Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қазақ ғалымы әлемде теңдесі жоқ сенсорлық құрылғы жасап шығарды

Қазақ ғалымы әлемде теңдесі жоқ сенсорлық құрылғы жасап шығарды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Mirai Tech жобасы туралы NU ассистент профессоры «Бүгін LIVE» бағдарламасында берген сұхбатында айтып берді.

— PhD диссертациямды литий-ионды батарея тақырыбында қорғадым. Бала кезімнен ғылыми фантастика жанрындағы әдеби шығармаларды көп оқитынмын. Сол шығармалар мені шабыттандырды. «Неге өздігінен қуатталатын технология жасамасқа?!» деген идея сол кезден бастап туындады. Осы оймен көптеген материалды ізденіп, нәтижесінде трибоэлектрлік наногенератор деген технологияны зерттей бастадым. Бұл бағытта бірнеше жыл бойы зерттеу жұмыстарын жүргіздім, — дейді Гүлнұр Калимулдина.

Жоба авторы жаңа технологияны нарыққа да шығарып үлгерген.

— Қазіргі таңда осы технологияны нарыққа шығарып отырмыз. Айта кетерлігі, бұл — қазіргі әлемдік деңгейде өте өзекті тақырыптардың бірі. Алайда осы уақытқа дейін ешкім бұл технологияны нарыққа дайындап үлгермеген. Ал Қазақстанда, нақты айтқанда Назарбаев университетінде жасалған бұл технология қазір өзімізде қолданылып жатыр. Бұл жобаны стартап ретінде іске қосқанымызға әлі бір жыл болған жоқ. Бұған дейін ол ұзақ уақыт бойы ғылыми жоба ретінде ғана танылған. Қазір инвестиция тартып, нарыққа шығардық. Шетелдік инвесторлар тарапынан да қызығушылық бар. Осыған байланысты біз қазақстандық инновацияны, қазақстандық брендті дүниежүзіне қалай шығаруға болады деген стратегиялық жоспар жасап жатырмыз. Себебі бұл — өте жаңа технология, — дейді ғалым.

Гүлнұр Калимулдина сенсорлы құралды жетілдіріп жатқанын жеткізді.

— Біз жасаған құрылғыны жай ғана ұлтарақ ретінде емес, бүкіл денеге орналастырылатын қозғалыс сенсорлары ретінде әзірледік. Бұл сенсорлар өте сезімтал, кез келген қозғалысты бірден анықтай алады. Оған қоса, құрылғы тоқпен жұмыс істейді. Қазіргі таңда біз тек ақпарат беру және Bluetooth байланысын пайдалану үшін батарея қолданамыз, ал сенсордың өзі өздігінен жұмыс істей береді, — дейді ол.

Студия қонағы Mirai Tech жобасы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.

— Адам 2 минут жүргеннен кейін, оның дене қозғалысы бойынша майтабандық, қозғалыс асимметриясы, жүру мәнері және басқа да параметрлер анықталып, толық ақпарат алынады. Біз бұл құрылғы арқылы машықтық оқыту әдісімен 17 түрлі диагнозды көруге мүмкіндік алдық. Қазіргі уақытта өзге диагноздарды жүйеге біртіндеп қосып жатырмыз, — дейді маман.

Ақылды сенсорлар алдағы уақытта спорт саласында кеңінен қолданылмақ.

— Қазіргі таңда жобамыз спорт саласына бағытталып отыр. Себебі елімізде спортпен айналысатын талантты балалар көп. Алайда олардың үлкен жетістіктерге жетуі үшін жарақат алмай, дұрыс техникамен жұмыс істеуі маңызды. Жүруі, жүгіруі, секіруі — бәрі біздің технология арқылы бақыланып, мықты балаларды кішкентайынан бастап жүйелі түрде дамытуға болады. Яғни біз жарақаттың алдын аламыз, техниканы қадағалаймыз, ақпаратты жинаймыз, цифрлық профиль жасаймыз. Осындай жаңа технология арқылы балаларымыздың жоғары деңгейге жетуіне жол ашылады, — дейді Гүлнұр Калимулдина.

Жас ғалымның айтуынша, Mirai Tech жобасының әлемде ешқандай баламасы жоқ.

— Бүгінгі таңда біз жасаған сенсорлар арқылы барлық клиникалық және реабилитациялық процестерді бақылауға болады. Әртүрлі шетелдік ұйымдарға хабарласып, мұндай технологияның бар-жоғын сұрап жатырмыз. Олардың айтуынша, мұндай құрылғыны әлі көрмеген. Қытай мен АҚШ-та бәсекелестеріміз бар, бірақ біз олардан бір қадам алда тұрмыз. Өйткені біздің сенсорлық құрылғымыздың әзірге аналогі жоқ. Егер бұл сенсорды жаһандық нарыққа жылдам шығарып, оның базасын және сараптамалық жүйесін мықты етіп жасай алсақ, алғаш болып бұл технологияны таныстыруымыз әбден мүмкін, — дейді студия қонағы.

Айта кетейік, акушерлік және гинекология саласындағы қазақстандық мамандар Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында өтіп жатқан XXV Дүниежүзілік FIGO конгресіне қатысты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:144
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қазан 2025 13:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары