Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Олжас Жақыпбек: Театр мен киноның басты айырмашылығы актерлік ойынның ерекшелігінде

Олжас Жақыпбек: Театр мен киноның басты айырмашылығы актерлік ойынның ерекшелігінде

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

– Өнер жолына келуіңізге не себеп болды? Бұл жолды өзіңіз таңдадыңыз ба, әлде бала кезден арман болды ма?

– Өнер жолына ата-анамның ықпалымен келдім. 4 жасымнан бастап өлең оқып, ән айтып, жарапазанға дейін жаттап, қонаққа барғанда дастарқанның гүлі болатынмын. Анамның өзі өнерге жақын болған соң мені соған баулып өсірген. Өзі жастайында хорға қатысып, ән айтқан. Сол кезден пианинода ойнап, музыкамен айналысу арманы болған секілді. Өйткені мені кішкентайымнан пианиноға, хорға және басқа да шығармашылық үйірмелерге апарып, өнерге деген қызығушылығымды оятты. Өнерге деген алғашқы қадамым осылай басталды.

  Ал әкем – күрестен спорт шебері. Спорт саласының адамы болғанымен, менің таңдауымды ешқашан шектеген емес. Тек бала күнімде гимнастикаға қатыстырды, бірақ  соның пайдасын бүгінде көріп жатырмын. Себебі сахнадағы пластикама, дене еркіндігіне және қозғалыс мәдениетімнің қалыптасуына үлкен ықпал етті.

– Сіз үшін театр мен киноның басты айырмашылығы неде?

– Шыны керек, театр мен киноны бір-бірінен бөліп қарай алмаймын. Иә, екеуі табиғаты жағынан бірінен-бірі бөлек дүние. Дегенмен, екеуінің де актер үшін орны ерекше.

 Кинода камера бар, қажет болған жағдайда бірнеше дубль жасауға мүмкін. Ал театрда олай емес. Дайындық кезінде ғана қателікті түзетіп, қайталай аласыз, бірақ қойылым басталған сәттен бастап актердің екінші мүмкіндігі болмайды. Сондықтан театр үлкен жауапкершілікті талап етеді.

 Театр мен киноның басты айырмашылығы – актерлік ойынның ерекшелігінде. Сахна кең болғандықтан эмоцияны, кейіпкердің ішкі күйін және әрекеттерін ауқымдырақ жеткізуге тырысасыз. Өйткені көрермендердің бәрі бірдей алдыңғы қатарда отырмайды. Алыста отырған көрермен сіздің бет-әлпетіндегі ұсақ өзгерістерді байқамауы мүмкін, бірақ қимылыңды, дене пластикаңды және сахналық энергияңды сезіне алады.

 Ал камера алдында жұмыс істеудің талабы басқа. Мұнда барынша табиғи, өмірдегідей шынайы болуға ұмтыласыз. Кейде бір ғана көзқарас немесе болмашы қимыл кейіпкердің ішкі әлемін толық жеткізе алады.  Әрине, театр да шынайылыққа негізделеді. Десе де сахна заңдылығы бойынша эмоция мен энергияны көрерменге анық жеткізу үшін оны белгілі бір деңгейде күшейтіп көрсету қажет. Яғни, сезім мен әрекет өмірдегіден бір-екі саты жоғарырақ беріледі.

  Менің ойымша, кәсіби актердің ерекшелігі де осында. Ол театр мен киноның табиғатын жақсы түсініп, екеуіне де тез бейімделе алуы керек. Бір ортадан екіншісіне еркін ауысып, әрқайсысының талабына сай жұмыс істей білу – актер шеберлігі. Актерді ерекше ететін де, кәсібилігін танытатын да осы қасиет.

–  Сізді өзгерткен рөл болды ма?

– Бала күнімнен бір ой жиі келетін: таңертең оянғанда кешегі күнмен салыстырғанда бүгінгі күн сәл жақсырақ болғаны. Адам өмір бойы үздіксіз өсіп, жетіліп отырады ғой. Театрдағы әр дайындық та дәл сондай. Әр репетиция сайын жаңа нәрсе үйренесіз, жаңа қырыңды ашасыз.  Жалпы, күн сайын өмір сүріп жатқанымыздың өзі –  өзгеріп жатқанымыздың белгісі. Кеше түсінбеген нәрсені бүгін түсінуіміз мүмкін. Кеше біреуге ашулансақ, бүгін сабырға келгенде сол әрекетіміз үшін ұялып жатамыз. Кейде біреудің көңіліне тиіп кетсек, ертеңінде барып кешірім сұраймыз. Өмірдің өзі осындай өзгерістер мен сабақтардан тұрады. Сол сияқты әр рөлдің өз тағдыры, өз мінезі, өз эмоциясы болады. Әр кейіпкерді бірнеше апта, кейде айлар бойы зерттеп, талдап, ішкі әлеміне үңілеміз. Сол рөлдердің ішінде Мәжнүн бейнесі мен үшін ерекше болды. Рөлді сомдау барысында кейіпкердің табиғатын ғана емес, оның философиясын да терең зерттеуге тырыстым.

– Көрерменнің басым бөлігі бүгінде сізді Олжас Жақыпбек ретінде емес, «Нұрикамал» фильміндегі Тұрдықылыш бейнесі арқылы таниды. Көрерменнің кейіпкер мен актерді шатастыруына қалай қарайсыз?

– Иә, әрине, әлеуметтік желіде түрлі пікірлер болған шығар. Бірақ көрермен тарапынан үлкен дау туындады деп ойламаймын. Алайда ол пікірлердің менің жеке тұлғама емес, кейіпкерге бағытталғанын жақсы түсінемін. Қазіргі ақпарат өте жылдам тарайтын заманда кинодағы оқиғаны жұрт өз өміріндегі жағдайымен байланыстырады. Оған әлеуметтік желіде түрлі болжамдар мен пікірлер қосып, мүлде басқа қырынан талқылап жатады. Кейде оны актердің жеке өмірімен де байланыстырып, қызу талқыға салып та жатады.

Мұндай жағдайларды өнер тарихынан да кездеседі. Мысалы, Асанәлі Әшімовтің Бекежан рөлін де көрермендер актер мен кейіпкерді ажырата бермейтін. Бүгінде аудиторияның көзқарасы өзгерді, көпшілік актердің жеке болмысы мен сомдаған образын бөліп қарай алады. Дегенмен кейде көрерменнің актерді бұрынғы рөлдерімен салыстырып, жаңа образын қабылдай алмай жататыны да бар. Сондықтан оны өзім үшін белгілі бір деңгейдегі сын-қатер, шығармашылық шақыру деп қабылдаймын. Егер Тұрдықылыш образын қабылдай алмаған көрермендер болса, онда алдағы кино немесе театр жұмысымда мүлде басқа қырымнан көрініп, жаңа образдар арқылы олардың пікірін өзгертуге тырысамын.

   Негізінде бұл фильмнің басты мақсаты – белгілі әннің шығу тарихын көрсету, өмірде болған оқиғаны көрерменге жеткізу еді. Егер көрермен мені жағымсыз кейіпкер ретінде қабылдаса, актерлік тұрғыдан өз міндетімді орындағаным деп есептеймін.

  – «Ғашықпын саған» фильмі сіздің шығармашылық жолыңыздағы жаңа белес болды десек артық емес. Бұл жобада алғаш рет продюсерлік тізгінін ұстадыңыз. Фильмнің дүниеге келу тарихы, идеяның пайда болуы, түсірілім кезіндегі қиындықтар мен қызықты сәттер, сондай-ақ бұл тәжірибенің сізге берген сабағы туралы кеңірек айтып берсеңіз.

  – Біржан Қажығалиев ағаммен бірге «MuzBel» продакшнын ашып, кино түсіру идеясын қолға алдық. Жобаны бастаған кезде аздап сақтық та болды. Дегенмен тәуекелге бел буып, іске кірістік. Сол уақытта «Қайтадан» фильмінің прокаты дайындалып жатқан. Мен Жалын Тілеуберген мен Думан Еркінбекпенхабарласып, түрлі тақырыптар мен идеяларды талқыладық. Әңгіме барысында Думан шамамен 7-8 жылдан бері көкейінде жүрген ойын бөлісіп, келіншегімен  кездесіп, Алматы көшелерінде өткен сәтті әдемі махаббат хикаясына айналдырды. Түсірілім барысында түрлі қиындықтар мен күтпеген жағдайлар болды. Бірақ оның бәрі – шығармашылық процестің ажырамас бөлігі.

   Фильм көрерменге жол тартқаннан кейін күтпеген жағымды жаңалыққа куә болдық. Картинадағы әндер халықтың жүрегіне жетіп, үлкен сұранысқа ие болған. Осыдан кейін Алматы, Астана және Шымкент қалаларында концерттер өткіздік. Ең қызығы, билеттер бір күннің ішінде сатылып кеткен. Осылайша бастапқыда жүзеге аспай қалған фестиваль идеясын кейін толық форматта жүзеге асырдық. Фильмнің көрерменге жетуі де, кейінгі концерттік жобалардың табысы да күткенімізден жоғары нәтиже берді. Сондықтан алғашқы продюсерлік жұмысымның осылай сәтті аяқталғанына қуандым.

  – Сіз актер ғана емес, композитор ретінде де танылып жүрсіз. Музыка сіз үшін нені білдіреді?

– Бала күнімнен музыканы бәрінен жоғары қойдым. Ол – менің өмірім.  Кейде бөлмеме кіріп алып пианиноны сағаттап ойнаймын. Бір жағына – медитация, екіншіден – алдағы жобаларға шабыт әкелуші. Сөйтіп біраз ойнап отырып 2-3 нотаның қосылуымен бір әдемі дыбыс шығуы мүмкін. Қиялың қалай жетілдіріп, дамытып отырғанда жаңа әуен туады. Жан рақаты – осы. Музыка бәрінен де биік. 

– Сіз музыка жазған спектакльдердің ішінде «Алтайдан ауған ел» қойылымы ерекше әсер қалдырғаны байқалады. Сіз үшін несімен есте қалды?

– Есте қалған жұмыстың бірі – «Алтайдан ауған ел» қойылымына жазған музыка. Спектакльдің ауқымы өте кең, тарихи салмағы да ауыр еді. Қойылым өткен ғасырдың орта шенінде Алтайдан Түркияға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақтардың тағдырын баяндайды. Саяси қысымның салдарынан мыңдаған қазақ туған жерін тастап, көше бастаған. Аман қалу үшін адам сенгісіз қиындықтарға төтеп берген. Осындай терең әрі тағдырлы оқиғаны музыка арқылы жеткізу үлкен жауапкершілік жүктеді. Сондықтан қоюшы режиссер Фархад Молдағалимен бірге дайындық процесіне тұрақты қатысып, әр көріністі бақылап, актердің эмоциясын сезінуге тырыстым. Музыканы тек сырттай жазып қойған жоқпын, қойылымның ішкі әлемімен бірге өмір сүрдім. Өйткені әр әуенді шығармашылық топпен ақылдаса отырып, оқиғаның желісіне сай жазылды. Нәтижесінде қойылым да, музыка да көрерменге жетіп, өзіме де үлкен эмоционалық із қалдырды.

– Дубляжда актер көрерменге жүзін көрсетпейді, бірақ кейіпкердің мінезін, эмоциясын, тіпті тағдырын тек дауыс арқылы жеткізеді. Сіздің пікіріңізше, дауыспен образ жасау мен сахнадағы немесе кадр алдындағы актерліктің айырмашылығы неде? Қайсысы актерден көбірек шеберлікті талап етеді?  

– Шығармашылық жолда дубляж саласында да бірқатар қызықты жобаларға қатыстым. Атап айтқанда, «Жұлдызды соғыстар» фильміндегі Кассиан Андорды, «Мұзды өлке» анимациялық фильміндегі Кристофты, Люк Бессонның «Валериан және мың ғалам шаһары» фильміндегі Валериан кейіпкерін дыбыстадым. Сондай-ақ «Коко құпиясы», «Ральф интернетке қарсы», «Арыстан патша», «Шақылдақ және төрт патшалық», «Алладин» секілді фильмдер мен анимациялық туындылардың қазақша дубляжына қатысып, басты кейіпкерлерге дауыс бердім. Осы жұмыстың ішінде маған ерекше жақын әрі сүйіктісі – «Коко құпиясы», «Арыстан патша» және «Мұзды өлке». Бұл туындылардың әрқайсысы өз алдына ерекше әсер қалдырды.

Менің ойымша, шығармашылық адам жан-жақты болғаны дұрыс. Егер мүмкіндік пен ресурс жеткілікті болса, бір ғана бағытпен шектелмей, түрлі салаларда өзіңді сынап көру керек. Себебі жаңа орта, жаңа тәжірибе шығармашылыққа тың серпін береді, шабыт сыйлайды. Кейде театрдан тыс жерде жинаған тәжірибеңнің өзі кейін сахнадағы жұмысыңа үлкен пайдасын тигізеді. Сол арқылы бұрын байқалмаған қырларың ашылады. Қай жерде жүрсем де өзімді ең алдымен театр актері ретінде сезінемін. Сондықтан сырттағы жұмыс арқылы белгілі бір деңгейде Қаллеки театрының да атын танытып жүремін деп ойлаймын.

– Өнер жолында әлі орындалмаған арманыңыз қандай?

–    Өмірде де, өнерде де мақсат көп. Ең бастысы – сол армандарды нақты мақсатқа айналдырып, біртіндеп жүзеге асыру. Бүгінгі еңбегіміз ертең сол үлкен армандарға бастайтын жолдың бір баспалдағы болуы мүмкін.

Шынымды айтсам, кейде үлкен армандарымды дауыстап айтуға қымсынамын. Неге екенін білмеймін, бәлкім, тым биік мақсат қойсам, айналамдағылар күлкі қылар деген ой бар. Сондықтан арманымды айтқаннан гөрі, қағазға түсіргенді жөн көремін. Тіпті орындалған мақсаттарым мен жеткен жетістіктерімді де жазып қоямын.  Мен үшін арман – жай қиял емес, алға жетелейтін бағыт. Сол себепті оларды ішімде сақтап, әрекет арқылы дәлелдегенді ұнатамын.

– Сұхбатыңызға рақмет! 

 Сұхбаттасқан – ЕҰУ-нің студенті Айгерім Сұлтанғали

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:37
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 10:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары