Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Марат Башимов: Азаматтың жеке деректері оның бостандығы мен қауіпсіздігінің кепілі

Марат Башимов: Азаматтың жеке деректері оның бостандығы мен қауіпсіздігінің кепілі

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Марат Башимов Конституциялық комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде жеке деректерді және отбасылық құпияны қорғау әрбір азаматтың бостандығы мен қауіпсіздігінің кепілі ретінде конституциялық нормаға айналуы тиіс екенін айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Башимов азаматтардың жеке деректерін қорғауды Конституцияда бекіту жөніндегі бастаманы қолдайтынын жеткізді.

«Біз адам құқықтарына қатысты конституциялық түзетулерді маңызды түрде талқыладық. Осы орайда жеке деректерді қорғауға арналған ұсынылып отырған бапты қолдағым келеді. Ол Конституцияның 18-бабына - жеке өмірге қол сұқпау, жеке және отбасылық құпияға енгізілмек. Мұның барлығы Қазақстан азаматтарының Конституцияда бекітілуі тиіс жеке құқықтары мен бостандықтарына жатады», - деп атап өтті депутат.

Оның айтуынша, жеке құқық мен бостандық демократиялық және құқықтық мемлекеттің негізі.

«Демократиялық және құқықтық мемлекетті қалыптастыруда ең жоғары құндылығында жеке құқықтар мен бостандықтар конституциялық құқықтар жүйесінде жетекші орын алады. Бұл құқықтардың басты мақсаты - жеке адамның өміріне қол сұқпау және дербестігін қамтамасыз ету, мінез-құлықтың түрлі нұсқаларын кедергісіз таңдауға мүмкіндік жасау», - деді Башимов.

Депутат жеке деректерді қорғаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Нақтырақ айтқанда, адамды оның жеке бостандығына қатысты кез келген араласудан, соның ішінде мемлекет тарапынан да қорғау қажеттігін айтты.

Ол «құпия» ұғымының конституциялық мәніне де кеңінен тоқталды.

«Конституциялық «құпия» ұғымы адамның жеке ақпаратына оның еркінен тыс заңсыз әрі негізсіз қол жеткізуге жол берілмейтінін білдіреді. Жеке құпияға адамның интимдік қатынастары, сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы мәліметтер кіруі мүмкін», -  деп толықтырды депутат.

Башимов қолданыстағы заңнамада жеке деректерді қорғауға қатысты нормалар бар екенін де атап өтті.

«Қазіргі таңда «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» заңның 11-бабында шектеулі қолжетімділігі бар жеке деректерге қол жеткізетін операторлар мен үшінші тұлғалар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге және дерек субъектісінің келісімінсіз таратуға жол бермеуге міндетті екені көрсетілген. Жеке және отбасылық құпиялар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін бірқатар мамандық өкілдеріне сеніп тапсырылған. Олар - дәрігерлік және адвокаттық құпия, алдын ала тергеу және нотариаттық іс-әрекеттердің құпиясы. Конституцияда әрбір азаматтың жеке деректерді, соның ішінде цифрлық технологияларды қолдана отырып, заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғалу құқығын айқындау қажет», - деді мәжілісмен.

Марат Башимовтың пікірінше, бұл нормаларды Конституцияда бекіту азаматтардың құқықтық қорғалуын нығайтуға және олардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Қаңтар 2026 19:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see143

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see140

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see133

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see131

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see130

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары