Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

Семей орманы өртеніп жатыр: Бектенов Абай облысына екі министрді жіберді

Қазақстан BYD мен технологиялық ынтымақтастықты дамытып жатыр

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Жазда балконға бақша жасау: жеміс емес, көкөністер мен шөптер, саяжайсыз және қиындықсыз

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776 ға жетті

АЙҚЫН ЛИТЕР ЖШС Құрылтай депутаттығына үміткерлерге газет пен сайт алаңын ұсынады

Қоқыстан электр энергиясы: Қазақстанда 300 млрд теңгеге қалдық өңдеу зауыттары салынады

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды

Омарташылар субсидияға мұқтаж

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

Алтын еденде шашылып жатты астыртын цехтың видеосын АФМ көрсетті

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті, олардың бірі кәмелетке толмаған бала

Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?

Мұз айдынындағы жаңа үміт: Мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев туралы не білеміз?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

24-29 наурыз аралығында Чехияның Прага қаласында мәнерлеп сырғанаудан Олимпиададан кейінгі маңызды бәсеке – әлем чемпионаты өтеді. Жаһанның ең үздік мәнерлеп сырғанаушылары тартысқа түсетін дүбірлі додада Қазақстан атынан ерлер арасындағы жекелей сында – Диас Жиренбаев, әйелдер арасында Италияда өткен ХХV қысқы Олимпиадада үздік ондыққа енген – Софья Самоделкина өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: figure-skaters.ru

Милан Олимпиадасының чемпионы Әлем біріншілігіне неліктен қатыспайды?

Михаил Шайдоров Милан төріндегі төртжылдықтың басты бәсекесінде елімізде мәнерлеп сырғанау мектебінің жоғары деңгейі қалыптасқанын жарқын жеңісімен айқындады. Десе де, Олимпиада чемпионы әлем біріншілігіне қатыспайды. Қазақстанның мәнерлеп сырғанау одағы оған салмақты себеп барын атап өтті.

«2025 жылдың қаңтар 2026 жылдың ақпан айына дейінгі кезеңде Михаил Шайдоров әлем чемпионаты, Азия ойындары, Төрт құрлық чемпионаты, Гран-при кезеңдері мен финалы, сондай-ақ Олимпиада ойындарын қоса алғанда ауқымды 10 халықаралық жарысқа қатысты. Бұл – физикалық және психологиялық тұрғыдан өте үлкен жүктеме. Біз чемпионымызға толыққанды демалыс беруді жөн көрдік. Сондай-ақ ол осы уақыт аралығында тиісті қалпына келтіру және оңалту шараларынан өтеді», деп түсіндірді Қазақстан мәнерлеп сырғанау құрамасының бас бапкері Әсем Қасанова.

Прагадағы тартыс тәжірибелі мәнерлеп сырғанаушылар мен жас таланттар арасында өрбиді

Жыл сайынғы дәстүрлі біріншілікке әлемнің 50 елінен 200-ге жуық үздік мәнерлеп сырғанаушы қатысады. Прагада ұйымдастырылатын «мұздағы бәсекеде» тартыс тәжірибелі спортшылармен қатар «жас жұлдыздар» арасында өрбімек.  

Мәселен, Миландағы Олимпиаданың күміс және қола жүлдегерлері Юма Кагияма мен Сюн Сато, 8-орын алған АҚШ өкілі Илья Малинин, сондай-ақ саладағы тәжірибелі мәнерлеп сырғанаушылар Адам Сяо Хим Фа (Франция), Даниэль Грассль (Италия), Маттео Риццо (Италия), Джейсон Браун (АҚШ) да чемпиондық атақты иеленуге үмітті.

Адуынды қарсыластармен айқасқа Қазақстан атынан 2003 жылы туған Тараз қаласының тумасы Диас Жиренбаев түседі. Диас Жиренбаевтың қолына Халықаралық конькишілер одағы ұйымдастыратын бәсекеде өнер көрсету жолдамасы жайдан-жай берілген жоқ. Ол Германияда өткен халықаралық NRW Trophy 2025 турнирінде елімізді лайықты түрде таныстыра алды. Спортшы осы сында 4-орынға ие болып, маңызды техникалық минимумды орындады.

Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?

Бұл нәтиже оған Прагада өтетін әлем чемпионатында өнер көрсетуге мүмкіндік сыйлады. Бүгінде халқымыз даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мен қысқы Олимпиада ойындарында елімізге 32 жылдан кейін алтын медаль тарту еткен Михаил Шайдоровтың ізін жалғаушы талант туралы не біледі?

Мұз айдынға алғаш рет 9 жасында барды 

Диас мәнерлеп сырғанаумен салыстырмалы түрде кеш – 9 жасында Астана қаласындағы Оқушылар сарайында айналыса бастаған. Жас дарынның алғашқы бапкері – Владимир Викторович Руди.

Ал әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алған мәнерлеп сырғанаушыны 2021 жылдан бастап Алматыдағы Denis Ten Academy академиясында Оксана Тен баптап жүр.

Диас Жиренбаев жыл өткен сайын мұздағы көрсеткішін жақсартып келеді. Ол 2024-2025 жылғы маусымда спорт шеберлері арасында мәнерлеп сырғанаудан өткен Қазақстан чемпионатында бірінші тұғырдан көрінсе, жалпы ел біріншілігінде 4 рет күміс, 2 рет қола медаль қанжығалаған. Отандасымыз халықаралық аренада да сәтті өнер көрсетіп, ISU (Халықаралық конькишілер одағы) қамқорлығымен өтетін көптеген халықаралық турнирлерде бақ сынап жүр. 2022 жылдан бері Қазақстан атынан Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетіп келеді. 2025 жылы Харбинде өткен Қысқы Азия ойындары мен Қысқы Универсиадада бақ сынады. Сондай-ақ ол ISU Challenger Series турниріне тұрақты түрде қатысып, шеберлігін шыңдап келеді.
Айта кетейік, Диас халықаралық жарыстардан бос қайтып жүрген жоқ. Мәселен, 2022 жылғы Denis Ten Memorial Challenge турнирінде күміс жүлде иеленсе, 2024 жылы Люксембургте өткен Coupe du Printemps 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. 2023 жылғы Denkova-Staviski Cup 2023 және 2022 жылғы Sofia Trophy 2022 халықаралық турнирлерін қола медальмен қорытындылады.

Мәнерлеп сырғанаушының командасы қазіргі уақытта Диас Жиренбаевтың Прагада өтетін әлем чемпионатына қызу дайындалып жатқанын жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар

Қор нарығын дамытудың жаңа кезеңі басталады

Қаржы • Бүгін, 17:49

30 жерден пышақ сұққан: 7 баланың әкесін өлтірді деген күдікпен әйелі мен енесі ұсталды

Оқиға • Бүгін, 17:38

Рустам Әли Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 17:30

Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Президент • Бүгін, 17:27

Әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді

Қоғам • Бүгін, 17:18

SCAT әуе компаниясы Маскаттан 314 жолаушыны елге жеткізді

Оқиға • Бүгін, 16:58

Депутат Ирандағы балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді

Парламент • Бүгін, 16:40

Азаматтардың 90%-ға жуығы жаңа Конституция жобасын қолдайды

Ата заң • Бүгін, 16:34

Шетелдегі соғысқа азаматтарды тарту: Депутат заңнаманы қайта қарауды ұсынды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:26

Өнер майталмандары референдум туралы пікірлерін білдірді

Референдум • Бүгін, 16:21

Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусинді қабылдады

Президент • Бүгін, 16:21

Ақтөбеде қуаттағыш құрылғы жарылып, бір отбасы зардап шекті

Оқиға • Бүгін, 16:17

Ермұрат Бапи: Әлемде саяси ахуал ушыққан тұста жаңа Конституция жобасының маңызы арта түсті

Қоғам • Бүгін, 16:08

«Хабар» мен 24KZ жаңа маусымда көрерменге қандай жобалар ұсынады?

Қоғам • Бүгін, 15:59

Депутат экс-шенеуніктердің Дубайдағы мүлкіне құқықтық баға беруді талап етті

Қоғам • Бүгін, 15:49

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:90
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Наурыз 2026 18:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шымкентте +43 градус ыстық: полицейлер аулада жүрген балаларға ерекше сый жасады

17 Шілде 2026 12:19see115

Қыз баланы 43 өлшемді аяқ киімі үшін ҰБТ ға жібермеді

16 Шілде 2026 16:08see115

Ер адам сүйіктісін тұншықтырып өлтіріп, денесін жертөледе бірнеше ай бойы жасырған

16 Шілде 2026 16:40see115

2026 жылы қазақстандықтар үшін ең тиімді валюталар аталды

16 Шілде 2026 12:55see115

Семей орманы өртеніп жатыр: Бектенов Абай облысына екі министрді жіберді

16 Шілде 2026 17:14see114

Қазақстан BYD мен технологиялық ынтымақтастықты дамытып жатыр

16 Шілде 2026 17:44see113

Астанада төрт айда 87 рет жол ережесін бұзған BMW жүргізушісі қамалды

16 Шілде 2026 19:39see113

Досымыздың қытай тілі тамаша . БАҚ Тоқаевтың Шанхайға сапары туралы не жазып жатыр

17 Шілде 2026 17:09see112

Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

17 Шілде 2026 11:25see111

Жазда балконға бақша жасау: жеміс емес, көкөністер мен шөптер, саяжайсыз және қиындықсыз

16 Шілде 2026 16:59see110

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлер саны 1776 ға жетті

16 Шілде 2026 22:13see110

АЙҚЫН ЛИТЕР ЖШС Құрылтай депутаттығына үміткерлерге газет пен сайт алаңын ұсынады

16 Шілде 2026 06:04see109

Қоқыстан электр энергиясы: Қазақстанда 300 млрд теңгеге қалдық өңдеу зауыттары салынады

16 Шілде 2026 23:55see109

Қазақстанды нөсер жаңбыр басады, бірақ +48 ге дейінгі аптап ыстық қайтпайды

17 Шілде 2026 12:12see109

Нұртөре Жүсіп: Кітап оқып жетістікке жеткен адамның жарқын үлгісі Президент

17 Шілде 2026 15:35see109

Елордада бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жазғы сессиясы басталды

16 Шілде 2026 23:31see108

Омарташылар субсидияға мұқтаж

16 Шілде 2026 08:35see108

Алматыда Канье Уэстің концерті туралы ақпарат пайда болды

17 Шілде 2026 13:11see108

Алтын еденде шашылып жатты астыртын цехтың видеосын АФМ көрсетті

17 Шілде 2026 16:19see108

Алматыда жол апатынан үш адам зардап шекті, олардың бірі кәмелетке толмаған бала

16 Шілде 2026 16:52see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары