Өйткені ұлт­тық құраманың орнын басатын ке­­йінгі толқынның тәжірибесі кемшін соғып тұр. Тек бізде ғана емес, оларда да осы кеп. Жас­тар сапынан ересектер құрама­сы­на қабылданған спортшы бір­ден айтулы аламанға қосылған­дай абдырап, жүрексініп қала­ды. Себебі әлі де бір қайнауы кем. Осы олқылықты бүтіндеу мақ­сатында ұлттық құрамаға резерв даярлауды да күшейткен абзал. Қытайға осы шаруаны да шегелеп қайту мақсатымен бардым.

– Ізбасарлар әзірлеуде ішкі бәсекелестік те болуы тиіс емес пе?

– Әрине, қатаң сүзгі, сан салалы сұрыптаудан өткенде ғана хас талант қара үзіп шығады. Халқының саны миллиардтан асатын Қытайда шорт-тректен бәсекелестік анау айтқандай жоғары емес. Оңтүстік Кореяда бұл спорт түріне айрықша көңіл бөледі. Олардың да шә­кірт­терін қалай баулитынын көрдім, жүрегімнен өткізіп қабылдай алмадым. Бізге жат секілді.

– Неге?

– Олар ел ішінде іріктеу өткізіп, 100 баланы сұрыптап шығарады. «Сүйегі менікі, еті сенікі» деп ата-анасы жаттығу­ға жіберген баланы әбден «иі қан­ғанша» баптайды. Осы жүз бала­ның ішінен тек 10 саңлақ­ты ғана құрамаға қабылдайды. Жаһандық додаға қатысып жүрген төрт спортшының орнына өзге төртеуін шығарса да дәл сондай межеден көрінеді. Ата-ана таңғы төртте баласын шорт-трек кешеніне ертіп әкеліп жаттығу аяқталғанша күтеді. Таңғы асымен сол жерде ауқаттандырып мектепке алып кетеді. Кәрістер балаларын спорттық үйірмеге ақылы негізде қосады. Яғни баласы­ның ай сайынғы жаттығуға жұм­салатын қаражатын өзі төлейді. Мұндай тәсіл бізге келмейді. Сондықтан Қытай бапкерлерімен тізе қосып жас­тарды шыңдауды қолға алу­дағы мақсатымыз – кейінгі толқынның да тегеурін та­нытуына септесу.

– Жас буынға да ерекше көңіл бөлінуі керек деп орынды мәселе көтердіңіз. Кейін­гі жылдар бедерінде қысқы спортты дамыту бағытында арнайы кешен­дер де ашылып жатыр. Өрендердің қызы­ғушылығы қалай?

– Баласын қысқы спортқа бергісі келетін ата-аналардың да шоғыры қалыңдап келеді. Мұз сарайлары, спорт кешендері салынғаны, ашылғаны жақсы-ақ. Дегенмен стандартқа сай бой көтерсе дейсің. Кейбірі бұқаралық сырғанауға арнал­ған, ондай кешенде кәсіби спортшыны шыңдау қиынға соғады. Мұз айдынын күтіп қараудың өзі жеңіл шаруа емес. Кешеннің ішінде спортшының физикалық әлеуетін арттыратын жаттығу залы болуы керек, жүгіру жолағы қарастырылуға тиіс. Астанадағы «Алау» мұз сарайын саларда Халықаралық коньки одағының мамандары келіп жобамен танысып, оң бағасын берді. Бүгінде кез келген әлемдік сайыстарды өткізуге сақадай-сай әзір тұр. Қытайға барғанда көргенімді айтайын. Елдің мұз сарайында жаттығу жиынын өткіздік. Бізден кейін айдынға мәнерлеп сырғанаушылар шықты. Сол сәтте кешеннің төбесінен төменге, айдынға дейін арнайы құрылғымен есік пен төрдей айнаны түсірді. Спортшылар айнаға қарап әзірлік өткереді. Кешен спортшының жаттығу жасауына әрдайым қолайлы болуы керек. Бізге де ұлттық құрама спортшыларының орнын басар жастарды даярлау жолында осындай заманауи спорт кешендері салынуға тиіс. Қазақ жастарының да қысқы спорттан алар еншісі мол екенін әйгілейтін таланттар шығарына сенемін.

–Уақыт тауып сұхбаттас­қаныңызға алғыс айтамыз, саңлақтарымызға сәттілік тілейміз!

Әңгімелескен –

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan» 

Соңғы жаңалықтар

Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті

Өнер • Бүгін, 23:40

Президент шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Президент • Бүгін, 23:26

Апаттан құтқарған оқушы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында

Саясат • Бүгін, 08:10

Қасым-Жомарт Тоқаев: Татуласу – мықтылықтың белгісі

Саясат • Бүгін, 08:05

Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді

Саясат • Бүгін, 08:00

Қонақта – Асқар Алтай

Қоғам • Бүгін, 07:55

Көнеден жеткен сарын

Өнер • Бүгін, 07:50

Аю шаңғы

Жәдігер • Бүгін, 07:45

Баянсыз бақ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді

Үкімет • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

Президент • Кеше

Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды

Президент • Кеше

Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді

Президент • Кеше

Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады

Қоғам • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see167

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see156

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see154

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see152

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see150

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see146

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see145

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see140

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see136

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see136

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see133

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see131

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see127

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see127

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see126

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see126

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see125

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see121

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары