Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Оксфорд университетінде қазақстандық композитордың жаңа шығармасы шетелдік көрерменге ұсынылды

Оксфорд университетінде қазақстандық композитордың жаңа шығармасы шетелдік көрерменге ұсынылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Әйгілі Оксфорд университетінде қазақстандық композитор Рахат-Би Әбдісағынның жаңа шығармасы алғаш рет шетелдік көрермен назарына ұсынылды. «Кванттық ғалам» деп аталатын симфония халықтың ыстық ықыласына бөленді. 

Ғалымжан Қараманұлы, тілші :

- Оксфорд, Мертон колледжі. Әдетте мұнда көне университет капелласында, негізінен ортағасырларда жазылған шығармалар орындалады. Ал бүгінгі репертуар өзгеше. Орган музыкалық аспабына бүтін бір ғалам, дәлірек айтсақ, кванттық әлем қосылғалы тұрғандай. Дәл осы жерде қазақ композиторы Рахат-Би Әбдісағынның Quantum Universe атты симфониясының дүниежүзілік тұсаукесері өтеді. 

Туынды кванттық механиканың 100 жылдығына орай арнайы жазылған және Оксфордтағы ғылыми конференцияның ашылуы қарсаңында орындалып отыр. «Қазақтың Моцарты» атанған Рахат-Би үшін бұл оқиғаның символдық мәні зор: Екі жыл бұрын ол Вольфсон колледжінің шақыртуымен Оксфордта ғылыми зерттеумен айналысып, кванттық механика мен академиялық музыканың байланысы туралы кітап жазған еді.

Рахат-Би Әбдісағын, композитор:

- Бұл идея «Кванттық механика және авангардтық музыка» атты ағылшын тіліндегі кітабым басылып шыққаннан кейін туындады. Симфонияда квант құбылысы музыка тілімен жеткізіледі.

Органда ойнау – тұтас денемен жұмыс істеу деген сөз. Рахат-Би үш пернетақта, педаль және регистрлерді басқарған сәтте жалғыз өзі бүкіл оркестерге жетекшілік етіп отырғандай әсер қалдырады. Ең күрделісі – қол мен аяқтың ойынын дәл үйлестіре білу және ми  арқылы бәрін біртұтас музыкалық ағымға біріктіру.

Рахат-Би Әбдісағын, композитор:

- Қол мен аяқтың күшін аямай салып, ұзақ әзірленгеннен кейін жүруімнің қиындап қалғаны есімде. Алайда концерт алдында мықты дайындық керек екені рас.

Симфония бастапқыда органға арналып жазылғанымен, кейін оған кванттық гитараның партиясы қосылды. Гитараның тембрі органмен қалай үйлесетінін анықтау үшін Рахат-Би Оксфорд профессорымен бірікті. Профессор ойлап тапқан кванттық электрогитара кванттық компьютерге қосылған.

Боб Коук, физик-теоретик:

- Бұл — қарапайым ғана гитара. Алайда орнатылған сенсорлар дыбысты кванттық жүйеге жолдайды. Нәтижесінде әуенге мүлдем жаңа кванттық қабат қосады.

Концерт өткен шіркеуде бүгін аншлаг. Бос орын болмаған соң көпшілік түрегеп тұруға мәжбүр болды. Көрермендердің қатарында Оксфорд профессорлары, физиктер, философтар және кванттық механиканың жүз жылдығын атап өтуге жиналған ғалымдар бар.

Крис Тимпсон, физика философы:

- Рахат-Бидің музыка, тарих, философия туралы ойлары өте терең. Ол соның бәрін кванттық теориямен ұштастырған. Композитордың ойлау қабілеті өте жоғары, музыкант ретінде де керемет. 

Харви Браун, физика философы:

- Рахат-Бидің кванттық механика тарихының ХХ ғасыр басындағы музыкамен қалай үндесетінін сезетін ерекше қабілеті бар. Бұл – шынымен де өте әсерлі.

Бүгінгі іс-шара – үлкен гастрольдік сапардың бастауы. Жақын күндері Рахат-Бидің Оксфордта жеке фортепианолық концерті өтеді. Одан кейін композиторды Испания, Норвегия және Нидерландыда ғылыми конференциялар мен музыкалық бағдарламалар күтіп тұр.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:134
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 19:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see130

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see128

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see124

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see123

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see122

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see120

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see120

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see120

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see119

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see118

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see117

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see117

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see117

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see115

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see115

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see114

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see113

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары