Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Нағыз өнер тасада қалды: Төрімізге балдыр батпақ фильмдер шығып кетті

Нағыз өнер тасада қалды: Төрімізге балдыр батпақ фильмдер шығып кетті

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

“Әуелде сөз болған. Сөз Құдайда болған. Сөз Құдай еді” дегендей, әуелде Кино өнер еді, өнердің көркемдік-эстетикалық құны, философиялық маңызы, әлеуметтік шындығы болушы еді. Өнер адам жанының терең қатпарларына үңіліп, психологиялық анализ жасайтын сипатқа ие еді. Өнер осысымен Өнер еді. Кино сонысымен Кино еді. Қазір оның бірі де жоқ. Кино тек коммерциялық, кассалық табысымен өлшенетін - сауықтық құралға айналды. 

Миллиондап, миллиардтап жинаған кино кино да, жинамағаны “кәкәй” болды. Мейлі, ол кешегі Венеция мен Канн, Локарноны дүрілдеткен, бүгінде әлемнің ірі кинематографистері жоғары бағалап, санасатын Дәрежан Өмірбаевтың фильмі болсын, егер касса жинамаса оның да құны көк тиын есебіне шықты.  Оған “пішту” дейтіндер табылды.  Бұндай түсініктің қалыптасуына сол дүниелерді жасаған поп-мәдениеттің, тобырлық мәдениеттің өкілдері ғана емес, шалағай журналист, шатпақ жазарман да үн қосты. Осыдан екі жыл бұрын “Кино орталықтың фильмдері неге қаржы таппайды” деген тақырыппен, жаптым жала, жақтым күйе сипатындағы, бір жақты, киноға қарсы ақпараттық науқан жүрді. Сол науқанға талай шалағай мен шатпақ айқайға ұран қосты.  Құдай атқанда, бұл дүрмекке Мәдениет министірі Айда Балаева мен ҰКҚО-ның төрағасы Құрманбек Жұмағалиев, Қазақфильмдегі Айдаржон Умаров та күш біріктірді. Күш қосып, біріккендерінің дәлелі сол биылғы мемлекеттік питчингте авторлық фильмнің ірі, белді өкілдері Данияр Саламат пен Асқат Күшіншереков сияқты режиссерлерді өткізбей, қырқып түсірді. Қолдау білдірмеді. Одан бөлек, төраға Құрманбектің әркездегі сұқбаттары мен жазбаларында авторлық фильмдерге қырын қарап, киноны тек кассамен өлшейтіндігі байқалып жүрді. Ал Қазақфильмнің уақытша басшылығы мен Министр Балаева ұлттық кино өкілдеріне дискриминация жасап, киностудияның бағытын ойын-сауық, балдыр-батпақ фильмдерге қарай бұрды. Негізінде бәрі керісінше болуы керек еді. Министр білікті басшы, сәулелі менеджер болса, ең алдымен нағыз өнерге, авторлық киноға араша түсіп, оны тобырлық фильмдерден қорғап қалуы тиіс-тін. Қазақфильм мен ҰКҚО-ы басшылығының да міндеті сол еді. Тіпті, министрдің өзі бастама көтеріп,  кино өнеріне мәңгі бақи араша болатын Франциядағыдай киноинститутын ашып беруді қолға алу қажет-тін. Ал бұлар, «Масғұт»-тағы суды тобырға қосылып өздері де ішті, елге де ішкізді. Киноинституты ашылып, киносыншылар мен кинотанушылардың іргелі мектебі қалыптаспай кино өнер ретінде салтанат құрады деу бос әуре. Министірліктің киносаласындағы басты назарда ұстайтын, қолға алуы тиіс мәселесі осы киноинституты болуы тиіс. 

Ойлап қараңызшы, осы 10 жылға жуық уақыттың ішінде миллиондап, миллиардтап қаржы тапқан фильмдерден бүгінге не қалды? Түк те қалған жоқ. «Миллиондап, миллиардтап тапты» деген ақпараттан басқа түк жоқ. Тек сол дүниелерді жасаған продюсерлер ғана байыды. Ақша көп қалтадан бір қалтаға аунап түсті. Бар болғаны сол. Қазіргі таңда олардың көркемдік, рухани маңызы біздің ой-санамызды қаншалықты қоректендіріп жатыр? Оларды біз қайыра көреміз бе? Қоғамның мәдени дамуына олардың қандай да бір  ықпалы боп жатыр ма? Жоқ қой, түк те жоқ! Керісінше, ойсыз қоғамның қалыптасуына удан бетер қауіп болуда. Ал Дәрежандар мен Эмирлердің туындылары өз уақытында бәлендей ақша таппаған шығар, бірақ олардың фильмдері мәңгілік ел руханиятына қызмет ете бермек. Қәзір де көресің, кейін де көресің, жүз-екі жүз жылдан кейін де көре бермексің. Себебі, онда ой бар, ойды орап берген көркемдік бар. Эстетика, мазмұн бәрі сонда. Достоевский мен Камюдың шығармалары қаншалықты өміршең, бұл туындылар да, бұл деңгейлес авторлық фильмдер де соншалықты өміршең болмақ. 

Мысалы, осы Дәрежан, Эмир, Әділхандар 2010-жылдардың басында өздерінің сол кездегі фильмдерін түсіретін кезде әр жобаны өте қиындықпен алды. Олар сол жобаға қаржы алу үшін Қазақфильмнің табалдырығын тоздырған. Кейбірінің өте ауыр психологиялық күйді бастан кешіргенін білем. Ал, сол кезде, солардың фильмімен қатар шыққан «Ликвидатор», «Сказ о розовым зайце», Назарбаев жайындағы картиналардың авторлары киностудия президенті Ермек Аманшаевтың кабинетіне желіп барып, желкілдеп шығатын. Сол «Розовыйлар» прокаттан қаржы тауып, біраз дүрліктіріп, бағанағы авторлардың туындысын көлеңкесінде қалдырған. Ең бастысы, оларға киностудия президентінің бүйрегі қатты бұратын. Қәзір ше, сол «Розовый»-дың өміршеңдігін Эмирдің фильмдерімен салыстыруға келе ме?! «Уроки гармонии» қайда, «Розовый заяц» қайда?! Жанында жіп есуге жарамайды ғой. 

Қорыта келгенде, Балаеваға да, басқасына да айтарымыз, Достоевский жазды дейтін бір сөз бар «Бүкіл дүниеннің қайғысы – сәбидің бір тамшы көз жасына татымайды» деген. Сол секілді, миллиондап, миллиардтап қаржы тапқан қазақ киноларының бәрін жинап келсең де, олардың құны – Дәрежан Өмірбаевтың бір кадрына да татымайды. Соны білу керек!

Елзат ЕСКЕНДІР.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 16:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары