Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Миссиясы жауапты мамандық

Миссиясы жауапты мамандық

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Осыдан жиырма жыл бұрын оқып жатқан өңірлік универ­ситеттегі журналистика маман­ды­ғын жабу әрекетіне байланысты дау туын­даған еді. Мәселенің мәнісі кафедрада бір ғылыми атағы жоқ қызметкерлер жұ­мыс істеп жатқанында болды. Алайда бар­лығы тәжірибелі, ақпарат алаңында жүр­ген журналист оқытушылар. Бірі «Egemen Qazaqstan», енді бірі «Жас Алаш» газетінің тілшісі, теле-радиодан күн­де­лік­ті көріп, естіп жүрген мамандар болатын. Бұл аймақтық журналистика са­ла­сы ғылыми ортаға сіңісе қоймаған кез. Ға­лымдардың барлығы Алматыдағы ҚазҰУ-да шоғырланған, өңірлік универ­си­теттер тәжірибелі журналистерге ғана иек артты. Осы ортадан ақпаратпен жұ­мыс істей алатын, сараптап саралайтын жур­налистер шоғыры қалыптасты. Мұндай ке­леңсіздіктерді бастан өткерген журналис­ти­каның маңызы арта түспесе, кеміген жоқ. Бірте-бірте журналистер ғылымға бет бұ­рып, кәсібилігін ғылыммен ұштастыра білді. Жалған ақпарат қоғамды жиі адас­ты­ратын қазіргі кезеңде шынайы, дәл әрі өзекті ақпарат жеткізу тек осы мамандық ие­лерінің қолынан келетінін дәлелдеп отыр.

Журналист мамандығы бұрыннан ерекше, қоғамдық жауапкершілігі жоғары қызмет қатарында. Қазіргі цифр­лық дәуірде әлеуметтік желілердегі ақпа­рат ағыны журналистерге қосымша жауап­кершілік жүктеді. Бұл кәсіп тек ақпарат жинап, оны жариялаумен шектелмейді, қоғам мен халық арасында маңызды көпір қызметін атқарады. Журналист жұмысы сырттай қызықты көрінгенімен, оның өзіндік қиындығы да көп. Олар үнемі уақытпен жарысады, қоғамдық сын мен қысымға төтеп берулері қажет, қауіпті аймақтарда немесе төтенше жағ­дайлар кезінде жұмыс істейді. Осындай ерекшеліктері бар журналист ма­мандарын өзгелер алмастыра алса да, кә­­сібилігі мен миссиясына теңесе алма ма?   

Тимур ӘБДІРЕШ,

Энергетика министрлігінің бұқарамен байланыс жөніндегі департамент
директоры:

– Журналистика – ең алдымен маман­дық. Себебі бұл сала кәсіби білімді, сауатты жазуды, фактіні тексеруді және үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бірақ уақыт өте келе бұл мамандық миссияға айналады. Өйткені журналист күн сайын қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, адамдардың ойын, мұңын, жетістігін халыққа жеткізеді. Оның әрбір материалы қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал етеді. Журналист – тек ақпарат таратушы емес, қоғам мен биліктің, оқиға мен халықтың арасындағы алтын көпір. Ақпараттың жылдамдығы бәрінен жоғары бағаланатын заманда ең басты құндылық – сенім. Ал сол сенімді сақтау – әр журналистің кәсіби міндеті әрі азаматтық миссиясы.

 

Мәншүк САЙФУЛЛИНА,

«Хабар» агенттігі» АҚ 24KZ телеарнасының бағдарламалар
директоры: 

– Меніңше, журналистика – әрі мамандық, әрі миссия. Мамандық ретінде журналист ақпарат жинайды, тексереді, өңдейді, жазады, оқырман, көрермен, тыңдарманға ұсынады. Бұл – кәсіби дағды мен еңбек. Ал миссия ретінде журналист қоғамның ақпараттық мәдениетіне, ойлауына, шешім қабылдауына ықпал етеді. Оның бір материалы қоғамдық пікірді өзгертіп, бір зерттеуі мәселенің түйінін тарқатуға түрткі болып, бір сұрағы жауапкершілік жүктеуі мүмкін. Сондықтан журналистің әр сөзін тек рейтинг деп емес, қоғамдық салдары барын сезіну маңызды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтай отырып, бізге осы миссияны мемлекеттік деңгейде тағы бір рет айқындап берді. Журналистен енді тек ақпаратты жеткізу ғана емес, қоғамда әлсіреген құндылықтарды қалыптастыруды күтетінін айтты. «Адал азамат» идеясын дәріптеуді, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға үлес қосуды міндеттеді. Яғни біз енді ақпараттандырумен қоса, ағартушылық қызметін қоса атқаруымыз маңызды.

Журналистика заңы бойынша біз қоғамға шынайы, тексерілген, маңызды ақпарат жеткізіп, түрлі көзқарасты көрсетіп, азаматтардың саналы таңдау жасауына мүмкіндік беруіміз керек. Енді осыған қоғамдық сананы қалыптастыру, құндылықтарды насихаттау миссиясын қосыңыз. Менің пайымымша, журналис­тика – дипломмен игерілетін мамандық. Бірақ оны адал атқару – миссия.

Гүлнұр ОМАРХАНҚЫЗЫ,

радиожурналист:

– Журналистика ең алдымен азаматтық ұстанымды, әділдікті, батылдықты, қоғам алдындағы жауапкершілікті талап етеді. Егер журналистің мақсаты тек ақпарат тарату болса, ол өз қызметінің жартысын ғана атқарғаны. Ал қоғамның мұңын тыңдап, елдің көкейіндегі мәселені көтеріп, билік пен халықтың арасындағы ашық диалогқа ықпал етсе, ол өз миссиясын орындап жүр деген сөз. Қазір ақпарат ағыны өте жылдам. Әлеуметтік желіде кез келген адам жаңалық тарата алады. Бірақ олардың бәрін журналист деуге болмайды. Журналистің басты ерекшелігі – ақпаратты тексеру, дереккөзге сүйену, бірнеше тараптың пікірін беру және ақиқатқа қызмет ету. Бұл жолда білім де, кәсіби шеберлік те қажет. Бірақ бәрінен бұрын ар-ождан мен адалдық қажет. Өйткені журналистің ең басты міндеті – қоғамға қызмет ету. Ал қоғамға қызмет ету – миссия.

Есімжан НАҚТЫБАЙ,

«Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі қазақ редакциясының аналитикалық шолушысы:

– Кез келген мамандықтың негізінде миссия жатады деп санаймын. Бірақ мамандықты миссия деңгейінде меңгеру үшін білім-біліктен бөлек қажыр-қайрат, ұстаным керек. Әсіресе журналистикада солай. Өз басыма келсем, мамандығымды миссия деңгейіне жеткізудің жолында жүрмін деген ойдамын. Журналистика менің миссиям десем, ол миссияңның түпкі мақсаты не деген сұрақ туындайды. Бұл тұрғыдан алғанда, менің миссиям – барынша бейтарап, идеология мен манипуляциядан ада ақпарат тарату. Ал ол миссияның үдесінен қаншалықты шығып жүргенімізге оқырман бағасын берер.

P.S.: Журналист болу – бір жағынан кәсіби білім мен дағдыны талап ететін мамандық, екінші жағынан қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуді қажет ететін миссия. Журналист еңбегі қоғам үшін маңызды әрі құнды. Сондықтан оны кәсіп пен миссияның үйлесімі деп бағалауға болар. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Маусым 2026 09:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары