Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Генералға жасалған қастандық: күдікті БАӘ ден Ресейге экстрадицияланды

Қазақ қыздарын балағаттаған ресейлік стримерлер Алматыда қамауға алынды

Нипах вирусы шекарадан шықты

Rolls Royce, Bentley және БАӘ дегі пәтерлер: Заңсыз ломбард иесінің мүлкі бұғатталды

Маңғыстауда бұрынғы таныстары тарапынан жасалған сталкинг бойынша екі қылмыстық іс тергеліп жатыр

Семей мен ШҚО әкімдіктері 80 млн теңге үшін соттасты

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирді сәтті бастады

Несиені қайта қаржыландыру қандай жағдайда қарыз алушыға тиімді болады

​ Актив Ломбард қа қатысты іс бойынша тергеу аяқталды: шығын 19 млрд теңгені құрады

Астана қаласының прокуроры ауысты

СҚО да еңбек шарттарын талапқа сай рәсімдемеген 19 лауазым иесі жауапқа тартылды

Таразда көлігінің жүк салғышынан 38 келі марихуана шыққан ер адам 8 жылға сотталды

Қазақстанда шекарадағы бақылаудың шалт күшейтілуіне не себеп

Қызылорда облысында ақбөкеннің жаппай ағылуы қалыпты жағдай ма

Астанадағы кафенің асүй бөлмесінде тоңазытқыш өртенді

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстандағы ауқымды жобаларға қатысады

Павлодарда көлік 13 жастағы оқушыны қағып өлтірді

Мектепте неге балалардың пікірі ескерілмейді?

Оңтүстік Кореяда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

Босния және Герцеговинада қоқыс аралы тағы да тау өзенін бөгеп қалды

Нариман Төреғалиев: Өңірдің әлеуеті жылдан жылға артып келеді

Нариман Төреғалиев: Өңірдің әлеуеті жылдан жылға артып келеді

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Батыс Қазақстан облысында кейінгі үш жылда негізгі капиталға 2,3 трлн теңге инвестиция тартылып, жалпы құны 165,5 млрд теңгенің 91 жобасы іске қосылды. Өңірдің таяу болашақтағы жоспар-жобалары да қомақты. Бұл жөнінде облыс әкімі Нариман ТӨРЕҒАЛИЕВ газет тілшісіне әңгімелеп берді.

– Нариман Төреғалиұлы, жаңа жылдың алғашқы айы да түгесілді. Бұл өткенді қоры­тындылап, жаңа жоспар құруға жеткілікті уақыт қой. 2025 жыл Батыс Қазақстан облысы үшін жаман болмаған сияқты...

– Иә, кейінгі жылдары облыс экономикасының даму динамикасы тұрақты. Инвестиция көлемі артып, шағын және орта бизнеске қолдау күшейді. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп­тің өрісі кеңейді. Бір сөзбен айт­қан­да, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолда­уын­­да айқындалған стра­те­гиялық мін­деттер өңірлік деңгей­де нақты жобалар мен жүйелі іс-ша­ралар арқылы жүзеге асып отыр.

Өткен жылы облыс эконо­ми­ка­сының негізгі салалары бо­йынша тұрақты өсімге қол жет­кіздік. Сөзім жалаң болмас үшін кейбір сандарға тоқтала кете­йін. Былтыр облыстың өңдеу өнер­кәсібінде өнім көлемі 112,2 пайызға өсіп, 379,7 млрд теңгені құ­рады. Ауыл шаруашылығы­ның жалпы өнім көлемі 102,8%-ға артып, 319,9 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіштер – жай ғана статистика емес, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер ететін маңызды факторлар. Біріншіден, өндіріс көлемінің ұлғаюы салық түсімдерін арттырады. Екіншіден, тұрақты жұмыс орындары көбейеді. Үшіншіден, экономикалық өсім ауылдарда мектеп, медицина, мәдениет және спорт нысандарын салуға мүм­кіндік береді. Ал бұл өз кезегінде өңір тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жастардың туған жерде тұрақтап қалуына ықпал етеді.

– Инвестиция демекші, Мемлекет басшысы экономи­­ка­ға қаржы тарту мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Әсіресе әкімдердің бюджет қаражаты­на сеніп отыра бермей, алыс-жа­қыннан инвестиция тарту ­қа­жеттігін айтты. Біздің өңірде бұл іс қалай жүріп жатыр?

– Президенттің Жолдауында өңдеу салаларына қаржы тарту арқылы жаңа инвестиция­лық кезеңді бастау маңызды екені ай­тылды. Өңірде бұл бағыттағы жоспарымыз ауқымды. Былтыр тікелей шетелдік капиталды тар­ту мақсатында Чехия, Ресей, Иран, Қытай, Оңтүстік Корея ел­деріне барып, әлеуетті инвестор­лармен келіссөз жүргіздік. Нәти­жесінде өнеркәсіп, құрылыс, медицина, энергетика мен ауыл шаруашылығы саласында жалпы құны 1 трлн теңге болатын жобалар бойынша меморандумға қол қойылды.

Мәселен, қытай инвесторларымен бірлесіп «Batys POWER» компаниясы газ турбиналы электр стансасының қуатын арттыру бо­йынша 386 млрд теңгенің жо­ба­сы қолға алынды.

Сонымен қатар «Zhaik Pet­ro­leum LTD» компаниясы мен ­Қытай­дың «Foshan City Construc­tion Engineering Co» компаниясы құны 78 млрд теңгенің жобасы аясында жылына 130 мың тонна метанол өндіру зауытын салуды бастады.

Қытайдың «Chengtian Runkang Pharmaceutical» компаниясы «Киік етін қайта өңдеу» жобасы бойын­ша 4,2 млрд теңге қаржыға ет ком­бинатын салады. Жаңа өндіріс ор­нының құрылуы, басқа да тиімді тұс­тарын айтпағанның өзінде, өңір үшін өзекті мәселе – ақбөкендер ­санын реттеуге, жа­йылым жерлердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

«ASAR Biotech» ЖШС фарма­цев­тикалық препараттар шыға­ратын зауыт салады. Бүгінде кәсіп­орын құрылысының бірінші бөлігі басталды. Жобаның жалпы құны – 30,9 млрд теңге.

Ресей Федерациясының «Крас­ная звезда» компаниясы Орал қа­ла­сындағы кәріз жүйесін тазарту нысаны құрылысын жобалауды бастады. Ал Сәтимолла кен орнында калий тыңайтқыштарын өндіру жобасының құны 1,6 трлн теңгеге бағаланды.

2023 жылдан бері негізгі ка­питалға 2,3 трлн теңге инвестиция тартылды, жалпы құны 165,5 млрд теңгенің 91 жобасы іске қосылды. Осылайша, кейінгі 3 жылда нақты нәтижеге қол жеткіздік. Мәселен, 2023 жылы нақты көлем индексі – 675,2 млрд теңге, 2024 жылы – 750 млрд теңге, 2025 жылы 874,5 млрд теңгені құрады. Ал биыл 1 трлн 51 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз.

– Облыс экономикасының негізгі локомотивтерінің бірі ауыл шаруашылығы саласы ғой. Бұл бағытта не жаңалық бар?

– Дұрыс айтасыз, ауыл шаруа­шылығы – өңір дамуының бас­ты драйвері. Бүгінде облыс тұрғындарының 40 пайыздан астамы ауылда тұрады. Төрт тү­лігін түлетіп, атакәсіпке бет бұр­ғандар аз емес. Бұған аймақтың табиғи-климаттық ерекшелігі де то­лық мүмкіндік береді. Со­ның нәтижесінде осы саладағы жал­пы өнімнің 60 пайызы мал шаруашылығына тиесілі.

Республикадағы етті ба­ғыт­тағы ірі қара малдың 42 пайы­зы біздің өңірде шоғырланған, ал ірі қара саны жөнінен ел көлемінде екінші орындамыз. Кейінгі 3 жылда ауыл шаруашылығы са­ла­сында басымдық берілген 12 ірі инвестициялық жобаны қар­жыландыруға бюджеттен 16,3 млрд теңге бағытталды. Былтыр саладағы инвестиция көлемі 2 есе өсіп, 52,3 млрд теңгені және өнімдерді қайта өңдеуге тартылған инвестиция көлемі 2,5 есе өсіп, 7,1 млрд теңгені құрады. Алдағы 3 жылда жалпы құны 64,7 млрд теңгені құрайтын 44 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Биылдың өзінде жалпы құны 17,6 млрд теңге болатын 28 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Президенттің тапсырмасына сәйкес 2023–2024 жылдары рес­­публикалық бюджеттен 9,8 млрд теңге бөлініп, жылына 13,8 мың тонна сүт өндіретін 5 тауар­лы-сүт фермаға қолдау көр­се­тілді. Осы және өзге де инвести­ция­лық жобалар нәтижесінде өңірді сүт және сүт өнімдерімен қамту деңгейі 39 пайызға жетті. Алайда мал шаруашылығын дамыту өнім көлемімен ғана өлшенбейтіні түсінікті. Бұл салада қауіпсіздік мәселесі де айрықша маңызға ие. Осы орайда эпизоотиялық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету мақсатында ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға басымдық беріп отырмыз. Кейінгі жылдары облыста 70-ке жуық ветеринария пункті мен мал қорымы салынды, бұл жұмыс жүйелі жалғасады. Өйткені мал сау болса, өнім де сапалы, халық та қауіпсіз.

Егіс алқаптарын әртарап­тан­дыру да маңызды. Мәселен, кейін­гі үш жылда бұршақ тұқымдас дақылдардың көлемі 12 есе артты. Бұл дақылдарды ғылыми негізде енгізу агроөнеркәсіп кешенінің ұзақмерзімді әрі тұрақты дамуына берік негіз қалайды.

Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 23 кә­сіп­орын тұрақты жұмыс істеп тұр. Был­тыр қайта өңдеу үлесі 67 па­йызды құраса, биыл бұл көр­сет­кішті 70 пайызға жеткізу мін­деті қойылды. Ауыл экономикасын дамытуда «Ауыл аманаты» бағдарламасы да маңыз­ды рөл атқарады. Бағдарламаға қатысқан жеке кәсіпкерлер мен 109 кооперативтің 1 400-ден аса жобасы қаржыландырылып, 1 797 жаңа жұмыс орны құрылды. Қа­тысушылардың өнімдерін өт­кі­зу мақсатында ірі компания­лармен зәкірлік кооперативтер арқылы әріптестік орнатылды. 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағ­дарламасы шеңберінде өнді­рілетін өнімдерді ірі мұнай өң­дейтін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясына өткізу туралы меморандумға қол қойылды. Бүгінде ҚПО қызметкерлерінің тамақтануын ұйымдастыруға жалпы соммасы 1 млрд теңгеге 568,2 тонна көкөніс, 184,5 тонна ет, 14,5 тонна сүт өнімдері, 5,8 млн дана жұмыртқа өткізілді. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы саласында қолға алын­ған бұл кешенді іс-шаралар өңір экономикасын нығайтып қа­на қоймай, ауылдың әлеуетін арт­­­ты­руға, халықтың тұрмыс сапасын жақ­­сартуға және азық-түлік қауіп­­сіздігін қамтамасыз етуге бағыт­талған.

– Қазір су тапшылығы әлем­дік мәселеге айналды. Президент те су мәселесі аймақтың азық-түлік қауіпсіздігімен тығыз байланысты екенін ескертті ғой.

– Дұрыс айтасыз, Мемлекет басшысы Қызылордада өткен Ұлт­тық құрылтайдың бесінші отырысында да су мәселесімен жүйелі айналысудың маңызын атап өтті. Су – тіршілік нәрі, су шаруашылы­ғы – ауыл шаруашылығының негізі. Кейінгі жылдары өңірде суармалы жер көлемі ұлғайды. 2024 жылы 10,1 мың гектар болса, былтыр 12,4 мың гектарға артты. Оның 94 пайызында су үнемдеу технологиясы қолданылады. Су инфрақұрылымын жаңғыр­ту – маңызды міндет. 2024–2028 жылдарға арналған Су шаруа­шы­лығын дамытудың кешенді жос­парына облыс бойынша 127 іс-шара енгізіліп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр. Өңір­де жалпы ұзындығы 185 шақырым­ды құрайтын үш магистралды каналды қайта жаңғырту басталған еді. Бүгінгі таңда 2 каналдағы жұмыстар толық аяқталды. Жо­балар Жайық өзенінің сол жа­ға­лауындағы 350 мың гек­тарға дейінгі жайылымды ауыл ша­руа­шылығы айналымына енгі­зуге мүмкіндік береді. Бұл – мал шаруашылығын тұрақты дамы­туға берік негіз. Сонымен қатар 2024 жылы 1 млрд теңге қаржы бөлініп, 10 суқоймасына қайта жаңғырту жүргізілді. Алда тағы 14 суқоймасы жөнделеді. Былтыр ұзындығы 192 шақырым болатын Жәнібек суару-суландыру жүйесін қайта жаңғырту жұмысы басталды. Суды ұтымды әрі тиімді пайдалану мақсатында кейінгі үш жылда өңірде жалпы ұзындығы 303 шақырым магистралдық каналдар механикаландырылған тазартудан өтті, биыл тағы 150 шақырым су арнасы тазартылады.

– Батыс Қазақстан облы­сындағы сәтті жобаның бірі – өзі­ңіз мұрындық болған «Қаладан – ауылға» бағдарламасы сияқты. Бұл бастаманың бүгінгі жай-күйі қалай?

– 2024 жылы іске қосылған «Қала­дан – ауылға» жобасы қыс­қа мерзім ішінде-ақ ауыл тұрғын­дары мен қоныс аударушылар тара­пынан кең қолдау тапты. «Egemen Qazaqstan» газеті де осы та­қырыпты бірнеше рет жазып, на­сихат жасады, көп рахмет! Бүгінгі есеп бойынша жоба аясында 205 отбасы, 1 мыңнан аса адам қаладан ауылға көшті. Оның 623-і – бала. Қоныс аудар­ған отбасының барлығына да бас­пана берілді. 223 азамат тұрақ­ты қызметке орналасып, ауыл­дың әлеуметтік-экономикалық да­муына үлес қосып жүр. Олар­дың ара­сында дәрігер, мұғалім, өзге де қажетті сала мамандары, соны­­мен қатар «Ауыл аманаты» арқылы өз кәсібін ашқандар да бар. Айта кеткен жөн, бағдарламаға өзге өңір тұрғындары да қызығушылық танытып, облысымыздың елді мекендерінде тұрақтанды. Осы жоба арқылы ауылдағы кадр тап­шылығын, жабылудың алдын­да тұрған бірнеше мектептің мәсе­лесін шештік. Бүгінде бұл бастамамыз өзге облыстарға да үлгі ретінде ұсынылды.

Өңір халқын баспанамен қам­ту – мемлекет саясатының басым бағыт­тарының бірі. 2023 жыл­дан бері облыста тұрғын үй құры­лысына 63 млрд теңге бөлініп, 3 698 пәтер пайдалануға берілді. Ке­йін­­гі 3 жылда аудан орталықта­рын ­қос­­пағанда, ауылдарда 1 733 от­­басы баспаналы болды.

– Өңірде әлеуметтік салаға, соның ішінде осал топтарға кө­мек, көзқарас қалай?

– «Балық берме, қармақ бер» деген даналық бар. Біз де әлеу­мет­тік саясатты жүзеге асыр­ған­да дәл осы ұстанымға сүйе­не­міз. Кейінгі үш жылда бұл бағыт­­тағы жүйелі мемлекеттік қол­дау нәтижесінде өңірде атау­лы әлеуметтік көмек алушылар азайып, күні бүгінге облыс тұр­ғын­дарының 1,1 пайызы ғана жәрдемақы алады. Былтыр өңірде 30 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылса, оның 19,1 мыңы – ауыл тұрғындары.

Әлеуметтік қолдау жұмыс­пен қамтумен ғана шектелмейді. Ерек­ше назарды қажет ететін аза­маттарға да жан-жақты жағдай жаса­лып отыр. Мүгедектігі бар тұл­ғаларға медициналық кө­мек ұсынып, қоғамға бейімдеу мақсатында 150 орындық заманауи оңалту орталығы, сондай-ақ спорт кешені пайдалануға берілді.

Халықтың тұрмыс сапасын арттыру – басты басымдықтың бірі. Кейінгі үш жылда облыста жаңа 121 әлеуметтік нысан салынды. Оның 52-сі – денсаулық сақтау, 30-ы – білім, 24-і – спорт, 15-і мәдениет саласына тиесілі.

Президенттің тікелей тапсыр­масымен іске асқан «Ауылда ден­саулық сақтауды жаңғырту» ұлт­тық жобасы аясында облыста 50 медициналық нысан пайдала­ну­ға беріліп, қойылған міндет то­лық орындалды. Бүгінде Қазталов ­және Бөрлі аудандарында аудан­ара­лық ауруханалардың құры­лысы жүріп жатыр. Саладағы кадр тапшылығын азайту мәсе­лесі өзекті күйінде. Жоғары оқу орындарымен байланыс орнатып әрі әлеуметтік қолдауды күшейткен­нің нәтижесінде кейінгі үш жыл­да өңірге 450 дәрігер маман тар­тыл­ды, оның 239-ы ауылға жіберіл­ді. Медициналық ұйымдардың мате­риалдық-техникалық базасын ны­ғайтуға да ерекше көңіл бөлін­ді. Денсаулық сақтау саласының ин­фрақұрылымын жақсартуға 10 млрд теңге бөлініп, 1 094 заманауи медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Бұл медицина­лық қызметтің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.

Білім саласында да оң өзгеріс аз емес. 2023 жылдан бері облыста 30 жаңа мектеп салынды. Оның 9-ы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Жаңа білім ошақтарының 22-сі ауыл­да ашылды. Себебі ауылға жағдай жасау – ауыл балаларына қала оқушыларымен тең мүмкіндік беру деген сөз. Атқарылған жү­йелі жұмыс нәтижесінде өңірде 11 апатты, 6 үш ауысымды және ­12 бейімделген мектеп ғимара­ты­­ның мәселесі толық шешілді. Биыл ­облыста 8 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Ұлттық құрылтайда «Мемле­кеттік саясаттың стратегиялық бағдарының бірі – мәдениет пен өнер. Себебі қоғамның санасы жаңғырмаса, реформалар ойдағыдай нәтиже бермейді», деген Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы руханият мәселесі­не айрықша мән беруді тапсырды. Бұл сала да біздің назарымыздан тыс қалған емес. Кейін­гі үш жылда облыста 15 мәде­ниет үйі мен мәдени-спорт­тық кешен пайдалануға берілді. «Қазақ­стан халқына» қоғамдық қоры­ның қолдауымен ауылдарда 25 кітапхана жаңғыртылды. Олар­дың кітап қоры 20 мыңнан аса кітаппен толықты. Оның сыртында 2 аудандық кітапханаға жаңа ғимарат салынды. Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры мен А.Островский атын­дағы орыс драма театрын күрделі жөндеу жұмысы аяқталуға таяу. 2023–2025 жылдары облыс­та 24 спорт нысаны пайдалануға бе­рілді. Бүгінде облыстың барлық аудан орталығы заманауи дене­шынықтыру-сауықтыру кешен­дерімен қамтылған.

– Батыс Қазақстан облысында ең үлкен мәселенің бірі автокөлік жолдарының сапасы еді. Кейінгі кезде бұл бағытта да ілгерілеу бар сияқты.

– Иә, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауы арқасында өңір­де көлік-логистика саласы сер­пінді дамып келеді. 2023–2025 жылдары «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы және «Ауыл – ел бесігі» бағ­дарламасы аясында облысқа 258,5 млрд теңге бөлінсе, осы қара­жат есебінен түрлі деңгейдегі 1 542 ша­қырым автокөлік жолы жөндеу­ден өтті. Соның ішінде жалпы ұзындығы 560 шақырым болатын 56 елді мекенде кіреберіс жол жөн­делді. Әсіресе талай жылдан бері жол азабын тартып келген Қаз­талов, Жәнібек, Бөкей ордасы аудан­да­рының тұрғындары мемлекет қам­­қорлығын ерекше сезінді. Осы­лай­ша, Мемлекет басшысының тап­сырмасы толық жүзеге асырылды.

Батыс Қазақстан – еліміздің шекарасында тұрған өңір. Транзит­тік әлеуетті күшейту мақсатында Қазақстан – Ресей шекарасын­дағы автокөлік өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары да басталды. Былтыр «Сырым» пунктін жаңғырту қолға алынса, биыл «Тасқала» жобасы іске асырылады. Сол арқылы инфрақұрылым толық жаңарып, заманауи бақылау және рәсімдеу жүйесі енгізіледі. Бұл өткізу қабілетін арттырып, шекарадан өту уақытын қысқартады.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шы­сының инфрақұрылымды жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде былтырдан бастап облыс аумағында 4 темір­жол вокзалы жаңартылып жатыр. Олардың берісі елу жылдай бұрын салынса, әрісі ғасыр бұрын бой көтерген.

– Еліміздің бірқатар өңірін­де коммуналдық жүйелердің тозуынан түрлі апат болып жатқанын естиміз. Облыстағы ахуал қалай?

– Иә, коммуналдық инфрақұ­ры­лымның тозуы – бүкіл ел үшін ортақ әрі күрделі мәселе. Соған қарамастан облыста су, кәріз және жылу жүйесі кезең-кезеңімен жаңар­тылып келеді. Ең алдымен, пай­далану мерзімі 60 жылдан асқан және бұған дейін мүлде жөн­деу жүргізілмеген нысан­дарға басымдық берілді. Кейінгі үш жылда 10,5 млрд теңгеге 4 ірі кәріз-сорғы стансасы толық жаң­ғыртылып, 320 мың тұрғын се­німді кәріз жүйесімен қамтыл­ды. Жуырда тағы 2 кәріз-сорғы стансасы­ның реконструкция­сы аяқталып, 90 мыңнан аса абонент тұрақты су бұру жүйесіне қосылады.

Жалпы ұзындығы 11 шақы­рым 2 жылу магистралі толық жаң­­ғыртылды. Сондай-ақ 2 жаңа қа­зандық іске қосылды. Орал қала­сының жылу электр орта­лығында ­3 млрд теңгеге градир­ня толық ­ауыстырылып, эколо­гиялық тұрғыдан тиімді шешім қабылданды. Соның арқасында Жайық өзенінен алынатын тех­никалық су көлемі жылына 4 млн текше метрге үнемделді. Өткен жылы жалпы құны 21,6 млрд теңгеге су құбыры желі­­ле­рі мен Орал жерасты су көздерін реконструк­циялау жобасы бастал­ды.

Электрмен жабдықтау сала­сында кейінгі үш жылда жалпы құны 10,3 млрд теңгені құ­райтын 12 жоба жүзеге асты. Оның ішінде жарты ғасырға жуық пай­даланылған 6 мың шақырым электр желісі жаңартылып, 2 жаңа қосалқы станса мен 2 өнді­рістік-жөндеу базасы салынды. Сонымен қатар 1960 жылы іске қосылып, кейінгі 10 жыл бойы жұмыс істемеген турбоагрегаттың жаңғыртылуы энергия тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болды. Нәтижесінде станса қуаты 12,5 МВт-қа өсіп, 58 МВт-қа жетті. Орал қаласын электр қуа­тымен тұрақты қамтамасыз ету мақ­сатында HITACHI турби­насына күрделі жөндеу жүргі­зіл­ді. Сөйтіп, турбина қуаты тағы ­28 МВт-қа артты.

Инженерлік инфрақұрылым­ды дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2023–2025 жылдары 127 ауылдық елді мекен таза ауызсумен қамтылып, 28 ауылға табиғи газ тартылды. Бү­гін­де облыстың сумен және кө­гілдір отынмен қамтылу деңгейі негізінен толық шешілді деуге болады.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысының тікелей тапсырмасы аясында стратегиялық маңызы бар салалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға айрықша назар аударылды. 2023–2025 жылдары облыстық бюджеттен 15 млрд теңгеден аса қаржы бөлініп, 1 мыңға жуық арнайы техника сатып алынды. Атап айтсақ, төтенше жағдайлар және полиция департаменттеріне – 412, орман мекемелеріне – 123, коммуналдық кәсіпорындарға – 58, білім және денсаулық сақтау ұйымдарына – 190, ветеринария қызметіне – 149, сондай-ақ «Батыс ирригация» мекемесіне 24 заманауи техника табысталды.

– Президент 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. Бұл бағытты дамыту үшін қандай жоспар бар?

– Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның бұл бастамасы – елімізді цифрлық державаға айналдыру жолындағы маңызды қадам. Өйткені технология қарыштап дамыған қазіргі таңда көштен қалудың салдары ауыр болатынын қай-қайсымыз да терең түсінгеніміз абзал.

Бүгінде облыстағы елді ме­кен­дердің 90%-ы интернетке қол жет­кізіп отыр. Халық саны 50-ден төмен ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін OneWeb спутник стансалары орнатылып жатыр. Сондай-ақ 5G стандартындағы 77 базалық станса іске қосылды.

«Smart City» тұжырымдамасы­на сәйкес 2024 жылдың қорытын­дысында Орал қаласы «Үздік бес ақылды қаланың бірі» деп жарияланды. Облысымызда көптеген салада жасанды интеллект функциясы қосылып жатыр. Мысалы, «ikomek109» бірыңғай call-орталығында қоңырауларға ро­бот автоматты түрде жауап бе­реді. Орал қаласында аналити­ка­лық мүмкіндіктері бар 300 зама­науи бейнекамера орнатылды. Құрылғылар жол қозғалысы ережелерінің сақталуына, білім ұйымдарында буллингтің алдын алуға, іздеуде жүрген кү­діктілерді табуға, шартты түрде сотталғандарды бақылауға көмек­тесіп, қоғамдық орындардағы қауіп­сіздікті қырағы қадағалайды. Денсаулық сақтау, жолаушылар тасымалы, жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, т.б. салаларда ақпараттық технология жаппай еніп жатыр. ­2026 жылдан бастап өңірде жаңар­тыл­ған «Smart City» тұжырымдамасы аясында көптеген жаңа жоба енгізіледі. Халық игілігі үшін атқарылатын бұл істер туралы бөлек әңгіме жасауға да болады.

– Мазмұнды әңгімеңізге көп рахмет! Ойға алған жоба-жос­пардың бәрі жүзеге асуына тілекшіміз!

Әңгімелескен –

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Нариман Төреғалиев: Өңірдің әлеуеті жылдан-жылға артып келеді

Саясат • Бүгін, 08:50

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Қазақ өнері – Доха сахнасында

Өнер • Бүгін, 08:15

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10

Күршім көгінде қыран самғады

Мирас • Бүгін, 08:05

Жұлдыздай жарқ еткен қаламгер

Тұлға • Бүгін, 08:00

Монакодан ұтылды

Теннис • Бүгін, 07:55

Қазақ спортшылары шаңғымен тұғырдан секіруден Олимпиаданың финалына шыға алмады

Олимпиада • Бүгін, 00:15

Балаларды өрттен құтқарып қалған мектеп мұғалімі марапатталды

Оқиға • Кеше

Олимпиада-2026: Қазақстандық конькимен жүгірушілер 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті

Олимпиада • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:32
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 08:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Генералға жасалған қастандық: күдікті БАӘ ден Ресейге экстрадицияланды

08 Ақпан 2026 16:17see117

Қазақ қыздарын балағаттаған ресейлік стримерлер Алматыда қамауға алынды

08 Ақпан 2026 10:54see117

Нипах вирусы шекарадан шықты

09 Ақпан 2026 18:26see115

Rolls Royce, Bentley және БАӘ дегі пәтерлер: Заңсыз ломбард иесінің мүлкі бұғатталды

09 Ақпан 2026 11:25see114

Маңғыстауда бұрынғы таныстары тарапынан жасалған сталкинг бойынша екі қылмыстық іс тергеліп жатыр

08 Ақпан 2026 15:02see113

Семей мен ШҚО әкімдіктері 80 млн теңге үшін соттасты

09 Ақпан 2026 15:56see112

Михаил Кукушкин Франциядағы турнирді сәтті бастады

09 Ақпан 2026 03:22see112

Несиені қайта қаржыландыру қандай жағдайда қарыз алушыға тиімді болады

08 Ақпан 2026 10:33see111

​ Актив Ломбард қа қатысты іс бойынша тергеу аяқталды: шығын 19 млрд теңгені құрады

09 Ақпан 2026 13:02see111

Астана қаласының прокуроры ауысты

09 Ақпан 2026 10:17see110

СҚО да еңбек шарттарын талапқа сай рәсімдемеген 19 лауазым иесі жауапқа тартылды

09 Ақпан 2026 14:44see110

Таразда көлігінің жүк салғышынан 38 келі марихуана шыққан ер адам 8 жылға сотталды

09 Ақпан 2026 18:30see110

Қазақстанда шекарадағы бақылаудың шалт күшейтілуіне не себеп

09 Ақпан 2026 19:03see109

Қызылорда облысында ақбөкеннің жаппай ағылуы қалыпты жағдай ма

09 Ақпан 2026 12:01see109

Астанадағы кафенің асүй бөлмесінде тоңазытқыш өртенді

08 Ақпан 2026 13:02see108

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Қазақстандағы ауқымды жобаларға қатысады

09 Ақпан 2026 20:51see108

Павлодарда көлік 13 жастағы оқушыны қағып өлтірді

09 Ақпан 2026 09:58see108

Мектепте неге балалардың пікірі ескерілмейді?

09 Ақпан 2026 22:15see108

Оңтүстік Кореяда әскери тікұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

09 Ақпан 2026 13:02see108

Босния және Герцеговинада қоқыс аралы тағы да тау өзенін бөгеп қалды

08 Ақпан 2026 12:16see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары