Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Nvidia маған неге ұнайды?

Nvidia маған неге ұнайды?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

The Associated Press материалына сүйенген Aikyn.kz ЖИ дәуірінде «жаңа әлеуметтік нормалар» неге қажет болатынын түсіндіреді.

Nvidia компаниясының бас директоры Дженсен Хуангтың пікірінше, адамзат жаңа технологиялық дәуірге бейімделу үшін «жаңа әлеуметтік нормалар» қалыптастыруы керек. Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Хуанг жасанды интеллектке қатысты қоғамдағы алаңдаушылықтарға жауап беріп, адамдарды бұл технологиядан қорықпауға шақырды.

«Бізге жаңа әлеуметтік нормалар қалыптастыру қажет. Мен барша адамға жасанды интеллекті қолдануды ұсынар едім. Тек қолданып көріңіздер», – дейді Nvidia басшысы.

Бүгінде жасанды интеллект еңбек нарығына, білім беру жүйесіне, ұлттық қауіпсіздікке және күнделікті өмірге әсер ететін маңызды факторға айналды. Бір жағынан, ол өндірісті жеделдетіп, ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттырады. Екінші жағынан, жұмыс орындарының қысқаруы, цифрлық бақылау және әлеуметтік теңсіздіктің өсуі туралы алаңдаушылық күшейіп келеді.

Дженсен Хуангтың пікірінше, қоғам бұған дейін де осындай технологиялық өзгерістерден өткен. Ол мысал ретінде автомобильдердің пайда болуын айтады. Кезінде көліктер қоғам үшін қауіпті жаңалық ретінде қабылданған. Бірақ уақыт өте келе адамдар жол ережелерін, жаяу жүргіншілер өткелдерін және қауіпсіздік стандарттарын енгізіп, жаңа технологияға бейімделді.

«Автомобиль алғаш пайда болған кезде адамдар оны балаларды қағып кететін қауіпті құрал деп ойлады. Кейін қоғам жаңа ережелер мен қауіпсіздік нормаларын қалыптастырды», – дейді ол.

Хуанг жасанды интеллектің ең маңызды артықшылықтарының бірі технологиялық теңсіздікті азайту деп санайды. Оның айтуынша, бүгінде күрделі бағдарламалау тілдерін білмейтін адамдардың өзі ЖИ көмегімен веб-сайт жасап, күрделі құжаттарды талдап немесе зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Сонымен бірге Nvidia басшысы мемлекет тарапынан реттеу мен қауіпсіздік стандарттарының қажет екенін мойындайды. Әсіресе ұлттық қауіпсіздік мәселесі басты назарда болуы тиіс деп есептейді.

«Кез келген технологияны дамыту кезінде ұлттық қауіпсіздік әрқашан бірінші орында тұруы керек», – дейді ол.

Сұхбатта Дженсен Хуанг тағы бір маңызды мәселені көтерді. Оның пікірінше, АҚШ жасанды интеллект саласында көшбасшы болып қалғысы келсе, энергетикалық инфрақұрылымды күшейтуі керек. Себебі ЖИ жүйелерін қолдайтын деректер орталықтары орасан зор көлемде электр энергиясын тұтынады.

«Америка энергия өндіру бойынша артта қалып келеді. Біз энергетика саласын тым ұзақ уақыт шектеп келдік», – дейді Nvidia жетекшісі.

Бүгінде Nvidia нарықтық құны шамамен 5 триллион долларға жеткен әлемдегі ең қымбат компаниялардың бірі саналады. Оның табысы жасанды интеллект революциясының негізгі қозғаушы күшіне айналғанын көрсетеді. Алайда Хуангтың басты ойы технология туралы емес. Оның пікірінше, жасанды интеллектің болашағы компьютерлердің мүмкіндігіне ғана емес, қоғамның оған қалай бейімделетініне байланысты болады. Сондықтан алдағы жылдары ең үлкен өзгеріс технологияда емес, адамдардың жаңа цифрлық әлемде өмір сүру мәдениетіне ауысатын болады.

Дженсен Хуангтың пікірлері Қазақ Елі үшін неге маңызды? Себебі Nvidia Қазақ Елінде жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға келісіп, 10 млрд долларлық инвестициялық жобаларға қатысуды жоспарлап отыр. Компания өкілдерін президент Тоқаев қабылдады. Қазақ үкіметімен жасалған келісім бойынша Nvidia Екібастұздағы деректерді өңдеу орталықтарын (data center) құру бастамаларына қатысатын болды. Сондықтан Nvidia мен оның басшысының көзқарасы қазақтың технологиялық қауымдастығы үшін ерекше қызығушылық тудырады.

Aikyn.kz сайты соңғы жылдары Nvidia, оның чиптері мен бас директоры Дженсен Хуанг туралы көптеген материал жариялап келеді. Nvidia Қазақ Еліне келуі үшін компанияны президент шақыруы керек деген біздің болжамымыз дұрыс шықты. Дженсен Хуангтың ерекшелігі – технологиялық оптимизмді ұлттық мүдде, білім, еңбекқорлық және әлеуметтік жауапкершілік мәселелерімен ұштастыра білуінде. Ол жасанды интеллекті тек бизнес құралы емес, қоғамды дамытатын технология ретінде қарастырады. Екібастұздағы деректерді өңдеу орталықтарын (data center) ашуға Дженсенг Хуангтың келуін күтейік. Одан көп үйренуге болады...

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Шілде 2026 12:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see139

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see138

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see137

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see136

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see135

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see130

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see129

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see127

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see126

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see125

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see124

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see122

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see118

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары