Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Астанада апатты жағдайға арналған ерекше канал бар. Ол қалай жұмыс істейді?

АҚШ та 400 мыңға жуық қайтыс болған адам әлі де сайлаушылар тізімінде тұр

ӘЧ 2026 Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойын ​кейінге ​шегерілуі мүмкін

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

Павлодар маңынан төрт мың жылдық бірегей қорым табылды

Алтын еденде шашылып жатты астыртын цехтың видеосын АФМ көрсетті

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

Air Astana дағы миллиардтық жымқыру: апелляция үкімді күшінде қалдырды

Қауіп төндірді . Қазақстандықтардың шағымынан кейін қауіпті нысан бұзылды

Алматы облысында реновация бағдарламасы бойынша 22 үй бұзылады мекенжайлар тізімі

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның креативті индустрия саласындағы ынтымақтастығы артады

Еліміздің өңірлерінде өндіріс қарқыны артып келеді

Астана тұрғыны СОБР қызметкерлері өзін аяусыз соққыға жыққанын айтып шағымданды

Түркілер жаңбырды қалай шақырған: бұған қытайлар мен ацтектердегі нефритке табынудың қандай қатысы бар?

Ертеңгі маманның бүгінгі қадамы

4 тонна алтын құрамды материал мен қару жарақ: Қазақстанда жасырын цех анықталды

Моңғолиялық педагог қандасымыз төртінші рет саңлақ атанды шетелдегі қазақ баспасөзі

Моңғолиялық педагог қандасымыз төртінші рет саңлақ атанды шетелдегі қазақ баспасөзі

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ташкентте Орталық Азияның су қауіпсіздігі мәселелері талқыланды – ӨзА 

Ташкент қаласындағы Орталық Азия халықаралық институтында «Климаттың өзгеруі жағдайында Орталық Азия үшін су қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Бұл туралы осы аптада «ӨзА» ақпарат агенттігі хабарлады.

Хабарламада айтылуынша, іс-шара Халықаралық Аралды құтқару қоры бастамасымен 22 сәуірде Астана қаласында өтетін саммит қарсаңында ұйымдастырылды.

Жиын барысында аймақ елдері мен халықаралық ұйым өкілдері климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстары тапшылығы күшейіп келе жатқанын атап өтті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл мәселе экологиялық шеңберден шығып, стратегиялық қауіпсіздік факторына айналып отыр.

Атап айтқанда, трансшекаралық өзендер ағысының азаюы, мұздықтардың еруі және жауын-шашын тәртібінің өзгеруі Орталық Азиядағы су ресурстарына елеулі әсер етіп отыр.

Сарапшылар су ресурстарын ұтымды әрі әділ пайдалану, сондай-ақ мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту қажеттігін атап өтті. Осы тұрғыда Халықаралық Аралды құтқару қоры өңірдегі су-экология саласындағы өзара іс-қимылды үйлестіретін негізгі алаң ретінде бағаланды.

Кездесу барысында Қазақстанның қордағы төрағалығы кезеңінде атқарылған жұмыстар оң бағаланып, алдағы уақытта төрағалықты қабылдайтын Өзбекстанның басым бағыттары талқыланды.

Сонымен қатар, трансшекаралық су ресурстарын басқарудың халықаралық тәжірибесін енгізу, өңірлік ынтымақтастықты дамыту және Ауғанстанды су диалогына тарту бойынша ұсыныстар әзірленді.

Жиын қорытындысында қатысушылар Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі өзара сенім мен бірлескен іс-қимылға негізделуі тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Самарқандта Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналған көрме өтті» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Аталған басылымның мәліметінше, Самарқанд қаласындағы мемлекеттік музей-қорығы аумағында Әмір Темірдің туғанына 690 жыл толуына орай Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналған тарихи-танымдық көрме ұйымдастырылды.

Іс-шараны Қазақстанның Самарқандтағы Бас консулдығы мен Хазірет Сұлтан ұлттық музей-қорығы бірлесе өткізді. Көрмеде Түркістан қаласындағы рухани орталық – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің эпиграфикалық өрнектері мен сирек тарихи жәдігерлері ұсынылды.

Айта кетейік, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі Әмір Темірдің бастамасымен тұрғызылған ортағасырлық сәулет өнерінің бірегей ескерткіші болып саналады. Нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстандағы алғашқы тарихи объектілердің бірі.

Көрме аясында сұлтан сарайының макеті, кесене құрылысына пайдаланылған кірпіштің түпнұсқа үлгісі, Әмір Темір сыйға тартқан тудың көшірмесі және басқа да бірегей экспонаттар көпшілік назарына ұсынылды.

Ерген ұстаз төртінші мәрте саңлақ атанды - Janadauir

Өмнөговь аймағында өткен қоғамтану пәні бойынша 28-ші мемлекеттік олимпиадада ұстаз Шаймарданұлы Ерген І орынды иеленіп, өңір абыройын асқақтатты, деп хабарлайды Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында шығатын «Жаңа дәуір» басылымы. 

Аталған БАҚ-тың дерегінше, тәжірибелі педагог – 3-ші жалпы білім беретін мектептің мұғалімі. Ол бұған дейін де олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетіп, 2019, 2023 және 2026 жылдары алтын медаль, ал 2025 жылы күміс медаль жеңіп алған. Осы жеңісі арқылы Ерген ұстаз қоғамтану пәні бойынша мемлекеттік олимпиадада төртінші рет жүлдегер атанып отыр.

- Жеңімпазды мектеп ұжымы мен оқушылары салтанатты түрде қарсы алды. Оқушылар ән айтып, домбыра тартып, би билеп, ұстазға деген құрметтерін білдірді. Бұл – ұстаз еңбегіне көрсетілген зор ықыластың айқын көрінісі, деп жазады Janadauir.

Пәкістан Иран арқылы Орталық Азияға жаңа транзиттік дәлізді іске қосты – Eurasia Today

Пәкістан Иран аумағы арқылы Орталық Азия елдеріне бағытталған жаңа транзиттік дәліз арқылы алғашқы экспорттық жүк жөнелтілімін жүзеге асырды.

Бұл туралы Eurasia Today ақпарат агенттігі хабарлады.

Eurasia Today басылымының дерегінше, жаңа бағыт Пәкістанның оңтүстігіндегі Гвадар портынан басталып, Иран аумағы арқылы өтіп, Орталық Азия елдеріне, соның ішінде Өзбекстанға дейін жалғасады.

Алғашқы тасымал ретінде мұздатылған ет тиелген жүк көліктері арнайы тоңазытқыш жүйесі бар автокөліктермен Өзбекстан астанасы Ташкентке жеткізілді.

Пәкістан тарапы бұл дәліз аймақтық сауда айналымын жеделдетіп, логистикалық шығындарды азайтуға және теңіз жолдарына тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Сондай-ақ Гвадар портының өңірлік логистикалық хаб ретіндегі рөлін күшейту көзделіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, жаңа транзиттік бағыт Пәкістан мен Иран арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтіп, соның ішінде 2013 жылы басталған газ құбыры жобасы сияқты энергетикалық бастамалардың қайта жандануына серпін беруі мүмкін.

Қытай мен Қазақстан ортопедия саласында бірлескен оқу курсын өткізді – Халық газеті

2026 жылғы 12–15 сәуір аралығында Гуанчжоу қаласында Қытай–Қазақстан буын аурулары бойынша академиялық алмасу және хирургиялық технологиялар жөніндегі халықаралық оқу курсы өтті.

Бұл туралы осы аптада Қытайдың «Халық газеті» басылымы хабарлады.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, іс-шара екі елдің ортопедия саласындағы тәжірибе алмасуын кеңейтуге, сондай-ақ дәстүрлі қытай медицинасы мен аз инвазивті хирургия әдістерін Орталық Азияда енгізуге бағытталды.

Гуандун өлкелік дәстүрлі қытай медицинасы ауруханасы сүйек-жарақат орталығының директоры Линь Динкунь атап өткендей, оқу курсы хирургиялық технологиялармен бөлісумен қатар, Линьнань дәстүрлі қытай медицинасы мен қазақ ұлттық медицинасы арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта тараптар «Қытай–Қазақстан сүйек-жарақат ғылыми-зерттеу орталығын» құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жобаны 2026 жылы іске қосу жоспарланған.

Айта кетейік, аталған медициналық мекеме Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия елдерімен көпжылдық ынтымақтастық орнатқан.

Сонымен қатар осы аптада «Халық газеті» басылымында «Қытай компаниясы салып жатқан Қазақстанның ірі жел электр стансасы жобасының құрылысын бастау рәсімі өтті» деген ақпарат жарық көрді.

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, 2026 жылғы 9 сәуірде Астана қаласында Қазақстандағы «Мирный» қуаты 1 гигаватт болатын жел электр стансасы жобасының құрылысы басталды.

Жобаны жүзеге асыруға Shanghai Electric бас мердігерлер бірлестігінің жетекшісі ретінде қатысуда. Компания негізгі жабдықтарды жеткізіп, кешенді техникалық шешімдер ұсынады.

Аталған жоба TotalEnergies, Самұрық-Энерго және ҚазМұнайГаз компаниялары бірлесіп құрған кәсіпорын арқылы іске асырылып жатыр.

Мәліметтерге сәйкес, құрылыс мерзімі 31 айды құрайды. Жоба 2028 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Жел электр стансасы жылына шамамен 4 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл өз кезегінде көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 3,2 млн тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Иран мен Орталық Азия тарихын зерттеген жаңа кітап таныстырылды - ParsToday

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, ирантанушы ғалым Ғалия Әмзеқызы Қамбарбекованың кітабының таныстырылымы өтті, деп жазды ParsToday ақпарат агенттігі.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, тұсаукесер барысында автордың «Ортағасырлық Иран: Археография және дереккөздер (XIII–XVIII ғғ.)» атты монографиясы көпшілікке таныстырылды.

Іс-шараға ғалымдар, студенттер және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында Алматы қаласындағы Иран Мәдени өкілдігінің басшысы Хоссейн Ағазаде, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры Қ.Е. Төрәлі, шығыстанушы ғалым, профессор Клара Хафизова және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті өкілі Салтанат Джакубаева құттықтау сөз сөйледі.

Ирандық БАҚ-тың дерегінше, автор өз сөзінде монографияның Иран мен Үндістан қорларында сақталған қолжазба деректер негізінде дайындалғанын атап өтті. Еңбекте Алтын Орда мен Қазақ хандығының тарихы, сондай-ақ Орталық Азияның мәдени-рухани мұрасына қатысты материалдар талданған.

Еуропада авиациялық отын тапшылығы туындауы мүмкін – TRT

Еуропада авиациялық отын қоры шектеулі болуы ықтимал. Бұл туралы Халықаралық энергетика агенттігі (ХЭА) бас директоры Фатих Бирол мәлімдеді, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы.

«TRT»-ның дерегіне сүйенсек, оның айтуынша, қолда бар бағалауларға сәйкес, кейбір өңірлерде авиациялық отын шамамен алты аптаға ғана жетуі мүмкін. Егер мұнай жеткізу тізбегіндегі қиындықтар шешілмесе, жақын арада әуе рейстеріне шектеу енгізілуі ықтимал.

ХЭА басшысы қазіргі жағдайды соңғы уақыттағы ең ірі энергетикалық дағдарыстардың бірі ретінде сипаттады. Оның сөзінше, Ормуз бұғазы арқылы өтетін мұнай, газ және өзге де стратегиялық ресурстар тасымалының бұзылуы жаһандық нарыққа айтарлықтай әсер етіп отыр.

-Еуропа қазір өте күрделі жағдайда тұр. Бұл жағдай жаһандық экономикаға елеулі ықпал етеді. Дағдарыс ұзаққа созылған сайын инфляция мен экономикалық өсімге кері әсер күшейеді, – деді Фатих Бирол.

Оның пікірінше, энергетикалық дағдарыстың алғашқы салдарын Таяу Шығыс энергия ресурстарына тәуелді Азия елдері сезінеді. Олардың қатарында Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Қытай, Пәкістан және Бангладеш бар.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Сәуір 2026 11:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

17 Шілде 2026 12:19see121

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

17 Шілде 2026 17:09see116

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

17 Шілде 2026 11:25see114

Астанада апатты жағдайға арналған ерекше канал бар. Ол қалай жұмыс істейді?

17 Шілде 2026 10:54see113

АҚШ та 400 мыңға жуық қайтыс болған адам әлі де сайлаушылар тізімінде тұр

17 Шілде 2026 23:10see113

ӘЧ 2026 Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойын ​кейінге ​шегерілуі мүмкін

17 Шілде 2026 23:48see112

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

17 Шілде 2026 15:35see112

Павлодар маңынан төрт мың жылдық бірегей қорым табылды

18 Шілде 2026 09:47see111

Алтын еденде шашылып жатты астыртын цехтың видеосын АФМ көрсетті

17 Шілде 2026 16:19see111

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

17 Шілде 2026 13:11see111

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

17 Шілде 2026 12:12see111

Air Astana дағы миллиардтық жымқыру: апелляция үкімді күшінде қалдырды

18 Шілде 2026 11:21see111

Қауіп төндірді . Қазақстандықтардың шағымынан кейін қауіпті нысан бұзылды

18 Шілде 2026 17:24see111

Алматы облысында реновация бағдарламасы бойынша 22 үй бұзылады мекенжайлар тізімі

18 Шілде 2026 10:09see110

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның креативті индустрия саласындағы ынтымақтастығы артады

17 Шілде 2026 12:49see110

Еліміздің өңірлерінде өндіріс қарқыны артып келеді

17 Шілде 2026 12:07see109

Астана тұрғыны СОБР қызметкерлері өзін аяусыз соққыға жыққанын айтып шағымданды

17 Шілде 2026 18:31see109

Түркілер жаңбырды қалай шақырған: бұған қытайлар мен ацтектердегі нефритке табынудың қандай қатысы бар?

17 Шілде 2026 12:01see109

Ертеңгі маманның бүгінгі қадамы

18 Шілде 2026 05:05see106

4 тонна алтын құрамды материал мен қару жарақ: Қазақстанда жасырын цех анықталды

17 Шілде 2026 16:19see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары