Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Өмірді сақтандыру: қаржылық қорғаныс пен жинақтың қос тетігі

Өмірді сақтандыру: қаржылық қорғаныс пен жинақтың қос тетігі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

7 миллионға жуық адам өмірін сақтандырған

Денсаулыққа байланысты тәуекелдер, өндірістік жарақаттар немесе жол-көлік оқиғалары адамның табыс көзін күтпеген жерден үзуі мүмкін. Ал жинақтың жеткіліксіздігі мен несие міндеттемелері мұндай жағдайда әлеуметтік тәуекелді күшейтеді. Сондықтан сарапшылар өмірді сақтандыруды күтпеген шығыннан қорғайтын маңызды қаржылық құрал ретінде бағалайды.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, өмірді сақтандыру бағдарламалары мазмұны мен қамту ауқымына қарай әртүрлі болады. Сақтандыру мерзімі, қорғаныс түрлері және жарна мөлшері азаматтың мақсаты мен қаржылық мүмкіндігіне сәйкес таңдалады. Бір шарт аясында сақтандырылушы өзін ғана емес, жақындарын да қамти алады. 

Инфографика: Kazinform

Нарықтағы ұсыныстарға сәйкес, бір жылдық өмірді сақтандырудың ең төменгі құны шамамен 85 мың теңгеден басталады. Дегенмен нақты баға сақтандыру компаниясына, қамту көлеміне және шарт талаптарына байланысты айқындалады. Қажет болған жағдайда сақтандыру сомасын миллиондаған, тіпті миллиардтаған теңгеге дейін ұлғайтуға болады.

«Nomad Life» сақтандыру компаниясының Алматы қаласындағы филиал директоры Мансия Ұзақова депозит пен өмірді сақтандырудың айырмашылығын нақты түсіндіріп берді. Оның айтуынша, депозит – қаражатты көбейтуге арналған жинақ құралы. Ал өмірді сақтандыру бір мезетте екі функцияны атқарады. Ол – бір жағынан қаржылық қорғаныс, екінші жағынан – жүйелі түрде қаражат жинау мүмкіндігі.

– Жинақ екі бөліктен құралады: салынған қаражат сақтандырылады, ал екінші бөлігі компанияның инвестициялық табысынан қалыптасады. Қазақстанда орташа табыстылық жылына шамамен 6-10 пайыз аралығында болуы мүмкін. Оның ішінде кепілдендірілген бөлігі және қосымша сыйақы бар. Мысалы, азамат ай сайын 20 мың теңгеден 10 жыл бойы жинаса, шамамен 4 млн теңге жиналуы мүмкін. Ал егер 20 мың теңгені 15 жыл бойы салса, 6 млн 800 мың теңгеге жуық қаражат қалыптасады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің деректеріне сүйенсек, ұзақмерзімді инфляция орта есеппен 6-8% шамасында. Егер табыс 8 пайыз болып, инфляция да 8% болса, онда қаражат өзінің құнын сақтайды, бірақ айтарлықтай өсім бермеуі мүмкін. Соған қарамастан, адамдар бұл өнімді таңдайды, себебі ол - тек жинақ емес. Мысалы, сақтандырылған адам екі жыл ішінде 20 мың теңгеден төлеп үлгерсе, қайтыс болған жағдайда оның отбасы шартта көрсетілген толық сақтандыру сомасын алады. Ескерер тұс та бар. Егер ол жалған ақпарат берсе, ауруын жасырып қалса немесе қауіпті жұмыс орнын көрсетпесе төлем берілмейді, – дейді ол.

Фото: Мансия Ұзақованың жеке мұрағатынан

Сонымен қатар маман сақтандырылған тұлға қайтыс болған жағдайда төлем шартта көрсетілген адамға берілетінін атап өтті. Бұл мәселе Қазақстан заңнамасымен нақты реттелген. Егер шартта алушы көрсетілмесе, онда төлем Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұрагерлерге беріледі.

Қазақстанда сақтандыру төлемдерін қорғайтын арнайы ұйым – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры жұмыс істейді. Егер компания лицензиясынан айырылса немесе банкротыққа ұшыраса, аталған қор клиенттерге тиісті төлемдерді жүзеге асырады.

«Халық-Life» АҚ басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова сақтандыру өнімін таңдауда кәсіби тәуекелдерді ескерудің маңызын да атап өтті.

– Үнемі жолда жүретін азамат жол-көлік оқиғасына қатысты өтемақысы бар өнімді таңдағаны дұрыс. Биіктікте жұмыс істейтіндер жазатайым жағдайдан сақтандыруға басымдық беруі керек. Егер күтпеген жағдай болып, өмірге қатер төнсе, сақтандыру компаниясы қаржылай қолдау көрсетеді, – дейді ол.

Фото: kapital.kz

Жанар Жұбаниязованың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 7 миллион адам өмірін сақтандырған.

– Соның ішінде 100 мыңға жуығы ғана – жинақтаушы ерікті сақтандыру шарттары, яғни адам бұл өнімді саналы түрде өзі таңдаған. Қалған азаматтар өмірін несие рәсімдеу кезінде сақтандырған, – дейді спикер.

Қазақстан неге қалыс келеді?

Нарық көрсеткіштеріне сәйкес, өмірді сақтандыру секторы соңғы жылдары тұрақты әрі қарқынды өсімді көрсетіп отыр. Қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы сектордың 25%-ға ұлғайып, сақтандыру нарығындағы басты драйверге айналғанын мәлімдеді. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өткен жылы 35 мыңнан астам қазақстандыққа жалпы сомасы 2,7 млрд теңгеден асатын төлемдер жүргізген.

Коллаж: Kazinform, freepik

Дегенмен сектордың экономикадағы үлесі әлі де көңіл көншітпейді. 2024 жылы өмірді сақтандыру сыйлықақылары ЖІӨ-нің тек 0,61%-ын алды. Бұл 2014 жылғы 0,19 және 2023 жылғы 0,38 пайыздық көрсеткіштеріне қарағанда едәуір өсім болса да, дамыған елдермен салыстырғанда төмен деңгейде қалып отыр. Мысалы, Франция, Италия, Швейцария және Ұлыбританияда бұл көрсеткіш 5%-дан асады. Сарапшылар мұны Қазақстанда сақтандыру мәдениетінің енді қалыптасып келе жатқанымен байланыстырады.

– Қазақстандықтар сақтандыруға біртіндеп бет бұрып келеді. Себебі сақтандыру жайлы түсінік толық қалыптаспаған. Елде өмірін ерікті түрде сақтандыратындардың үлесі – 0,8%. Салыстырмалы түрде Ресейде – 3, АҚШ пен Канадада – 54, Қытайда – 82, Жапонияда – 95 пайыз, – дейді сақтандыру компаниясының өкілі.

Инфографика: Kazinform

Алдағы жылдары сектордың құрылымы мен қызметінде маңызды өзгерістер болуы мүмкін. «Freedom Life» өмірді сақтандыру компаниясының басқарма төрағасы Азамат Ердесов бес жыл ішінде нарықта жаңашылдықтар болуы ықтимал деген пікірде.

– Өмірді сақтандыру алдағы уақытта қаржылық жоспарлаудың қалыпты әрі қажетті құралына айналады. Ол – депозит пен инвестицияға балама емес, өз логикасы бар қаржылық шешім. Клиент үшін бұл – ең алдымен қорғаныс, тұрақтылық және болашақты жүйелі жоспарлаудың тетігі.

Бүгінде тұтынушы жекелеген өнімді емес, нақты өмірлік мақсатты таңдайды. Бұрын шетелге шығу бірнеше бөлек қадамнан тұрса, қазір адам бір ғана кешенді шешімді іздейді. Ол сенімді туристік агенттікті табу ғана. Сосын қалған мәселе автоматты түрде реттеледі. Осы қағида өмірді сақтандыруда да орнығады. Адам сенімді полис алуды, отбасын қорғауды, табысын сақтауды, балаларының болашағын қамтамасыз етуді ойлай бастайды, – дейді Азамат Ердесов.

Фото: © Валерий Аяпов Сақтандыру саласы жаңа заңға сәйкес жұмыс істейді

Сарапшылардың пікірінше, егер қазақстандықтар өмірін ерікті түрде жиі сақтандыра бастаса, біріншіден халыққа қаражат жинаудың қосымша тиімді құралы пайда болады.

– Біз өмірді сақтандырудың кіріктірілген моделін дамытқымыз келеді. Мысалы, Жапонияда пәтер жалдағанда өмірді сақтандыру полисі сұралады, онсыз пәтер берілмейді. Осындай өнімдерді сұлулық салондарының, спорт ұйымдарының, тіс емханаларының, клиникалардың, каршеринг қызметтерінің және басқа сервистердің құрамына енгізуге болады, – дейді Жанар Жұбаниязова.

Оның айтуынша, мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылық сабақтарын енгізуге болады. Сонымен қатар сақтандыру қызметтері туралы ақпаратты жеңілдетіп, оны барлық қолжетімді арналар арқылы тарату маңызды. Сақтандыру өкілі халықтың компанияларға деген сенімін арттыру мақсатында төлемдерді кепілдендіру жүйесін жетілдіру, кепілдендірілетін сақтандыру сыныптарын кеңейту және қызметтің ашықтығы мен айқындығын күшейтуді ұсынады.

Тағы бір маңызды аспект – сақтандыру компаниялары енді жаңа заңға сәйкес жұмыс істейді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі сақтандыру мен бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының небәрі 5 пайызын ғана құрайтынын атап өтті. Ол 1 қыркүйекке дейін сақтандыру мен қор нарықтарын дамыту бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.

– Біз, нарық қатысушылары ретінде, Президенттің бастамасын қолдаймыз. Сақтандыру секторындағы реформалар қажеттілігі бұрыннан пісіп-жетілді. Нарыққа дамудың икемді форматтары, жаңа құралдар, сондай-ақ міндетті сақтандыру өнімдері қажет. Қазақстандағы нарықтың әлеуеті зор, оны тиімді пайдалануға тиіспіз, – деді «Freedom Insurance» басқарма төрағасы Азамат Керімбаев.

Фото: inalmaty.kz

Елімізде өмірді сақтандыру нарығы қарқынды өсіп келеді, бірақ оның әлеуеті толық ашылмаған. Халықтың қаржылық сауатын арттыру, цифрландыру арқылы қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету және компанияларға деген сенімді нығайту сектордың дамуына мүмкіндік береді. Ал жаңа заңның енгізілуі осы процеске қосымша серпін сыйлауы мүмкін.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Ақпан 2026 08:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see147

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see140

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see139

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see138

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see137

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see133

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see129

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see128

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see126

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see126

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see125

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see123

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see119

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see119

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see118

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see116

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see116

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see115

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары