Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Байқаушы миссиясы: Ауқымды жұмыс атқарылды

Байқаушы миссиясы: Ауқымды жұмыс атқарылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Елімізде өткен жаңа Конституция жөніндегі референдумда іргелі халықаралық ұйымдар да арнайы өкілдерін жіберіп, байқаушы миссиясын атқарды. Олардың қатарында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ), ТМД, Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ), Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы (ТҮРКПА), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК), Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Парламенттік Ассамблеясы (ТМД ПА), тағы бірқатар халықаралық орталық болды.

Астанаға арнайы миссиямен келген халықаралық байқаушыларға барлық жағдай жасалды. Елорда төріндегі «Hilton Astana Hotel» қонақүйінде орналасқан Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығы отандық және шетелдік БАҚ тілшілерімен тығыз байланыста жұмыс істеді. Осы орталықта Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен әр жарты сағат сайын журналистерге арналған брифинг өткізіліп тұрды.

Алғашқы баспасөз мәслихаты Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдерін тың­даудан басталды. Миссия жетекшісі, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Олег Копылов Қазақстанда жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға дайындық пен дауыс беру үдерісін байқау барысында дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, мүгедектігі бар адамдардың дауыс беруіне де қажетті мүмкіндіктер қарастырылған.

– Қазақстан тарапынан референдум үде­рісін лайықты ұйымдастыру үшін үлкен жұмыс атқарылғанын көрдік. Ұйымдас­тырушылық және техникалық дайындық жоғары кәсіби деңгейде қолға алынған. Сондай-ақ азаматтардың еркін таңдау құқығын толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технологиялық жаңашылдықтар енгізіліпті. Жалпы, қоғамда ұсынылып отырған конституциялық реформаларға деген қызығушылықтың жоғары екені байқалады. Сол себепті дауыс беру учаскелерінде жақсы атмосфера қалыптасқан. Дауыс беруге әсіресе жастар белсенді қатысып жатты, – деді спикер.

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен кезекті брифингте Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) байқаушыларын тыңдадық. Бұл ұйымның өкілдері де халықтың референдумдағы белсенділігін жоғары бағалады. Айтуларынша, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік ассамблеясының байқаушылары Астана, Алматы және Түркістан қалаларындағы 45 референдум учаскесіне барған.

Брифинг барысында ТҮРКПА Бас хатшысы Рамиль Сагиб оглы Гасан миссия мүшелері дауыс берушілердің құқықтарының бұзылу фактілерін байқамағанын айтты.

Ал АӨСШК байқаушылары дауыс беру үде­рісі заңнамаға сәйкес өтіп жатқанын жеткізді.

– Референдум учаскелерінде байқағаным­ның негізінде республикалық референдум аясында дауыс беру үдерісі қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтіп жатыр деген қорытын­дыға келдім. Процедуралар ашық, стандарттарға сай болды. Азаматтар өз еркін білдіре алды. Ешқандай араласулар мен қандай да бір оқиғалар болмағанын атап өткім келеді, – деді АӨСШК-нің жаңа сын-қатерлер мен қауіптер өлшемі бойынша сарапшысы, елші Мутаз Фалех Салех әл-Хиясат.

Сондай-ақ АӨСШК Адам өлшемі саласын­дағы сарапшысы, елші Исмат Джахан да өз пікірін білдіріп, ұйымдастыру жұмысы өте сапалы болғанын атап өтті.

– Адамдар бюллетеньдерін жәшікке салып, риза күйде кетіп жатты. Барлығы бейбіт жағдайда өтті. Тіпті кішкентай балалар да ата-анасына, атасына еріп келді. Бұл халық арасындағы ынтаның бар екенін көрсетеді. Сондай-ақ жас буын үшін өз саяси құқықтарын пайдаланудың маңызды екенін көрсететін үлгілі қадам, – деді спикер.

ТМД ПА байқаушылары атынан келген Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Федерация Кеңесінің Федералдық құрылым, аймақтық саясат, жергілікті өзін-өзі басқару және солтүстік істер жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Шевченко кез келген мемлекет үшін жаңа Конституция қабылдау ел өміріндегі ең маңызды оқиға екенін айтты. Сонымен қатар ол дайындық деңгейінің жоғары екенін ерекше атап өтті.

– Комиссиялардың да, ре­­­фе­­рен­­­дум учас­келерінің де қаншалықты жақсы дайындалғаны көрініп тұр. Учаскелерде орналасқан барлық ақпараттық материал өте мазмұнды әрі түсінікті дайындалған. Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарға арналған арнайы дауыс беру орындарының бар екенін байқадық. Бұл да өте маңызды. Шынында да, үйренетін тұстар бар. Мәселен, осындай іс-шараны ұйымдастыру. Бәрі жоғары деңгейде деп ойлаймын, – деді спикер.

Өз кезегінде Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасының ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандас­тармен қарым-қатынас жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Казбек Тайсаев Қазақстанның референдумды жоғары деңгейде өткізе алатынын айтты.

– Әсіресе көзге түскені – комиссия мүшеле­рінің дайындығы, олардың жоғары кәсіби деңгейі. Келісемін, сіздерден үйренетін нәрсе бар, – деді К.Тайсаев.

ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман өз пікірінде елімізді қуатты түркітілдес мемлекеттерінің бірі ретінде атап, егер жаңа Конституция қабылданса, елдің даму мүмкіндіктері одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді.

ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау жүргізіп отырғанын айтты. Қазіргі таңда 161 халықаралық байқаушы аккредиттелген екен. Бақылау еліміздің 9 өңірінде және шетелдегі 12 мемлекетте жүргізілген. Байқаушылар 520-дан аса референдум учаскесіне барған. Миссия басшысы оған қызықты болып көрінген бір ерекше сәтті әсерлі етіп әңгімелеп берді. Ол барған учаскелердің бірінде дауыс беріп шыққаннан кейін жас жігіт қызға сөз салып, үйленуге ұсыныс жасаған, қыз келісімін берген.

– Бұл да Қазақстан жастарының элек­торалдық науқанға белсенді қатысып жатқанын көрсетеді. Айта кетейін, біз қоғамдық байқау­шылардың арасында жастардың көп екенін байқадық. Жастар шынымен де елдің болашақ дамуына алаңдайды, – деді Игорь Петришенко.

Еліміздегі басты саяси науқанға мұхит асып келген байқаушылар да болды. АҚШ, Салық және инвестициялар жөніндегі Халықаралық орталықтың өкілі Уэсли Александер Хилл референдум барысын бақылау үшін әдейі ауылдық елді мекендерді таңдағанын айтты. Байқаушы референдум учаскелері қызметкерлерінің жұ­мысы жоғары деңгейде үйлестірілгеніне, сондай-ақ азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдерінің белсенділігіне ерекше назар аударған.

Ал Америка-Еуразия орталығының вице-президенті Ральф Винни алты референдум учаскесіне барғанын айтты.

– Дауыс беру учаскелерінен шыққан адамдармен әңгімелесу өте қызықты болды. Олардың не ойлайтынын түсінгім келді. Көпшілігі Қазақстанның болашағы үшін да­уыс бергенін айтты. Тек өз болашағы үшін емес, әрине, бұл да маңызды, бірақ олар балалары мен немерелерінің болашағы үшін дауыс бергенін жеткізді, – деді спикер.

Сондай-ақ ҰҚШҰ ПА байқаушысы, Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысы кеңесінің Халықаралық істер және ұлттық қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Александр Горошкин, Ресей Федерациясы Федералды Жиналысы Мемлекеттік Думасы Қорғаныс жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Картаполов отандастарымызды референдумның өтуімен құттықтады.

Италиялық Азия институтының басшысы Пальмиери Доменико Астана қаласындағы 12 учаскеге барғанын және өте жақсы әсер алғанын баяндады.

– Менің де байқағаным – адамдар қуанышты, жастар да қатысып, өз еркін білдіріп жатыр. Отбасылар да уақыт тауып, балаларымен келіп кетті. Бәрі өте жақсы ұйымдастырылған. Осы референдумда еркін таңдауын білдірген Қазақстан халқына өз атымнан жақсылық тілеймін. Барлық реформа сәтті аяқталсын, – деді италиялық спикер.

Соңғы жаңалықтар

Байқаушы миссиясы: Ауқымды жұмыс атқарылды

Референдум • Бүгін, 08:40

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10

Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады

Референдум • Бүгін, 08:00

Еxit poll: Халықтың 86,7 пайызы жаңа Ата заңды қолдады

Референдум • Бүгін, 07:50

Тоқаев: Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді

Президент • Бүгін, 03:15

Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ: Президент экзит-полл қорытындысымен танысты

Президент • Бүгін, 03:10

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңіліп қалды

Теннис • Бүгін, 02:51

Мемлекет басшысы: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Президент • Бүгін, 02:23

Референдум-2026: Үшінші Exit poll нәтижелері жарияланды

Референдум • Бүгін, 02:05

«Социс-А» Еxit poll нәтижесін жариялады: Азаматтардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдаған

Референдум • Бүгін, 01:58

Референдум: Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр

Референдум • Бүгін, 01:03

Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

Ауа райы • Бүгін, 00:40

Exit poll нәтижесі: Ел тұрғындарының 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады

Референдум • Бүгін, 00:25

Қазақстан бокс құрамасы Futures Cup турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды

Бокс • Кеше

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Наурыз 2026 09:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары