Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Науқастардың туыстарына жақындарының жағдайы туралы мәлімет алу жеңілдейді

Науқастардың туыстарына жақындарының жағдайы туралы мәлімет алу жеңілдейді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанда бірыңғай сервис пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Ол арқылы туыстары науқастың ауруханаға жатқызылғаннан бастап, реанимация немесе операцияға ауыстырылғанға дейінгі жағдайы туралы ақпарат ала алады. Астана мен Алматы облысының әкімдіктері бұл жобаға қатысуға дайын екенін білдірді. Бұл туралы депутаттық сауалға берілген жауапта айтылған, - деп хабарлайды TengriHealth.

Қазақстанда бірыңғай сервис пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Ол арқылы туыстары науқастың ауруханаға жатқызылғаннан бастап, реанимация немесе операцияға ауыстырылғанға дейінгі жағдайы туралы ақпарат ала алады. Астана мен Алматы облысының әкімдіктері бұл жобаға қатысуға дайын екенін білдірді. Бұл туралы депутаттық сауалға берілген жауапта айтылған, - деп хабарлайды TengriHealth.

Не болды?

Сенатор Жанна Асанова ақпанда ауруханалардағы науқастардың туыстары жиі тап болатын мәселеге назар аударды. Оның айтуынша, әсіресе ауруханаға шұғыл жатқызу, науқасты реанимацияға ауыстыру немесе операцияға байланысты қабылдау бөлімдері мен стационарларда шиеленісті жағдайлар туындайды.

Осындай сәттерде жақындары туысының жағдайы туралы қарапайым ақпаратты да ала алмайды.

Сенатордың айтуынша, бұл ең алдымен жұмысты ұйымдастыруға байланысты: емдеуші дәрігерлер мен профильдік бригадалар көмек көрсетумен айналысады, тіркеу бөлімінің қызметкерлерінде өзекті ақпарат болмайды, ал стационарлардың өзінде туыстар тез әрі заңды түрде расталған ақпарат ала алатын бірыңғай арна жоқ.

Науқастардың жақындарын қалай хабардар етеді?

Премьер-министр Олжас Бектенов сауалға жауап бере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілермен бірге науқастардың туыстарын ақпараттандыруға арналған орталықтандырылған сервисті енгізу бойынша пилоттық жобаны әзірлеп жатқанын хабарлады.

Жоба мыналарды қарастырады:

науқастың ауруханаға жатқызу мәртебесі (бөлімшеде, реанимацияда, операцияда болуы, басқа бөлімшеге ауыстыру) туралы туыстарын хабардар етудің бірыңғай арнасын құру; өтініш берушінің жеке басын және ақпарат алуға құқығын мемлекеттік жүйелер мен цифрлық сәйкестендіру арқылы растау; сервисті медициналық ақпараттық жүйелермен біріктіру, өтініштерді тіркеу және ақпаратқа қолжетімділікті шектеу; медициналық ұйымдардың науқастардың туыстарымен байланыс жасауының бірыңғай регламенттері мен стандарттарын әзірлеу.

Пилоттық жобаны жекелеген өңірлердегі медициналық ұйымдар базасында іске қосу жоспарланған. Астана мен Алматы облысының әкімдіктері қатысуға дайын екенін білдірді. Сынақтан кейін жүйені бүкіл ел бойынша кеңейту жоспарланып отыр.

Үкіметтің пікірінше, мұндай сервис дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтып, жанжалдар санын қысқартады және дәрігерлік құпия мен жеке деректерді қорғау талаптарын сақтауға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Наурыз 2026 18:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see169

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see168

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see155

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see154

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see142

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see140

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see134

Аллея 70 ке жуық көшетпен толықты

22 Қыркүйек 2026 05:29see126

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see123

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see122

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see114

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see112

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see90

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see90

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see88
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары