Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Qyran тұрғын үй кешені пәтерлерді екі адамға қатар сатқан

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

Субсидияланатын жұмыс орындарына қойылған талаптар уақытша тоқтатылды

Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ мұнай өндірісі бойынша шешім қабылдады

Аятолла Арафи Иранның уақытша жоғары жетекшісі болып тағайындалды

Иран Сауд Арабиясының мұнай нысандарын атқылады

Әкімдіктерге қоғамдық орындарды ластағаны үшін айыппұл салу құқығы берілді

Аңсайды жаным жабығып : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

Сәбилер қосымша екпе алады: Елде қызылшаға қарсы вакцинация күшейтілді

Kazinform мамандары MNU студенттеріне төте жазу әліпбиін үйретеді

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

Лондон, Париж және Берлин одақтастарын қорғап, Иранды тоқтатуға ниетті

Қазақстаннан БАӘ, Қатар, Сауд Арабиясына барған 4 мыңнан астам турист бар

Зардап шеккендерге қан жеткілікті: дәрігерлер ақмолалықтардан дүрбелең жасамауды сұрады

Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетілді

Биыл Атырауда құм көшкініне қарсы сексеуіл мен жыңғыл егілмейді

Қазақконцертте Astana sazy ансамблінің жеке концерті өтті

Химиядан биоәдіске Пестицид қолдану тәжірибесі түбегейлі өзгеріп жатыр

Химиядан биоәдіске Пестицид қолдану тәжірибесі түбегейлі өзгеріп жатыр

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Кеңес дәуірінен қалған мұра: ескірген пестицидтердің ізі

Қазақстандық фермерлер жыл сайын бір мәселеге тап болады: зиянкестер мен аурулар егістіктер мен бақтарды зақымдап, өнімділікті төмендетеді. Олар егістікті қорғау үшін пестицидтер қолдануға мәжбүр, бірақ бұл химикаттарды дұрыс пайдалану жолын бәрі бірдей біле бермейді. Мұндай қателіктің зияны орасан болуы мүмкін: ол жер мен суды улап қана қоймай, адамның өзіне де қауіп төндіреді.

Химиялық жүктемені азайтып, өнім көлемін сақтау мақсатында ғалымдар БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бастамасымен биоремедиация және фиторемедиация сияқты қолжетімді әрі экологиялық таза технологияларды енгізе бастады. Бұл әдістер топырақты тұрақты органикалық ластағыштар мен ауыр металдардан тазартып, қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Фото: Kazinform

Дегенмен Қазақстан үшін әлі де өзекті мәселе – кеңестік дәуірден қалған улы мұра. Бұл – ондаған жылдар бойы қоймалар мен полигондарда сақталып келген ескі пестицидтер. Қазір олар қоршаған ортаға да, адам денсаулығына да тікелей қауіп төндіріп отыр.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары осы проблеманың ауқымын нақты анықтау үшін ФАО-ның «Пестицидтердің өмірлік циклін басқару және тұрақты органикалық ластағыш-пестицидтерді жою» атты халықаралық жобасы аясында еліміз бойынша кең көлемді түгендеу жұмыстарын жүргізді.

– ФАО жобасы аясындағы түгендеу нәтижесінде ескірген пестицидтердің көлемі 1300 тоннадан аспайтыны анықталды. Қорытынды деректер нақтыланып жатыр. Келесі кезеңде жергілікті атқарушы органдармен бірге басым нысандарды іріктеп, басқару стратегиясы әзірленеді, - деді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев агенттік сауалына берген жауабында.

Фото: Салтанат Баешованың жеке мұрағатынан

Көп жағдайда ластанған учаскелер елді мекендер мен ауыл шаруашылығы жерлерінің маңында орналасқан.

Сондықтан ведомство мұндай аймақтарды Ластану учаскелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізуді қарастырып жатыр. Бұл – тазалауды жүйелі етуге және қаржыландыруды жоспарлауға жол ашады.

Фото: Салтанат Баешованың жеке мұрағатынан

Жобаның ұлттық менеджері, химия ғылымдарының кандидаты Салтанат Баешова Қазақстанның ФАО бастамасы аясында айтарлықтай нәтижеге жеткенін атап өтті.

– Алғаш рет ескірген пестицидтер мен ластанған жерлерге ұлттық түгендеу жүргізіліп, бұрын шашыраңқы болған деректер жүйеленді. Бұл мәселенің нақты ауқымын бағалауға мүмкіндік берді. Көптеген нысан елді мекендерге жақын орналасқандықтан, экология мен денсаулық мәселесі аса өзекті. Бүгінде құрылған дерекқор мониторинг пен бақылау басымдықтарын анықтауға, сондай-ақ биологиялық және өсімдік негізіндегі тазарту технологияларын қолдануға жол ашты. Бұл – экологиялық қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді ұлттық стратегиясын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам, - дейді Салтанат Баешова.

Топырақты қорғаудың тиімді жолы қандай: химия ма, биология ма?

Бүгінгі экологиялық қиындықтар жаңа көзқарас пен тың тәсілдерді талап етеді. Ғалымдар ФАО жобасы аясында топырақты тазартудың биологиялық жолдарын, яғни микроағзалар мен өсімдіктердің көмегімен жерді қалпына келтіруге бағытталған био және фиторемедиация әдістерін сынақтан өткізіп жатыр.

Алматы облысында 2023-2024 жылдары жүргізілген пилоттық жобалар тиімділігін дәлелдеді:

арнайы микроағзалар штамдары топырақтағы органохлор пестицидтердің мөлшерін 74-98% азайтқан;

ал Paulownia elongata ағаштары ластағыш заттарды сіңіру қабілетінің жоғары екенін көрсетті: топырақты ГХЦГ изомерлерінен тазарту деңгейі 92%-дан асты, ал жекелеген заттар бойынша бұл көрсеткіш 99-100%-ға дейін жетті.

– Бұл нәтижелер биотехнологиялық тәсілдердің ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіруде жоғары тиімді екенін дәлелдеді. Тәжірибе фермерлік деңгейде аяқталған соң жобаны кеңейту мүмкіндігі қаралады. Мұнда экономикалық тиімділік те, ғылыми ұсынымдар да ескеріледі, - деді вице-министр Жомарт Әлиев.

Фото: Еламан Турысбеков / Kazinform

Салтанат Баешованың сөзінше, Қазақстанда фермерлерге зиянкестермен күрестің замануи – интеграцияланған (IPM) тәсілдерін үйретуге ерекше назар аударылып келеді.

2022 жылдан бері Алматы, Павлодар, Ақмола және Түркістан облыстарынан 150-ден астам фермер арнайы дайындықтан өтті. 2025 жылы тағы 20 фермер-лидер қосылып, жалпы 700 гектар бақ қамтылды.

Фото: Салтанат Баешованың жеке мұрағаты

Сабақтар егіс алқаптарында өтті. Қатысушылар феромонды тұзақтарды орнатуды, бүріккіштерді дәл баптауды, биологиялық препараттарды дұрыс қолдануды және зиян шегінің экономикалық деңгейін есептеуді үйренді.

Нәтижесі тәп-тәуір. Интеграцияланған өсімдік қорғау (IPM) әдістерін енгізу пестицид тұтынуды екі есе, ал алма бақтарында 70%-ға дейін азайтқан. Өнім көлемі де артқан – қызанақ гектарына 47 тоннадан 80 тоннаға (70% өсім), ал қырыққабат 13 тоннадан 25 тоннаға (95% өсім) жеткен. Осылайша, фермерлердің табысы әр гектардан шамамен 800 мыңнан 1,7 миллион теңгеге дейін көбейген.

Фото: Kazinform

Пестицид айналымына қатаң бақылау

Қазақстан заңнамасы пестицидтердің өндірісі мен айналымына қатаң талап қояды:

Тіркеуден өтпеген препараттарды өндіруге, әкелуге, сақтауға және қолдануға тыйым салынады;

Импорт тек мемлекеттік қызмет аясында берілетін «Өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттауға лицензия беру» тәртібі арқылы лицензияланады;

Пестицидтердің айналымы фитосанитариялық есеп жүйесі мен өндірушілердің міндетті есебі арқылы бақыланады.

– Қазақстанда пестицидтердің әкелу мен олардың айналымын реттеу тек мемлекеттік тіркеу рәсімі арқылы жүзеге асырылады. Бұл рәсімге кешенді токсикологиялық-гигиеналық және экологиялық сараптама кіреді. Негізгі кезеңдердің бірі – пестицид құрамындағы белсенді заттардың халықаралық келісімдерге, соның ішінде Стокгольм конвенциясының тұрақты органикалық ластаушыларға қатысты талаптарына сәйкестігін тексеру, - деп түсіндірді Жомарт Әлиев.

Жаңартылған ұлттық жоспар аясында Қазақстанда қолдануға рұқсат етілген пестицидтер мен агрохимикаттар тізімінде тұрақты органикалық, оның ішінде жақында Стокгольм конвенциясына енгізілген ластағыштар жоқ екені расталды.

Демек, ең қауіпті хлорорганикалық қосылыстардың ішкі нарыққа өтуіне жол берілмейді.

ToxicNet: ғылым, билік және қоғам ынтымақтастығы

2023 жылы Қазақстанда құрылған ToxicNet желісі бүгінде өңірлік деңгейге шықты. Оның құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжаннан 140-тан астам ұйым бар. Олар: ҮЕҰ, университеттер, мемлекеттік құрылымдар мен тәуелсіз сарапшылар.

Бұл алаң ескірген пестицидтердің қаупі туралы ақпарат тарататын, ғылыми тәжірибе мен жастарды экологиялық бастамаларға тартатын платформаға айналды.

– Жоба екіжақты нәтиже береді: фермерлер үшін өнім мен табыс артып, химия шығыны азаяды, ал қоғам үшін ластанған жерлердің дерекқоры жасалып, тазарту технологиялары енгізіледі. Қазақстан қазір бұл тәжірибені тек өзімізде емес, Орталық Азия елдеріне де үлгі ретінде ұсынып отыр, - дейді Салтанат Баешова.

Фото: Салтанат Баешованың жеке мұрағатынан

Фермер тәжірибесі: химиясыз өнім алу мүмкін бе?

Алматылық кәсіпкер, алма бағының иесі Олжас Сыбанбаев кейінгі жеті жыл бойы зиянкестермен биологиялық әдіспен күресіп келеді.

– Біздің басты жауымыз – алма жемірі. Бұл зиянкес бүкіл өнімді құртуы мүмкін. Біз Жапонияда өндірілетін феромон сіңдірілген арнайы резеңке таспаларды қолданамыз. Биылғы шығын шамамен 12 млн теңге болды, - дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, бұл әдіс бойынша аталық көбелектер феромон иісін сезіп, таспаға қонады да, көбею қабілетін жоғалтады. Аналықтары ұрықтанбай, алмаға жұмыртқа салмайды. Осылайша, зиянкес табиғи жолмен азаяды – олар өлмейді, тек басқа жаққа ұшады.

Фото: Еламан Турысбеков / Kazinform

– Біз бұл әдісті жеті жылдан бері қолданып келеміз. Биологиялық қорғаныс жүйелі болған жағдайда ғана жақсы өнім алуға болады. Тіпті ауа райының қолайсыздығы немесе жұмысшылардың ауырып қалуына байланысты бауды уақытында өңдей алмасақ та, өнімге қауіп азаяды, - дейді фермер.

Олар қосымша қорғаныс ретінде ұсақ дисперсті саз қабатын пайдаланады. Оны арнайы бүріккішпен себеді: бұл жемістерді күннен күйіп қалудан және зиянкестерден қорғайды, кейін оны оңай жууға болады. Бұл әдіс феромондық дезориентанттар санатына жатады.

Ал метеостанция мен цифрлық датчиктер зиянкестердің дамуын алдын ала болжауға көмектеседі.

Фото: Kazinform

– Бұл «спидометр» сияқты. Құрылғылар қауіп туралы ескертсе, сол сәтте жұмыс істейміз. Алдын ала өңделмейді. Әрине, шығын болады, зиянкестер салдарынан өнімнің шамамен 2-3%-ы құриды. Кейде аурулар, әсіресе саңырауқұлақ түрлері кездеседі, сондай-ақ кейбір ағаштар қурап кетеді. Мұндай жағдайда бірнеше жылдық шығынға тап боламыз. Алайда басты мақсатымыз – химиялық препараттарды мүмкіндігінше аз қолдану, - дейді Олжас Сыбанбаев.

Ғылыми көзқарас қандай?

Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты төрағасының орынбасары Сәуле Қазыбаева да өсімдік қорғау ісі тек бір әдіспен шектелмейтінін айтады:

– Біз аурулармен күрескенде кешенді тәсіл қолданамыз: ағаштарды дұрыс кесу, суару технологиялары, топырақты құнарландыру және қажет болған жағдайда фунгицидтер пайдалану. Мақсат – сапалы өнім алу. Сол үшін тәсілдерді жетілдіріп, жаңа әдістерді енгізу қажет, - дейді ол.

Ғалымдардың айтуынша, химияны азайтып, органикалық тыңайтқыштарға басымдық берілген. Әр сорттың өз ерекшелігі бар, сондықтан нақты шешімдер ғылыми салыстырулар арқылы таңдалады.

Фото: Еламан Турысбеков / Kazinform

– Зерттеу нәтижесінде біз ұсынымдар әзірлеп, ең тиімді фунгицидтерді іріктейміз. Препараттар әртүрлі елден де, отандық өндірушілерден де жеткізіледі, ал біз олардың тиімділігін мұқият салыстырып, қазақстандық бағбандар үшін ең қолайлы шешімдерді таңдаймыз, - дейді Сәуле Қазыбаева.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы қаңтарда Римде ФАО бас директоры Цюй Дунъюймен кездесу барысында Орталық Азия үшін ұйымның субөңірлік өкілдігін Қазақстанда ашуды ұсынды. Мемлекет басшысы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты ауыл шаруашылығы дамуының маңызын атап өтіп, Қазақстанның әлемдік дән және ұн өндіруші жетекші елдердің бірі ретіндегі үлесін ерекше атады.

Қазақстан 2021 жылы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) бастамасына қосылды. Бұл бастама Орталық Азия мен Түркия елдерінде пестицидтердің өмірлік циклін тиімді басқару мен тұрақты органикалық ластағыштарды жою сапасын арттыруға бағытталған. Жоба дәстүрлі химиялық пестицидтерді қолдануды азайтуға, соның ішінде фермерлерді қауіпсіз әрі баламалы препараттарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:71
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қазан 2025 08:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Qyran тұрғын үй кешені пәтерлерді екі адамға қатар сатқан

02 Наурыз 2026 13:30see112

Иран сақшылары корпусының басшысы мен Қорғаныс кеңесінің хатшысы қаза тапты IRNA

01 Наурыз 2026 10:48see111

Ирандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуден басқа балама жоқ Антониу Гутерриш

01 Наурыз 2026 08:37see110

Қазақстан Ирандағы азаматтарды шекаралас мемлекеттер арқылы шығармақ

01 Наурыз 2026 09:55see110

Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль әскері Иранға тағы да қосымша шабуылдар жасап жатыр

01 Наурыз 2026 11:58see110

Субсидияланатын жұмыс орындарына қойылған талаптар уақытша тоқтатылды

01 Наурыз 2026 22:09see110

Тәулігіне 206 мың баррель: ОПЕК+ мұнай өндірісі бойынша шешім қабылдады

02 Наурыз 2026 12:07see110

Аятолла Арафи Иранның уақытша жоғары жетекшісі болып тағайындалды

01 Наурыз 2026 21:57see109

Иран Сауд Арабиясының мұнай нысандарын атқылады

02 Наурыз 2026 13:20see109

Әкімдіктерге қоғамдық орындарды ластағаны үшін айыппұл салу құқығы берілді

02 Наурыз 2026 10:31see108

Аңсайды жаным жабығып : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

01 Наурыз 2026 20:29see107

Сәбилер қосымша екпе алады: Елде қызылшаға қарсы вакцинация күшейтілді

02 Наурыз 2026 14:34see106

Kazinform мамандары MNU студенттеріне төте жазу әліпбиін үйретеді

02 Наурыз 2026 14:33see106

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

02 Наурыз 2026 16:02see105

Лондон, Париж және Берлин одақтастарын қорғап, Иранды тоқтатуға ниетті

02 Наурыз 2026 14:22see104

Қазақстаннан БАӘ, Қатар, Сауд Арабиясына барған 4 мыңнан астам турист бар

02 Наурыз 2026 13:22see104

Зардап шеккендерге қан жеткілікті: дәрігерлер ақмолалықтардан дүрбелең жасамауды сұрады

01 Наурыз 2026 12:18see103

Қақтығыс аймағында жүрген қазақстандық туристерге қандай көмек көрсетілді

02 Наурыз 2026 15:50see102

Биыл Атырауда құм көшкініне қарсы сексеуіл мен жыңғыл егілмейді

02 Наурыз 2026 19:42see102

Қазақконцертте Astana sazy ансамблінің жеке концерті өтті

02 Наурыз 2026 04:08see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары