Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Металлургияны жаңғыртқан қазақ ғалымы

Металлургияны жаңғыртқан қазақ ғалымы

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Аристотель Зейнуллинұлы 1971 жылы Қарағанды политехникалық институтының механика-технологиялық факультетіне «Қара және түсті металдар құю өндірісі» мамандығына оқуға түсті. Еңбек жолын 1976 жылы «Каргормаш» өндірістік бірлестігінде инженер-конструктор ретінде бастаған жас маман ғылым жолын таңдады. 1980 жылы Мәскеу автомобиль жасау институтының аспирантурасын аяқтап, кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын қорғады. Ал 1999 жылы Мәскеудегі Дәлме-дәл машина жасау Орталық ғылыми-зерттеу институтында (ЦНИИТМАШ) докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Ғылыми көкжиегін кеңейту мақсатында Германиядағы Аахен қаласындағы Рейнско-Вестфаль техникалық университетінде тағылымдамадан өтті.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Ғалымның негізгі еңбек жолы Қарағанды техникалық университетімен тығыз байланысты. Мұнда ол аға оқытушыдан бастап кафедра меңгерушісіне дейінгі сатылардан өтіп, кейін бірінші проректор, ректор міндетін атқарушы, атқарушы директор және аппарат басшысы қызметтерін атқарды.

Аристотель Исагулов — университеттегі белгілі ғылыми-педагогикалық әулеттің өкілі. Әкесі Зейнулла Исагулов — Ұлы Отан соғысының ардагері, философия кандидаты, Қарағанды қаласының құрметті азаматы. Қызы Диана Исагулова да ғылым жолын жалғастырып, PhD дәрежесіне ие болған. Исагуловтар әулетінің университеттегі жалпы еңбек өтілі 85 жылды құрайды.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

— Ғалым — 1120-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Оның ішінде 70-ке жуық оқулықтар мен 89 оқу құралы, 55 монография, 187 инновациялық патент бар. Ғылыми мақалалары халықаралық беделді деректер қорларына енгізілген. Хирш индексі — 11. Ол 3 ғылым докторын, 18 кандидат, 23 PhD докторын және 96 магистр даярлаған, деп хабарлады ведомстводан.

Профессор Исагулов 35 жылдан астам уақыт бойы металлургия, дәл құю және өндірісті автоматтандыру салаларында қолданбалы зерттеулер жүргізіп келеді. Ол алғаш рет төрт жаңа технологиялық процесс пен құю машиналарын әзірлеп, өндірісте енгізді. Ғалым жасаған технологиялар Қазақстандағы және шетелдегі ондаған өндіріс орындарында қолданылып келеді.

Мәселен, Қазақмыс корпорациясы кәсіпорнында автоматты кокильдік құю желісі іске қосылса, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» базасында жаңа антикоррозиялық жабын өндірісі ұйымдастырылды. Бұл жобалар өндірістің тиімділігін арттырып, ел экономикасына елеулі үлес қосты.

Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

— Ғалым жетекшілік еткен ғылыми жобалардың жалпы қаржыландыру көлемі 477,4 млн теңгені құраса, енгізілген технологиялардан алынған экономикалық тиімділік 870 млн теңгеден асты, — делінген хабарламада.

Аристотель Исагулов — ғылым мен өндірісті ұштастырған жаңашыл ғалым ғана емес, білім беру жүйесін жетілдіруге де зор үлес қосқан оқытушы. Оның бастамасымен студенттердің білімін бағалау жүйелері, кредиттік оқыту, қашықтан білім беру платформалары және инженерлік талдау жүйелері енгізілді.

Ғалымның еңбегі жоғары бағаланып, ол «Еуропалық жоғары оқу орнының оқытушысы» (2009), «ҚР Құрметті машина жасаушысы» (2013), «Қазақстанның Құрметті өнертапқышы» (2019), «Қазақстанның үздік инженері» (2021), «Үздік ғылыми қызметкер» (2021), «Құрметті металлург» (2023) секілді бірқатар беделді марапаттардың иегері атанды.

Бүгінде профессор Аристотель Исагулов «Металлургия» және «Материалтану және жаңа материал технологиялары» бағыттары бойынша дәріс оқып, жас ғалымдарды тәрбиелеуді жалғастырып келеді.

Айта кетейік, Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығындар 19% өсті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 10:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары