Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Мерзімі өтіп кетті, адамдар қайтыс болды . Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты жаңа құжаттар

Мерзімі өтіп кетті, адамдар қайтыс болды . Ұлдана Мырзуанның ісіне қатысты жаңа құжаттар

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгін прокурор Нұрдәулет Әбуов қылмыстық іс материалдарына бірқатар құжатты қосып, сот отырысында зерттеуді сұрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы қорғау тарапы үйді басқару органдарының бұрынғы басшылары мен құрылыс салушының жауапкершілігі туралы мәселені бірнеше рет көтергенін атап өтті.

"Қылмыстық іс жағдайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеу, сондай-ақ қорғау тарапы мәлімдеген дәлелдерді тексеру мақсатында мемлекеттік айыптау келесі құжаттарды қылмыстық іс материалдарына қосуды және сот отырысында зерттеуді сұрайды", - деді Әбуов.

Құжаттар арасында үйді басқару органдарының бұрынғы төрағаларына қатысты материалдарды бөліп шығару және Қылмыстық кодекстің 254-бабында ("Міндеттеріне адал қарамау" - еск.) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша жеке қылмыстық іс қозғау туралы рапорт бар.

"Аталған құжаттың осы іс үшін маңызы бар, себебі ол бұрынғы басшылардың міндеттерін атқаруына қатысты жағдайлардың құқықтық бағалаусыз қалмағанын, керісінше, қатысы бар барлық тұлғаға тиісті баға берілетін бөлек қылмыстық іс жүргізу нысанасы екенін растайды", - деді прокурор.

Рапорт 2026 жылғы 6 тамызда жасалған. Онда істі тергеу барысында өзге тұлғалардың әрекетінен қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталғаны айтылған.

Тағы бір құжат үйді салған мердігерге қатысты. Прокуратура оған қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы бекітілген қаулыны іске қосуды сұрады.

Әбуовтың айтуынша, бұл құжат қорғау тарапының "қайғылы оқиғаға үйді салу кезінде жіберілген заңбұзушылықтар себеп болуы мүмкін және салдары үшін жауапкершілік құрылыс салушыға жүктелуі тиіс" деген уәждеріне байланысты маңызды. Прокурор сапасыз құрылысқа қатысты істі тоқтатудың үш себебін атады.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

306 заңбұзушылық: Астанада жүргізуші жазаланды

Кеше 18:00 1

Атап айтқанда, тиісті әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген, ал үй 2003–2004 жылдары салынып, 2005 жылы пайдалануға берілген. Сонымен қатар заңнамада белгіленген кепілдік мерзімдері өтіп кеткен, ал құрылыс салынған сәттен бастап 20 жылдан астам уақыт өткен. Құрылысқа тікелей қатысы бар және іс материалдарында көрсетілген тұлғалар қайтыс болған.

Судья Меруерт Абаева прокурордан: мәселе істі тоқтату туралы қаулы жайында болып отыр ма деп нақтылады. Прокурор мұны растады. Ол сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы қаулы 2026 жылғы 21 шілдеде шығарылып, Астана прокуратурасы бекіткенін хабарлады.

Сот мемлекеттік айыптаудың өтінішін қанағаттандырып, құжаттарды іс материалдарына қосты.

Бұған дейін Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот тікелей эфирде өтетіні хабарланған болатын. Трансляцияны Tengrinews.kz сайтының YouTube-арнасынан көруге болады.

Өткен отырыстарда не болды?

18 тамызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Істі судья Меруерт Абаева жүргізіп жатыр.

Бұған дейін марқұмның жұбайы Әділет Зейнел Ұлдананың анасының пайдасына жәбірленуші мәртебесінен бас тартатыны айтылған еді. Алайда кейін сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

Айыпталушылар орындығында қайғылы оқиға болған үйдің МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова отыр. Өткен сот отырысында ол өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеді.

Ұлдананың анасының адвокаты Нұрсұлтан Орынбековтің айтуынша, бұл іс Қылмыстық кодекстің 254-бабы ("Міндеттеріне адал қарамау") бойынша қаралып жатыр.

20 тамызда сотталушының адвокаты судья Меруерт Абаеваға қарсылық білдірді, алайда бұл өтініш қабылданбай, процесс жалғасты.

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі Әділет Зейнел сотта жауап берді. Ер адам жұбайы қайғылы жағдайға ұшыраған күн туралы баяндады. Сондай-ақ ол сотқа жұбайының қазасы туралы қалай білгенін және әкімдікте алған 20 миллион теңге туралы хабарлады.

Сондай-ақ оның анасы да жауап берді. Әйелдің айтуынша, өз қызын танымай қалғанын ауруханаға барған кезде белгілі болған. Сонымен қатар жәбірленуші құдағиының әкімдіктен берілген көмек қаржының 4,5 миллион теңгесін қайтаруды талап еткенін жеткізді.

Одан бөлек, қайғылы оқиға болған күні Ұлдана Мырзуанмен шақырту орнына келген фельдшер Дильназ Байзақова да сотта жауап берді. Оның айтуынша, Ұлдананың сау тамтығы қалмаған. Тағы бір жәбірленуші Гүлнар Қалиева сол күні "кірпіштер жаңбырша жауғанын" айтты.

Қайғылы оқиға қалай болды?

2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылы, 24 Б мекенжайындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінен кірпіш қаптама құлаған. Салдарынан бес адам зардап шекті. Олар №1 көпбейінді ауруханаға жатқызылды.

Бір пациенттің жағдайы өте ауыр болды, оған ота жасалды. Тағы екі адам жансақтау бөлімінде жатты, дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалады. Қалған екі адам бөлімшеге орналастырылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Ең ауыр жарақат алған пациент - оқиға орнына жеткен жедел жәрдем фельдшері, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан болып шықты. Қыздың туыстарының айтуынша, ол зардап шеккендерге алғашқы болып көмекке ұмтылған. Олардың арасында бала, оның анасы және туысы болған. Ұлдана зардап шеккендерге қарай жүгірген кезде, "үстіне кірпіш мен кондиционердің бекіткіші құлаған". 18 қарашада ол ауруханада көз жұмды.

Оқиғадан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 278-бабы "Сапасыз салынған құрылыс" бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін істе тағы бір бап пайда болды – 306-бап "Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлдана Мырзуанды ерлігі, жанқиярлығы және міндетін үлгілі атқарғаны үшін "Ерлігі үшін" медалімен марапаттады. Қазақстандықтар жедел жәрдем фельдшерімен қалай қоштасқаны туралы мына материалда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:56
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қыркүйек 2026 13:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see141

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see140

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see139

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see136

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see134

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see133

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see133

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see127

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see126

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see124

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see123

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see122

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see122

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see122

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see122

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see117

Бублик Almaty Open турнирінде қалай жарақат алғанын айтты

25 Қазан 2026 10:00see116

Абай Бегей мен Фариза Жұманова Вьетнамда гендер пати өткізді

25 Қазан 2026 10:13see115

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see113

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары