Алматыда телефон қолданған 1200 ден астам жүргізушіні анықтады
Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Алматы қаласында жол қозғалысын бақылайтын камералар жаңа құқық бұзушылықтарды тіркей бастады.
Соның нәтижесінде көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланған мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылған.
Қаладағы Алматы қаласы полиция департаменті мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 591-бабы бойынша 1 242 жүргізушіге айыппұл салынған. Сонымен қатар, қауіпсіздік белдігін тақпаған 1 646 дерек тіркеліп, тиісті шара қолданылған.
Айта кетейік, биыл 12 наурыздан бастап заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді. Соған сәйкес, автоматты бақылау жүйелері енді тек жылдамдықты асыру немесе бағдаршам талаптарын бұзу сияқты дәстүрлі құқық бұзушылықтарды ғана емес, жүргізушінің телефон қолдануын және қауіпсіздік белдігін тақпауын да тіркей алады.
Бұған дейін мұндай жүйелер жол ережесін бұзудың алты түрін ғана анықтайтын. Ал жаңа өзгерістерден кейін олардың мүмкіндігі кеңейіп отыр.
Жаңа талаптарға қатысты әлеуметтік желілерде түрлі пікірлер айтылғанымен, полиция деректері камералардың бұл құқық бұзушылықтарды нақты тіркеп жатқанын көрсетіп отыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Сәуір 2026 11:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















