Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Мұнай газ саласы маңызды бағыт

Мұнай газ саласы маңызды бағыт

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Партия Төрағасы Айбек Дәдебай атап өткендей, Қазақстанның жаңа инвестициялық кезеңге қадам басуы мұнай-газ саласын дамытуға қатысты тың тәсілдерді талап етеді. Оның айтуынша, бүгінде басымдық тек табиғи ресурстарды өндіруге ғана емес, сонымен қатар технологияларды, адами капиталды және қосылатын құны жоғары өндіріс орындарын дамыту ісіне берілуге тиіс.

«Экономикалық саясат өндіріс көлемін ұлғайтуға ғана емес, ел ішінде жаңа құндылық қалыптастыруға бағытталуы қажет. Бұл – заманауи өндірістерді дамыту, жаңа технологияларды игеру, қазақстандық кәсіп­орындардың әлеуетін нығайту және азаматтарға тың мүмкіндіктер ұсыну», – деді Айбек Дәдебай.

Кездесу барысындағы негізгі тақырыптардың бірі – геологиялық барлау жұмысы. KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов бұл бағытты одан әрі дамыту үшін инвестиция тартудың тиімді тетіктерін қалыптастырып, салалық реттеуді жетілдіру қажет екенін атап өтті.

«Силлено» компаниясының бас директоры Мұхтар Авутбаев мұнай-газ химиясын дамытуға бағытталған нақты жобаларды таныстырды. Оның айтуынша, бүгінде құрылыс жұмысы жүріп жатқан полиэтилен өндіретін зауыт пайдалануға берілгеннен кейін жылына 1,25 миллион тонна өнім өндіріп, мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға және сабақтас салаларда қосымша жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол аталған жобаны жүзеге асыруға бүгінде 34 қазақстандық компания қатысып жатқанын мәлімдеді.

Талқылау барысында тәуелсіз мұнай өндіру секторына да назар аударылды. PetroMining қауымдастығының төрағасы Саятбек Боранбеков қауымдастық құрамындағы компаниялар Қазақстандағы мұнай өндірісі көлемінің 20%-дан астамын қамтамасыз етіп отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, саланы одан әрі дамыту үшін баға қалыптастырудың ашық әрі экономикалық тұрғыда негізделген тетіктерін қалыптастыру қажет.

«Осы алаңда сала өкілдері жүйелі мәселелерді ашық талқылай алатыны қуантады. Біздің ойымызша, ашық баға индикаторларын қалыптастыру қадамы саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және жаңа кен орындарын игеруге қолайлы эко­номикалық жағдай жасайды», – деді Саятбек Бо­ранбеков.

Қатысушылар мұнай сервистік қызметтерін, мұнай-газ машина жасау ісін дамыту, ресурстық базаны кеңейту және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілетін арттыру барысына да ерекше назар аударды. Партия Төрағасы Айбек Дәдебайдың айтуынша, бұл бағыттарды дамыту қадамы заманауи индустриялық экономиканы қалыптастыру ісінің маңызды құрамдас бөлігі саналады.

«Қазақстанның басты байлығы – табиғи ресурстарды тиімді игеріп, оны мемлекет дамуына қажет жаңа мүмкіндіктерге айналдыра алатын адамдар. Егер инженерлерге, кәсіпкерлерге және өндірушілерге қажетті жағдай жасалса, Қазақстан табиғи ресурс­тарымен ғана емес, өз технологияларымен, өндірісімен және қуатты отандық компанияларымен де танылады», – деді ол.

Талқылау жұмысын қорытындылай келе партия Төрағасы мұндай сарапшылар алаңы мұнай-газ саласын дамытуға қатысты ортақ ұсыныстар әзірлеуге және оны одан әрі дамыту ісінің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:175
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 04:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see136

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see134

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see133

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see132

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see131

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see125

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see125

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see122

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see118

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see116

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see116

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see115

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see111

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see109

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары