Нидерланд құрамасы әлем чемпионатының плей офф кезеңіне жолдама алды
Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: Sportbox
Голландықтар кездесуді сәтті бастады. Ойынның 3-минутында Дензел Дюмфристің пасынан кейін Тунис қорғаушысы Элье Скири допты қақпасына өткізіп алды.
Араға төрт минут салып, айып добынан кейін Брайан Бробби есепті еселей түсті.
Екінші таймда Тунис құрамасы қарымта қайтарды. 54-минутта Хазем Мастури бұрыштамадан көтерілген допты баспен қақпаға бағыттап, гол салды.
Оған жауап ретінде 62-минутта Нидерланд қорғаушысы Ян Паул ван Хекке де бұрыштама кезінде баспен дәл соққы жасап, матчтың қорытынды есебін 3:1-ге жеткізді.
Николя Пепенің дублі Кот-д'Ивуарды келесі кезеңге алып шықты
Осылайша Нидерланд құрамасы жеті ұпай жинап, F тобында бірінші орынмен әлем чемпионатының 1/16 финалына жолдама алды.
Құрама плей-офф кезеңінде Мароккомен кездеседі. Ойын елорда уақытымен 30 маусым сағат 06:00-ге жоспарланған.
Еске сала кетейік, С тобындағы үшінші тур матчында Марокко Гаити құрамасын 4:2 есебімен жеңіп, плей-оффқа шықты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:31
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 10:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















