Медведов Буревестник пен Сарматтың бірегей кешен екенін айтты
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Ең соңғы стратегиялық қарулар - "Буревестник", "Сармат" және "Посейдон" өз уақытынан озық бірегей кешендер болып саналады, деді ғылым және білім жөніндегі президенттік кеңес президиумының төрағасы және Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев.
РИА Новости агенттігінің перспективалы әрі өзекті ғылыми әзірлемелер туралы сауалына жауап берген Дмитрий Медведев әскери саладағы жабық жобаларға ерекше көңіл бөлінетінін айтты.
"Елде қажетті ғылыми және өндірістік база бар және жұмыс жүргізіліп жатыр. Әрине, бұл ақпараттың көп бөлігі құпия саналады, бірақ нәтижесін көруге болады. Мұның айқын дәлелі – "Буревестник", "Сармат" және "Посейдон" сияқты озық стратегиялық қарулар. Бұл – өз уақытынан озық және алдағы ондаған жыл бойы еліміздің абсолютті қауіпсіздігіне кепілдік беретін бірегей кешендер", - деді Медведев.
Ресейде "Посейдон" ядролық ұшқышсыз сүңгуір аппараты мен ядролық энергетикалық қондырғысы бар "Буревестник" қанатты зымыранын әзірлеу жұмыстары аяқталу кезеңіне жетті. Ал биыл мамыр айында жаңа ауыр сұйық отынды құрлықаралық баллистикалық "Сармат" зымыраны сынақтан өткізілді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:23
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Мамыр 2026 16:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















