Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Мұраға қалған миллиондардың машақаты

Мұраға қалған миллиондардың машақаты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Салдарынан шаһардың жүздеген көпқабатты үйлері әлі күнге қарапайым игіліктердің өзіне қол жеткізе алмай келеді. Үйлердің аулалары абаттандырылмай, подъездерінің жарық шамдары жанбай, көгілдір отын баллонын күні бүгінге дейін белі қайысып баспалдақпен көтеріп жүргендер жетерлік. Ащы жанайқайын жыл сайын әкімдікке барып, есептік кездесулерде тікелей көтеріп, әлеуметтік желілерде өкпе-назын жіпке тізгенімен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қордаланған мәселелер шешімін таппай тұр.

Кеңес дәуірінен бері келе жатқан пәтер иелері кооперативінің орнына кейінгі кезде тұрғын үйлерді басқарушылық компанияларға беру тым кең етек алғаны рас. Құзырлы сала осылайша ондаған жылдар бойы қордаланған жайттарды азғантай уақыт ішінде тиімді түрде шешуді көздеген. Алайда бұл қаражаттың заң алдын­дағы иесі кім екені, банкротқа ұшыра­са яки кенеттен қайтыс болған жағдайда ұсынылған қаражаттың «желге ұшу» ықтималдылығы ескерілмей қалғанға ұқсайды. Жуырда ғана Көкшетауда болған екі бірдей қайғылы оқиға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының заңнамалық тұрғыда да, жергілікті билік тарапынан бақылау жағынан да аса қиын жағдайда екенін аңғартты. Яғни, мәселен, баспана иелері өз тұрғын үйлеріндегі лифт қызметін жөндеу, электр жарығын қалпына келтіру, аулаларын абаттандыру сияқты тағы да басқа қажетті жұмыстарға қара­жаттарын уақытында бөлгенімен, ол ақшаның қорғалуына заң жүзінде жауап берілмейтін болып шықты. Басқарушы компания басшысы қайтыс болса, ол ақшаның қорғалуы да күмәнді болып отыр. 

Заң қорғамаған ақша

Кейінгі алты ай ішінде Көкшетауда көпқабатты үйлерді басқаратын екі бірдей компанияның басшысы күтпеген жерден өмірден өтті. Бұл оқиғалар тек адами қайғы ғана емес, тұрғындардың жылдар бойы жинаған қаржысының тағдырына қатысты аса үлкен мәселені де күн тәр­тібіне шығарды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының жілігін шағып, майын ішкен сарапшы маман Айгүл Арынованың айтуынша, алғашқы жағдайда қайтыс болған әйел тек басқарушы компанияның жетекшісі ғана емес, өзі қызмет көрсеткен әрбір үйдің мүлік иелері бірлестігінің де төрайымы болған. Осы жағдайдың өзі мемлекеттік бақылаудың тым әлсіздігін аңғартады.

– Бұл мәселені қалалық тұрғын үй инспекциясы дер кезінде бақыламаған сияқты. Әйел қайтыс болғаннан кейін басқарушылық компанияның қарауындағы бұл үйлердің аса қомақты сомадағы қарызы бар екені анықталды. Тіпті тұр­ғындарға лифт қызметі тоқтатылды. Абырой болғанда, әр үйде жеке мүлік ие­лері бірлестігі болғандықтан қаражат үйлердің есепшотында сақталып, мәселе біртіндеп шешілді, – дейді Айгүл Арынова.

Алайда екінші оқиға бұдан әлдеқайда күрделірек болған. Қызығы сол, компания­ның басшысы қайтыс болған соң, тұрғын­дардың жинаған ақшасы сол компания басшысының ұрпағына «мұра» болып қалған. Сонымен тарқатып айтсақ. Басқарушы компания шамамен он көпқа­батты үйге қызмет көрсеткен. Компания жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Басшы қайтыс болғаннан кейін ешкім күтпеген жайтқа тап болады. Осы үйлердің барлы­ғынан тұрғындар жинаған қаражат сақ­талған барлық банк шоттары заң бойынша марқұмның мұрагерлеріне өтіп кеткен. Сонымен бірге әр үйдің электр энергиясы мен лифт қызметі үшін де қыруар көлемде берешегі бары анықталған. Енді тұрғындар сотта немесе басқа құқықтық тәртіппен банктегі қаражаттың жеке кәсіпкердің емес, нақты сол үйлерден алынған өз ақшасы екенін дәлелдеуге мәжбүр.

Бұл – тұрғындардың өз ақшасына өзі иелік ете алмайтын құқықтық парадокс болып отыр. Яғни заңдық тұрғыдан алғанда тұрғындардың қауіпсіздігі аяқасты қалғаны анық аңғарылады. 

Қауіп тек өліммен шектелмейді

Сарапшының айтуына қарағанда, мәселе мұнымен де аяқталмайды. Егер басқарушы компанияның басшысы өзінің жеке мақсаттағы қарыздарын өтей алмай банк алдында борышкерге айналған жағдайда, сол компания басқаруындағы тұрғын үйлер де қарызға белшесінен батады. Яғни компания иесінің есепшот­тарына тыйым салынса, салық немесе сот орындаушылары шектеу қойса, сон­дай-ақ жиналған қаражатпен ізін суытып ізім-ғайым қашып кеткен жағдайда да тұр­ғындардың ақшасы сол кәсіпкердің мүлкімен бірге бұғатталуы немесе өндіріп алынуы әбден мүмкін.

– Осы бір көріністерден заңнаманың әлсіз әрі шикі тұстары ашық көрінді. Қазіргі модель тұрғындардың қаражатын басқарушы компаниялардың кәсіпкерлік тәуекелінен мүлдем қорғай алмайды, – дейді Айгүл Арынова.

Бұл пікірмен Астанадағы «Территория права» қоғамдық бақылау тобының жетекшісі Павел Шульгин де келісетінін жеткізді. Оның айтуына қарағанда, мәселе тек жеке кәсіпкерлерге ғана қатысты емес. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік рет­інде тіркелген басқарушы компания­ларда да тәуекел жеткілікті.

– Заңды тұлғаның жүздеген есепшоты болуы мүмкін. Әрқайсысын белгілі бір үйге қатысты деп есеп айырысу орталығына тіркеп қояды. Бірақ компанияның өзі банкрот болуы, қызметін тоқтатуы, бо­рыш­керге айналуы немесе есепшоттарына тыйым салынуы әбден мүмкін, – дейді Павел Шульгин.

Оның сөзінше, ең күрделі мәселенің бірі – коммерциялық құпия. Тұрғындар өздері жинаған ақшаның нақты қанша көлемде түскенін немесе қаншасы жұмсалғанын банк арқылы да, басқарушы компания арқылы да толық біле алмайды.

– Егер сіз басқарушы жауапкершілігі шектеулі серіктестік есепшотындағы ақша қозғалысын сұрасаңыз, ешкім толық есеп беруге міндетті емес. Себебі ком­мерциялық құпия ұғымы бар, – дейді сарапшы.

Яғни тұрғындардың қаражаты болға­нымен, оны өздерінің тікелей бақылауға алуына мүмкіндігі жоқ.

Барлық басқарушы компания бірдей емес

Дегенмен бұл пікірмен Көкшетаудағы «Алтын-Тірек» басқарушы компаниясының басшысы Золотхан Озиева толық келіс­пейтінін ашық айтты. Оның айтуын­ша, мәселе компанияның құқықтық мәрте­бесінде емес, қаржының қалай ұйымдас­тырылғанында болып отыр.

– Мәселен, біздің компания жауапкер­шілігі шектеулі серіктестік ретінде тіркелген. Әр үйдің жеке есепшоты бар. Қауіп барлық қаражат бір ғана жеке кәсіп­кердің есепшотында жиналған кезде туындайды. Ондай жағдайда оның қайсысы кәсіпкердің жеке ақшасы, қайсысы тұрғындардың қаражаты екенін дәлелдеу қиын, – дейді Золотхан Озиева.

Көкшетаудағы бес қабатты үйдің мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Дмитрий Данько заң талаптары дұрыс сақталса, тұрғындардың қаражатын қорғауға болатынын айтады. Оның сөзінше, ол үшін әр үйде ағымдағы есепшот сондай-ақ жинақтау есепшоттары болуға тиіс. Бұлардың екеуі де мүлік иелері бірлестігінің атына рәсімделеді. Төраға тек ағымдағы шоттағы қаражатты ғана пайдалана алады. Ал жинақтау қорындағы ақша тұрғындар­дың кемінде 51 пайызы келісім берген жағдайда ғана жұмсалады.

– Мен де осы үйдің тұрғынымын. Ақша­ны алып қашып кетемін деу қисын­сыз. Әр айдың 20-сында басқарушы компания есеп береді. Мұны тұрғын үй инс­пекциясы да тексереді, – дейді Дмитрий Данько.

Дегенмен Павел Шульгиннің пікірінше, мүлік иелері бірлестігінің есепшотына басқарушы компанияға сенімхат беру де қауіпсіз шешім емес. Өйткені заң бойынша тұрғындардың қаражатына түпкілікті жауап беретін адам – мүлік иелері бірлестігінің төрағасы. Егер қаражат заңсыз жұмсалса немесе жоғалса, жауап­кершілік те соған жүктелмек. Сондықтан сарапшы жұмыстарды тек келісімшарт негізінде орындап, төлемді нақты орындалған қызмет үшін ғана жүргізуді ұсынады.

Павел Шульгин көтерген тағы бір мәселе – тұрғындардың жинақ қорындағы қаражаттың тым құнсызданып кетуі болды. Оның есебінше, екінші деңгейлі банктердің есепшоттарында көпқабатты үйлердің ондаған миллиард теңге көлем­індегі жинақ қаражаты сақтаулы. Алайда жеке тұлғалардың депозиттері жылына 10-20 пайызға дейін табыс әкелсе, заңды тұлғалардың шоттарына ұсынылатын сыйақы мөлшерлемесі небәрі 7-10 пайызды құрайды. Инфляция жағдайында бұл қара­жаттың сатып алу қабілеті жылдан-жылға төмендей береді.

Бүгін жиналған ақша бірнеше жылдан кейін жоспарланған күрделі жөндеуге жетпеуі әбден мүмкін.

Көкшетаудағы екі бірдей қайғылы оқиға бір ғана қаланың мәселесі емес. Бұл – Қазақстандағы тұрғын үй-комму­налдық шаруашылық жүйесінің инсти­туционалдық және заңдық тұрғыдан әлсіздігін көрсеткен нақты мысал. Бүгінде елімізде тұрғындардың миллиардтаған теңгесі жеке кәсіпкерлердің немесе коммерциялық ұйымдардың есепшоттары арқылы айналымға түскен. Бірақ сол қара­жаттың меншік құқығы, құқықтық қорғалуы және төтенше жағдайлардағы тағдыры нақты қалай болатыны әрі толық реттелмеген болып шықты.

Сарапшылардың пікірінше, заңнамада кем дегенде бірнеше мәселе қайта қаралуға тиіс. Біріншіден, тұрғындардың қаражатын басқарушы компанияның жеке активтері­нен толық ажырату керек. Яғни басқарушы компания банкрот болған немесе басшысы қайтыс болған жағдайда қаражаттың автоматты түрде тұрғындарға тиесілі екені заңмен бекітіліп берілуі керек. Сонымен қатар әр үйдің есепшотына толық ашық цифрлық бақылау енгізу, тұрғындардың қаражатын үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан қорғаудың арнайы тетігін қалыптастыру түйінді түйткілдің уақыт создырмай шешімін табуына ықпал етеді. Өйткені тұрғындардың ай сайын төлейтін ақшасы – басқарушы компанияның табысы емес. Ол – тұрғындардың ортақ мүлкі. Егер заң осы қаражатты толық қор­ғай алмаса, кез келген күтпеген жағдай мыңдаған отбасының жылдар бойы жина­ған қаржысын бір-ақ сәтте «желге ұшыруы» әбден мүмкін.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 05:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары