Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Мың жыл бұрын ешқандай құралсыз Күннің тұтылуын дәл болжаған астрономдар таңғалдырды

Мың жыл бұрын ешқандай құралсыз Күннің тұтылуын дәл болжаған астрономдар таңғалдырды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Aikyn.kz ежелгі халықтың ғарыштың құпияларын дәл табу себептерін zmescience.com материалына сүйеніп түсіндіреді.

Юкатан түбегінің қақ ортасында мың жыл бұрын майя халқының «күн сақтаушылары» деп аталған астрономдары Айдың қозғалысын соншалықты дәл бақылағаны таңғалдырады. Олар күн тұтылуларын бірнеше жүз жыл бұрын болжай алған. Жаңа зерттеуде ғалымдар Джон Джастесон мен Джастин Лоури олардың тұтылу кестелерін қалай жасағанын алғаш рет ғылыми түрде баяндаған.

Зерттеушілердің жазуынша: «Тұтылу кестесінің ең ерте нұсқасы күрделі емес. Ол ай күнтізбесіндегі 405 айдан тұратын кестенің қайта өңделген түрі болған. Әр ай 29 немесе 30 күнге созылған». 

Бұл жүйе кейіннен 350-1150 жылдар аралығында майя өркениеті аумағында байқалатын әрбір күн тұтылуды болжайтын астрономиялық есептеу жүйесіне айналды.

Қазіргі адамға Дрезден кодексіндегі иероглифтер мен сандардан тұратын тор сияқты көрінетін сегіз беттік тұтылу кестесі түсініксіз болуы мүмкін. Бірақ майятанушылар үшін ол – ғарыштық ырғақтың дәл құрылымы. Бұл кесте 405 Ай күнтізбесіндегі айларды (шамамен 32 жылды) қамтиды. 69 жаңа айды, оның 55-і күн тұтылуы мүмкін уақытты белгілейді. Әрбір жаңа ай тұтылу басталуы ықтимал сәт. Көптеген нүктелер алты айлық интервалмен (шамамен 177 күн) орналасқан. Дәл осы уақыт ішінде Ай қайтадан Жер мен Күнге қатысты бұрынғы қалпына оралады.

Бұған дейін ғалымдар әр кесте алдыңғысы аяқталған соң қайта басталады деп болжаған. Бірақ Джастесон мен Лоури мұның дұрыс еместігін дәлелдеі. Олар майялар 223 айлық және 358 айлық циклдерді қолданғанын анықтады. Бұл қазіргі ғылымда белгілі Сарос және Инэкс циклдеріне дәл келеді.

Сарос циклі – 18 жыл 11 күн 8 сағат. Осы уақыттан кейін Күн–Жер–Ай жүйесі тұтылуға қолайлы дәл геометрияға қайта оралады. Инэкс циклі – 29 жыл (10 571 күн шамасында). Бұл да тұтылулардың белгілі бір заңдылығын қалыптастырады.

Зерттеушілердің айтуынша: «Тұтылу кестесін дәл осы интервалдармен қайта бастау «күн сақтаушыларына» бұл жүйені мыңжылдықтар бойы үздіксіз жаңартып отыруға мүмкіндік берген».

Майя халқы үшін күн тұтылуы – жай астрономиялық құбылыс емес, ғарыштық ескерту, құдайлардың белгісі іспетті оқиға болған. Күннің қараңғылануы құдай қаһарының немесе әлемнің қайта жаңаруының символы деп түсіндірілген. Алайда олардың болжамдары мифке ғана емес, буыннан-буынға жалғасқан нақты астрономиялық деректерге сүйенген.

Зерттеушілер кестенің уақыттық ауқымын қайта құрастырғанда, оның шамамен б.з. 1083-1116 жылдарына сәйкес келетінін анықтаған. Тағы бір қызық жайт. Егер сол кестелерді жаңа бастау нүктелерінен қайта есептесе, онда дәл осы әдіс қазір де тұтылуларды болжай алар еді. 

Тұтылуларды осынша дәл болжау – телескопсыз, гравитация заңын білмей, қазіргі астрономиялық есептеу құралдарын қолданбай-ақ жүзеге асқан. Маялықтар аспанға табандылықпен қарау, ұқыпты есеп жүргізу және математикалық ойлау қабілеті арқылы бақылауды болжамға айналдырған.

Бүгінде біз компьютерлермен тұтылуларды мыңдаған жылдарға дейін дәл есептей аламыз. Бірақ мың жыл бұрынғы майя астрономдары дәл осыны өз көздерімен, өз есебі арқылы жасағаны таңдандырады. Олардың қаруы – аспан, санау жүйесі және әлем сандармен сөйлейді деген сенім ғана еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:199
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 11:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары