Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

Өмірді оттан арашалаған командир

Өмірді оттан арашалаған командир

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

19 қазан елімізде Құтқарушылар күні  аталып өтеді. Бұл ел тыныштығын күзетіп, от пен судың ортасында жүрген жандардың еңбегіне тағзым етер күн. Олар күн сайын өз өмірін қауіпке тігіп, өзгенің өмірін арашалап қалады. Осындай ерлердің бірі – Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Руслан Рүстемұлы Көбетаев. Күні кеше ол Рақымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп жазады Egemen.kz. 

Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Руслан Көбетаев қызмет жолын 2014 жылы Астана қаласында бастаған. Ол алғашқы күннен-ақ бұл саланың жай мамандық емес, өмірлік міндет екенін түсінген. Кейін Солтүстік Қазақстан облысына ауысып, Петропавлдағы өрт сөндіру бөлімінде командирлік қызметке тағайындалды. Осы он жылдан астам уақыт ішінде талай қауіп-қатердің ортасында жүріп, талай адамның өмірін сақтап қалған.

«Біздің қызмет – секундпен өлшенетін жұмыс. Өрт кезінде әрбір шешімнің артында адам тағдыры тұр. Сол себепті командир ретінде басты міндетім – дұрыс шешім қабылдау және әріптестерге нақты бағыт беру. Қиын жағдайда салқынқандылық пен тәжірибе ғана емес, рухани дайындық та қажет», дейді Руслан Рүстемұлы.

3 тамыз күні Петропавл қаласында болған өрт оқиғасы оның есінде ерекше сақталған. Түн ортасында көпқабатты тұрғын үйдің бір пәтерінен өрт шығып, қою түтін мен жалын бүкіл қабатты шарпыған. Оқиға орнына жеткен Руслан Көбетаев жағдайдың күрделі екенін бірден аңғарған.

«Газ-түтіннен қорғау звеносын дереу іске қостық. Өрттің таралу бағытын анықтап, өзім топты бастап пәтерлерге кірдім. Түтін қою, температура жоғары, бірақ адамдардың үні естіледі. Сол бағытқа ұмтылдық. Ең бастысы – саспауды үйрену. Әр секунд санаулы еді. Ондай сәтте ойыңда бір ғана нәрсе – адамдарды құтқару. Өрт деген тек жалын емес, ол адамның үміті сыналатын сәт», деп еске алды ол.

Руслан Көбетаев үшін бұл марапат жеке еңбектің емес, бүкіл ұжымның ортақ жетістігі.

«Әрине, кез келген азамат үшін Президенттің қолынан марапат алу – үлкен абырой. Бірақ бұл менің ғана емес, менімен бірге күн сайын өртке кіріп, адамдарды құтқарып жүрген жігіттердің еңбегінің бағалануы. Бұл орден бізге одан әрі де сенімді ақтап, жұмысты жоғары жауапкершілікпен атқару міндетін жүктейді»,  дейді кейіпкеріміз.

Құтқарушы мамандығы сырт көзге батырлықтың символы болып көрінгенімен, оның артында тынымсыз еңбек пен темірдей тәртіп жатыр. Руслан секілді жалынмен бетпе-бет келіп, үміт отын өшірмейтін жандар барда, ел жүрегі тыныш соғады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 13:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see132

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see129

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see129

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see126

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see125

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see115

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see114

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see113

Әзербайжан мен Арменияның ымыраға келуі жаңа перспективаға жол ашады Тоқаев

15 Қазан 2026 18:11see112

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы видеосын жариялады

15 Қазан 2026 21:59see111

Енді Tarlan Astana станцияларында көлік карталарын рәсімдеуге болады

15 Қазан 2026 17:13see110

Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды

15 Қазан 2026 17:43see110

Қазақстандық бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеоларын 700 мың теңгеге бағалады

15 Қазан 2026 14:35see110

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see110

Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

15 Қазан 2026 23:42see109

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see108

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see108

Цифрлық қауіпсіздік: деректер қолды болмауы керек

15 Қазан 2026 05:21see108

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see108

Біз ондаған мың жұмсадық! Navai жанкүйерлері турдың кейінге шегерілуіне наразылық білдірді

15 Қазан 2026 13:57see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары