Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің ішкі істер министрлері кеңесі қарсаңында түркі елдері құқық қорғау ведомстволары басшыларымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жиынға Әзербайжан Республикасы Ішкі істер министрі Вилаят Эйвазов, Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрі Улан Ниязбеков, Түркия Республикасы Ішкі істер министрі Мустафа Чифтчи, Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрі Азиз Ташпулатов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов қатысты.

Президент түркі елдерінің ынтымақтастығы жылдан жылға күшейіп келе жатқанын айтты. Себебі біздің тарихымыз – тамырлас, тіліміз бен дәстүріміз – ұқсас, мүддеміз – ортақ.

– Біздің достығымызды бекемдей түсуге Түркі мемлекеттері ұйымы зор үлес қосуда. Қазақстан бұл беделді құрылыммен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мән беріп отыр. Ұйымға мүше елдер түрлі саладағы, соның ішінде күштік құрылымдар арасындағы өзара байланысын күшейтіп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, Ішкі істер министрлерінің кездесуі айрықша маңызды екені сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазір әлемде ауқымды өзгерістер болып жатқанына, дүние жүзінде сын-қатерлер көбейгеніне назар аударды.

– Жаһандық ахуал тұрақсыз, құбылмалы сипатқа ие болды. Соған қарамастан, күллі әлем елдері үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Заман талабына сай өркениетті елдер қатарында боламыз десек, шапшаң әрі ширақ қимылдау қажет. Осы мақсатпен Қазақстанда түбегейлі реформалар жүзеге асырылды. Наурыз айында елімізде жалпыұлттық референдум өтті, Конституция қабылданды. Конституцияда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету мемлекетіміздің мызғымас қағидатының бірі ретінде айқындалды. Конституцияға сәйкес, елімізде жаңа саяси лауазым – Вице-Президент тағайындалды. Үкіметтің жаңа құрамы жұмысқа кірісті, – деді Мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік басқару мен қауіпсіздікті сақтау құрылымындағы реформаларға тоқталды.

– Атап айтқанда, жаңа мемлекеттік орган – Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Бұл мекеме жаһандық және мемлекеттік ауқымдағы сын-қатерлерге жан-жақты талдау жүргізеді, ұлттық қауіпсіздік саласындағы жұмысты үйлестіреді. Сонымен қатар көп ұзамай жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі жасақталады. Осылайша, еліміздегі билік тармақтары тұтастай жаңаруда. Ауқымды өзгерістер барлық саланы, соның ішінде құқық қорғау саласын да қамтиды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Президент туыстас мемлекеттердің басшыларына ыстық ықыласын жолдап, түбі бір түркі елдері әрдайым достық қарым-қатынаста болуға тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ іс-шарада Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев сөз сөйледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 17:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Нилуфар Раимова әлем чемпионатын үздік бестікте аяқтады

28 Қазан 2026 23:58see153

Ақмола облысында жол жұмысшыларын көлік қақты: ауруханада тағы бір адам көз жұмды

28 Қазан 2026 17:56see153

Атыраудағы жарылыс: тұрғын үйдің терезелері сынып, көліктер бүлінді

29 Қазан 2026 13:42see144

Тоқаев Түркияға келді: Ердоғанның құрметпен қарсы алуы

28 Қазан 2026 21:09see144

Қазақстанда білім басқармаларының міндеттері мен өкілеттіктері өзгерді

29 Қазан 2026 09:57see143

Шексіз жақсы көремін : Алтынай Жорабаева туған күнінде әсерлі жазба жариялады

28 Қазан 2026 22:43see142

Еңбекпен қамту ел игілігі үшін

29 Қазан 2026 07:07see142

Банк қызметкерлері көмектескен: Nomadgames пен Sultangames тің схемасы әшкереленді

29 Қазан 2026 12:08see139

Ливандық суретші Израиль зымырандарының сынықтарын арт объектіге айналдырады фото

29 Қазан 2026 16:18see139

Сарбасов ісі қайта қаралады: 12 жылдық жаза үкімі жойылды

29 Қазан 2026 14:47see138

Армат Абылғалиев Ғазиз Байтасов медалімен марапатталды

29 Қазан 2026 19:22see137

Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

28 Қазан 2026 18:52see136

Астана қабылдамаған, Барселона таңдаған: Кәрім Меңдіхановтың футболдағы жолы

29 Қазан 2026 18:42see135

Шетелдік жолаушылардың шағымынан кейін такси жүргізушісі жазаланды

30 Қазан 2026 07:21see126

Жаңа Конституция және құқықтық реформалар: елімізде қандай өзгерістер жүзеге асырылып жатыр?

30 Қазан 2026 12:12see124

Магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды

30 Қазан 2026 04:23see123

Демалысқа қауіп төніп тұр ма? Пхукетте қауіптің қызыл деңгейі жарияланды

29 Қазан 2026 18:59see123

Air Astana алғаш рет борттық Wi Fi қосты: Алматы Ташкент бағыты

30 Қазан 2026 02:40see118

Алатау тұрғыны 46 жыл бойы жеке куәліксіз жүрген

30 Қазан 2026 12:31see117

Жансейт Қайнарбаевтың ұсталғаны расталды: ҰҚК тергеу бастады

30 Қазан 2026 02:40see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары