Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Мұнайлы өлкенің экономикалық әлеуеті артты

Мұнайлы өлкенің экономикалық әлеуеті артты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Батыс Қазақстан облысында экономиканы тұрақты дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Инвестициялар көлемі артып, шағын және орта бизнеске қолдау күшейді. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында жаңа жобалар іске асып жатыр. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы жан-жақты әңгімеледі.

Облыс экономикасының басым бағыттары – мұнай-газ, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс индустриясы, агроөнеркәсіп кешені. Осы салаларда 30 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олар ішкі нарықты бәсекеге қабілетті өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа да экспорттайды. Жыл басынан бері облысқа 567 млрд теңге көлемінде инвес­тиция тартылған. Оның 80%-ы немесе 453 млрд теңгесі жеке сектордың үлесіне тиесілі.

Биыл облыстың құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 9%-ға, тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 4,1%-ға артып, негізгі капиталға салынған инвестициялар 1,2%-ға өсті. Ішкі сауда көлемі – 0,7%-ға, көлік қызметтері – 1,2%-ға, бай­ланыс қызметтері – 6,2%-ға, өнер­кәсіп – 3,6%-ға, ауыл шаруа­шылығының жалпы өнімі 6,4%-ға артқан. Өткен үш жылда жалпы өңірлік өнімнің көлемі 4,4 трлн теңгеден 4,7 трлн тең­геге немесе 6,5%-ға өскен.

Жалпы, облыс бюджеті 33,5%-ға ұлғайып, 475 млрд теңгеден 634 млрд теңгеге жеткен. Мемлекеттік бюджетке 1,6 трлн теңге түссе, оның ішінде 597 млрд теңге жер­гілікті бюджетке, 990 млрд теңге республикалық бюджетке бағытталды. Сонымен қатар Ұлттық қорға 2,8 трлн теңге аударылды. Орташа жалақы 316 мың теңгеден 369 теңгеге немесе 16,6%-ға артқан.

Алдағы бес жылда облыс­та 73 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 4,4 трлн теңгеге 10 мыңнан ас­там жаңа жұмыс орны ашыла­ды деген болжам бар. Облыс экономикасын әртараптан­дыру­дағы стратегиялық маңыз­ды бағыттардың бірі – өңдеу өнеркәсібі. Осы бағыт жүйелі түрде дамыса, өңірде жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірістік әлеует артады әрі экономикалық өсім тұрақты негізде өседі.

«Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 17%-ға өсіп, 303 млрд теңгені құрады. Тікелей шетелдік капиталды тарту мақсатында биыл облыс делегациясы Чехия, Ресей, Иран, Қытай, Оңтүс­тік Корея елдеріне барып, бірқатар әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Өнеркәсіп, құрылыс, медицина, энергетика, ауыл шаруа­шылығы салаларында жалпы құны 1 трлн теңге болатын жобалар жөнінде меморандум­дарға қол қойылды. Маңыз­ды ірі бастамалардың бірі – «Batys POWER» компания­сы қытайлық инвесторлар­мен бірлесіп жүзеге асыруды жоспарлап отырған газ турбиналы электр стансасының қуатын 414 МВт-қа дейін арттыру жобасы. Сонымен қатар «ZhaikPetroleum Ltd» компаниясы мен Қытайдың «Foshan City Construction Engineering Co» компаниясы жылына 130 мың тонна метанол өндіру кешенін салуды бастады», деді өңір басшысы инвестициялық жобалардың ретін баяндай келіп.

Бұдан өзге ірі жобалар­дың бірі ретінде Қытай­дың «Chengtian Runkang Pharmaceutical» компаниясы­мен «Киік етін қайта өңдеу» жо­басын айтуға болады. Сол секіл­ді Чехияның «Склострой» компаниясымен «Контейнер­лік шыны өндіруге арналған жабдықтар шығару» жобасы жөніндегі жұмыстар да басталды. Ирандық «Персист-Kaзах» компаниясы өңірдегі «Пуш Руно» тері өңдеу зауытының жұмысын қайта жаңғыртуды қолға алса, Ресейдің «Красная звезда» компаниясы Орал қаласындағы кәріз жүйесін тазарту нысаны құрылысын жобалау жұмыстарын бастады.

Жыл басынан бері агро­­өнеркәсіп бағытына 50,6 млрд теңге көлемінде қолдау көр­сетіл­ген. Ауыл шаруашы­лығының жалпы өнім көлемі 6,4%-ға артып, 281 млрд теңгеге жеткен. 2025–2027 жылдары ауыл шаруашылығы сала­сында жалпы құны 68,1 млрд теңгені құрайтын 54 инвес­тициялық жобаны іске асыру арқылы 870 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Биыл жалпы құны 15,4 млрд теңге болатын 18 жоба жүзеге асқан. Нақтыласақ, 1,5 мың га суармалы жерлерді айналымға енгізу жөніндегі 5 жоба, 4,8 мың тонналық 2 тауарлы сүт фермасы, 3 мың басқа арналған бордақылау алаңы іске қосылды. Енді 2027 жылға дейін 29 мың басқа арналған 11 бордақылау алаңын салу жос­парланып отыр. Жобаларды іске асыру арқылы өңірдегі бор­дақылау алаңдарының жал­пы сы­йымдылығын 75 мың бас­қа жеткізу мақсаты қойылған.

Инвестициялық жобаларды іске асыруда кейінгі 3 жылда республикалық бюджеттен арнайы бағдарлама аясында 21 млрд теңге қаражат бөлініп, 12 жоба қаржыландырылған.

«12 жобаның ішінде 5 сүт-тауарлы ферма, 2 көкөніс сақтау қоймасы, 2 бордақы­лау алаңы, 2 сүтті қайта өң­деу кәсіп­­орындарын құру жө­нін­дегі жобалар бар. Бұл жобалар өңірдің сүт және сүт өнім­дерімен қамтамасыз ету дең­гейін 22,3%-дан 39%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін негіз­гі 23 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Былтыр қайта өңделген өнім көлемі 208 мың тоннаны немесе 64,5%-ды құрады. Бұл көрсеткішті 2026 жылы 70%-ға жеткізуіміз қажет. Бұдан өзге, егін шаруашылығы да серпінді дамып келеді. Кейінгі екі жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 15 мың гектарға ұлғайып, 638 мың гектарға жетті», деді Н.Төреғалиев.

Облыстың табиғи климат­тық ерекшеліктері мал өсіру­ге бұрыннан қолайлы. Мұның дәлелі – бүгінде ауыл шаруа­шылығындағы жалпы өнім­нің 60%-ы осы салаға тиесілі. Республика көлемінде етті бағыттағы ірі қара мал санының 42%-ы өңірде өсіріледі. Облыс  –қазір ірі қара мал басы жөнінен елімізде екінші орында.

Мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын одан әрі арттыру мақсатында облыс әкімдігі суармалы егін алқабын кеңейтуге ерекше көңіл бөліп отыр. Биыл облыстық бюджеттен осы мақсатқа 3 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ суармалы жер көлемін 12,4 мың гектардан 2028 жылға қарай 38 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл алқаптар­да мал азығы дақылдарымен қатар, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша 3 мың га картоп, көкөніс өнімдері егіледі.

Облыста былтыр іске аса бастаған «Қаладан – ауылға» жобасы қысқа мерзім ішінде ауыл тұрғындары мен қоныс

аударушылар тарапынан қолдау тапты. Жоба аясын­да қала­дан 195 отбасы ауылға қоныс аударды. Бұл отба­сылардың барлығы да баспанамен қамтылған. Ауылдағы халық санын тұрақ­тандыру, экономикалық бел­сенділікті арттыруға бағыт­талған бағдар­ламаның нақты нәтижесі қазір­дің өзінде көріне бастады.

«Қоныс аударған азамат­тардың 216-сы тұрақты жұмыс­қа орналасып, ауылдың әлеу­меттік-экономикалық дамуына үлес қосып жатыр. Олардың ара­сында дәрігер, мұғалім, өзге де қажетті салалардың маман­дары, сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқы­лы өз кәсібін ашқан азаматтар да бар. Аталған іс-шара­лар­дың арқасында ауыл­дар­дағы кадр тапшылығы мәсе­лесі шеші­мін тауып, жабылу­дың алдын­да тұрған бірне­ше мектеп өз жұмысын жалғас­тыру мүмкін­дігіне ие болды. Бұл – «Қаладан – ауыл­ға» жо­басының ауыл әлеуе­тін арттыру­дағы ма­ңыз­ды қадамға айналға­ны­ның ай­қын дәлелі», деді облыс әкімі.

Облыста әлеуметтік сала­ның, оның ішінде медицина, білім бағыттарының дамуы да қалыпты. Нақты сандарға жүгінсек, Денсаулық сақтау саласында 2023 жылдан бері 52 денсаулық сақтау нысаны салынған. Оның ішінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 50 медициналық нысан пай­далануға беріліп, Прези­дент тапсырмасы толық орын­далған. Биыл Қазталов, Бөрлі аудандарында ауданаралық ауруханалардың құрылысы басталған. Үш жылда денсау­лық сақтау саласына 442 дәрі­гер тартылып, оның 236-сы ауыл­дық жерге жолданды. Ме­дицина саласы­ның материал­дық-техни­калық жағ­дайын жақ­сар­туға 5,1 млрд теңге бөлініп, 100-ге жуық заманауи ме­ди­ци­налық құрал-жабдықтар алынған.

Өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасау мақсатында 2023 жылдан бері облыс­та заман талабына сай 27 жаңа мектеп пайдалануға беріл­ген. Жыл соңына дейін тағы 3 жаңа білім мекемесі ашылады. Мектептердің 22-сі ауыл­дық елді мекендерде орна­ласқан. Бұл ауылдық жерде тұратын балалардың білімге қолжетімділігін арттырып, ауыл мен қала оқушыларына тең мүмкіндіктер қалыптас­тыруға жол ашады.

Баспасөз мәслихатының соңында облыс әкімі бұ­қара­лық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:190
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары