Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Мақсат Халық: Президент Үкіметтен мазмұны жоқ, формасы ғана бар өсім сұрап отырған жоқ

Мақсат Халық: Президент Үкіметтен мазмұны жоқ, формасы ғана бар өсім сұрап отырған жоқ

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

- Мақсат мырза, жеңілдетілген салық декларациясын қазіргі күйінде қалдырудың салдары мен пайдасы қандай болуы мүмкін?

- Үкіметтің экономикалық блогі, әсіресе іскерлік ортаға кері әсер тигізетін қадамдар жасап жатқан еді. Осы тұрғыдан алғанда Президенттің мәселеге тікелей араласуы орынды болды деп ойлаймын. Оның ішінде салық саясатын шағын және орта бизнеске зиянын тигізбейтіндей етіп құру туралы қадамды толық қолдаймын.

- Жеңілдетілген салық декларациясының қазіргі форматы ел экономикасына қажет тетік болса, салық реформасын талқылау кезінде Үкімет неге наразылықтарға құлақ аспай, енді ғана райынан қайтып отыр деп ойлайсыз?

- Біз шағын және орта бизнестің қанат жаюына барынша жағдай жасауымыз керек. Бірақ бұл - салық мүлде болмау керек деген сөз емес. Ол теңдестірілген деңгейде әрі түсінікті болуы керек. Әйтпесе қосылған құн салығының төңірегіндегі өзгерістер, жеңілдетілген декларация төңірегіндегі түзетулер өте күрделеніп кеткен еді. Кәсіпкерлердің өзі тіпті кімнен кеңес сұрайтынын білмей, қиын жағдайға тап болған. Сол қателерді түзеуге мүмкіндік туып отыр. Жалпы жаңа Салық кодексі күшіне енгенше әлі де ауқымды жұмыс жүргізілу керек деп есептеймін.

- АИ-92 бензині мен дизельдің бағасын, теміржол тарифін көтеруге мораторий жариялау қалайша бағаның өспеуіне кепіл бола алады? Үкімет ол шешімді қабылдамай тұрып өндірушілер мен сауда желілеріне бағаны көтермеу туралы міндеттеме қоюы керек еді ғой. Сіз қалай ойлайсыз?

- АИ-92 бензинінің бағасын, теміржол тарифтерін көтеруге мораторий де дер кезінде жарияланды. Мемлекет ондай қадамға амалдың жоқтығынан барып отыр. Өйткені есі дұрыс қоғамда ондай қадамдар жасалмау керек. Бірақ кейінгі кезде болып жатқан инфляцияға, ел ішіндегі қымбатшылыққа жанар-жағармайдың қымбаттауы әсер етті деуге болады. Жанармайдың бағасы бірден әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасына әсер етеді.

Өткен жылдан бер өсіп жатқан тарифтер халықтың қалтасына тікелей әсер етіп, табысын ортайтты. Президент уақытша болса да мораторий енгізбегенде қараша айына қарай Үкіметтің, биліктің шешіміне наразы болатын халық көбейе түсетін еді. Себебі қарашада жылыту маусымының алғашқы түбіртектері келеді. Сол кезде азаматтар өте наразы болатын еді. Сондықтан тарифтерді де жалпы инфляция тежелгенге дейін тоқтата тұру дұрыс болды деп есептеймін.

Фото: Мақсат Халықтың жеке мұрағатынан

- Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін қолдауға 500 млрд теңге қосымша бөлу ипотеканы тоқтата бастаған екінші деңгейлі банктерге жауап па? Жалпы 500 млрд теңге елдің баспана нарығына айтарлықтай әсер ететін сома деп айтуға бола ма? Нақты әсері қандай болады? Мемлекет 36 ай бойы баспана бағасын қазіргі деңгейде ұстап тұру жоспарын аяғына дейін орындай ала ма?

- Халықты баспанамен қамтуға қосымша 500 млрд теңге бөліп, ипотекалық бағдарламаларды көбейту бюджетке салмақ түсіреді. Мемлекет олай істемеуі керек. Үкімет бұған да амалдың жоқтығынан барып отыр. Базалық мөлшерлеме 18 пайыз болғандықтан, екінші деңгейдегі банктер ипотека беруден бас тартып отыр. Өйткені олар ипотеканың мөлшерлемесін кемінде 25 пайызбен ұсына алады. Ондай несиені кім алады? Ешкім алмайды. Банктер бас тартқандықтан қоғамда резонанс туындап, құрылыс нарығына қауіп төнді деуге болады. Тұрғын үйлердің бағасы күрт төмендеп, осы нарықта пайда болған көпіршік атылайын деп тұрған.

Мен сарапшы ретінде құрылыс саласы нарық заңдарына сай дамуы керек еді деп ойлаймын. Мемлекет әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға ғана жеңілдетілген ипотека ұсыну керек. Ал тұтас халық, қоғам нақты нарық заңдары бойынша ипотека рәсімдегені дұрыс. Қазіргідей базалық мөлшерлеме 18 пайыз болып тұрған кезде халық ондай несиеге бас сұға алмайды. Мұның бәрінің шешімі – инфляцияны тежеу.

- Ал Үкімет жария еткен 6–7 пайыздық экономикалық өсім шынайы әл-ауқатты білдіре ме?

- Бізде экономикалық өсімге қатты басымдық беріліп отыр. Өйткені Президенттің 2029 жылға дейін жалпы ішкі өнім көлемін 450 млрд долларға жеткізу туралы тапсырмасы бар. Ол үшін экономиканың өсімі жыл сайын кемінде 6-7 пайыз көрсетіп отыру керек. Үкімет қайтсек те экономика өсімін 6-7 пайыздан асырамыз деп жұмыс істеді. Ал қазіргі экономикалық өсім қымбатшылықтың әсерінен ғана болып отыр. Үкімет қазір жалпы ішкі өнімнің өсімі 6 пайыз екенін айтты ғой. Жыл аяғына дейін өсім 7 пайызға жетіп, ЖІӨ көлемі 310 млрд долларға дейін барады деп, сандарды сөйлетіп жатыр. Ал халықтың өмір сапасы осы сандармен қаншалықты сәйкесіп тұр?

Негізгі басымдықты экономикалық өсімге емес, керісінше сәл кейінге тартып, инфляциямен күреске көңіл бөлу керек еді. Сонда ғана халықтың табысы құнын белгілі бір дәрежеде сақтайды.

Халықтың атаулы табысы өсті деп жатыр. Орташа табыс 448 мың теңге болды дейді. Бірақ бұл шама арифметикалық жолмен есептелген. Ал нақты табысты былтырғы инфляциямен салыстыра отырып қарасақ, бір жылда 4 пайыз өскен. Сол кезеңде инфляция 13 пайыз артқан. Керісінше, инфляция халық табысынан кем дегенде екі есе төмен болу керек. Халықтың табысы инфляциядан жоғары болғанда ғана азаматтар табысы артып жатқанын сезеді.

Ұлттық банк таргеттелетін нақты инфляцияның көлемі 5 пайыз деп көрсеткен. Осы 5 пайыздық инфляцияға шын мәнінде қол жеткізе алсақ, базалық мөлшерлемені 6-7 пайызға дейін төмендетуге болады. Сол кезде азаматтар кез келген банктен 8-9 пайызбен ипотека рәсімдей алады. Тіпті арнайы ипотека бағдарламасын құрудың да қажеттілігі болмайтын еді. Ел экономикасына осы керек. Бизнес те мемлекетке қол созып, «Дамуды» жағаламайтын еді. Бұл жолы қабылдаған шаралар «Отбасы банкті», «Наурыз» сияқты бағдарламаларды жағалағандардың мәселесін ғана шешуі мүмкін. Ал баспанаға қолы жетпей жүрген адамдардың саны миллионнан асады ғой. Сол сияқты нақты кәсіпке қолжетімді қаражат іздеп жүрген кәсіпкерлердің саны да көп. «Даму» арқылы таратқан қаражат мыңдаған кәсіпкердің мәселесін ғана шешеді. Сондықтан нарық заңдарының талаптары орындалу керек.

Жалпы елдегі ақша-несие саясаты базалық пайыздық мөлшерлемені төмендетуге, сол арқылы инфляцияны тұрақтандыруға бағытталуы керек. Бізге жай ғана сандармен толатын, мазмұны жоқ, формасы ғана бар экономикалық өсім керек емес. Бізге инфляциясы төмен, халықтың табысы жоғары, азаматтардың өмір сапасы жақсарған экономикалық саясат керек. Президент Үкіметтен осыларды талап етті деп ойлаймын. Ал ол талаптың орындалуы Үкіметтің экономикалық блогі қандай шешім қабылдап жатқанына байланысты.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновке Үкіметтің экономикалық бағдарламасын қайта ретке келтіру туралы тапсырма беріп, артынша бензин мен тариф бағасына мораторий енгізілген болатын.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары