Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Өңірдің өндірістік әлеуеті артып келеді

Өңірдің өндірістік әлеуеті артып келеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен үш жыл бұрын Ұлытау облысы құрылған еді. Бұл – өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын тіктеп, тұрғындар­дың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағыт­талған қадам болды. Осы кезеңде өңірді дамытуға, инфрақұрылым тартуға көп көңіл бөлінді.

Облыс көлемінде қанат жайған жұмыстың жай-жап­сарын облыс әкімі Дастан Рыспеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтып берді. Биыл бірінші жарты­жылдықта жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн теңгені құрап, 1,1 пайызға өскен. Жан басы­на шаққанда бұл көрсеткіш 4,6 млн

теңгені құрайды. 10 ай­дың қорытындысында көлік, құры­лыс, тұрғын үйді пайдалануға беру, инвестиция, сауда, ауыл шаруашылығы салаларында оң динамика байқалады. Алайда өнеркәсіп саласының деңгейі төмендеген. Мұның себебін облыс әкімі Жомарт кенішінде ақпанда болған апатпен байланыстырды. Сол оқиғадан кейін жұмысы уақытша тоқтаған кеніштің салдары өнеркәсіп саласындағы жалпы үлеске әсер еткен. Бүгінде кеніште жұмыс қайта басталған.

«Биыл облыс бюджеті­нің кірістері 29,7 млрд тең­геге, яғни 20%-ға ұлғайды. Мұндағы әлеуметтік сала­ның үлесі 50%-ды құрайды. Сәйкесінше, барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалып жатыр. Сонымен қатар бюджеттің меншікті кірістері былтырмен салыстырғанда 15,6 млрд теңгеге артты. Үлесі 51%-ға жетті. 2023 жылы бұл көрсеткіш 42% шамасында болған еді. Инвестиция – экономиканың тұрақты, сапалы өсімінің кепілі. Былтыр экономиканы әртараптандыру аясында облыста құны 34 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Биыл 138 млрд теңгеге 17 жаңа инвестициялық жоба іске аса бастады. Соның ішінде мұнай базасының құрылысы, жел электр стансасы, респиратор шығаратын зауыт құрылысы толығымен аяқталды», деді Д.Рыспеков.

Бүгінде облыста 2028 жылға дейін жалпы құны 920 млрд теңгеге тең 25 ірі жобаны қамтитын пул қалыптас­ты­рыл­ған. Бұл қадам 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүм­кіндік береді. Экономи­каны әртараптандыруды жеделдету мақсатында Сәт­баев қаласында индустриялық аймақ құрылды. Соның аясында жалпы құны 5 млрд теңгені құрайтын 3 жоба пысықта­лып жатыр. Нәтижесінде, 100 жұмыс орны құрылады. Биыл инфрақұрылым тарту жұмысы басталып, келер жылы аяқталады. Келешекте жобалар іске асса, шағын және орта өндірістер белдеуін қалып­тастырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септеседі. Сауда-көлік байланысын күшейтуге, қаланы бір бағытта ғана дамудан арылып, экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Ұлытау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту – экономиканың негізгі бағыт­тарының бірі. Қазір мем­лекет­тік қолдаудың арқасын­да кәсіпкерлік саласында өсім байқалады. Мысалы, жыл басынан бері шағын және орта кәсіпкерліктің араласуымен 160,6 млрд теңге­нің тауары өндірілді. Облыс құрылған мезгілде бұл көрсеткіш айтар­лықтай төмен болатын. Тағы бір жағымды жаңалық, «Атамекен» ҰКП рейтингінде Ұлытау облысы шағын бизнеске ең қолай­лы үш өңірдің қатарына ен­ген. Соның бір тетігі ретінде айт­сақ, биыл жас кәсіпкерлерге 195 қайтарымсыз грант беріл­ген. Жастар мемлекеттен қарал­ған грантқа түрлі кәсіп бастап жатыр.

«Биыл өңірде жалпы сомасы 3 млрд теңге болатын 75 жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылды. Одан бөлек, әлемдік, отандық брендтер фран­шизасының саны өсті. Бұл бағыттағы жұмыс­тар облыс­тың әлеуметтік-экономи­калық әлеуетін арттырады. Баста­ма­лар кезең-кезеңімен жалға­сады. Айрықша атап өтерлігі, Жезқазған қаласында 25 жылдан астам қараусыз, иесіз тұрған тоқыма фабрикасының ғима­раты мемлекет менші­г­іне қайтары­лып, кәсіпкер­лерге қолайлы орта жасау мақсатында ауқымды жұмыс­тар қолға алынды. Ғимарат жаңғыр­тылып жатыр. Оған тартыл­ған инвестиция көлемі 1 млрд теңгені құрайды», деді өңір басшысы.

Облыс экономикасын әрта­рап­тандыруда негізгі бағыттар­дың бірі – агроөнеркәсіп кешені. Бүгінде облыс халқын өңірдің өзінде шығарылатын өніммен қамтамасыз ету мақ­сатында Жезқазған қаласында жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы, Жаңаарқа ауданында мал шаруашылығы кешені мен мал сою цехы іске қосылған. Бұл бағытта биыл жалпы құны 17 млрд теңге болатын 10 жоба іске асып жатқан болса, құны 8 млрд теңге болатын 7 жоба жыл соңына дейін аяқталады. Жалпы, биыл Ұлытау ауданындағы 400 га алқапқа суармалы дақылдар мен көкөніс өсіретін кәсіпорын, Жезқазған қаласында 5 000 бас­тан асатын қой шаруашылығы фермасы ашылған. Сондай-ақ Жезқазған қаласында 500 га аумақта суару жабдықтарын қол­дана отырып, мал азығын егу жобасы, Жаңаарқа ауданында 367 га аумақта мал азығын егу жөніндегі 2 жоба іске асты.

«Облыс әлеуметтік азық-түлік тауарларының бірнеше түрі­нен, атап айтар болсақ, сиыр еті, бірінші сұрыпты бидай ұны, бірінші сұрыпты ұннан жасал­ған бидай нанымен өзін-өзі қам­тамасыз етіп отыр. Сонымен қатар инвестициялық жобалар­дың нәтижесінде тауық жұмырт­қасымен қамтамасыз ету 0-ден 40%-ға жетті. Келер жылы қосымша тауық етімен, картоппен ішінара қамтамасыз ету жоспарланған. 2022 жылы облыс аумағында суармалы құрылғыларды қолданатын егістік алқаптар болмады. Бүгінде бұл көрсеткіш 1,7 мың гектарға жетті. Мұнымен шектелмей, 2026 жылы егісті 2,5 мың гектарға дейін жеткізу жоспары тұр. «Ауыл аманаты» жеңілдетілген несие бағдарламасы аясында жыл басынан бері 700 млн теңгеге 100 жоба қаржыландырылды. Облыс құрылғаннан бері ауыл шаруашылығы саласына 8,5 млрд теңге инвестиция тартылса, оның 2,5 млрд теңгесі биыл құйылды. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 46%-ға өсті», дейді облыс әкімі.

Өңірде жыл басынан бері жаңа нысандарды құру, істеп тұрған нысандарды кеңей­ту­дің арқасында 2 200 жұмыс орны ашылған, 8 200 адам жұмыс­қа орналасқан. Өңір­дегі жұмыс­сыздық деңгейі – 4,1%. Бұл жалпы республика­лық көрсеткіштен төмен. Биыл

ІІІ тоқсанның қоры­тын­­дысында орташа жалақы 7,5%-ға өскен. 10 айда атаулы әлеуметтік көмек алатын от­басылардың саны 3,1%-ға азайған.

Облыс құрылған алғашқы екі жылда инженерлік желі­лерді жаңарту бағытында ауқымды жұмыс қолға алынды. Нәтижесінде, биыл Жезқазған­да абаттандыру жұмыстары бас­талды. Облыс орталығы­ның бас­ты көшесі санала­­тын Алашахан даңғылында жаяу жүргінші­лер аллеясы ашылып, жалпы саны 31 ойын алаңы салынды. 100 қоқыс контейнері орнатылып, қатты тұрмыстық қалдық­тарға арналған 369 контейнер ауыс­­тырылды. Бұдан өзге, «Қазақмыс» корпорациясының демеу­шілігімен көпқабатты 40 тұрғын үйдің қасбеті жаңарған. Дамудың басты көрсеткіші ретінде қаланың бас жоспарына сәйкес Батыс ауданын ашу жобасы қолға алынды. Қазір сол аумақта көп­қабатты тұр­ғын үйлер, әлеу­меттік нысандар, ғима­рат­тар жоспарланып, бой көтеріп жатыр. Атап айтар бол­сақ, оқушылар сарайы, емхана, 320 орындық балабақша, 900 орын­дық мектеп, спорт кешені, мұз аре­насы мен бассейн салынады.

Баяндамадан соң журна­листер өңірдің әлеуметтік-эконо­микалық даму көрсет­кіштері­не қатысты сұрақтар қойды. Бізбен, «Еуразия» арнасының тілшісі қойған сауалдың мазмұны ұқсас болды. Білгіміз келгені – «Жомарт» кенішінде тіркелген апаттың салдарымен күрес жұмыстары, кеншілердің қауіпсіздік шаралары. Есте болса, ақпанда кеніште жеті кенші қайтыс болған еді.

«Оқиғадан кейін Үкіметтік комиссия құрылып, екі айға жуық уақыт тексеру жүргізіл­ді. Нәтижесінде, 45 іс-шара­дан тұратын жұмыс жоспары бекітілді. Бүгінде 29 тапсырма орын­далып, 16 іс-шараға қатысты жұ­мыстар жалғасып жатыр. Оның ішінде ғылыми зерттеу жұмыстарынан бөлек, демон­таж жұмыстарына қажет құралдарды жеткізу, мамандарды оқыту мәселесі бар. Қазірде кеніште газдың бар-жоғын тәулік бойы анықтайтын құралдар орнатылған. Ауаның құрамын үнемі тексеріп отыратын зертхана да бар. Сондай-ақ қауіпті аймақтардың картасы әзірленді. Кеніш 5 ай бойы жұмыс істеген жоқ еді. Осы аралықта кәсіпорын кемшіліктерді реттеп, жұмысты қайта бастады. Қайтыс болған кеншілердің отбасына мемлекет, жергілікті атқарушы органдар, «Қазақмыс» корпорациясы тарапынан тиісті көмек көрсетілді», деп түйіндеді облыс әкімі Д.Рыспеков.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Желтоқсан 2025 09:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары