Мемлекет басшысы Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунды қабылдады
Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың Аға министрі Ли Сянь Лунмен кездесті. Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында Ли Сянь Лунның алғашқы сапары еліміз үшін тарихи мәнге ие екенін атап өтті.
"Осыдан 35 жыл бұрын, Қазақстан тәуелсіздігінің елең-алаңында, яғни 1991 жылдың қыркүйегінде әкеңіз Ли Куан Ю Қазақстанға келді. Сол сапар өзара қарым-қатынасымыздың берік негізін қалаған еді. Біз Сингапур басшылығының көреген саясатын жоғары бағалаймыз. Қаржы, сауда, инновация мен технологияның жаһандық орталығына айналудағы жетістіктеріңіз таңғалдырады. Сіздің еліңіздің тәжірибесі бүкіл халықаралық қоғамдастыққа үлгі болып отыр", – деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оған дәлел – тұрақты саяси диалог, сауда-саттықтың өсімі және сингапурлық капиталдың көптеп тартылуы.
"Қазақстан мен Сингапур Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия өңірлерінде ірі сауда серіктестері болып қала береді. Қазақстанда 500-ге тарта Сингапур капиталы бар компания жұмыс істейді және олардың қатары арта түсуде", – деді президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, елдеріміз көпжақты форматтар аясында тығыз байланыс орнатқан. Екі мемлекет те орта держава саналады. Осы орайда, Президент халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша тараптардың ұстанымдары ұқсас екеніне назар аударды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады
13 Қаңтар 2026 16:32
Мемлекет басшысы энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады
03 Наурыз 2026 18:55
Мемлекет басшысы Беларусь премьер министрі Александр Турчинді қабылдады
04 Қараша 2025 17:06
Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады
11 Мамыр 2026 18:31
Көрілімдер:15
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 19:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















