Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Сириус Роза Хутор фестиваліне қатысушыларды құттықтады

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейді: АҚШ пен Иран өзара соққы алмасты

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Ясмина Тоқсанбаева қола медаль иеленді

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Games of the Future 2026: Астанаға 35 елден мыңға жуық спортшы келе жатыр

Көкшетауда қазақ әнін үйде тыңдаңдар деп шаштаразда ұрыс шығарған әйел жауапқа тартылды

Шәлкөде, ыстықсың сен маған!..

Шәлкөде, ыстықсың сен маған!..

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Тарихы тереңнен тамыр тартатын ауданның 90 жылдық мерейтойы аясында аудан жұртшылығының жеткен жетістіктері сараланып, жарқын істер жүзеге асырылды. Мерейтойлық іс-шаралар «Спорт – ұлт саулығының кепілі» атты 11 ауылдық округтің тұрғындары атсалысқан денсаулық фестивалінен бас­тау алған болатын. Бірлігі мен тірлігі жарасқан аспантау елі экологиялық ахуалды жақсартып, елді мекендерді жасыл желекке айналдыру мақсатында 90 жылдыққа тарту ретінде 9 мың түп ағаш отырғызды. Сарыбастау ауылында ғалымдар мен фермерлердің басын біріктірген «Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының өзегі» атты форум өткізіп, аграрлы аймақта өнім көлемін ұлғайтып, табысты еселеу жолдары талқыланды.

Сондай-ақ Қақпақ ауылында «Ғылым мен білім – кемел келешекке нық қадам» тақырыбында өскелең ұрпаққа ғылым мен білімінің құндылығын дәріптеп, цифрландыру мен жасанды интеллект бағыттарын насихаттау мақсатында конференция өтті. Оған осы өңірден қанат қаққан ғалымдар мен ағарту саласындағы білікті мамандар қатысып, жас буынды оқуға ынталандырып, келелі кеңестерін берді.

Биыл баспана кезегінде тұрған ауыл азаматтары тұрғын үйлердің кілтін алып, қуанышқа кенелді. Аудан жұртшылығын қажытқан күрежолдарға асфальт төселіп, елдің еңсесі тіктелді. Табиғаты көркем тау­лы өңірде туризмнің әлеуетін арттыратын бірнеше жоба жүзеге асты. Тізбелей берсек, жан жадыратар жарқын істердің жетіп-артылатыны 90 жылдық мерейтой аясында айрықша аталды.   

Құлмамбеттің құлынын құндақтаған өлке

Қазақы салт-дәстүріміз бен рухани мұраларымыз әспеттелген мерекелік шара ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың кіндік қаны тамған қасиетті Қарасаз ауылынан бастау алды. Еркін Ібітанов атындағы мәдениет үйінде айтыскер ақын Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған  «Құлмамбеттің құлынын құндақтаған өлке» атты ІІ республикалық оқушылар айтысы аспантау аясында үш күнге ұласқан дүбірлі тойдың шымылдығын түрді. Еліміздің әр аймағынан ат арытып жеткен 16 жеткіншек қатысқан бұл айтыстың басты мақсаты – от ауызды Оразалы Досбосыновтың мол мұрасын насихаттап, аудан тарихын, батыр бабалардың ерлігі мен өрлігін арқау етіп, ұлттық рухты көтеру болды. Осы тұрғыда жыр тиегін ағытқан айтыскерлер шашауына шаң жұқтырмай, шешендік өнердің өріне өрледі. Халқымыздың тарихын, өмір салтын, рухани байлығын астарлы ой, көркем сөзбен кестелейтін өнер додасын Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев ашып, жас ақындарға сәттілік тіледі.

Айтыстың аламанына түскен талантты жас ақындар от ауызды Оразалы шайырды еске алып, елдік мүдде, ұлттық рух, еңбек адамдарының мәртебесі, тарихи тұлғалардың мәңгілік мұрасын жырларына арқау етті. Жазушы Қанат Әбілқайыр, айтыскер ақындар Нұрлан Мұсаев, Асхат Қылышбек, Бағдат Сәрсенбаев сынды өнер майталмандары қазылық еткен сөз са­йысында ұлттық құндылықты ұлықтаған жас айтыскерлердің шеберліктері таразыланды. Тақырыпты ашуда тапқырлық танытып, ұтымды ұйқас құра білген жас ақындарға көрермендер зор қошемет білдіріп, шабыттандырып отырды.

 Айтыс өнерін өрістеткен талапты да талантты жас ақындардың өнері әділ бағаланып, қатарынан оза шапқан шын жүйріктер анықталды. Қазылар алқасының шешімімен Алматы облысының айтыскер ақыны Несібелі Сәрсенбек бас жүлдеге тігілген 1 миллион теңгені қанжығасына байлады. Ал жүлделі I орынды Шымкент қаласынан келген Айша Бақтияр иеленсе, ІІ орынды Алматы облысының айтыс­кер ақындары Ерден Анкен мен Диана Қанайбек жеңіп алды. Жүлделі III орын үш ақынға, атап айтсақ, алматылық Әдемі Сыбанқұл, Қостанай облысынан келген Таңжарық Ниязбек пен Қонаев қаласының жас ақыны Дастан Әкімхан-ға бұйырды. Сонымен қатар жыр додасына тігілген арнайы жүлделерді еліміз­дің әр аймағынан келген жас таланттар еншіледі.

Айтысты облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әнуар Үмбеталиев  қорытындылап, жас ақындардың келешегіне сәттілік тілесе, «Оразалы Досбосынов» атындағы қоғамдық қордың жетекшісі Әйгерім Досбосынова  ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. Ұлттық өнерімізді ұлықтаған аламан айтыс келешекте де дәс­түрлі түрде жалғасып, қазақ сөз өнерінің мәртебесін көтере беретін болады.

Тарландар туған топырақ

Хантәңірі – Райымбектей батырды, Мұқағалидай ақынды, Бердібек пен Баққожадай сөз зергерінің кіндігі кесіл­ген киелі мекен. Мұнда мемлекет және қоғам қайраткерлері Нұрбапа Өмірзақов, Алтынбек Сәрсенбайұлы, жазушылар Тельман Жанұзақов, Сағат  Әшімбаев сын­ды дара тұлғалар дүниеге келді. Осыған ­орай Нарынқол ауылындағы Баққожа ­Мұқай атындағы мәдениет үйінде Райымбек ауданының 90 жылдық мерейтойына және ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың мәңгілік мұрасына арналған «Тарландар туған топырақ» атты республикалық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Айтулы іс-шараға Түрксой Халықара­лық ұйымының Бас хатшысының орын­баса­ры Сайит Юсуф, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, аудан тұрғын­дары қатысты. Конференция жұмысын ақын Ержан Алаштуған тізгіндеді. Іс-шарада аудан әкімі Дастан Құдабаев аудан­ның тарихына, әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын оқып берді. Аспантау елінің асқақ мерекесімен құттықтаған ізгі тілекке толы лебіздерде шек болмады. Ақжарма тілектің тиегін ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халық­аралық мәдениетті жақындастыру орта­лығы директорының орынбасары Салтанат Әшімова Қазақстан Халық жазу­шысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің құттықтауын жеткізді.

Қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов, Ызғарбек Бектұрсынов, ақындар Бауыржан Жақып, Бақыт Жағыпарұлы, Түріксой Халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Сайит Юсуф, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз бен келіні Бақытгүл Қадырбайқызы 90 жылдығы аталып отырған Райымбек ­ауданы туралы тереңнен толғап, елдік мүдде жолындағы тұщымды ойларын ортаға салды. Аудан жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар мінберге Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, тарих магистрі Рашид Оразов, ғалымдар Анарбай Сағиұлы, Меңдігүл Ноғайбаева, Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті қазақ тілі пәнінің мұғалімі Үміт Шахиндер көтеріліп, Райымбек батыр ерлігі, ел мен жер тарихы жайлы әсерлі әңгіме тиегін ағытты.

Келесі кезекте «Мұқағали» республи­калық әдеби-танымдық журналының бас редакторы, Мәдениет қайраткері  Дүйсен Мағлұмов аудан тарихынан сыр шертетін жаңа кітапты таныстырып, оның мазмұны жайында баяндап берді. Мың данамен жарыққа шыққан «Аспантауым – атамекенім!» атты тарихи-танымдық жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, оқырман қолына таратылды.

Конференция барысында бірқатар азаматқа және Райымбек аудандық кітапханасы, аудандық Мәдениет үйі, аудан­дық «Хантәңірі» газетіне Түріксой ұйы­мының алтын медалі мен Құрмет грамотасы табысталды. Ауданның 90 жылдық мерейтойына орай «Аймаққа сіңірген еңбегі үшін» мерекелік медалімен ел азаматтары марапатталды.

Сондай-ақ «Жетісудың жерұйығы – Нарынқол» атты республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары да осы күні анықталғанын атау ләзім. Маңғыстаулық Рахат Қосбармақтың Нарынқол өңірін арқау еткен өлеңі бас жүлдені иеленді. Жеңімпаз ақындарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Мерейтойлық іс-шара түс ауа «Руханият салтанат құрған 90 жыл» тақырыбын­да аудандық кітапхана мен «Хантәңірі» газетінің 90 жылдығына арналған журналистер форумына жалғасты. Аудандық «Хантәңірі» халық театрының әртістері әзірлеген сахналық қойылыммен бастау алған айтулы іс-шарада аудан әкімі Дастан Сұлтанмұратұлы сөз сөйлеп, аудан­дық кітапхананың 90 жылдығына арнал­ған «Kitap adam» кітабының тұсаукесер рәсімін жасады. Іс-шара барысында бірнеше қалам иелері Жазушылар одағы мен Журналистер одағына мүшелікке қабылданды.

Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында өткен мерекелік іс-шара кешкілік өнер жұлдыздарының гала-концертіне ұласты. Жұртшылыққа көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік концерт отшашумен тәмамдалды.

Хантәңірі қазынасы

Ауданның 90 жылдық мерейтойы Шәл­көде жайлауында «Хантәңірі қазы­насы» атты  халықаралық этно­фес­ти­вальға ұласты. Жасыл жайлау төріне ақбоз үйлер тігіліп,  отандық және халықаралық қолөнершілер мен этнодизайнерлер­дің, қылқалам шеберлерінің үздік туындылары, ұлттық тағамдар мен ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмелері көпшілік назарына ұсынылды. Мәні зор этнофестивальға Қытай, Түркия, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Грузия елдерінен, еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар арнайы келіп, ұлан-асыр тойдың куәсі болды.

Хантәңірінің баурайын ғажайып көрініске бөлеген халықаралық фестивальда Райымбек ауданының тарихи даму жолы мен әлеуметтік-экономикалық жетістіктері таныстырылды. Дала сахнасында көшпелі елдің салт-дәстүрі мен мәдениетінен сыр шертетін көш-керуен сап түзеп, Райымбек батырдың жауға қарсы шапқан ерліктерінен, сондай-ақ «Менің атым Қожадан» үзінді келтірілді. Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев, Мұқағали Мақатаев, Еркін Ібітанов, Сағат Әшімбаев, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Оразалы Досбосынов сынды біртуар тұлғалардың өнегелі өмір жолдары бейнеленді. Шетелден келген шеберлердің шеруі де мәдени іс-шараның маңызын арттыра түсті.

Жайлау төсін думанға бөлеген іс-шараға Президент кеңесшісі Мәлік Отар­баев қатысып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын жеткізді.

«Райымбек – тарихы терең, ынты­ма­ғы жарасқан берекелі өңір. Осы өнегелі өлкеден көптеген тұғырлы тұлғалар шығып, ұлт мүддесі үшін қалтқысыз қыз­мет етті. Қазір аудан халқы ауыл ша­руа­­шылығы, туризм және басқа да салалар­да қажырлы еңбек етіп, туған жерін көркейтуге атсалысып келеді. Сондай-ақ олар ел тағдырына әсер ететін бастамаларды үнемі қолдап, ұйымшылдықтың озық үлгісін танытып жүр. Аудан тұрғын­дарының жалпыхалықтық референдум­ға белсене қатысып, жаңа Конституция­ны қолдауы – соның айқын дәлелі. Осы орайда, аймақты дамытуға зор үлес қосқан азаматтардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да ел игілігі үшін еңбек ете бересіздер деп сенемін», – делінген құттықтау хатта.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде құт қонған, ырыс ұялаған Нарынқол өңірі халқымыздың рухани мұрасы мен тарихи жадының ажырамас бөлігі екенін айтты.

«Бұл – елі үшін туған Райымбек батырдың, Ұзақ пен Жәмеңкенің ерлігі өрілген киелі мекен. Ұлттық рухтың бесігіне айналған осы топырақтан қазақ мәдениеті мен әдебиетінің талай бірегей тұлғалары түлеп ұшты. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтуі – осы өңірден шыққан ұлы тұлғалардың мұрасы халықаралық дең­гейде мойындалғанының айғағы. Қазақ поэзиясының Хантәңірі Мұқағали Мақатаевтың жырлары – ұлтымыз­дың сарқылмас асыл қазынасы. Сол ұлы­лықтың ізін ала, сөз өнерінің абыройын асқақтатқан сыншы Сағат Әшімбаев пен жазушы-драматург Баққожа Мұқай да осы топырақтың перзенттері. Ал елге танымал шығармашыл тұлғалар Еркін Ібітанов пен Оразалы Досбосынов төл өнеріміздің мерейін үстем етті. Мұнымен қоса, бұл құтты мекен ұлт мүддесі жолында аянбай еңбек еткен, ел басқарған саяси және қоғам қайраткерлерін де дүниеге әкелді. Осындай тау тұлғаларды қалыптастырған Райымбек ауданы – ел руханиятының алтын арқауы болып қала береді»,  деді өңір  басшысы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аймақтарды, стратегиялық маңызы жо­ғары шекаралық өңірлерді дамытуға, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға әрдайым ерекше басымдық беретінін айтып, осы бағытта Райымбек ауданында да жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Айтуынша, табиғи байлығы мен тарихи мұрасын сақтай отырып, аудан әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басып келеді. Өзінің аграрлық әлеуетімен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, облыс экономикасын өркендетуге зор үлес қосуда. Райымбектің брендіне айналған картоп шаруашылығы мен дәнді-дақылдар өндірісі, мал шаруашылығы – отандық өнімнің алтын стандартына айналып отыр.

«Аумақтың туристік әлеуеті де өте жоғары. Хантәңірі шыңы, тұнық Тұзкөл мен Тастау көлдері, Шалкөде жайлауы бұл өлкені еліміздегі ең көркем өңірлердің біріне айналдырды. Осынау қайталанбас табиғат байлығы треккинг, альпинизм, этнотуризм және экологиялық туризмді дамытуға кең жол ашады. Нарынқол өңірінің осынау экологиялық таза туристік мүмкіндіктері алдағы уақытта халықтың әл-ауқатын көтеретін, аймақ экономикасын өрге сүйрейтін негізгі қозғаушы күшке айналуға тиіс», деді облыс әкімі.

Мерейтой аясында ұлттық спорт түрлерінен жүлделі жарыстар ұйымдас­тырылды. «Жолан жүйрігі» республи­калық ат бәйгесінде еліміздің әр өңірінен және шетелдерден келген таңдаулы шабандоздар бақ сынап, тартысты дода өт­кізді. Республикалық аламан бәйгеде Қордай ауданынан қатысқан «Ботагөз» тұлпары (иесі – Нұрберген Айсұлтан) мәреге бірінші болып жетті. Топ бәйгеде «Желсұлу» сәйгүлігі (иесі – Нұрсейіт Жылқышыбай) топты жарып, нағыз жүйрік атанды. Құнан бәйгеде Қордай ауданынан келген «Қызғалдақ» тұлпары (иесі – Дүйсеғұл әулеті) жеңімпаз болды. Аталған үздіктер «Changan» және «Kia» маркалы автокөліктері мен 2 миллион теңге қаржылай сыйлықтарды жеңіп алды.

Жергілікті шабандоздарға арналған аудандық бәйгелер де көрерменнің ерекше ықыласына бөленді. Онда Райымбек пен Кеген аудандарының сәйгүліктері сынға түсіп, бұл бәйгенің де жеңімпаздары автокөлік иесі атанды. Өзге қатысушыларға да лайықты сыйлықтар табысталды.

Мерейтой аясында ұйымдастырылған іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне заманауи цифрлық технологиялар да сеп болды. Алматы облысының Цифрлық технологиялар басқармасы «Freedom Satellite» ЖШС-мен бірлесіп, Шәлкөде жайлауында «Starlink спутник интернет жүйесін» іске қосты. Соның нәтижесінде фестиваль қонақтары мен қатысушылары таулы аймақта жоғары жылдамдықты интернетті еркін пайдаланды.

 Сондай-ақ «Таза Қазақстан» акция­сы ауқымды түрде ұйымдастырылды. Санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында іс-шара өтетін аумақта бар­лығы 105 биодәретхана және 75 қоқыс контейнері орналастырылды. Тазалық жұмыстарын жүргізуге 3 арнайы қоқыс тасымалдаушы техника жұмылдырылды.  «Таза Қазақстан» акциясына 1000 қап, ­1000 қолғап дайындалып, 110 волонтер тартылды, сондай-ақ ауыл тұрғындары, жас­тар, белсенді азаматтар қатысып, іс-шара өткен аумақтың санитарлық тазалығын қамтамасыз етті.

 

Алматы облысы,

Райымбек ауданы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:51
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 08:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see121

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

13 Шілде 2026 09:14see116

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Сириус Роза Хутор фестиваліне қатысушыларды құттықтады

12 Шілде 2026 12:41see115

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

12 Шілде 2026 22:09see115

Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейді: АҚШ пен Иран өзара соққы алмасты

12 Шілде 2026 12:47see115

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

12 Шілде 2026 16:58see115

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

13 Шілде 2026 12:23see114

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

13 Шілде 2026 09:02see112

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see112

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

13 Шілде 2026 11:47see112

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

12 Шілде 2026 17:59see111

Жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында Ясмина Тоқсанбаева қола медаль иеленді

12 Шілде 2026 12:59see110

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

12 Шілде 2026 20:32see110

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

13 Шілде 2026 12:30see110

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see109

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see109

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see109

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see108

Games of the Future 2026: Астанаға 35 елден мыңға жуық спортшы келе жатыр

12 Шілде 2026 11:00see107

Көкшетауда қазақ әнін үйде тыңдаңдар деп шаштаразда ұрыс шығарған әйел жауапқа тартылды

12 Шілде 2026 09:41see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары