Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тасшағыл ауылында амбулатория ғимараты жоқ

Зеленский Трамппен жақын арада кездесетінін мәлімдеді

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

Әлеуметтік масылдықтың мәні неде?

СҚО дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады

Қарағандыда ата аналар әскери бөлімді аралады

Докторантураға түсу талаптары жеңілдеді

Алматыға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Фукуокқа оралуға мәжбүр болды

Түркістан облысында егіс алқабын жасанды интеллект бақылайтын зауыт ашылды

Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды

Астанада тіркеуге тұруға шектеу қойылды

Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды

Түркияда құлаған Ливия ұшағының апатынан сарапшылар саяси астар іздеп отыр

Ауылға қамқор азамат

Қоршаған ортаны көркейтетін экологиялық бағдар

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті

Риддерде жаңа көпсалалы аурухана бой көтерді

Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирдің финалына өтті

Ресей Беларусь аумағына жаңа Орешник зымырандарын орналастыруда Reuters

Трамп пен Зеленский кездеседі

Өңірлер өсімнің тірегі. Қазақстандық даму моделінде не өзгеріп жатыр?

Өңірлер өсімнің тірегі. Қазақстандық даму моделінде не өзгеріп жатыр?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары оның «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» қағидатына негізделген саясатының нақты көрінісі болды. Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриялық аймағын, бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап, химия, металлургия және агроөңдеу салаларындағы жобалармен танысты. Сондай-ақ өңір жұртшылығымен кездесуде аймақтық өзгерістерді жалпыұлттық реформалармен, цифрландырумен, жаңа салық саясаты және парламенттік реформамен өзара сабақтастыра қарастырды. Осы орайда Президент Жолдауында айтылған стратегиялық басымдықтар жөнінде Халық шаруашылығы университетінің аналитигі, адъюнкт-ассистент профессоры Сұлтанбек Қайыммен әңгімелестік.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірдегі индустриялық аймақтар мен негізгі кәсіпорындарға, соның ішінде «Тараз» шағын индустриялық аймағына арнайы баруын қалай бағалайсыз? Бұл Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған өңірлік экономика мен нақты секторды дамытуға басымдық беру бағытына қаншалықты сәйкес келеді?

– Әдетте Мемлекет басшысының өңірлерге сапары әлеуметтік нысандарды аралаумен, жұртшылықпен кездесумен және өндірістік алаңдарға барумен қатар жүреді. Бұл тұрғыда қоғамға берілетін сигнал айқын: Президент үшін тек елорда мен ірі қалалардың емес, өңірлердің де әлеуметтік-экономикалық дамуы басымдыққа ие.

Кеңірек қарасақ, бұл жекелеген бір өңірге ғана назар аудару емес. Бұл – Тоқаевтың кешенді тәсілінің бір бөлігі: нақты секторға, өңірлік индустрияландыруға және елдің әлеуметтік дамуына жүйелі көңіл бөлу. Осы тұрғыдан алғанда, оның Жамбыл облысына сапары Жолдаудағы логикаға толық сай келеді – өңірлерді күшейту арқылы мемлекеттің іргесін нығайту.

– Жамбыл облысына 599,2 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 33 пайызды құрады. Президенттің экономиканы инвестициялық тұрғыда қайта жүктеу және іскерлік ахуалды жақсарту бағыты өңірлерде жүйелі нәтиже бере бастады деуге бола ма?

– Егер жағдайды жалпыұлттық деңгейде қарастыратын болсақ, экономиканы әртараптандыру мен инвестиция өсімі бір ғана өңірмен шектелмеуі тиіс. Мұнда әрбір облыстың Қазақстан экономикасының жалпы құрылымындағы орны маңызды.

Жамбыл облысының мысалында біз өңір экономикасын көпкластерлі форматқа қайта құру жүріп жатқанын көріп отырмыз. Инвестициялар есебінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, техника өндірісі, химиялық тыңайтқыштар мен биөнімдер шығару сияқты әртүрлі сегменттерде тірек жобалар қалыптасуда.

Мұндай тәсілдің артықшылығы – бір сала уақытша қиындыққа тап болса, өзге якорлық жобалар өңірді экономикалық тұрақсыздықтан сақтайды. Бұл – Тоқаевтың өз сөздерінде үнемі атап өтетін ұстанымы: бірнеше салаға тәуелділіктен арылып, жергілікті өсім нүктелерін қалыптастыру. Жамбыл облысында аграрлық әлеует, минералдық база мен индустриялық аймақтар біртұтас экономикалық контур ретінде жұмыс істей бастады.

– Соңғы екі жылда өңірде 242 млрд теңгеге 56 жоба іске асырылды. Мұндай экономикалық әртараптандыру Президенттің жекелеген салаларға тәуелділікті азайту және өңірлерде орнықты өсім нүктелерін қалыптастыру жөніндегі ұстанымына қаншалықты сай келеді?

– Бұл жобалар есеп үшін ғана айтылатын әдемі сан емес, көпкластерлі модельге өтудің нақты көрсеткіші. Жамбыл облысында агрошикізатты өңдеу, химия өнеркәсібі, техника жасау, биотехнологиялық жобалар сияқты әртүрлі бағыттарда тірек кәсіпорындар желісі қалыптасып келеді.

Мұның мәні – өңір экономикасы сыртқы және салалық күйзелістерге төзімді бола түседі. Бір секторда қиындық туындаса, қалғандары өңірді алға сүйрейді. Бұл бұрынғы, облыс бір-екі зауытқа немесе тек ауыл шаруашылығына тәуелді болған модельден түбегейлі өзгеше.

Осы тұрғыда Жамбыл облысы Тоқаевтың ұстанымын нақты іске асырып отыр: әрбір өңірде бірнеше өсім нүктесі болуы тиіс, ал өмір тек бір ірі кәсіпорынға немесе орталықтан бөлінетін трансферттерге тәуелді болмауы керек.

– Президент «Қазфосфат», YONGGANG CENTRAL IRON and STEEL металлургиялық зауыты, «ЕвроХим-Қаратау» сияқты ірі индустриялық жобалармен танысты. Мұны Жолдауда бекітілген өнеркәсіптік саясатқа жасалған стратегиялық екпін деуге бола ма?

– Мемлекет басшысының мұндай кәсіпорындарға баруын кеңірек контексте қарау қажет. Президент шетелде инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, жобалар мен шарттарды талқылайды. Ал өңірлік сапарлар – сол саясаттың нақты жердегі жалғасы.

Өнеркәсіпті дамыту – тек зауыт салумен шектелмейді. Бұл өнімді сыртқы нарықтарға шығаруды да қамтиды. Шетелдік инвестор тек капитал ғана емес, сонымен бірге дайын логистика, стандарттар мен технологиялар әкеледі. Бұл жергілікті компанияның нөлден бастап жаһандық нарыққа шығуына қарағанда әлдеқайда тиімді.

«Қазфосфат» пен «ЕвроХим-Қаратау» жергілікті фосфорит ресурстары негізінде химиялық кластер қалыптастырып отыр. Ал YONGGANG жобасы металлургия мен машина жасау саласының іргесін қалайды. Мұның бәрі Тоқаевтың өңірлер қосымша құн өндіретін, дотацияға тәуелді емес экономикаға айналуы тиіс деген стратегиялық бағытының жалғасы.

– Shengtai Biotech жүгеріні терең өңдеу зауыты мен қант зауыты сияқты жобалар қосылған құны жоғары өнім үлесін арттыру міндетімен тікелей байланысты. Бұл аграрлық саясат пен азық-түлік қауіпсіздігі үшін қаншалықты маңызды?

– Shengtai Biotech пен жаңа қант зауыты – жай ғана екі кәсіпорын емес, бұл ойлау логикасының өзгеруі. Қантқа келсек, Қазақстан қантты ұсынылған тұтыну нормасынан да көп пайдаланады, ал отандық өндіріс қажеттіліктің 20 пайызынан азын ғана қамтиды. Қалғаны – импорт. Жаңа қант зауыты импортты ішінара алмастырып, азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей үлес қосады. Тиісті саясат жүргізілсе, Қазақстан көрші елдерге қант экспорттай алатын деңгейге де жете алады.

Ал жүгері бойынша Shengtai Biotech – жоғары технологиялы терең өңдеу жобасы. Мұнда шикізатты қарапайым өңдеу емес, крахмал, аминқышқылдары, жемдік қоспалар сияқты жоғары қосылған құны бар өнімдер шығарылады. Бұл агрошикізатқа тұрақты өнеркәсіптік сұраныс қалыптастырып, тұқым шаруашылығын, логистиканы дамытады, өнімділікті арттырады. Яғни ел тек шикізаттан емес, күрделі өнімнен табыс таба бастайды.

– Мұндай жобалар өңірдегі жұмыспен қамтуға, табыс деңгейіне және әлеуметтік тұрақтылыққа қалай әсер етеді? Президент айтатын «адамдарға арналған экономика» қағидаты жүзеге асып жатыр деуге бола ма?

– Әрине, ірі индустриялық жобалар тікелей өндірісте, жанама түрде құрылыс, логистика және қызмет көрсету салаларында жұмыс орындарын ашады. Өнеркәсіптегі жалақы әдетте өңірлік орташа деңгейден жоғары болады. Бір отбасының бір мүшесінің өзі зауытта жұмыс істесе, бұл үй шаруашылығының әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар жұмыспен қамту құрылымы өзгереді: адамдар төмен өнімді ауыл шаруашылығынан өнімділігі жоғары өнеркәсіпке ауысады. Бұл еңбек өнімділігін арттырып, әлеуметтік жүктемені азайтады.

Алайда әлеуметтік тұрақтылық тек индустрияландырумен шектелмейді. Ол кадр даярлауға, тұрғын үйдің қолжетімділігіне, инфрақұрылым мен экологияға да байланысты. Осы факторлар қатар дамыса ғана нәтиже толық болады.

Дегенмен Тоқаев айтатын «адамдарға арналған экономика» қағидаты іске аса бастады: жұмыс орындары өңірлерде ашылғанда, адамдар өзгерісті өз өмірінде сезінеді.

– Ауыл шаруашылығы техникасын жергіліктендіру мен өңдеу өнеркәсібін дамыту импортқа тәуелділікті азайтады. Бұл Президенттің технологиялық егемендік бағытымен қаншалықты үйлеседі?

– Ауыл шаруашылығы техникасын индустриялық аймақтарда жергілікті өндіру фермерлер үшін шығынды азайтады: техника қолжетімді, қызмет көрсету мен логистика жеңілдейді. Бұл агросектордың технологиялық деңгейін көтереді.

Бұл жерде толық оқшаулану емес, жаһандық тізбектермен байланысын сақтай отырып, ішінара импортты алмастыру мен өңдеуді тереңдету туралы сөз болып отыр. Бұл– Тоқаев ұстанып отырған шынайы модель.

– Президенттің индустриялық аймақтарды дамыту және өңірлік жобаларды қолдау саясатын Қазақстанның теңгерімді дамуының жаңа моделі деуге бола ма?

– Мемлекет басшысының саясаты бұрынғы, елорда қарқынды дамып, өңірлер дотацияға тәуелді болып қалған модельден бас тартуды көрсетеді. Қазір жаһандық нарықтармен байланысқан индустриялық және агроөңдеу кластерлеріне негізделген жаңа өңірлік даму архитектурасы қалыптасуда.

Индустриялық аймақтар – дайын инфрақұрылымы бар, әкімшілік кедергілері аз нақты алаңдар. Бұл инвестицияларды мегаполистерден өңірлерге бағыттауға мүмкіндік береді.

Ең бастысы – адамға Алматыға немесе Астанаға көшу міндетті емес. Егер өңірде заманауи өндірістер, әлеуметтік инфрақұрылым және қолайлы орта болса, ол сол жерде-ақ өмір сапасын арттыра алады.

Әрине, бұл модельдің тиімділігі жұмыс орындарының сапасына және адами капиталдың дамуына тікелей байланысты. Осы шарттар орындалса, Тоқаев айтатын теңгерімді даму моделі толық іске асады.

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер

Кино • Бүгін, 15:10

АҚШ-та қарлы боран салдарынан 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді

Әлем • Бүгін, 15:00

2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?

Қоғам • Бүгін, 14:45

Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді

Спорт • Бүгін, 14:30

Өңірлер – өсімнің тірегі. Қазақстандық даму моделінде не өзгеріп жатыр?

Сұхбат • Бүгін, 14:21

Футзалдан Қазақстан кубогінде тосын нәтиже тіркелді

Спорт • Бүгін, 14:10

Түркістан облысында жол бойындағы дәмхана өртеніп кетті

Төтенше жағдай • Бүгін, 13:55

Корея сарапшысы: Қазақстан Орталық Азияның цифрлық орталығына айнала алады

Сұхбат • Бүгін, 13:47

Ақтауда көктайғақ салдарынан автобустар қозғалысы уақытша тоқтатылды

Аймақтар • Бүгін, 13:15

АҚШ Нигериядағы террористерге қарсы әуе соққысын жасады

Әлем • Бүгін, 12:55

Жалғас Жұмағұлов бүгін Чехияда Oktagon чемпионы атағын қорғайды

Спорт • Бүгін, 12:40

Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады

Медицина • Бүгін, 12:20

Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі

Әлем • Бүгін, 12:05

28 желтоқсандағы доллар бағамы белгілі болды

Қаржы • Бүгін, 11:50

Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:30

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 16:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тасшағыл ауылында амбулатория ғимараты жоқ

27 Желтоқсан 2025 21:12see112

Зеленский Трамппен жақын арада кездесетінін мәлімдеді

26 Желтоқсан 2025 17:12see111

Egov Chatgpt сияқты жұмыс істейді

27 Желтоқсан 2025 00:13see110

Әлеуметтік масылдықтың мәні неде?

27 Желтоқсан 2025 09:54see110

СҚО дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады

28 Желтоқсан 2025 11:29see109

Қарағандыда ата аналар әскери бөлімді аралады

27 Желтоқсан 2025 02:57see109

Докторантураға түсу талаптары жеңілдеді

27 Желтоқсан 2025 13:14see108

Алматыға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Фукуокқа оралуға мәжбүр болды

26 Желтоқсан 2025 18:04see108

Түркістан облысында егіс алқабын жасанды интеллект бақылайтын зауыт ашылды

27 Желтоқсан 2025 12:09see108

Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды

28 Желтоқсан 2025 11:38see107

Астанада тіркеуге тұруға шектеу қойылды

26 Желтоқсан 2025 17:12see107

Риддер қаласында көпсалалы аурухана кешенінің құрылысы аяқталды

26 Желтоқсан 2025 20:50see107

Түркияда құлаған Ливия ұшағының апатынан сарапшылар саяси астар іздеп отыр

27 Желтоқсан 2025 10:11see107

Ауылға қамқор азамат

27 Желтоқсан 2025 09:54see107

Қоршаған ортаны көркейтетін экологиялық бағдар

27 Желтоқсан 2025 09:55see107

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті

28 Желтоқсан 2025 11:29see105

Риддерде жаңа көпсалалы аурухана бой көтерді

27 Желтоқсан 2025 02:58see105

Дмитрий Панарин бадминтоннан Бангладештегі турнирдің финалына өтті

26 Желтоқсан 2025 17:29see105

Ресей Беларусь аумағына жаңа Орешник зымырандарын орналастыруда Reuters

27 Желтоқсан 2025 11:19see102

Трамп пен Зеленский кездеседі

27 Желтоқсан 2025 16:59see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары