Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Махаббат мұңы : ар мен арсыздықтың парқы

Махаббат мұңы : ар мен арсыздықтың парқы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақ драматургиясының классигі Тахауи Ахтановтың шығармалары ұлттық театр сахнасында әрдайым өзекті. Суреткер қаламынан туған пьесалар – белгілі бір дәуірдің айнасы ғана емес, адамзатқа ортақ рухани мәселелерді көтеретін терең философиялық туындылар. Солардың ішінде «Махаббат мұңы» драмасы көрермен санасына сұрақ тастап, әр кезеңде жаңаша пайымдауды талап ететін күрделі шығарма ретінде ерекшеленеді.

Ал қашанда сахнадан сезім ғана емес, сұлулық пен тереңдік іздейтін болмысынан сыршыл, эстет режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбайдың сурет­керлік қолтаңбасында жазушы Тахауи Ахтанов шығармасы жаңаша тыныс тапқандай. Режис­сер классикалық мәтінді құр иллюстрацияламай, оны бүгінгі күннің тыныс-тіршілігімен үн­дес­тіре отырып, заманауи театр­лық бейнелеу құралдары арқы­лы басқа қырынан ашады. Қойылымда асқақ арман мен қарапайым өмірдің қайшылығы, алғашқы махаббаттың аңғал да тұнық табиғаты, сенім мен сатқындық, өнер адамының нәзік жан дүниесі мен тұрмыстық прагматизмнің қақтығысы қатар өрбиді. Бұл – бір ғана кезеңге тән емес, әр дәуір адамына таныс, шешімі жоқ мәңгілік дилемма. Себебі сезім бар жерде аталған күйдің барлығын жүректі пенденің басынан әйтеуір бір кешері сөзсіз.

Қойылымның идеялық өзегіне қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Төлеген Айбергенов пен Фариза Оңғарсынованың сыршыл жырларының алынуы шығарма әсерін еселей түскен. Отты өлеңдер спектакль бойына лейтмотив болып тартылып, кейіпкерлердің ішкі жан әлемін тереңдете түскен. Поэзия­лық өрнек режиссерлік шешіммен шебер ұштасып, сахнада сезімнің қымбаттығы, адалдықтың асқақ өлшемі, ар алдындағы тазалық­тың маңызы алдыңғы қатарға шыға­ды. Осы арқылы режиссер «Махаб­бат мұңын» сыртқы оқиғаға емес, адамның ішкі күйзелісі мен таңдауының драмасына құрылған психологиялық қойылым дең­гейіне көтерген.

Спектакльдің көркемдік тұ­тастығын айқындайтын басты элемент – сценография. Ақ түс – тазалық пен шынайылықтың, сұлулық пен шексіздіктің белгісі. Ал қойылымның артқы фонындағы жүрек пішінді қағаз жапырақтары ілінген алып ағаш пен жеңіл ғана қалықтап тұрар аппақ үлпілдек мата – жастық шақтың рәмізі, айнығыш сезім, ақталмаған сенім мен орындалмаған арманның көрі­нісіндей әсер қалдырады. Бұлар жай ғана декорация емес, қойы­лым бойына үздіксіз мағына дарытып тұратын поэтикалық образ ретінде қабылданады. Әрбір үзіліс пен сахналық сараптауда ол көрер­менге жастықтың өткінші екенін, ал махаббаттың жүректе қалатын мұңын еске салып тұрғандай.

Спектакльдің тағы бір табысы – режиссерлік шешім­дердің композитор Ренат Гай­синнің әсерлі музыкасы­мен шебер үйлесуінде дер едік. Әуен мен сахналық бейне­лер бірлігі көрерменнің эмоция­лық қабылдауын күшей­тіп, спек­такльдің жалпы фило­со­фия­лық тереңдігін айқын­дай­ды. Көрермен көңіліне сондай айрықша әсер қалдыратын көріністің бірі – Ана бейнесінің сахнадан көрермен залы арқылы кетуі. Бұл сәт төртінші қабырғаны бұзып, көрерменді жай ғана бақылаушы емес, оқиғаның рухани куәгеріне айналдырады. Өнер мен өмір арасындағы нәзік байланысты, уақыттың, тағдырдың һәм адам сезімінің үйлесімін терең сезіндіреді. Нәтижесінде, сахнадағы визуалды символдар мен әуезді музыка бір-бірін сәтті толықтырып, қойылымға поэтикалық сыр мен ішкі толға­ныс береді.

Қойылымда режиссерлік тұр­ғыдан ерекше назар аудартатын бейне – Ана образы. Театрдың талантты актрисасы Балжан Зияқұлова кейіптеген Ана рөлі авансценада үнсіз отырып, бүкіл оқиғаны сырттай бақылайды. Ол – әрекетке тікелей араласпайтын, бірақ спектакльдің рухани өзегіне айналған тұлға. Ана – халық жады, уақыттың өзі, тағдырдың үнсіз үкімі іспетті. Оның сахнадағы әрбір қимылы, көзқарасы жас кейіпкерлер­дің таңдауы мен қателігіне филосо­фиялық салмақ береді. Өзіне жүктелген жауапкершілік пен режиссер тарапынан артылған міндетті Балжан Зияқұлова психологиялық тұрғыда сәтті са­раптаған. Сөзі аз, бірақ салмағы ауыр рөлді актриса бейнелі байып һәм ішкі тереңдікпен толғанады. Сонысымен де кейіпкерінің көр­кемдік кілтін дөп тапқан. Көптен бері оңтайына келер сәтті рөлге жолықпай жүрген Балжан үшін Ана бейнесі табыс­ты ізденістің бірі деп бағаласақ, қателеспейміз.

«Махаббат мұңы» спектаклі­нің тағы бір олжасы – сахнада жаңа есімнің жарқ етіп көрінуі. Ләззат бейнесін сомдаған жас актриса Арайлым Тұрлан бұл қойылым арқылы көрермен назарын өзіне бірден аударып, премьераның көзайымына айналды. Оның ойыны нәзік лиризм мен ішкі қуатты шебер ұштастыра отырып, кейіпкердің жан дүниесін­дегі толқуларды дәл әрі сенімді жеткізді. Актриса сахнада Ләз­заттың аңғалдығын, өмірге деген шексіз сенімін, табиғатпен етене жақын болмысын әсерлі аша білді. Ол көрерменге жас қыздың асқақ ар­мандарын, поэзияға, махаббат­қа деген таза ықыласын наным­ды жеткізіп, образдың бастап­қы қалпын шынайы сомдады. Сонымен қатар жас сахнагер ше­берлігі кейіпкердің драма­лық дамуы барысында да айқын байқалады. Мәселен, махаббаттағы сатқындық пен рухани күйзеліс Ләззаттың ішкі әлемін күйретпей, қайта шыңдай түсетін сәттерде Арайлым Тұрлан психологиялық тереңдікке бой ұрады. Актрисаның сахнада­ғы плас­тикасы, сөз саптауы, эмо­циялық дәлдігі оның кәсіби әлеуе­тінің жоғары екенін аңғартты.

Сондай-ақ Нияз бейнесінде көрінген актер Әбутәліп Әміре­нің шығармашылық ізденісі де көңілге қонымды. Ол кейіпкердің сыртқы тартымдылығы мен ішкі тұрақсыздығын қатар алып шы­ғып, образдың психологиялық күрделілігін нанымды аша білді. Алғашында поэзияға жақын, сезімтал, романтик мінезді болып көрінетін Нияздың біртіндеп жауапкершіліктен қашатын, екіұшты болмысын актер бір сәттік шешімдермен емес, рөлдің ішкі дамуы арқылы көрсетеді. Әбутәліп Әміре Нияздың махаб­баттағы сөзге шешендігін, әсерлі сезімге бейімдігін нанымды жеткізе отырып, оның сол сөздердің ар жағындағы әлсіздігін, рухани таяздығын да жасырмайды. Кейіпкердің ішкі қайшылығы актер ойынында әсіресе шарықтау сәттерінде айқын аңғарылады. Актердің бұл рөлдегі ізденісі спек­такльдің психологиялық терең­дігін арттырып, махаббат пен жауап­кершілік тақырыбын ашуда сал­мақты үлес қосты деп санаймыз.

Алайда қойылымдағы актер­лік жұмыстың барлы­ғын бір­дей мінсіз деп айта алмаймыз. Ке­рі­сінше, бұған дейінгі сах­налық ізденістерінде жарқырап көрініп жүрген талантты актри­салар — Салиха рөліндегі Назерке Серікболова мен Бағи­ла бей­не­сін­дегі Шехназа Қызыханованың бұл жолғы ойынында белгілі бір дәрежеде кереғар әсер байқалды. Кей тұс­тарда олардың орындау­ындағы әсіре сезім мен артық пафос образдың табиғи болмысын көмескілендіріп, кейіпкердің ішкі логикасын ашуға кедергі келтіргендей әсер қалдырды. Бағи­ла мен Салиха – драматур­гия тұрғысынан нәзік психологиялық дәлдікті талап ететін күрделі бей­нелер. Деген­мен аталған актри­салардың ойынында кей сәт­терде эмоцияны сырттай көрсетуге ұмтылу басым түсіп, рөл табиғатын терең ішкі ізденіс арқылы ашудан гөрі жасан­­дылыққа ұрындырып алған тұстар сезілді. Бұл, әсіресе кейіп­керлердің драмалық күйзе­лісін жеткізу барысында анық аңға­рыл­ды. Әрине, мұндай пікір актерлік әлеуетті жоққа шығару емес. Керісінше, алдағы рөлдеріне бағдар болады деп сенеміз. Өйт­кені Назерке Серікболова мен Шехназа Қызыханова – сахнада өзіндік қолтаңбасы қалыптас­қан, ішкі мүмкіндігі зор актрисалар. Сондықтан да бұл рөлдерде байқалған артық экспрессия мен пафос келешекте терең психо­логиялық талдаумен, ішкі жина­қылықпен толықтырылса, аталған бейнелердің көркемдік қуаты әлдеқайда биіктей түсері анық.

Иә, «Махаббат мұңы» – бүгінгі көрермен үшін өзекті туынды. Қазіргі қоғамда сезімнің жеңіл қабылдануы, жауапкершіліктен қашу, ар мен пайда арасындағы таңдаудың күрделенуі жиі байқа­лады. Осы тұрғыдан алғанда, режиссер қойылымды махаббатты өткінші құмарлық емес, адамды рухани биіктікке бастайтын асыл құндылық ретінде ұсынады. Адалдықтың бағасын, ар алдын­дағы тазалықтың маңызын көрер­мен санасына қайта сіңіруге ұмтылады. Шығармада көтерілген мәселелердің әмбебаптығы оны тек белгілі бір кезеңнің немесе бір ұрпақтың драмасы шеңберінен шығарып, жалпыадамзаттық деңгейге көтереді. Махаббат, сенім, сатқындық, таңдау, жауап­кершілік секілді ұғымдар әр көрерменге таныс әрі жақын. Сондықтан да «Махаббат мұңы» әркімнің жүрегінен орын та­уып, өзінше ой түюге мүмкіндік береді. Спектакль көрерменді дайын жауаппен қамтамасыз етпейді, керісінше сезім мен ардың таразысында өз орнын іздеуге жетелейді. 

Соңғы жаңалықтар

Еңбек адамы – ел дамуының негізі

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:38

Бизнесті қолдау шараларында кемшін тұстар көп

Саясат • Бүгін, 08:35

Астана әрдайым ауқымды істердің бастауында тұруға тиіс

Президент • Бүгін, 08:33

Қайраткерлік қасиет

Руханият • Бүгін, 08:30

Экономиканы әртараптандыру – стратегиялық бағыт

Экономика • Бүгін, 08:27

Тазалық міндеті мен жауапкершілігі

Саясат • Бүгін, 08:22

Аграрлық саладағы ауқымды істер

Экономика • Бүгін, 08:20

Жер – халықтың қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:17

Қордаланған мәселелерді қамтыған заңдар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:15

Аналар институтының қоғамдағы орны айрықша

Қоғам • Бүгін, 08:12

Түзеу мекемесіндегі өндіріс нысаны

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Дәйекті реформаға сенім зор

Партия • Бүгін, 08:07

Азаттық күрескерінің ағартушылық жолы: Қоңырқожа Қожықовтың туғанына – 145 жыл

Зерде • Бүгін, 08:05

Алаш аманатына адалдық

Тұлға • Бүгін, 08:03

Ілбіске қарғыбау тағылды

Талбесік • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары