Қазақстандық академик Аманкелді Саданов 1200 ден астам ғылыми еңбек жазып, 180 нен астам патент алған
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында «Микробиология және вирусологияның биотехнологияны дамытуға және биоқауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ғылыми жиын іргелі және қолданбалы зерттеулердің заманауи жетістіктерін талқылауға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және биотехнология саласындағы инновациялық әзірлемелерді тәжірибеге енгізудің жаңа мүмкіндіктерін айқындауға арналды.
Халықаралық конференция екі маңызды мерейтойға – еліміздегі микробиология, вирусология, биотехнология және биологиялық қауіпсіздік салаларының жетекші ғылыми ұйымдарының бірі Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының 70 жылдығына, сондай-ақ көрнекті қазақстандық ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың екі мәрте лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Аманкелді Құрбанұлы Садановтың 75 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Аталмыш мерейтойларға орай еліміздің мемлекеттік органдары мен өңірлерінен құттықтау хаттары келіп түсті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, сондай-ақ бес облыстың әкімдіктері ізгі тілектерін жолдап, институт пен академиктің отандық микробиология мен вирусология ғылымын дамытуға, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуге және білікті ғылыми кадрлар даярлауға қосқан елеулі үлестерін атап өтті.
Конференцияда сөз сөйлеген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев академик Аманкелді Садановтың отандық биологиялық ғылымды дамытудағы елеулі еңбегіне тоқталып, оның ғылыми жетістіктерінің басты құндылығы зерттеу нәтижелерін нақты өндіріспен ұштастыра білуінде екенін атап өтті.
«Ең маңыздысы – Аманкелді Құрбанұлы ғылым мен өндірісті ұштастыра білді», – деді Академия президенті.
Оның айтуынша, ғалымның 1200-ден астам ғылыми еңбегі, 180-нен астам патенті мен қалыптастырған іргелі ғылыми мектебі отандық биотехнологияның дамуына елеулі үлес қосты. Ақылбек Күрішбаев осындай нәтижелі ғылыми мектептерді дамыту үшін ғылымды мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, зерттеу инфрақұрылымын жаңғырту, білікті ғылыми кадрлар даярлау және ғылыми зерттеулерде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажеттігіне ерекше назар аударды.
Конференция мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, халықаралық ғылыми орталықтардың және бизнес қауымдастығының өкілдері арасындағы кәсіби диалогты дамытуға бағытталған. Халықаралық ғылыми алаңда микробиология мен вирусологияның қазіргі жетістіктері, биотехнологиялық зерттеулердің басым бағыттары және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ғылыми тәсілдердің маңызы қарастырылды.
Халықаралық жиын барысында іргелі ғылыми зерттеулер мен қолданбалы әзірлемелер арасындағы байланысты күшейтуге, инновациялық биотехнологияларды өндіріске енгізуге, ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруға және ғылым мен бизнестің өзара ықпалдастығын кеңейтуге ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттырумен қатар, отандық биотехнология саласының ғылыми-технологиялық әлеуетін дамыту үшін де маңызды.
Салтанатты жиын барысында микробиология және вирусология саласының ғалымдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойлық төсбелгісімен, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды.
Халықаралық конференцияның Ұлттық ғылым академиясы алаңында өткізілуі отандық ғылымның стратегиялық бағыттарын дамыту, ғылыми ұйымдар арасындағы ықпалдастықты күшейту және халықаралық зерттеу байланыстарын кеңейту тұрғысынан маңызды. Ғылыми қауымдастықтың бірлескен күш-жігері биотехнология саласындағы перспективалы зерттеулерді дамытуға, биологиялық қауіпсіздікті ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуге және Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:78
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2026 14:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















